- •Жататын көп қоректі зиянды жәндіктер
- •Күздік көбелегі
- •Шалғын көбелек
- •Гессен шыбынның имаго мен жалған пілләсы.
- •Арпа швед шыбынның имаго мен дернәсілі.
- •Астық сабақ егеушінің имаго мен дернәсілі.
- •Зиянды бакашықтың имагосы және олармен зақымдалған масақ.
- •Түсініктеме
- •Дақылдарының зиянды жәндіктері
- •13 Тақырып - көкөніс және бақша дақылдарының зиянды жәндіктері Түсініктеме
Түсініктеме
Картопты көп қоректілермен қатар, бейімделген зиянкестер де зақымдайды. Жер бетіндегі мүшелерін гамма көбелектердің жұлдызқұрттары, карадриналар, колорад қоңызы, бітелер, цикадалар, қандалалар зақымдайды. Картоп түйнектерін бұзаубастар, сымқұрттар, жалған сымқұрттар, тақтамұртты қоңыздардың, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, егістік шырышы және сабақ нематодасы зақымдайды.
Көп қоректі болып табылатын бітелердің, қандалалар мен цикадалардың көптеген түрлері картопты зақымдайды және вирустық ауруларды таратушылар болып табылады.
Картоптың колорад қоңызы - Leptinotarsa decemlineata Say. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы). Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді.
Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабығында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.
Дернәсілдің ұзындығы 15-16 мм, бүкір денелі, басы мен аяқтары және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара-сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт-сары түсті болады.
Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктерімен қоректенеді. Қорек іздеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,5 км қашықтыққа дейін жете алады. 17 С жоғары температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созылады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекелеген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады. Таралу аймағына байланысты колорад қоңызы жылына 1-3 ұрпақ бере алады.
Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар енгізу, топырақты уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әртүрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы энтомофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillus thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңінде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптен келеді. ЭЗШ саны - 5-8 % қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау – гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп. Картоп егістерін Â«Тізімде...» келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді.
Картоптың сабақ нематодасы – Ditylenchus destructor Thorne. (Nemathelminthes типі, Nematoda класы, Tylenchida отряды, Tylenchidae тұқымдасы).
Картопты, шамалы түрде асбұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды. Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар. Ұзындығы 0,7-1,3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дейін дамиды. Нематодалар картоп түйнектерінде сақталады.
Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар жас сабақтарға еніп, өсімдіктің өсуін тоқтатады. Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар өте кішкентай және толқынды. Түптің төменгі қабатындағы жапырақтар өліп қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе жатқан түптерге енеді. Бұдан кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар пайда болады, ал сақтау кезеңінде – түптердің жоғарғы бетінде бастапқыда татты-қоңыр ұсақ жарықшалар. Одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады.
Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет(85-90% ылғалдылық, температура +1..+3 С деңгейде).
12-тақырып АЙҚЫШГҮЛДІ ЕГІСТІК, ЖЕМДІК, КӨКӨНІС
