- •Анестезия
- •Десмургия
- •Қан кету
- •Қан құю жолдары мен тәсілдері
- •Жаралар
- •Зақымдар (травматология)
- •Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия.
- •Сав реанимация бағдарламасы:
- •Сүйек сыну, буын шығу
- •Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2012ж)
- •Авс реанимация бағдарламасы
- •Термиялық зақымдар
- •Хирургиялық инфекция
- •Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы
- •Некроздар
- •Ісіктер
- •Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
- •Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.
- •Хирургиялық науқасты зерттеу
- •Амбулаториялық хирургия
- •Операцияға дейінгі кезең
- •Операциядан кейінгі кезең
Термиялық зақымдар
Сұрақтары:
Күйіктер, оның түрлері, дәрежесі, ауданы бойынша жіктеу.
Алғашқы мед. көмек көрсету, емдеу
Күйік ауруы, күйік шогының ерекшелігі, кезеңдері, емдеуі, болжамы, асқынулары.
Электрожарақаттар, клиникасы.
Алғашқы медициналық көмек көрсету. Емдеу.
Үсік шалу, түрлері, дәрежелері, клиникасы, медкөмек, емдеу.
Суыққа тоңу, клиникасы, медкөмек, емдеу.
1.Термиялық зақымдар деп жоғары не төмен температураның әсерінен болған зақымдарды айтады. Бұлар -жоғары температура әсерінен пайда болған күйіктер, төмен температура әсерінен пайда болған- үсіктер. Күйіктер себебіне байланысты (ыссы сұйық, жалын, бу әсерінен болса) термиялық күйіктер, (концентрациялы қышқыл, сілті әсерінен болса) химиялық күйіктер, (радиоактивті сәуле әсерінен болса) радиациялық күйіктер, күн сәулесінің күйігі, электрлік күйіктер деп бөлінеді.
Термиялық күйіктер тереңдігіне байланысты 4 дәрежеге бөлінеді:
1-дәрежелі күйік- терінің беткі қабатының эпидермисі күюі — науқастың күйген жері ісініп қызарады, ашып ауырады.
2-дәрежелі күйік- тері барлық қабатының күйюі, орны ісіп күлбірейді, эпидермис көтеріліп, күлбіреуітер пайда болады, астына плазма жиналады.
3-дәрежелі күйік -терінің терең қабаттары және тері астында жатқан тіндердің күюі. Қызарған күлбіреген, ісінген жерлермен бірге күйіктен қарайып кеткен орындар болса -бұл 3-ші дәрежелі күйік болғаны.
4-дәрежелі күйік -барлық жұмсақ тіндер мен сүйектің күйіп, күл-көмірге айналуы.
3-4 дәрежелі күйік алған науқасқа тері жамап, ампутация қажет болады, сондықтан оны ауруханада емдейді.
Күйіктің ауданын анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады:
"Тоғыздық " әдісі бойынша бас, қол, аяқ басы мен сирақ, балтыр- 9%-дан, кеуде -9 % х4 деп алынады.
"Постников таблицасы" бойынша есептегенде адам мүшелерінің ауданы шамамен %-бен есептелініп қойған кестеге қарап анықтайды.
"Алақан" әдісі - күйікті алақанмен өлшейді, әр алақан 1,2%, барлығы неше пайыз екені есептелінеді.
Стерильді мөлдір рентген пленкамен ауданын сызып, оны сантиметрлік қағазбен өлшеп шығарады.
2.Күйік алған науқасқа мынадай медкөмек керек:
а) Күйдіруші фактордың әсерін тоқтату
ә)Анальгетик беру
б)Күйік жараны ашу, айналысын дезинфекциялап, стерильді салфеткамен жабу
в)Сіреспенің алдын алу, шоққа қарсы терапия
г)Иммобилизация, ауруханаға тасымалдау.
Емдеу.
Күйікті ашық және жабық әдіспен емдеуге болады.
1д. күйікті таңбай емдеуге болады. Бетіне аэрозоль дәрілер шашып, қабыршақтануға себеп жасайды.
2д. күйікті алғашқы күннен бастап, стерильді жағдайда күлбіреген
тұстарын алып тастағаннан кейін майлы салфетка салып таңып емдейді. Егер іріңдесе ірінді жарадай емдейді.
3д. күйікте некротомия, некрэктомия жасап, некроз болған тұстарын алып тастайды, орнына тері жамайды.
4д. күйікте ампутация жасайды
3.Күйік ауруы — күйік үлкен көлемді болып, жалпы жағдайы өзгерсе, күйік ауруы пайда болады, ол белгілі периодтармен жүреді.
1 период -күйік шогы, ең ұзақ шоктың бірі —72 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Шоктың клиникасын еске алайық.Бұл периодта науқасты шокқа қарсы терапия жасап, реанимация бөлімшесінде емдейді
2. период- токсемия- ткань, клеткалар күйгенде улы заттар босап шығып, организмге қан арқылы сіңіп улайды, науқастың басы аурып, жүрегі айниды, құсады, тәбеті болмайды. Детоксикациялық ем береді.
3. период Септикотоксемия -жараға инфекция түсіп, іріндейді, науқастың жағдайы нашарлайды. Қызуы көтеріледі, қалтырайды.
Осы периодта антибиотикотерапия, гормонотерапия, детоксикациялық терапия жасайды, ГБО (гипербаротерапия) береді, плазма, қан құйып, көп мөлшерде сұйық ішкізеді.
4- период –жазылу, жағдайы түзеліп жақсарады.
Химиялық күйік деп химиялық қышқыл, тағы басқа қоспалардың әсерінен болған күйікті айтады. Алғашқы мед.көмек : сол бойда судың қатты ағынымен химиялық ерітіндіні шайып жіберу керек, күйген орынды стерильді салфеткамен жауып таңып, анальгетик беріп дәрігерге көрсетеді.
Жарылғыш заттар түскен жерін ойып күйдіреді, түгел жанып болғанша, сол жер үлкен ойық жараға айналуы мүмкін. Сондықтан ол затты пинцетпен, мақтамен не таяқпен түсіріп жіберу керек. Орнын сумен шайып не суға батырып пинцетпен қалдықтарын алып тастайды. Анальгетик беріп, стерильді салфеткамен жауып, дәрігерге көрсетеді.
4.Электрзақымдар деп электр тогы не найзағайдың әсерінен болған зақымдарды айтады. Оның жергілікті және жалпы белгілері болады. Жергілікті белгілері — 3-4 д. күйік түрінде болады, ол токтың кірген және шыққан жерінде орналасады, мұны ток белгісі деп атайды. Жалпы белгісі - эл.тогы ми мен жүрекке әсер ететіндіктен осы екі органды алдымен зақымдайды.
Ми шайқалғандай белгілері: басы айналу, жүрегі айну, лоқсу, құсу-пайда болады. Не көзі көрмей, құлағы естімей, қол-аяғы сал болып қалуы мүмкін, бұл ошақтық симптомдар, мидың бір бөлігі зақым алып, функциясынан айырылып қалғанын көрсетеді.
Жүрегі жағынан тахикардия, аритмия сияқты өзгерістер болады. Ауыр жағдайда жүрегі, тынысы тоқтап қалуы мүмкін. Мұндайды «жалған өлім» деп айтады. Бұл кезде адамның жүрегі соқпай, демі бітіп қалады. Осы жағдай кезінде көмек етпесе, ол биологиялық өлімге ұласып кетеді.
5. Алғашқы медициналық көмек, емдеу:
-ток соққан адамды, не қолында ток өтіп жатқан сымы бар құлап жатқан адамды токтың әсерінен құтқару үшін қолға резин таяқ, резин қолғап немесе резин етік киіп не құрғақ ағаш таяқ алып токтың сымын не адамды ығыстырып, токтан ажырату керек.
Жараққаттанған адамды тегіс жерге жатқызып, жасанды дем беріп, жүрегіне сырттай массаж жасау керек. Жүрек-тамыр дәрілерін, лобелин, цититон беріп науқасты реанимация бөлімшесіне жеткізеді.
Егер электр тогы соққан адамда жалпы белгісі болмай, тек 3-4 д. күйік болса, күйігін стерильді салфеткамен жауып таңып, ауруханаға жеткізеді.
Ауруханада науқастың қасына жеке пост медбикесі отырып, тәулік бойы оның жағдайын бақылайды. Күн сайын ЭКГ түсіріп, асқыну (жүрек тоқтап қалуы) болмайды деп күткенде ғана науқасты ауруханадан шығарады. Электр тогынын әсеріне ұшыраған кез келген адам ауруханада жатып емделуі керек!
«Жалған өлім» жағдайындағы науқасты топыраққа көмуге болмайды!
6. Үсік — төмен температураның әсерінен болған травма. Тері, тері асты тканьдері жарақаттануына байланысты үсіктің 4 дәрежесі болады.
1-дәреже- тері бетіндегі эпителий жарақаттанып, тері ісінеді, қызарады, ашып ауырады. 2-3 күннен кейін қалпына келеді.
2-дәреже -тері көтеріліп, күлбіреп, астына лай суйық жиналады, айналасы ісінеді.
3-дәреже - тері, тері асты тканьдері зақымданады, ісінеді, ауырады, күлбірейді, терісі некроз болады.
4-дәреже- жұмсақ тканьдер және сүйек зақымданады, некроз болады.
Үсіктің клиникасында 2 кезең бар
Реакцияға дейінгі кезен — науқас үсігенін білмейді, шағым айтпайды, үсудің белгілері білінбейді.
Реактивтік кезен - науқас жылынғаннан кейін үсіген жерлері ісініп, ашып ауырып, белгі береді.
Алғашқы медициналық көмек- үсіген адам қабылдауға келсе, үсіген жерін айналасын сүртіп, салфеткамен жауып, анальгетик дәрі беріп, дәрігерге жібереді.
Үсудің алдын алу — киім ауа райына байланысты жылы қалың болуы керек, аяқ киім 1 размер кең болуы тиіс. Дене шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылданғандар үсімейді. Үсіген деген жерлерін жүннен тоқылған киіммен ысқылау керек.
7. Суыққа тоңу- төмен температура организмге ұзақ уақыт әсер еткен кезде пайда болады, өлімге душар болуы мүмкін.
Оның 4 фазасы болады:
1-фазасында перифериялық тамырлардың тарылуынан, ішкі органдардың жылу шығаруы көбейіп, дене қызуы -37 градусқа көтеріледі.
2 -фазасында – бұлшық еттері дірілдеп, қанша қимыл болса да дене қызуы 1-2 градус төмендейді, терісі бозарған, ұстағанда ауырады. Есі дұрыс, тынысы әлсіз. Аздап қозған.
3- фазасында- қызуы —34-27 градус, қимыл азайады, бұлшық еттер дірілдеуі қойып, паралич болып қалады, ауру сезімі жоғалады. Есі кіресілі –шығасылы рефлекстері әлсіз. Дем алуы әлсіз, дене қызуы 30 градус төмендеген жағдайда жүрек аритмиясы болады.
4- фазасы - дене қызуы 27 градустан төмен, дем алысы, пульсі әзер білінеді. Рефлексі, ауырсыну сезімдері жоқ. Бұдан әрі тоңса- өлім болады.
Дәрігер келгенше көмек: науқасты жылы жерге кіргізіп, үстіндегі мұздай киімін шешіп, қалың етіп жауып жылындырады.Тамырға 45 градустағы 5% глюкоза – 500мл+8бірлік инсулин егіп, оттегі иіскетеді. Жүрек дәрісін, тынысыны жақсартатын дәрілер беріп, тез ауруханаға жеткізеді.
Пысықтау сұрақтары
Күйіктің түрлері қандай ?
Күйіктің дәрежелері қандай ?
Күйген адамға медицина қызметкері қандай алғашқы көмек көрсетеді.
4. Электр тоғынан болған зақымның белгілері, алғашқы медициналық көмек қандай ?
Үсіктің клиникасы, фельдшерлік көмек қандай болуы тиіс?
