Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АШДҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
472 Кб
Скачать
☆

Астық сабақ егеушінің имаго мен дернәсілі.

 

 жұмыртқасалғыш қынабы көмегімен сабақтың буынаралығына жұмыртқаларын бір-бірлеп салады. Личинка сабақ ішінде қоректеніп, буындарын кеміріп, төмен қарай ақырындап жылжиды. Сабақтың төменгі жағында дєн балауызданған кезінде сақиналы тілімдер жасайды. Зақымданған сабақтар сынып,  жатып қалады. Зақымдану өсімдіктердің жапырақтың солуына, ақмасақтануға єкеп соқтырады. Дернәсіл бидайды, арпаны, қарабидайды, көбінесе күздік дақылдарды зақымдайды.

        Күресу ортаңғы шаралары. Егеушілерге қарсы  терең сыдыра жырту тиімді, өсімдік қалдықтарын жою. Толық пісу кезеңінде өнімді екі бөлектеп жинайды. Сабақтарды төменірек шабу керек. Ауыспалы егісті қолдану.  Қолайлы алға дақылдарға сүрі жер, бұршақ тұқымдас дақылдар, жүгері жатады. Инсектицидтерді егеушілердің ересек жәндіктер саны 100 рет аулағышты каққанда 40-50 дара болғанда 

1-тапсырма. Қос қанаттылар отрядының астық дақылдарды зақымдайтын өкілдерінің биологиясы жєне морфологиясын зерттеп  тану.

2- тапсырма. Қатты  қанаттылар отрядының астық дақылдарды зақымдайтын өкілдерінің морфологиясы мен биологиясын  зерттеп тану.

қолдану керек.

 

5- тақырып   АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРҒЫШ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

 

Түсініктеме   

        Зиянкестердің көптеген түрлері шаншып сорғыш ауыз аппараттарымен өсімдіктердің ұлпаларының шырынын сорып алады да, зиян келтіруші болып келеді.

        Бақашықтар: зиянды - Eurygaster integriceps Put., мавр - E. мaura., австриялық - E. аustriacus Sch. (Scutelleridae - қалқаншалы бақашықтар тұқымдасы, Hemiptera - отряды). Бақашық қандаланың денесі тасбақаның қабыршағы  сияқты, тығыз хитинмен қапталған. Дене ұзындығы 10-13 мм,

 

Зиянды бакашықтың имагосы және олармен зақымдалған масақ.

 

түсі - ақшыл күңгірт қоңырға дейін, личинкалары ересек қандалаларға ұқсас. Жылына бір ұрпақ береді. Ересек қандала тоғай алқаптарының, орманның жапырақ төсемінің астында қыстайды. Орта тәулік ауаның орташа температурасы 12° жеткенде қандалалар жаппай егістіктерге ұша бастайды. Жұмыртқасын астықтың, арамшөптердің жєне аңыз сабақтарының жапырақтарына салады. Олар жұмыртқаларын топтап салады жєне бір  топта 14 жұмыртқа болады. Жалпы ұрғашы жәндік 200 жұмыртқаға дейін салады. Личинканың жұмыртқадан шығуы астық дақылдарының түптену кезеңіне келеді. Личинкалар бес жас өтеді. Олар  астық тұқымдас өсімдіктерде дамиды. Ересек қандалалар дєннің балауыздана - пісу кезеңінде пайда болады. Бидайға, қара бидайға, кейде арпаға зиян келтіреді. Қыстаудан шыққан уақытынан бастап қыстауға кеткенше дейін, олар өсімдіктерге дернәсіл жєне ересек жәндік кезеңінде зиян келтіреді. Егер астық дақылдарының бастапқы кезеңдерінде сабақ зақымданатын болса, ортаңғы жапырақтың өліміне, ал масақтану кезеңінде - масақтың ағаруына жєне үрықсыздыққа  єкеледі. Бақашықтың личинкалары жєне ересек жәндіктері дєнді шаншып алып, сілекейін енгізіп, ұлпа ішіндегісін өзіне қоректік сіңімділікке айналдырады. Дєннің үстінде ой жєне єжімдер пайда болады, тескен жерлерде қара дақтар көрінеді. Балауыздана пісу кезеңіндегі залалдар дәннің технологиялық жєне тұқымдық сапасын  кемітеді.

         Күресу шаралары. Ó¨німді дер кезінде қысқа мерзімде жинау. Астықтардың егістіктерде  көп тұрып қалуы жєне ұзақ мерзімде дестелерде жатуы бақашықтардың көп қорек алуын қамтамасыз етеді, қыстауға жақсы жағдай жасайды. Ерте сыдыра жыртқанда,  ауыр делегейлі тырмалармен топырақты өңдегенде   зиянкестердің көбі өледі. Бақашықтың саны егістіктерде үлгі алаңдарында (әр үлгі 0,25 м2 алаңнан) есептеледі.  Ó¨сімдіктердің бастапқы кезеңдерінде  1-2 қыстап шыққан ересек жәндік/м2, гүлдену кезеңінен бастап балауыздана пісу кезеңіне дейін 5 дернәсіл/м2 жєне келесі даму сатыда 2 дернәсіл немесе ересек жәндік/м2 болса, құрту шараларды қолдану керек.  Â«Тізім...» регламенті бойынша    күту мерзіміне сай инсектицидтермен бүркиді.

        Элиялар: сүйір тұмсықты - Aelia acuminata L., сібірлік -  A. sibirica Reut.

 тұмсықты – Aelia rostrata Boh. (Pentatomidae - қалқаншалылар тұқымдасы,  Hemiptera - отряды).

  Сүйір тұмсықты қандалалардың денесе сұрғылт сары, сопақша жұмыртқа тєрізді болып келеді. Басы ұзынша үшбұрышты, қалқаншысы денесінің 2/3 бөлігін алып тұр.

Қандалалар  астық дақылдарының, шөптердің жєне тың жерлерде өсімдіктер қалдықтарының астында қыстайды. Жылына 1-2 ұрпақ беріп  дамиды. Ересек қандалалар астық дақылдар сабақтарының үстіңгі буынаралығын шаншып, шырынын сорады. Аяғында  ақ масақтылықты тудырады. Сүйір тұмсықты қандалалардың дернәсілдері мен ересектері дєндерге зиян келтіреді.  Бақашық қандалаларға қарағанда олардың дєн сапасына єсері төменірек болады.

Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер егістіктерде  5-6 дернәсіл/м2 болса, инсектицидтер қолданылады.

         Астық қандаласы -   Trigonotylus ruficornis Goeffr. ( Miridae - тұқымдасы, Hemiptera - жартылай  қанаттылар отряды).

         Ò°зындығы денесімен бірдей қызыл мұртшалары бар, ашық  жасыл түсті қандала. Дене ұзындығы 6-7 мм.  Жылда 3 ұрпаққа дейін дамиды. Көктемгі –жазғы мезгілдегі  құрғақ жєне  ыстық ауа-райы олардың көбеюіне қолайлы болады. Жұмыртқалары күздік дақылдарының, астық тұқымдасқа жататын жабайы жєне азықтық өсімдіктердің  жапырақтарында қыстайды. Ересек қандала жєне дернєсілдер астық жєне азықтық дақылдарға  зиян келтіреді. Жапырақтың шаншыған жерлерінде түссізденген жєне сары дақтар пайда болады. Жас өсімдіктердің жапырақтарының үстіңгі жағы сарғаяды жєне өледі. Дєннің арқа жєне бүйір жақтарындағы шаншып сорған жерлерде  кішкентай сары дақтар пайда болады. Олардың  қоректенуі дєннің абсолюттік салмағын азаюына єкеп соқтырады.

          Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер 100 қандала/м2 болса, инсектицидтер қолданылады. Єдетте күресу шаралардың уақыты трипстермен, бітелермен,  бақашық қандалалармен  күресу кезеңімен бірдей келеді.

         Астық цикадалары: алты нүктелі - Macrosteles laevis Rib. жєне жолақты - Psammotettix striatus L. (Cycadellidae - тұқымдасы, Auchenorrhyncha - цикадалыотряд тармағы,  Homoptera - тең қанаттылар отряды).

       Денелері енсіз, ұзындығы 3-5 мм, артқы аяқтары секіргіш. Алты нүктелі цикада - ашық сары түсті, басында 6 күңгірт нүкте болады. Жолақтың басы сүйірленген, қанаттарында мєрмєрлі сурет бар. Личинкалары ересектерге ұқсайды. Жылда 2-3 генерация беріп дамиды. Жұмыртқа кезеңінде аңыздарда, шөптерде, астық тұкымдас жабайы өсімдіктерде қыстайды. Жұмыртқасын жапырақтың тканьдеріне салады, өсімталдығы 50-200 жұмыртқа.  Дернєсіл  5 жас өтеді. Цикадалар жасырынды өмір сүреді. Олар құрғақшылық  жылдары көбірек көбейеді. Селдір, күнмен жақсы жылынатын  алаңдарды керек етеді. Дернєсілдері жєне ересектері бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, жүгеріні залалдайды. Қоректену жерінде ақ дақтар пайда болады, жапырақ пен сабақтары мєрмєрлі түске боялып, өсімдік солады. Қатты зақымдалған  кезде өсімдік  өледі.

          Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту жєне өсімдік қалдықтарын жою. Бір жылдық  астық тұқымдастарды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан оқшаулау. Тексеруді энтомологиялық аулағыштың көмегімен жүргізеді, егістікте 10 жерден 10 рет сермеп қағады. Инсектицидтер  Â«Тізім...» бойынша пайдаланылады (Қосымшаны қараңыз).

         Бидай трипсі- Haplothrips tritici Kurd. (Phloethripidae - тұқымдасы, Tubulifera - түтікше құйрықтылар отряд тармағы, Thysanoptera - шашақ канаттылар отряды).

         Ересек трипстердің денесі күңгірт қоңыр қара, ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз шашақты қанаттары бар. Дернєсілдері  ашық қызыл, ұзындығы 2 мм-ге дейін.  Жылда 1 ұрпақ беріп дамиды. Дернєсілдері  топырақтың үстіңгі қабатында, аңыздарда қыстайды. Ересек трипстер мамыр - маусымда ұшып шығады.  Жаздық  бидайдың түтіктену кезеңінің аяғында - масақтану кезеңінің басында олардың саны едєуір көбейеді. Ò°рғашы жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе топтап 3-5 данадан масақшалардың қабыршақтарына  жєне масақ өзегіне салады. Жалпы ұрғашы 20-25 жұмыртқа салады. 6-8 күннен кейін дернєсілдер пайда болады. Трипстердің көбеюіне жылы құрғақ  ауа райы қолайлы болады. Дәннің ылғалдылығы 40% - дан аз болса, трипстер қоректенуін тоқтатып, қыстайтын жерлеріне кетеді. Трипс күздік жєне жаздық бидайларды, қара бидайды зақымдайды. Ересектері де  дернєсілдері де зиян келтіреді. Ересек трипсілер сабақта, масақшаларының қабыршақтарында, жалау  жапырақтың қынабында шырынын сорып қоректенеді.

         Масақшалары өсуін тоқтатады. Дернєсілдері дєнмен қоректенеді. Олардың єсерінен дєн  деформацияланады, солып салмағы азаяды, тұқымдық сапасы төмендейді.

         Күресу шаралары. Топырақты  сыдыра жырту; ауыспалы егісті қолдану; сүрі жер, бұршақ, жүгеріден кейін жаздық бидайды өндіру. Жүйелі єсерлі инсектицидтерді  өсімдіктердің түтіктену кезеңінің аяғында-масақтану кезеңінің басында қолданғанда,  трипсілерге қарсы ең жоғары нєтиже көрсетеді. Осы кезде жұмыртқа салатын ұрғашылар құрып, дернәсілдердің саны да аз болады.   Єдетте инсектицидтерді қолдану басқа да зиянкестермен күресу кезеңдерімен бірдей болады (бітелер, бақашықтардың дернәсілдері, дєн сұр көбелегінің жұлдызқұрттары жєне т.б.). Трипстерді тексергенде егістіктен 10 масақтан 10 үлгі  алынады. Есептеу үшін масақшалардың қабыршақтарын ашады. Егер түтіктену мен масақтану  кезеңінің басында егінде 8-10 трипстер бір сабақта, не болмаса  30 трипстер аулағыштың 10 қаққанында жєне бір  масақта (дєн толысу - сүттену пісу кезеңінде) дернєсілдердің саны 40-50 данадан асса, инсектицидтер қолданылады.

        Бітелер: кєдімгі астық - Schizaphis graminum Rond., үлкен астық -Sitobion avenae S. жєне арпа бітесі - Brachycolus noxius Mord. ( Aphidinea -отряд тармағы,  Homoptera - отряды).

      

   Кєдімгі астық бітенің  қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы жәндігі ашық жасыл, арқасында  жасыл жолақ, ұзындығы 1,2- 2,2 мм.   Шырынды түтікшелері цилиндр тєріздес құйрығынан екі есе артық. Арпа бітесі сарғыш  жасыл түсті жєне кішкентай шырынды түтікшелері бар; ұзындығы 2-3 мм. Еркектерінде қанаттары болады.  Жыл бойы  10 жєне одан да көп ұрпақ береді. Ò°рықтанған жұмыртқалары күздік дақылдарының жапырақтарында, қодренде, жабайы астықтарда қыстайды. Жұмыртқалардан негізгі ұрғашылар туады. Кейін қанатты біте таратушылар пайда болады, олар көп жылдық шөптерден және күздік дақылдардан жаздық дақылдардың егіндерге ұшып барып, мекендерін (колонияларды) құрайды. Бітелер вегетация кезеңінде партеногенетикалық (ұрықтанбай) єдісімен көбейеді.  Күзде еркек пен ұрғашы даралар пайда болады. Ò°рғашылар ұрықтанған жұмыртқаларын топтап салады, жалпы 12 жұмыртқа.

           Астық тұқымдасқа жататын мєдени жєне  жабайы өсімдіктер   зақымданады. Дернєсілдер  мен ересек жәндіктер жапырақтың, сабақтың, масақтың шырынын сорып зақымдайды. Зақымдалған жапырақтар түссізденеді, ширатылады, солады. Егер бітелер өсімдіктерді масақтану кезеңіне дейін мекендесе, масақтар формасын өзгертеді не болмаса өсімдік масақтанбайды. Ылғалды, жылы ауа-райы бітелердің сандық көбеюіне қолайлы.

           Күресу шаралары. Ó¨сімдіктердің  қалдықтарын жою, сыдыра жырту. Бітелердің егінді мекендеуінің санын 10 сабақтағы және масақтағы 10 –16 үлгіде  санайды. Егер егінде 10 біте/сабақта болса, 50 % тік мекендеушілік не болмаса 20-30 біте/масақта тұтас   мекендегенде, инсектицидтерді қолдану қажет.          

         Бидайдың гүлді кенесі- Steneotarsonemus panschini. ( Arachnida - өрмекші тєріздес класы, Acaryformes - отряды,  Tarsonemidae -  тұқымдасы).

         Пішіні микроскопиялық, дене ұзындығы 0,15- 0,2 мм. Түсі сулы-ақ  немесе шынылы-сары. Дернәсілдері ересектеріне ұқсас. Кененің ұрғашылары топырақта қыстайды.

        Тіршілік кезеңінде 5 ұрпақ беріп дамиды. Колония түзейді. Ó¨сімдіктерде  егін көгінен бастап бидайдың пісу кезеңіне дейін болады. Дернәсілдері мен ересектері қатты бидайды, жатаған бидайықты зақымдайды. Масақтану кезеңіне дейін сабақтан шырын сорып алады. Масақтанудан кейін кене гүлдің барлық мүшелерін зақымдайды, олар формасын бұзып, ұрықсызданады. Алақат дєнділік пен қысыр масақты пайда болдырады. Залалданған масақтардың сыртқы түрі сау масақтардан айырмашылығы жоқ, бірақ масақтардың ішіндегісі күңгіп, қоспаға айналады.

        Күресу шаралары. Зиянкестердің санына  қарамастан қатты бидайды тек қана сүрі жерден кейін отырғызу керек. Көбеюіне және зияндылығына алғы астық дақылдары жағдай туғызады. Жүйелі түрде арамшөптермен күресу керек. Ó¨сімдіктердің төзімділігін арттыру үшін дақылдар өсіруде барлық технологиялық  шараларды жоғары деңгейде жүргізу керек. 

 

1- тапсырма. Зиянды бақашықтың морфологиясын мен биологиясының ерекше өзгешеліктерін анықтау.

2- тапсырма. Астық цикадалардың морфологиялық жєне биологиялық өзгешеліктерімен танысу.

3- тапсырма. Бидай трипстердің, бітелердің морфологиясын мен биологиясының ерекше өзгешеліктерін анықтау.

4-  тапсырма. Астық дақылдарының жартылай қатты қанаттылар отрядының фитофагтарынан болатын зақымдану белгілерін зерттеп тану.

5- тапсырма. Шаншып сорғыш зиянкестермен күресу шараларының жүйесін құрастыру.

6- тапсырма. 5- кестені жазып толтыру.

 

5-кесте  Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестері

6- тақырып  - АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ КЕМІРГІШ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

 

Түсініктеме

          Дєннің сұр көбелегі - Apamea anceps Schift. (Noctuidae - түн көбелектер тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды).  

         Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не

болмаса кұңгірт сұр, ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар құңгірт сұр, арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады. Дене ұзындығы 25-35 мм.  Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады. Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады жєне олардың ұшуы байқалады.  Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады. Дєннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары, қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000 дейін жұмыртқа салады. Жылына 1 ұрпақ дамиды. Жұлдызқұрттар  бидайды, қара бидайды, кей-кейде арпаны зақымдайды. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дєннің ішінде қоректеніп, қабығын ғана қалдырады. Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді. Ашық қоректену барысында дєндерді  сыртынан кеміріп тастайды. Ó¨нім жинағаннан кейін топыраққа түскен дєндермен қоректенеді.  Бидайды қайталама себу жєне ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу,  жылы  қыс  жєне тіршілік кезеңінде ылғалды ауа-райы   дєннің сұр қөбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.

        Күресу шаралары. Күзгі жєне көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда (әр үлгі 0,25м2 ) топырақ тереңдігі 15 см дейін қазып, тығыздығын анықтайды.  Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м2  табылса, топырақты өңдеу қажет. Культиватор не болмаса тегершік құралдармен  6-8 см тереңдікке өңдейді. 

Жаздық бидайды оңтайлы – кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуының ілесетіндігін (синхрондығын) бұзады. Жұлдызқұрттардың 1-2 жас кезіңінде  егістіктің 10 жерінен  20-25  масақтан алып (барлығы 200-250 масақ), қапшыққа салады. Қапшықты буып, оны 1-2 тәулік кептіреді. Жұлдызқұрттарды есептеу қапшықтағы масақтарды талдап қарау арқылы  өткізеді. Ауа райына байланысты тұқымдық егістікте ЭЗШ саны 100 масаққа  7-10-15  жұлдызқұрт, тауарлық егістікте 15-20-30 жұлдызқұрттан көп болса, Â«Тізімде…» көрсетілген регламент бойынша инсектицидтер қолданылады. Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек.

          Астық қоңыздары: кресті - Anisoplia agricola Poda., кузька - A. austriaca Hbst., красун - A. segetum Zoubkovi Kryn.  (Scarabaeidea - тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды).         

  Кузька қоңызының қанаттары қызыл-күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады. Дене ұзындығы 12-15 мм. Кресті қоңызда ашық сары, жирен, крест немесе єкір тєріздес суреттері бар. Дене ұзындығы 11-13 мм.  Красун қоңыздың үстіңгі қанаттары қоңыр сары түсті, бүйір жақтарында қылшықтар орналасады.  Дене ұзындығы 11-13 мм. Барлық қоңыздардың баланқұрттары  С тєрізді, қалың етті, үш жұп аяқтары бар, ұзындығы 35 мм.

Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды. Баланқұрттардың даму ұзақтығы  22 ай.  Красун қоңызының баланқұрттары 10 айда дамиды. Баланқұрттары даму барысында 3 жастан өтеді, олар топырақта қыстайды. Жаздың басында топырақта 8-12 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қоңыздар 50 шамасындай жұмыртқаларын бірнеше рет  салады. 

         Қоңыздар  алғашқы уақытта күздік  бидайды, кейін жаздық астықтарды, жатаған бидайықты зақымдайды. Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ, өнбеген дєндерімен қоректенеді. Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтарымен  қатты дєнді ұшырып түсіреді.

         Күресу шаралары. Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны қөбейеді.  Бидайдан кейін отамалы дақылдарды  орналастыру керек. Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш еңгізу, үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады. Ерте сыдыра жырту кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек (себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді).    Тексеру нєтижесінде гүлдену-дєн қалыптасу кезеңінің басында  1 шаршы метрде қоңыздар саны 3 данадан астам болса, егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек (Â«Тізім...» бойынша).

Астықтың жолақ бүргесі – Phуllotreta vittula Redt. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды,  Chrysomelidae – жапырақ жемірлері тұқымдасы).

Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы 2 мм-дей, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтар бар, артқы аяғы секіргіш. Дәрнәсілдері ақшыл-сұр, кеуде және анальдық қақпандары ақ, ұзындығы 4-5 мм.

Ересек жәндіктер жердің үстіңгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелерде, сайларда қыстайды. Топырақ жылысымен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабайы астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының І-ІІ онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.

Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді, осының  нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады. Зақымдар үшінші жапырақ пайда болғанға дейін өте қауіпті. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында зиянкестік күшейеді. Жапырақ беті 25-30%-тен артық зақымданса, өнім шығыны елеулі болады.

Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Солтүстік Қазақстан жағдайында жаппай жұмыртқа салу маусымның басында басталады. Жұмыртқаларын топырақтың үстіңгі қабатына салады. 2 жетіден кейін дернәсілдер пайда бола бастайды, олар топырақ арасындағы астық тұқымдастардың тамырларымен қоректенеді, бірақ айтарлықтай зақым келтірмейді. Топырақ астында қуыршақтанады. Жаңа ұрпақ қоңыздары маусымда пайда болады.

Күрес шаралары. Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының І-ІІ онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25 м2) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағышпен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м2  асса немесе жапырақ зақымдануы 25% көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады. Инсектицидтерді Â«Тізім...» тәртібі бойынша қолданады (Қосымшаны қараңыз).

Сүлікше қоңыздар – қызылкеуделі – Oulema melanopus L., көк - Lema lichensis Voet. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды, Chrуsomelidae – жапырақ жемірлері тұқымдасы). Біріншісі – түсі жасылдау көк қоңыз, алдыңғы арқасы мен аяқтары сарғылт-қызыл, жоғарғы қанаттарында  параллелді орналасқан нүктелер болады. Дене ұзындығы – 4 -  4,8 мм. Екіншісі – алдыңғы арқасы кеуденің басқа бөліктерінен айырмашылығы жоқ, дене ұзындығы – 3-4 мм. Дәрнәсілдің құрсақ жақ бөлігі көтеріңкі, қара қоңыр шырышпен қапталған, үш жұп кеуде аяқтары бар. Дәрнәсілдің дене ұзындығы 5мм-ге дейін болады.

 

 

Жылына бір ұрпақ береді. Қоңыздар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды. Өсіп-өну және көбею үшін көктемгі-жазғы мерзімдегі ылғалды және жылы ауа райы өте қолайлы. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жапыраққа 3-7 данадан тізбектеп салады, барлығы 200 жұмыртқа. Дәрнәсілдер 12-14 күннен кейін пайда болады. Олар 3 жас өтіп дамиды. Қуыршақтану топырақтың жоғарғы қабатында өтеді. Дәрнәсілдер сұлыға, арпаға, қатты бидайға едәуір зиян келтіреді. Жапырақ жұмсағымен қоректенеді, жапырақ талшықтары мен эпидермиске көп тимейді. Қоңыздар жапырақтарды саңылау және ұзынша келген ақ жолақтар жасап зақымдайды. Зақымданған жапырақтар сарғайып қалады, ассимиляция барысы төмендейді.

Күрес шаралары.  Сүлікше қоңыздарды және олардың дернәсілдерін 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25м2)  өсімдіктерді қарап есептейді. Жаздық астық дақылдарының түптену кезеңінде 10-15 қоңыз/м2, күздік дақылдарында 40-50 қоңыз/м2, түптену кезеңінде 1 сабақта 0,5-1 дәрнәсіл табылса, химиялық күрес жұмыстарын жүргізу керек. Инсектицидтермен бүрку Â«Тізім...» регламенты бойынша жүргізілуге тиіс (Қосымшаны қараңыз).

Астықтың барылдақ қоңызы – Zabrus tenebrioides Goere. (Coleoptera – қатты қанаттылар отряды,  Carabidae – барылдақ қоңыздар тұқымдасы).

 

 

Ересек қоңыздар шымқай қара түсті, үстіңгі қанаттарында нүктелі терең әжімдер болады, дене ұзындығы 14-16 мм. Дәрнәсілдердің дене ұзындығы 28 мм жетеді, бас бөлімі және көкірек бунақтары қара-қоңыр немесе қара түсті, кеуде түсі ақшыл, ақ сары немесе сұрша-жасыл болуы мүмкін.

Дәрнәсілдер топырақта қыстайды. Қуыршақтану топырақтың үстіңгі қабатында өтеді. Ересек қоңыздар күздік бидайдың дән толысу кезеңінде пайда

болады. Ыстық және құрғақ ауа райы әсерінен қоңыздардың өсіп-өнуінде бір айға жуық созылатын үзіліс туады. Тамыз айында қоңыздар жұмыртқаларын топыраққа топтап 10-15 данадан салады, барлығы 100 жұмыртқа. Жаңадан шыққан дәрнәсілдер суық күзге дейін қоректенеді.

Қоңыздар мен дәрнәсілдер зиянкесті, бірақ негізінен дәрнәсілдер қатты зиян келтіреді, өскіндер мен жас өсімдіктерді құртып тастайды. Түнде қоректенеді. Ересек қоңыздар дәнді, масақ қабыршықтарын жеп қояды. Дәрнәсілдер өскіннің жапырағын жеп, оларды топырақтың жоғарғы қабатына тасиды. Зақымданған жапырақтар түте-түтесі шығып, түйір-түйір шайнап тастаған талшыққа ұқсайды. Дәрнәсілдердің зақымдануынан егіннің көгі сиреп қалады. Барылдақ қоңыз астық дақылдарының көптеген түрлерімен қоректенеді, әсіресе күздік бидайды көбірек зақымдайды. Жылына бір ұрпақ береді.

Күрес шаралары. Барылдақ қоңыздың өсіп-өніп көбеюіне бидайды жыл сайын бір жерге өсіре беру  қолайлы жағдай туғызады. Алғы дақыл есебінде жақсылары – ол сүрі жер, отамалы дақылдар. Өнімді мезгілінде ысырап істемей жинап алудың үлкен маңызы бар. Дәрнәсілдерді 8-16 топырақ үлгілерінде (әр үлгі 0,25м2) 15 см тереңдікке дейін қарап есептейді. Күздік бидай танабында 1-5 дәрнәсіл/м2 табылса, инсектицидтер қолдану керек.

7- тақырып - БҰРШАҚ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

 

Түсініктеме

         Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Aphidinea отряд тармағы, Aphididae  тұқымдасы).

             Бітеңің денесі біршама жуандау, денесінің ұзыныдығы 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр-қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде және жерге түскен бұршақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдан өткеннен кейін аналық- негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердің жас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа-райының қолайлы (жылы - жаңбырлы) жағдайларында байқалады.

Күресу шаралары. Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

          Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл - Sitona  lineatus L. және қылшықты - S. Crinitus  Herbst. ( Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды -  Coleoptera).

 

 Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы 3-5 мм, денесінің түсі топырақты-сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі иілген, аяқтары жоқ, ақшыл-қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбінесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді-бұршақ дақылдарының өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін. Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырақтың астына кіріп,  азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп  қоректенеді. Шілде-тамыз айларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды. Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді.  Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, «мүсінді зақымдану» қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.

         Күресу шаралары. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолайлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Егін себу алдында тұқымды нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Егер бізтұмсықтардың саны біржылдық дәнді-бұршақ дақылдарының өскіндерінде 1мІ- та 10-15 дара, көпжылдық  1мІ- та 5-10 дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса, онда қоңыздарға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

   Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F. (Tortricidae- тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды).

          Есейген құрттардың денесінің ұзындығы 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді.  Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді. Құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды. Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.

         Күресу шаралары. Бұршақты бұршақ жемірінен қорғаудың тиімді жақтарының бірі - ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты жинағаннан кейін сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту.

    Бұршақ қоңызы - Bruchus pisorum L. ( Coleoptera - қоңыздар отряды. Bruchidae – дәнектер тұқымдасы).  Қоңыздарының бүйірінің алдыңғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл – сары, ұзындығы 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде  бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.

         Күресу шаралары. Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.

        Үрме бұршақ қоңызы -  Acantoscelides obtectus Say.  (Coleoptera - қоңыздар отряды, Bruchidae – дәнектер тұқымдасы). 

 

       

      Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы 3-3,5 мм, құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны ұзын қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары

егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б. бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.

          Күресу шаралары. Бұршақ қоңызының күресу шараларына ұқсас.

         Бұршақ немесе акация көбелегі - Etiella zinckenella Tr.( Lepidoptera – қабыршақ қанаттылар отряды, Phicitidae – қаракүйе тұқымдасы). Құрттың денесінің ұзындығы 15-20 мм, басы  сары – қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр – жасыл, қоңырлау немесе ақшыл – қызыл болып келеді. Құрт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады. Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Бірінші ұрпақ акацияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға, люпинге, жазғы мерзімде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.

          Күресу шаралары. Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ және сары акациядан кеңістікті изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты

жинағанан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың жұмыртқадан шығуы кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет.

 

8- тақырып  КӨПЖЫЛДЫҚ БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАС ЖЕМШӨПТІК ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

 

Түсініктеме

        Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус - Phytonomus variabilis Hbst. (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды).

        Дене тұрқы 4,5-5,5 мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңыр болып келген. Қоңыздардың алдыңғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдерінің денесінің ұзындығы 10 мм шамасындай, денесінің түсі жасыл, басы – қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында және топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы температура жоғарылаған кезде жаздық үзіліске кетеді. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Негізінен дернәсілдер көп зиян келтіреді. Гүлдердің, сонымен қатар жапырақтардың бүршігін кеміреді, өсімдіктің жоғарғы бөлігінің солуын тудырады және өсу нүктесіне зиян тигізеді. Есейген жастағы дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен, гүлдің түйнегімен қоректенеді.

         Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскілері кем дегенде 500 м алыс болуы қажет. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде – 3- 8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде – 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді.

        Жоңышқа қандаласы - Adelphocoris lineolatus Goeze.(Hemiptera – жартылай қаттты қанаттылар немесе қандалалар отряды, Miridae -  мирида тұқымдасы).

        Қандала денесінің ұзындығы 7-9 мм, ал түсі сары-жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны, бұршақты және т.б. дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырынын сорып, өсімдікке көп зиянын тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың (гүл қауызының) түсу құбылыстары байқалады. 

         Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5 см-ге дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұ-мыртқасын сабақпен бірге шеттету үшін жүргізу керек. Егер 1 м2  5-15 қандала есептелсе немесе аулағышпен 10 сермеу жасаған кезде 10-нан артық қандала түссе, онда  егістікті инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жасайды.  

 

        Беде бізтұмсығы: сабақты  Apion seniculus Kby., жасылдау  A. virens Hbst. (Curculionidae - бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды). Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара болып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы 2- 3,5 мм. Қоңыздарының денесі сұр тікенектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктем кезінде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміреді. Жұмыртқаларын бір-бірден өсімдік сабағының арнайы кемірілген тереңіне орналастырады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол кеміреді. Қуыршақтану сол жерде өтеді.  Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығады.

        Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану-алғашқы гүлдеу кезеңінде шапса, оны жинау және шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалар мен жас дернәсілдері өліп қалады. Тұқымдыққа беденің екінші шабылған шөбін қалдырған дұрыс. Егісті жаппай өскен және шанақтану кезеңінде инсектицидпен өңдеуге болады.

        Сары тихиус тұқым жемірі - Tychius flavus Beck. (Curculionidae – бізтұмсықтылар тұқымдасы, Coleoptera- қоңыздар отряды). Қоңыздар ақшыл-сары немесе қызғылт-сары, денесінің ұзындығы кішкене 2-2,8 мм. Дернәсілі иілген ақ, басы сары, денесінің ұзындығы 2,5-4 мм.  Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын тесік істеп, жемісбұршақтың ішіне салады. Қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. Жылына 1 ұрпақ береді. Негізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Кейінгілері генеративтік мүшелерді – гүлді және гүл шанақты зақымдайды. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында дамып, тұқымды құртады.

         Күресу шаралары. Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышқадан  кеңістікті оңашалау керек.  Егер 1 м2  5-8 және одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады.

         Жоңышқа жуанаяқтысы - Bruchophagus roddi. (Hymenoptera- жарғақ қанаттылар отряды, Eurotomidae – жуанаяқтылар тұқымдасы).

         Кішкене мөлшерлі жәндіктер, ересек жәндіктің дене ұзындығы - 2,1 мм, дернәсілдерінікі - 1,5-2 мм. Үлкен дараларына қара түс сипатталған, кеуденің үстіңгі бөлігі дөңестеу, құрсағы сабақ тәрізді, мұртшалары мен аяқтары сары

- қоңыр болып келген. Дернәсілі ақ, иілген. Дернәсілдері қоймадағы немесе егін жинау кезінде шашылған тұқымдардың ішінде қыстайды. Қуыршақтану осы жерде өтеді. Имаго тұқым қабығының саңылауы арқылы ұшады. Потенциалды  көпциклді түр. Жұмыртқаны тұқымның ішіне салады. Дернәсілдер   тұқымның ішіндегісін жеп зиян келтіреді.

          Күресу шаралары. Зиянкестің санын азайту үшін егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Тұқым қалдықтарын астық тазалау машиналарынан кейін міндетті түрде жойып жіберу қажет. Жоңышқа егістігіне көктемде және күзде тырмалау жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Егер шанақтану кезеңінде аулағышпен 10 сермеу жасағанда, ересек жәндіктердің саны 10-20 дара болса, онда егістікті инсектицидпен өңдейді.

 

1- тапсырма. Көпжылдық шөп өсімдіктердің вегетативтік мүшелеріне қауіп келтіретін зиянкес түрлеріне шолу жасаңыз.

2- тапсырма. Көпжылдық шөп өсімдіктердің генеративтік мүшелеріне қауіп келтіретін зиянкес түрлеріне шолу жасаңыз.

3- тапсырма. Көпжылдық шөп өсімдіктерді жемшөптік және тұқымдық мақсатта сақтау шараларының үлгісін жасаңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Көпжылдық бұршақ тұқымдас жемшөптік дақылдарының арнайы зиянкестерінің тұқымдастары мен отрядының түр құрамын сипаттаңыз.

2. Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономусының даму циклін, келтіретін зияндылығын және күресу шараларын сипаттаңыз.

3. Жоңышқа қандаласының даму циклін, зияндылығын және күресу шараларын көрсетеңіз.

4. Сары тихиус тұқымжемірі даму циклін, келтіретін зияндылығын және күресу шараларын сипаттаңыз.

5. Жоңышқа жуанаяқтысының даму циклін, келтіретін зияндылығын және күресу шараларын сипаттаңыз.

9- тақырып.  ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

 

Түсініктеме

Қант қызылшасында көптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін.  Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус ауруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады. Арнайы зиянкестер арасынан бүргелер және кәдімгі қызылша бізтұмсығы  қауіпті болып саналады.

 

 

Қызылша бүргесі: оңтүстік (Chaetocnema breviuscula Fald.),  кәдімгі немесе қарақұмық (Chaetocnema concinna Marsch.) (Coleoptera отряды, Chrysomelidaeтұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б. дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа тәрізді болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1,5-2,2 мм.    Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Ерте көктемде ауаның температурасы 8-9С болған кезде қыстап шыққан бүргелер шыға бастайды. Алғашқы кезде олар арамшөптердің алабұталар және қарақұмықтар тұқымдасымен, содан соң қызылша егістігіне ұшып сол жерде қоректенеді. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа-райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1,5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын тереңдігі 3-6 см топырақ астына салады.  Эмбрионалдық даму 10-14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-15 см тереңдігінде қуыршақтанады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге  кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы). Көктеу кезеңінде – 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 үлгіден 20 см қатар өсімдікті бақылайды. Егер кәдімгі себілген егісте 1 өсімдіктен 1 қоңыз және дәл себілген егісте 1-2 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады. (Қосымша). Қоңыздар қоныстануды егістің шетінен бастайды, осыған байланысты  қызылша  өскінін қоңыздардан қорғау үшін өңдеу жұмыстарын егістің шетінде жүргізу қажет. 

        Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл (Chromoderus declivis Ol.), шығыс(Bothynoderes foveicollis Gebl.) және сұр (Tanymecus palliatus F.)  (Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасы).  Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.

Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөңесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр–қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы 7-11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының түсі қара, денесін ақшыл-сұр, ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы 8-10 мм. Шығыс қызылша бізтұмсығының түсі қара, қанаттың үсті сұр-қара қабыршақпен жабылған және де көмексі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы  9-10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұр қабыршақтармен жабылған. Дене тұрқы 7-10 мм.

 

Бізтұмсық дернәсілі – денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығы дернәсілінің дене тұрқы 27-30 мм, ал қалғандарынікі – 20-25 мм. 

 

 

Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдер мен қуыршақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа-райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қуыршақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10С қызған кезде қоңыздар пайда болады. Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды.  Температура 20-25С жеткен жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді

 де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады. Қоңыздар жапырақтарды жеп, қызылша сабақтарын кеміреді. Температура +8 С төмен болса, қоңыздар қоректенбейді, ал 8-12С әлсіз мөлшерде зақымдайды. Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімдік тамырының маңайына, тереңдігі 3-10 см топыраққа салады.  7-11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кем-тарлығын тудырады, ал күшті залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша бізтұмсығының дернәсілі арамшөптерде (қалуен, дала шырмауығы, ошаған) дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдамайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда

болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылша тамырының мойнына салады, ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камералар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұндай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелуі мүмкін. Тамыржемістің ішінде дернәсілдер қуыршақтанады. Жылына 1 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиянкестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш жәндіктердің әрекетін күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек. Сәуір айының аяғынан бастап көлемі 1 м 2  20 үлгі алаңқайда зиянкестерге көзбен шолу есебін жүргізеді. Көктеу кезеңінде  кәдімгі қызылша бізтұмсығы қоңызының 0,2-0,3, басқа түрлердің 0,3-0,5 данасы 1 м2   жерде, ал 2-4 жұп жапырақ шыққан кезеңде 0,5-0,6 дана/м2 кездессе, онда инсектицидпен өңдейді (Қосымшаны қараңыз).

 

 

 Қызылша сауытты қоңызы – Cassida nebulosa L. (Coleoptera отряды,  Chrysomelidae тұқымдасы). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады.

 Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр-сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралау. Қанаттың үстінде түзу қатарлы нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуан болып келген. Дернәсілі сары-жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсінділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәұір ұзын болып келген. Дернәсіл құрсағының ұшы жоғары қарай иілген.

Бунақденелілер ерте көктемде шыға бастайды. Сәуір айында аналық даралар жұмыртқаларын үймелеп, арамшөптердің, алабұталылар тұқымдасының жапырағына салады да, жұмыртқалардың үстін өзінен бөлініп шығарылған жартылай мөлдір шажырқаймен жабады. Бір аналықтың орташа  өсімталдығы 200 жұмыртқа. Эмбрионалдық даму 10-12 күнге созылады. Дернәсілдер 2-3 апта ішінде дамиды, содан соң жапырақтардың арасында сары жалпақ тікенекті қуыршаққа айналады. Қоңыздардың бірінші ұрпағы шілде айында, ал екінші ұрпағы тамыз айының аяғында пайда болады. Қоңыздардың екінші ұрпағы қыстауға қалады.

Күресу шаралары. Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістіктен алып тастау керек. Сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізім бойынша пайдаланған дұрыс. Қызылша сауытты қоңызының ЭЗШ саны өскін кезеңінде  0,7-1 дана/м2, ал 4-5 жұп кәдімгі жапырақ кезеңінде 1 өсімдікте 10-нан артық дернәсіл болады.

Қызылша қандаласы – Poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemiptera отряды, Miridae тұқымдасы). Қант қызылшасын, жоңышқаны, сояны (қытайбұршақ), асбұршақты, күнбағысты, көкнарды және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.

Бунақденелілердің дене тұрқы 3-5 мм, сары-қоңыр түсті. Арқаның алдыңғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір,  ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара дақ орналасқан.  Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан.

Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің (көкпек, қызылқұйрық, жусан, т.б.) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында – мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уақыттың ішінде бес жас өтеді де, ересек жәндікке айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байланысты зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дами алады. Аналықтары маусым айының аяғында жұмыртқаны топ қылып, мәдени өсімдіктерге және арамшөптерге салады. Эмбрионалдық даму 10-16 күнге созылады. Қандала өсімдіктің шырынын сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады. Өсу нүктесінде қоректенген қандала төмен қантты тамырдың көпбастылығына, ал күшті залалданған кезде мүшенің зақымданып жойылуына  әкеліп соғуы мүмкін. Бұдан басқа, қызылша қандаласы вирустық аурулардың таратушысы болып табылады. Зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды.

Күресу шаралары. Арамшөптерді құрту, ауыспалы егісті қатаң сақтау, зиянкестерге қарсы инсектицид қолдану керек.

 

 

Қызылша бітесі – Aphis fabae Scop. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен (көкпек, ақ алабұта, қызылқұйрық және т.б.) қоректенуі мүмкін.

Есейген дараның  денесін балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы 1,5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті.

 Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңкіштің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-9Сжеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық-орналастырушы туады.  2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады.  Бітемен залалданған жапырақтар пішінін өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық аурулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Ауыспалы егістікті қатаң сақтау және минералды тыңайтқыштарды енгізу керек. Тұқымды отырғызғаннан кейін жаңбырлатып суару зиянкестердің санын төмендетуге мүмкіндік береді. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды тартуға жағдай туғызады. 3 жұп нағыз жапырақ кезеңінде 10 жерде 10 өсімдікті қарап, өсімдіктерде жәндіктер қоныстануы 20-30 % асып кетсе, инсектицидтерді Â«Тізім ...» бойынша пайдаланған дұрыс.

Қызылша тамыр бітесі – Pemphigus fuscicornis Koch. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшада және алабұта тұқымдасы арамшөптерінде қоректенеді.

Есейген даралары сары түсті,  нәзік балауыз қабатымен жабылған. Дене тұрқы 1,5-2,5 мм. Дернәсілдері сарылау – сұр түсті, ұзындығы 0,7-0,8 мм.

20-70 см топырақ тереңдігінде қанатсыз аналықтары қыстайды. Көктем мезгілінде пайда болған дернәсілдер топырақ бетіне шығып, азықтық өсімдіктерге қоныстануы мүмкін. Олар ұсақ түптерге жабысады, дернәсілдер және дернәсілдердің терісінен түзілген металл ақшыл реңді қабат пайда болады, сол себептен зиянкестердің саны артқан кезде өсімдіктің жанындағы топырақ ақшылданып кетеді. Қызылша тамыр бітемен зақымдалынған өсімдік тамырлары құрып қалады, жапырақтар сарғайып кетеді, өсімдіктердің өнімі және қанттылығы төмендейді. Өсіп-өну кезеңінде 8-10 ұрпақ беріп дамиды.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті қатаң сақтау; арамшөптерді құрту; минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу; өнімді шығынға ұшыратпай дұрыс жинау; өсімдік қатарлары тегіс жабыла бастаған кезеңде тамыр жүйесін қарап, топырақ тереңдігі 5 см болатын 20 үлгі (әр үлгіде 5 өсімдік) қарайды. Тамыр бітесімен  20-30% өсімдіктер қоныстанса, инсектицидтерді Â«Тізім ...» бойынша пайдаланған дұрыс.

 

1- тапсырма. Қызылша зиянкестерімен танысу. Зақымдану түрлерін анықтау.

10- тақырып -  КҮНБАҒЫСТЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

 

Түсініктеме

Топырақтағы тұқым және күнбағыстың өскіні сымқұрттың, қара қоңыздың, шалғын көбелектің зақымдауынан көп зиян шегеді. Тіршілік кезінде итальяндық прус, кеміргіш түн көбелектері, қандалалар, бітелер және басқа да түрлер зиян келтіреді. Арнайы зиянкестердің ішінде күнбағыс қан көбелегі және күнбағыс мұртты қоңызы қауіпті болып есептелінеді.

Күнбағыс қан көбелегі - Homoeosoma nebulella Hb. (Lepidoptera отряды, Pyralidae тұқымдасы). Күнбағысты, мақсарыны, ақкекірені зақымдайды.Көбелек қанатының құлашы 20-27 мм. Алдыңғы қанаты жіңішке, сұр  орта жерінде төрт қара дағы бар. Артқы қанаты ақшыл түсті және алдыңғы қанатқа қарағанда жалпақ, қара-қоңыр талшықтары және шашақтары бар. Есейген құрт сары-қоңыр түсті, арқаны бойлай үш қара жолақтар өтеді. Дене тұрқы 15-16 мм.

Бес жастағы құрттар өрмекші пілләнің ішінде, топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Мамыр айының аяғында құрттар қуыршақтанады.  Көбелектердің ұшуы маусым

айының басында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын күрделігүлділер тұқымдасының гүл тозаңдығына салады. Жаңа туылған құрттар гүлдің генеративті бөлігімен қоректенеді. Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсіп, топырақта қуыршақтанады. Көбелектің екінші ұрпағы күнбағыстың гүлдеу кезеңінде пайда болады да, жұмыртқаларын күнбағыстың тілшелі және түтікті гүлдеріне салады. Барлығы шамамен – 250.  Бірінші және екінші жастағы құрттар гүлдің әр түрлі бөліктерімен, ал үшінші жастан бастап  құрттар тұқымның ішіне еніп  қоректенеді. Зақымданған күнбағыстың  гүл шоғыры дернәсілдердің қалдықтарымен ластанады.

Күнбағыс мұртты қоңызы - Agapanthia dahlii Richt. (Coleoptera отряды, Cerambycidae тұқымдасы). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді, сонымен қатар күнбағысты және мақсарыны зақымдайды.

        Қара, жылтыраған денесінің ұзындығы 15-20 мм. Денесі қалың түктермен қапталған, қанатының үстіңгі жағының түктері сары немесе сұр түсті. Мұрттары денесінен ұзын болып келген. Дернәсілі ақшыл сары түсті, басы қоңыр түсті, ұзындығы 22-25 мм.

Есейген дернәсілдері әдеттегідей сабақтың жер асты бөлігінде қыстайды. Мамыр айының басында дернәсілдері қуыршақтанады да мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында қоңыздар шыға бастайды. Қоңыздар күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағын және жапырағын зақымдайды. Аналықтары жұмыртқаларын күнбағыстың, ошағанның, қалуеннің, түйе жапырақтың, мақсарының сабақтарының ішіне бір-бірден салады. Жұмыртқаларының түсі сүтті-ақ, цилиндр пішіндес. Аналық қоңыздардың өсімталдығы шамамен 40-50 жұмыртқа. Дернәсілдері сабақтың ішінде тамырға қарай бағыт алып қоректенеді. Зиянкес тұқымның ядросындағы май мөлшерінің төмендеуіне және сабақтың сынуына алып келуі мүмкін.  Жылына бір ұрпақ беріп дамиды.

Күресу шаралары: Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе қайталап орналастырса, топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне және егіннің сиреуіне әкеліп соқтырады. Күнбағыстың сауытты сорттарын егу, өйткені  қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелегінің құрттары оны кеміре алмайды.  Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды  тереңдігі 25-30 см, көлемі 0,25 м2  8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқау жүргізіп, есепке алады.  ЭЗШ саны -  5-10 дернәсіл/м2.  Көктемгі-жазғы мезгілде ауа райының жылы және ылғалды мезгілінде  шалғынды көбелек өте қауіпті

 ( ЭЗШ саны 5-10  дернәсіл/м2 ). Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10 өсімдіктен алып есеп жүргізеді. Егісті Â«Тізім...» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдейді. Күнбағыс мұртты қоңызына қарсы  күнбағыс сабағын төмен кесінді жасап жинау қажет. Егіс алқабындағы өсімдік қалдықтарын құрту және оларды өсімдік сабағынан қоңыздар ұшқанға дейін пайдалану керек. Терең сүдігер және қатар аралық өңдеу зиянкестер санының азаюына көмектеседі.

1- тапсырма. Күнбағыс қан көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер.

2- тапсырма. Күнбағыс мұртты қоңызының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер.

3- тапсырма. Күнбағыстың фитофагпен зақымдану белгілерінен зерттеп танысыңыз.

4- тапсырма. 10- кестені жазып толтырыңыз және зақымдану кезеңінің, зақым келтіретін  түрдің суретін салыңыз.

11- тақырып - КАРТОПТЫҢ  ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ