Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ерік жігер әдістемесі.DOC
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
540 Кб
Скачать
☆

Жұмыс істеу нұсқауы.

Тест өткізуге 40 минут беріледі. Тесте екі бөліктен тұрады. Барлық тапсырма саны: 30. Жұмыстың бірінші бөлігін өткізуге 15 минут беріледі, екінші бөлікті өткізуге 25 минут.

Бірінші бөліктегі тапсырма саны: 12. Әрбір тапсырмаға бірнеше жауап беріледі, соның ішінде біреуі ғана дұрыс. Тапсырманың бірінші бөліктегі жауабы бланкте 1 санымен толтырылады, өзінің таңдаған нұсқауына байланысты. Екінші бөліктегі тапсырма саны: 18. Бұл тапсырмада қысқаша жауап ретінде жазылады.

Тапсырма қалай берілсе, солай орандау керек. Егер бір тапсырма түсініксіз болса, онда келесі тапсырманы орындауға кірісіңіз. Уақыт қалса орныдалмаған тапсырмаларға оралу тиісті. Әр дұрыс жауапқа 1 немесе одан да жоғары ұпай беріледі. Жиналған ұпайлар соммаланады. Көп тапсырма орындауға тырысыңыз, қаншалықты көп орындаған жағдайда көп ұпай жинайсыз.

Барлық жауаптар тек қана жауаптар бланкісінде белгіленеді. Калькулятор мен шимай қағаздар қолдануға тиым салынады.

№ 12 «Оқу стилі – қабылдау тәсілі» атты анықтаушы эксперимент.

Біз Шақаман орта мектебінің психологы А.Т.Акимованың көмегімен көру, есту, түйсіну немесе сезіну арқылы қабылдаудың басым стилін анықтауымыз керек. Біз 4 «а» сынып оқушыларына сұрақтарды оқып шығып, оқушының өзіне сәйкес келетін жауабын дөңгелектеп беруі керек.

1. Сіз темекі шегудің анатомиясы мен физиологиясын қалай түсінесіз?

А. Кино қарау арқылы;

Ә. Біреудің түсіндіруі арқылы;

Б. Адам денесінің моделін зерттеу және түсіну жолымен.

2. Сіз қандай кітап оқығанды жақсы көресіз?

А. Темекі шегу туралы суретті кітапты;

Ә. Темекі шегетіндер мен шекпейтіндер арасындағы сұхбат туралы кітапты;

Б. Темекі туралы сұрақтарға жауап беретін және жұмбақтарды шешетін кітаптар.

3. Сіз сөздің дұрыс жазылғанына күмәнді болсаңыз не істер едіңіз?

А. Сөзді жазып көресіз және дұрыс екеніне көзіңізді жеткізесіз;

Ә. Оны айтып көресіз;

Б. өзіңіздің ойлағаныңыздай жазып көресіз.

4. Сіз оқи бастағаныңызда алдымен не қалады?

А. Адамдардың есімдері емес, түрлері;

Ә. Түрлері емес, есімдері;

Б. Сөздері мен іс-қимылдары.

5. Сіз оқуға қалай дайындалуды дұрыс санайсыз?

А. Мақалалар оқу, диаграммалар мен иллюстрациялар қарау арқылы;

Ә. Біреудің сізге сұрақ қойғанын өтінесіз немесе деректерді өзіңіз іштей қайталайсыз;

Б. Деректерді карточкаға жазып аласыз, диаграммалар, модельдер, иллюстрациялар жасайсыз.

6. Сіз «темекі» деген сөзді көргенде не істейсіз?

А. Темекінің белгілі бір маркасының суретін саласыз;

Ә. Іштей «темекі» деп айтасыз;

Б. Темекінің иісін сезінесіз.

7. Сабаққа дайындалғанда сізді көбіне не алаңдатады?

А. Визуальды бейнелер;

Ә. Шулар;

Б. Тамақ ішу сезімі, шөлдеу.

8. Сіз оқу бағдарламасын қалай жасағанды ұнатасыз?

А. Тізім жасайсыз, әр қадамыңызды бақылап, олардың орындалуын тексересіз;

Ә. Достарыңызбен және істі білетін кісілермен ақылдасасыз;

Б. Бағдарламаның моделін жасап, оны ой елегінен өткізесіз.

9. Бағдарламаға қатысу арқылы сіз не істеуге тырысасыз?

А. Қабырғадағы плакаттарға қарайсыз;

Ә. Жаныңыздағы отырған адаммен сөйлесесіз;

Б. Бөлменің ішінде бір бағытта қозғала бастайсыз.

10. Сабақта орныңызға отырардың алдында не істейсіз?

А. Не болатынын түсіндіретін бағдарламаны тауып, қарап шығасыз;

Ә. Басқа қатысушылармен сөйлесесіз;

Б. Бөлмеге кіріп қызықты нәрсені тапқан соң ғана бағдарламаны оқисыз.

11. Ашуланған кезде не істейсіз?

А. Түсіңізді суытасыз;

Ә. Айғайлайсыз;

Б. Қатты айтып, есікті тарс жабасыз.

12. Нені жақсы көресіз?

А. Сурет қарағанда;

Ә. Музыка тындағанда;

Б. Дене жаттығуларын жасағанда.

13. Сізге оқиғаны қалай айтып шығу оңай?

А. Жазба түрінде;

Ә. Дауыстап айту;

Б. Ойнап көрсету.

14. Музыка таңдап отырып не істейсіз?

А. Көзіңізді жұмасыз, ойша түрлі бейнелерді елестетесіз;

Ә. Музыка әуенімен өлең айтасыз;

Б. Музыкамен қозғаласыз.

15. Сіз қалай оқытқанды жақсы көресіз?

А. Иллюстрация көрсеткенде;

Ә. Мәліметті дауыстап оқығанды;

Б. Жеңіл ұғыну үшін тәжірибе жүзінде көрсеткенді.

Нәтиженің өңделуі:

«а», «ә» және «б»-ның жалпы саның есептеңіз. Сізде «а» ұпайы көбірек болса, онда сізге бейнелеп қабылдаған жеңілірек. Егер сізде «ә» ұпайы көбірек болса, онда нақты естіп қабылдағанды жеңіл санайсыз. Егер сізде «б» ұпайы көбірек болса, онда мәліметті сезім арқылы қабылдағанды жөн көресіз [ 15. 165].