Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактан лицензия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының түрлері және атқаратын операциялары

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 63 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда, әйеддерге — 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға олардың нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жьшғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес еркектер — жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы стажы — 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақы орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы қаңтардың бірінен бастап жүзеге асырылып келеді. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.

Зейнетақ төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады және орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда зейнетақыны есептеуге қажет табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік керсеткіштен аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауы тиіс. Бұған өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекіткен № 1 Тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақылар мөлшері көтерілді және зейнетақы төлемдерін көтеру үш топ бойынша жүзеге асырылды. Бірінші топқа зейнетақы мөлшері 1994 жылдын 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнеткерлер кіреді. Олардың зейнетақылары алып отырған зейнетақылары мөлшерінің 25 пайызына ұлғайтылды. Екінші топқа зейнетақылары 1994-1998 жылдары тағайындалған зейнеткерлер кірді. Олардың зейнетақылары алып отырған зейнетақылары мөлшерінің 8,4 пайызына көтерілді. Үшінші топқа зейнетақылары 1998-2001 жылдары тағайындалған зейнеткерлер жатады. Олардың зейнетақыларының мөлшері 2001 жылғы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен 8,4 пайызға көбейді. 2003 жылы зейнетақы мөлшері 12 пайызға көтерілді, енді оның ең төменгі мөлшері 5000 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде әртүрлі жәрдемақылар маңызды орын алады.

Жәрдемақы — бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда паңда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақы.

Әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде төленетін жәрдемақыларға мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша және тағы басқа әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар, жеңілдіктер жатады.

Сырқаттық бетшелер бойынша төлемақылар, жүктілік және босану бойынша жәрдемақы, санаторииларға жолдамалар сатып алу жөніндегі шығыстар шаруашылық жүргізуші субъектілердің — жұмыс берушілердің — қаражаттары есебінен жүзеге асырылады, жаңа туған сәби үшін төленетін біржолғы жәрдемақы, балаға қарау жөніндегі жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіби ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.

Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болған кезінде жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында жқмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқа кірісуге тиісті күннен бастап есептеледі.

Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекге мертігуге немесе кәсіби ауруға байланысты болса, әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейін немесе мүгедектігі анықталғанға дейін заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысының жүз пайызы мөлшерінде төлейді.

Маусымдық жұмыс істейтін қызметкерлерге, үй шаруасымен айналысатындар мен үйге жұмыс алып істейтін қызметкерлерге жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметгік жәрдемақы, егер жеке еңбек шартында өзгеше айтылмаса, "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың жоне төлеудің тәртібі туралы" нұсқаулыққа сәйкес тағайындалады және төленеді.

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қалыпты босанғанда 170 күнтізбелік күн үшін, ал босануы ауыр болғанда немесе екі және одан да көп бала туғанда 184 күнтізбелік күн үшін төленеді.

2003 жылдан бастап бала тууға байланысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніңдегі, асыраушысынан айырылғандығы және жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына, қашан балғанына (жұмыс немесе қызмет кезінде, жұмысқа кіріскенге дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін) қарамастан тағайындалады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері жәрдемақының түріне байланысты болады және олар айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты қайта қаралып отырады. 2002 жылы бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектік алған 16 жасқа дейінгі балаларға бір айлық есептік көрсеткішке, ал екінші топтағы мүгедектерге 0,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылды.

Мүгедек адамдарға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне ортақ бір жәрдемақы тағайындалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған жағдайда Заңда белгіленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы төлемін зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз мөлшерлерде алған жағдайда Орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады. Жәрдемақы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы" заңында және оған сәйкес қабылданған өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде және тәртіппен азаматтардың арнаулы мешекеттік жәрдемақы — әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға және жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Арнаулы бұл жәрдемақы 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтардың 14 санатына заңда көрсетілген мөлшерде төленеді. Мәселен, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 5,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды. Бұл жәрдемақы тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер көрсетуге, отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға төленеді. Ал Ұлы Отан соғысының мүгедегіне бұл жеңілдіктермен бірге кресло қол арба бөлуге, темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ 1-топтағы мүгедекті алып жүретін адамның жол шығындарына 7,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

Бір мезгілде әртүрлі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.

Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекіткен №1 Тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға да мемлекеттік арнаулы жәрдемақы қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер — 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер — 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде жәрдемақы тағайындалуға құқы бар.

2001 жылдың шілдесінде қабылданған "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңға сәйкес жан басына шаққанда аймақтарда белгіленген кедейлік деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі аймақтар бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтар қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейіңде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Заңға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген еңбек жасындағы жұмыссыздардың әлеуметтік көмек алуға құқылары жоқ. Мүгедектер, айдан астам уақыт стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-нен асқан кісілерге, 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасаумен айналысатын азаматтар, оқушылар мен студенттер бұл санатқа жатпайды. Сонымен бірге, жұмыспен қамту органдарына өтініш берген жағдайда, еңбекке жарамды адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу ұсынылады. Бұл жұмыстардан бас тартқан жағдайда олар алты ай мерзімге дейін атаулы әлеуметтік көмек алу құқынан айрылады. Заңда атаулы көмек тағайындату үшін өтініш білдірудегі рәсімдер жеңілдетілген.

Сонымен бірге еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылу жағдайлары кезінде пайда болған әлеуметтік қауіп-қатерлердің нәтижесінде шығындалған (жоғалған) табысының бір бөлігін өтеу жолымен әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасауға және әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемақыларды алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңның қажеттігі туып отыр. Бұл кезде әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік жәрдемақылардан, әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемақылардан және өңдірістегі жазатайым уақиғадан және кәсіби аурулардан жүмыс берушілердің жауаптылығын сақтандыру бойынша төлемдерден түратын үш деңгейлі жүйенің екінші деңгейі болады. Бұл орайда Міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қосарлас Әлеуметтік сақтандыру қоры туралы заңның да болғаны дұрыс. Жүртқа мәлім, бүгінде әлеуметтік қауіп-катерлер болғанда азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар, бұл жәрдемақылар республикалық бюджеттен төленеді.

Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операциялардың нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногінде жүргізіледі.

Сақтық рыногі дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сату-сатып алудың объектісі "ерекше тауар" — сақтық қызмет болып табылады жоне оған деген үсьшым мен сұраным қалыптасады.