Негізгі құралдарды алу
Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі қүралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рүқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады.
Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтанды-рылып төлеуінде франт-офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк-офистерінде көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісім-шарттың тәртібімен келісе отырып, банк бөлімшесінің франт-офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып береді және бұйрықты бэк-офис бөлімшесіне береді./
Бэк-офис келісімшарттьщ дұрыс рәсімделуііГ және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшартта-рымен келісе отырып сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың қүнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды.
'] Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар аіиады^
\ Банк бөлімшелерінің франт-офисі жабдықтаушылардан негізгі құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот-фактура келісімінде көрсетілген негізгі құралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын салыстырып қабылдап-өткізу актісін толтырады. ] Жоғарыда аталған деректемелер бірлігіне тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк-офисі алғашкы құжаттардың көшірмесін жасайды да, негізгі құралдарды кірістеудің типтік тізімдемемен соңғы есебін банктің бэк-офисі бөлімшесі көп затты қолма-қол негізгі құралдардың әрбір заттарының құнын типтік Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу:
• сатып алынатын негізге құралдар үшін (50% аспайтын) алдын ала төлеу кезінде:
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• соңғы есеп айырысу сомасына:
Дт 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• негізгі құралдарды кірістеу:
Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
1653 «Компьютер жабдықтары»
1656 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;
• құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша:
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал- жабдықтар» ;:.
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;
• жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы боиынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге асырылады:
Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
«Компьютер жабдықтары»
«Өзге негізгі қүрал-жабдықтар»
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымьк бойынша дебиторлар»; Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу
• ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала төлеу сомасына:
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомала- рына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде:
Дт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт 1856 «Күрделі каржы салымы бойынша дебиторлар»;
• Салык заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының үлес салмағы бойынша есептелген ҚҚС бойынша жүргізілетін есептеу сомасына:
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша
есеп айырысу» Кт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». Қүрылыс жүргізу кезінде есеп айырысу тәртібі
Негізгі құралдардың құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік әдіспен жүргізіледі. Капитал құрылысы бойынша келісімшартта көрсетілген мөлшерде аванстың бірінші бөлігін төлеу бекітілген келісімшартта анықталған мерзімде банк бэк-офисінде жүргізіледі, ал қалған сомаларды төлеу 3 және 2-нысаны бойынша орындалған жүмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған ақша сомасы шегінде бөлімше басшысының қолы қойылған, бұрын төленген аванстарды ұстап қалудың үйлесімді есебімен нақты сома-сы көрсетілген шоттарды төлеуге ұсынылған жүмыстардың қүны туралы жабдықтаушылардан алынған анықтама негізінде жүзеге асырылады. Қатар-қатар реттік үйымдар ай сайын 27 күннен кешіктірілмей 3 және 2-нысайдағы орындалған жұмыстар актісін үсынады.
Сонымен қатар банк бэк-офисінің (бөлімшесінің) жауапты қыз-меткері төлем жүргізгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды.
Банктің бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Капитал қүрылысы бойынша жүргізілетін шығындар есебі негізгі қүралдар-дың сәйкес топтары арқылы жүргізіледі. Келісімшарт қосымшала-рымен бірге құрылыс және жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстармен қатар тарифхерді, калькуляцияларды, еркін сметалық есеп айрысуларды банк немеее оның бөлімшелерінің басшылары тексеріп, қолдарын қоюлары керек.
Банк (бөлімшелер) франт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нүсқауларымен қатар, негізгі қүралдарды кірістеудің нүсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді:
негізгі қүралдардың жалпы сомасын;
амортизациялық аударым әдісін;
пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін;
өтімділік қүнын;
негізгі қүралдарды өндірістік және өндірістік емес салада пайдалануын.
Қүрылыстың шаруашылық әдісі кезінде банктің шаруашылық қызмет жүмысшыларымен есептесу төлем кестесіне сәйкес жүргі-зіледі. Құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде мердігерлік үйьшдар-мен есептесу банктің жоғары басшыларымен қарастырылып, бекітілуіне сәйкес құжаттар және сметалар шегінде келісіліп жасалған шарт негізінде жүргізеді.
Егер қүрылыс банк алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше материал қүнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенім хатының жазбаша көшірмесін банкке жібереді.
Егер
күрделі жөндеу қызметінің мерзімін
көбейтсе, жүргізілген жұмыстар немесе
негізгі құралдардың көрсеткіштері
айтарлықтай жақсарса,
одан оған кеткен шығындарға мыналар
жатады:
• ғимарат және құрылыс бойынша:
Дт 1652 «Жер үйлер және ғимараттар»
1860 «Басқа да дебиторлар»
Кт 1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында.
• автомобиль көлігі бойынша:
Дт 1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт 1860 «Басқа да дебиторлар»
1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында.
Негізгі қүралдардың тозуы. Негізгі құралдар құяын қайта бағалау және амортизациялық аударымдар есебінің тәртібі
Амортизацилық аударымдар мен негізгі қүралдарды қайта баға-лау құны банктің ағымдағы жылға қабылдаған бухгалтерлік есеп (есеп саясаты) әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
6 БЕҚС 22 бөліміне сәйкес амортизацияларды есептеу үшін келесі әдістер қолданылуы мүмкін: құнды бір қалыпты (түзу сызық-ты) есептен шығару, құнды орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді түрде есептен шығару (өндірістік әдіс), құнды сан бойынша есептен шығару (шоғырланымдық әдіс), қалдықтың кему әдісі.
Қүнды бір қалыпты (түзу сызьіқты) есептен шығару әдісі. Осы әдіске сәйкес объектінің амортизацияланатын қүны оны пайдалану мерзімі ішінде бір қалыпты есептен шығарылады. Әрбір мерзімге амортизациялық аударымдар сомасы пайдалану объектісінің есеп айырысу мерзімінің санымен амортизациялық құндарды бөлу жолы-мен есептеледі. Амортизация мелшері тұрақты болып табылады.
Мысалы, банк бастапқы құны 100 мың теңге болатын ксерокс сатып алды, оның 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі өтімділік құны 10 мың теңге. Бұл жағдайда жылдық амортизация амортизациялық аударым құнынан 18 пайызды немесе түзу сызықты есептен шығару әдісіне сәйкес 18 мың теңгені құрайды. Бұл есептеулер келесі жолмен жүргізіледі:
Бастапқы құн - етімділік құны _ қызмет ету мерзімі
=18000 теңге
100 000 теңге - 10 000 теңге
5
5 жыл ішінде амортизацияны аудару 12-кестеде көрсетілген.
Дт 1692 «Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген аморти-зация»
1693 «Компьютерлік жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
1694 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
Кт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
«Компьютер жабдықтары»
«Өзге де негізгі қүрал-жабдьщтарң;
• қайта бағалау сомасының қалған барлық сомасына:
Дт 3540 «Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтері»
Кт 3599 «Бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығындар)».
Егер келешекте негізгі құралдарды есептен шығару өткізілетін
болса, онда банк өткізу сомасына келесі өткізбелерді жүргізеді: Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» Кт 4852 «Негізгі кұрал-жабдықтарды- және материалдық емес
активтерді өткізуден түскен табыс». Бұзу және қайта жөндеу нәтижесінде алынған бөлшектер,
байлаулар мен басқа да материалдық құндылықтар комиссляның
бекіткен құнымен кірістеледі:
Дт 1602 «Басқа тауар-материалдық қорлар» Кт 4920 «Басқа да кірістер».
