Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі құралдардың есебі реферат [www.topreferat.com].doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

Қорғау немесе кепілді қызмет

Банктің төлем қабілеттілігімен, оның тұрақтылығымен тікелей байланысты. Егер банк ресурстары тек қана меншікті капитал есе-бінен калыптасқан болса, оны абсолютті өтімді деп санауға болады, өйткені банкроттық жағдайда тек акционерлер залал шегуі мүмкін.

Алайда, бұл тек банктің қызмет етуі үшін активтер резервін құру жолымен салымшыларға өтемақы төлеу кепілі ғана емес, Сонымен қатар бұл ағымдағы қорлардың жеткіліксіздігі жағдайын-дағы шығындардың орнын толтыру кепілі болып табылады. Ком-мерциялык банктерде төлем қабілеттілігі меншік капиталдың тек бір бөлігімен ғана қамтамасыз етіледі. Әдеттегі тәжірибеде төлем қабілетті деп акционерлік капиталы жұмсалмаған банк саналады, яғни активтер кұны кем дегенде банкпен шығарылған қамтамасыз етілмеген міндеттемелерді санамағандағы міндеттемелер сомасы мен акционерлік капитал сомасы қосындысыңа тең.

Оперативті қызмет

Оперативті қызметтің мәні капиталдың бастапқы мөлшерін қам-тамасыз етумен тұйықталады, яғни қызметті жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде акционерлік капитал жерді, ғимаратты, қүрал-жабдықтарды сатып алуға және жалақы төлеуге, сонымен қатар күтілмеген шығындар жағдайына қаржылық резерв қүру үшін қажетті шығындарды кдржыландыру көзі болып табылады.

Реттеуші қызмет

Мемлекеттік органдар занды және нормативтік актілер көме-гімен меншік капитал мөлшері мен кұрылымын қадағалай отырып банктің қызметін реттейді.

Айналым қызметі

Акционерлік капиталға ақша сала отырып, құрылтайшылар банктік айналымға активтерді авансылайды деп айтуға болады.

Бірақ кез келген коммерциялық қызмет тәуекелге бел бууға мәжбүрлі.

Оның үстіне, айтылып кеткендей, капитал қорғау қызметіне ие. Айналым қызметін жүзеге асыра отырып өзінің айналым капиталын қолма-қол ақшалардың кассалық несиелік факторингтік және лизиютік операциялардың тәуекелділігіне, бағалы қағаздарды және басқа да қатысу құқықтарын сатып алуға ғимараттарға, қүрылыс жэне басқа да негізгі қорларға сала отырып, банктер кредиторла-рын залал шегуден қорғайды.

Резервтік қызмет

Тәуекелдік активтік операциялар сияқты пассивтік операциялар-ға да тән. Капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы үдерісіндс мсрзімді депозиттерді мерзімі жетпей қайтып алу, талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттарды алып тастау, төлемеу

көлемі өсу себебінен банк шоттарына қаражат ағымының тоқта-тылуы және тағы басқа тәуекелдікті жеңеді. Тәуекелдікті жеңу барысында банктерге өтімділік нормативтері, сонымен қатар Үлттық банкте депозиттелетін несиелік жүйенің міндетті резервтік коры ретінде тартылған несиелік ресурстар жағдай жасайды.

Активтік операциялардың ақталмаған тәуекелдіктің орнын жабу үшін нақтырақ айтқанда, шығындардың орнын толтыру үшін банк меншікті капитал резервін қүруға мәжбүрлі.

Бұл банктің тәуекелдігін ескере өлшенген және өлшенбеген активтер шығындарға айналып кеткен жағдайда банк капиталының кызмет етуін қамтамасыз етеді.

Егер банк меншікті қаражаттарды тиімді басқара білетін болса, онда банк осылардың көмегімен табыстылықты көтеріп және салымдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Табыс деңгейін қаражат-тарды кысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан ссудалар беруге жұмсауға алмастйру жолымен кол жеткізуге болады. Өтімділікке деген косымша қажеттілік немесе міндетті резервтерді көбейту несиелік қоржынын ңемесе бағалы кағаздардың бір бөлігін қолма-қол ақшаға ауыстыру жолымен қағаттандырылады. Егер менеджер салым тартумен байланысты мәселелерді шешсе, онда ол тартылған каражаттардьі қаржыландырумен немесе өтімділіктің талап етілетін көлемін есепке ала отырып несиеге берумен айналысуына болады. Банк өзінің қысқа мерзімді қарыздар мен депозиттік шоттарын реттей отырып, өзіне өтімділікті және табыс-тың өсуін қамтамасыз ете алады. Егер банк салыстырмалы төмен пайыздық мөлшерлеме сәтінде қамтамасыз етілмеген міндеттемелер шығарса, олар соңымен жоғарырақ мөлшерлеме бойынша табысты инвестициялау үшін қажетті арзан қаражаттар көзі болып келуі мүмкін. Сонымен қатар, осы міндеттемелердің өзін несие бойынша лимитті есептеудегі және салымдардың сенімділігін қамтамасыз етудегі капитал ретінде қарастыруға болады. Меншікті каражаттар-мен коса, банк акцияларының нарықтық бағасын жоғарылатуға және қосымша акцияларды қымбаттырақ сатуға мүмкіндік беретін дивидендтер аумағындағы саясат сияқты тиімді кұрал арқылы бас-қаруға болады. Бұл табыстың бір бөлігін үстап қалудан гөрі ұнамдырақ болып келуі мүмкін. Банктің меншікті капиталын басқару тәсілдерінің барлығы акцияларды шығару және орналас-тыру сияқты ресурстарды жұмылдыру тәсілінің баламасы болып табылады. Бұл - қымбат және банк үшін үнемі қолайлы болып келе бермейтін қаржыландыру тәсілі.

Базель келісіміне сәйкес капитал жеткіліктілігінің басты жалпы-лама көрсеткіші тәуекелдік активтер коэффициенті болып табылады: