- •2 Дәріс. «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пәні, мазмұны, мақсаты және шарттары. Түсініктер, анықтамалар, терминдер. Қауіптіліктер топтамасы. Төтенше жағдайлар туралы түсінік. Тж бағалау.
- •3 Дәріс. Адам және мекен ету ортасы. Табиғи қауіптер. Катастрофалар. Табиғи зіл-зала. Табиғи апаттар мен зіл-зала кезіндегі адамдардың әрекеттері.
- •4 Дәріс. Әлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Сектанттардан өзін қалай сақтау қажет. Террористтік актілер. Адамдардың террористтермен қарым-қатынасы.
- •5 Дәріс. Медико-биологиялық қауіптіліктер. Салауатты өмір салты. XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, темекі тарту, маскүнемдік, жжбжа, вич/спид, туберкулез және т.Б. Қауіпсіздік шаралары.
- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •8 Дәріс. Өндірістік шудан, дірілден қорғау. Ағзаға әсер ету.
- •9 Дәріс. Химиялық қауіп. Зиянды заттар. Зиянды заттардың жіктелуі, агрегатты жағдайы, адам ағзасына түсу жолдары. Қауіпсіздік шаралары.
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •10 Дәріс. Өрт және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстық жағдайдағы өрт пен жаралыстардың алдын алу шаралары. Өрт пен жаралыс кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.
3 Дәріс. Адам және мекен ету ортасы. Табиғи қауіптер. Катастрофалар. Табиғи зіл-зала. Табиғи апаттар мен зіл-зала кезіндегі адамдардың әрекеттері.
Мекен ету ортасы – дегеніміз адамның денсаулығына, келешек ұрпағы мен оның өміріне бірден немесе әркелкі, тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар жиынынан (физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік) тұратын адамды қоршаған орта болып табылады.
Осы жүйеде әрекет ете отырып адам екі мәселені шешуі керек:
1. тамаққа, суға және ауаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету.
2. мекен ету ортасынан және басқа да адамдардан келетін кері әсерлерден қорғануды құру және пайдалану.
Табиғи кері әсер етуші құбылыс көздері биосферадағы стихиялық құбылыстар болып келеді: стихиялы зіл-зала және табиғи қауіп-қатерлер (жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы, су басу, дауылдар, күн күркіреу, өрттер, инфекциялық аурулардың таралуы және т.б.)
Бірнеше ғасырлар бойы өзінің тіршілігі үшін күресу адамдарды мекен ету ортасындағы кері әсер етуші факторлардан қорғану құралдарын тауып оларды жетілдіруге итермеледі, соның салдарынан мекен ету ортасы өз болмысын өзгертіп отырған, ал онымен қоса кері әсер етуші факторлардың түрлері мен деңгейлері де өзгеріп отырған.
Мұндай өзгерістерге келесілер септігін тигізген:
- халық санының өсу қарқынының жоғарылауы мен ұрбандалу;
- энергетикалық ресурстардың концентрациясы мен пайдаланылуының артуы;
- ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы;
- көліктің алуан түрлерін жаппай пайдалану;
- әскери мақсаттағы шығындардың артуы.
Табиғат пен қоғамдағы көптеген кері әсер етуші факторлардың бірінші кезектегі себепшісі антропогенді қызмет болып табылады, соның салдарынан – техносфера құрылған. Ол жасанды мекен ету ортасы мен заңдылықтары, оның болмысы аз зерттелген. Адамның, биосфера мен техносфераның әрекеттесу схемасы 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Адамның мекен ету ортасымен әрекеттесуі
Табиғи қауіптер.
Табиғи апаттар – дегеніміз табиғат құбылысынан туындайтын, адам өміріне қауіп төндіретін, құрылымдарға немесе экономикаға нұқсан келтіретін және катастрофаларды туындатуы мүмкін зіл-зала. Бір де бір зіл-зала толықтай табиғи болып келмейді, себебі адамдардың кейбір әрекеттері, ғимараттар мен үймереттердің қай жерде қалай салынуына және табиғи ресурстардың қалай пайдаланылатынына көңіл аудармайтыны жағдайды ушықтырады. Осылайша төтенше жағдайлар күрделі оқиға болып табылады және олардың алдын алу мәселелері мен салдарын төмендетудің сан алуан қыры бар. Қауіпті табиғи құбылыстар жер бетінде болып жатқан жері мен себептерінің негізінде әр-түрге жіктеледі. Қауіпті табиғи құбылыстар «Геологиялық қауіптерге» және «Гидрометеорологиялық қауіптерге» бөлінеді.
Геологиялық қауіптер жер астындағы (жанартаулардың атқылауы, жер сілкінісі) немесе жер бетіндегі (сырғымалар) құбылыстармен туындайды. Сонымен қатар осы топқа Цунамиді де жатқызуға болады себебі, ол су астында болған жер сілкінісінің немесе басқа да геологиялық құбылыс салдарынан туындайды.
Гидрометеорологиялық қауіптер көбіне ауа-райының құбылуынан болады (мысалы су тасқыны, құрғақшылық және шөл-шөлейттер, қар көшкіні, дауылдар, судағы қатты толқындар).
Табиғат құбылысының бір түрі екінші бір құбылысты туындататынын ескерген өте маңызды (мысалы, теңіз дауылдары су тасқынына әкелуі мүмкін, жер сілкінісі цунамиді немесе сырғымаларды туындатады, жанартаулардың атқылауы орман өрттерін туындатады) кей жағдайларда техногенді апаттарды да туындатады (мысалы цунами ядролық жарылыстарға немесе дамбаның бұзылуынан су басуды туындатады).
Катастрофа.
Катастрофа (грек тілінен аударғанда καταστροφή «төңкеріс, істен шығу; өлім» дегенді білдіреді) – белгілі-бір объект тарихында орын толтырылмас салдарға немесе адамдардың өліміне әкеп соқтыратын табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдарынан орын алған оқиға.
Катастрофалардың жіктелуі
- космостық объектілердегі катастрофалар (галактиканың, жұлдыздардың немесе планеталардың жарылысы)
- геосферадағы катастрофалар (глобальді катастрофалар)
- жер қыртысындағы (жерсілкінісі, жанартаулардың атқылауы)
-гидросферада (цунами, су тасқыны, лимнологиялық катастрофа)
- атмосферадағы (озон тесіктері)
-биосферадағы катастрофалар (кейбір организм түрлерінің жаппай қырылуы),
- әлеуметтік катастрофалар (революция, соғыс, террористтік актілер)
- техногенді катастрофалар
- көліктік катастрофалар
- өнеркәсіптік катастрофалар (атом эелектр станцияларындағы, мұнай құбырларындағы авариялар)
- көлік катастрофалар (автокөліктер, космостық аппараттар және т.с.с.)
Туындау себептері
- Атмосфералық құбылыс (жоғары қарқындылықта)
- Адами факторлар
- Космостық денемен соқтығысу
- Күннің жоғарғы белсенділігі
- Жанартаулардың атқылауы
- Жерсілкінісі
- Қоршаған ортаның ластануы (экологиялық катастрофа)
Табиғи стихиялы зіл-зала
Стихиялы зіл-зала — көбінесе аяқ астынан туындайтын және көптеген адамдардың күнделікті тіршілік әрекеттерін бұзатын, материалдық құндылықтарды жоятын және адамдардың өліміне әкеп соқтыратын табиғаттың жойқын күшті құбылысы. Стихиялы зіл-залаға су басу, циклондар, тайфун, құйын, бұршақ, найзағай, жер сілкінісі, цунами, сел, сырғымалар, кең көлемді орман және дала өрттері, жанартаулардың атқылауы, құрғақшылық, опырылмалар, қар көшкіні және т.б. жатады. Кейбір стихиялы апаттардың (өрттер, опырылмалар, сырғымалар) туындауына адамдардың қызметтері мен әрекеттері септігін тигізеді.
Стихиялы зіл-зала жапа шегушілер саны мен қираулар саны бойынша бағаланады, ал елді мекендерде - табиғи ортаның бұзылу дәрежесі бойынша: рельеф, өсімдіктер, жануарлар әлемі, сонымен қатар қамтыған аудандар бойынша. Егер жауын-шашын, қар басу, аяз, көк мұз және басқада кеңінен тараған табиғи құбылыстар аяқ астынан, бірден немесе қарқындылығы ерекше жоғары болса онда олар да стихиялы зіл-зала сипатында болуы мүмкін. Ең қауіпті стихиялы зіл-зала – циклон, тайфун, құрғақшылық және шөлдену мен шөлейттену(қаңырау) болып саналады.
Стихиялы зіл-зала бір-біріне тәуелсіз және бір-біріне байланыса отырып туындайды. Олардың кейбіреуі адамның бұрыс әрекеттерінің нәтижесінде туындайды (мысалы, орман және дала өрттері, платиналарды салу мен карьерлерді игеру барысындағы таулы аймақтарда жүргізілетін өндірістік жарылыс салдарынан сырғымалар, қар көшкіні, мұздықтардың қирауына әкеп соқтырады). Стихиялы зіл-зала туындау ошағына қарамастан едәуір масштабы мен өту уақытының ұзақтығымен сипатталады (бірнеше секундтар мен минуттардан – жер сілкінісі, қар көшкіні, бірнеше сағаттарға – сел, күндерге – сырғымалар және айларға дейін - су басу).
Көптеген стихиялы зіл-заланың толықтай алдын-алу мүмкін емес, бір-ақ болжау және халықты дер кезінде хабарландыру және сәйкесінше сақтану мен қорғану шараларын жүргізу бойынша іс-шараларды жүргізу барысында олардың келеңсіз салдарын әлде қайда төмендетуге болады. Кей жағдайларда стихиялы зіл-зала жеке-жеке емес бірден бірнешесі туындауы да мүмкін. Оған мысал, 2004 жылы желтоқсан айында Оңтүстік – Шығыс Азияда бір мезетте болған жер сілкінісі. Стихиялы зіл-заланы болжаудың сенімді әдістерін іздестіру қарқынды түрде жүргізілуде.
Табиғи апаттар болған кездегі адамдардың әрекеттері.
Жер сілкінісі кезіндегі халықтың әрекет ету ережелері.
Жер сілкінісі - дегеніміз жер қыртысының белгілі бір аймағында орын алатын спицификалық құбылыс. Олар құрғақ жерде және су астында да болады. Жер сілкінісі өзінің жойқын күшімен, жер қыртысының төмендеуімен байқалатын, жанартауларды қоздыратындығы мен және цунамиді туындататын салдарымен адамдарды шошытады. Адамдар үшін жер сілкінісі қай уақытта және қай жерде болатындығын білу өте маңызды. Заманауи ғылыми зерттеулер осындай стихиялы апаттың қай жерде және қандай күште болатыны жайында мәліметті білгенімен, оның нақты болатын күні мен уақытын әзірге анықтай алмайды. Жер сілкінісін болжау бойынша жұмыстар ондаған жылдар бойы жүргізілуде, ал соңғы жылдарда осы бағытта біраз жетістіктер бар.
Жер сілкінісінің болар алдындағы белгілері дәлелденгендей жанама белгілер болуы мүмкін. Жер сілкінісі болар алдындағы аралығында мысалы геодезиялық реперлердің көтерілуі байқалады, жер асты суларының физика-химиялық құрамы өзгереді. Осындай белгілер геофизикалық станцияның арнайы қондырғыларымен тіркеуге алынады. Жер сілкінісінің туындау мүмкіндігін білдіретін белгілерге сондай-ақ тағы келесідей белгілерді жатқызуға болады, осы белгілерді әсіресе сейсмикалық қауіпті аймақтарда тұратын халықтың білгені абзал: олар – ауасы таза болып тұрған және оғанға дейін ондай жағдай болмаған кейбір аймақтарда газдың исі шығуы, үй жануарлары мен құстардың мазасыздануы, шашыраған жарық түріндегі жарқыншақтардың (вспышка) пайда болуы, бір біріне жақын орналасқан, бір-ақ біріне бірі тимей тұрған электр сымдарының жарқылдауы, үйлердің ішкі қабырғаларының көкшіл түске жарқырауы, жер асты дүмпуінің болар алдында люминесцентті лампалардың күйюі. Осындай белгілердің барлығы тұрғындарды жер сілкінісінің туындау мүмкіндігі жайында хабарландырудың негізі болады.
Жер сілкінісі әрдайым адамдардың психикасына әр-түрлі дәрежеде әсер етеді, ол адамдардың қате әрекет етуімен байқалады. Осындай асығыс оқыс әрекеттерден кейін депрессиялы жағдай туындайды ол адамның жалпы дене қозғалысын тежейді. Статистикалық көрсеткіш бойынша тұрғындар арасында алынған жарақаттардың басым бөлігі жапа шегушінің өзінің қорқынышы мен паникалық жағдайындағы оқыс әрекет салдары болып табылады.
Жер сілкінісінің адамды психикалық жарақаттау әсерін төмендету мүмкін бе? Ия, мүмкін, ең алдымен әр адамның азаматтылық, батылдық, ұстамдылық, тәртіп және өзі мен өзінің жақындары үшін ғана емес сондай-ақ тұратын жерінде, жұмысында немесе оқудағы қоршаған адамдары үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу қажет. Осы қасиеттерді тәрбиелеуде, тұрғындарды азаматтық қорғаныс бойынша дайындаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі, тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстары, жан-жақты агитациялық-жаппай жұмыстар жүргізу орасан көмек болады.
Жер сілкінісі қауіпі жөнінде хабарландыру берілген жағдайда немесе аталған белгілерді байқаған жағдайда жедел әрі сенімді, үрейсіз абдырамай әрекет ету қажет. Жер сілкінісінің қауіпі жайында алдын-ала хабарландырылған болса, онда үйден шықпас бұрын үйдегі жылыту құралдарын, газды, токты, егер пеш жанып тұрған болса, онда оны өшіру керек, одан соң балалар мен қарттарды және өзіңіз де жылы киініп, қажетті киімдер алып, аздаған азық қорын, құжаттарыңызды және дәрі-дәрмектерді алып сыртқа шығу қажет. Сыртқа шыққан соң үлкен ғимараттар мен үймереттерден ашық алаңдарға, улкен көшеге, саяжайларға немесе спорт алаңдарына бару керек, белгіленген қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау керек. Егер жер сілкінісі аяқ астынан басталған болса және үйден шығу мүмкін болмаған жағдайда бөлменің ішкі есіктері мен бұрыштарына тұру керек; жер сілкінісінің бастапқы дүмпулері басылған соң тез арада сыртқа шығу қажет.
Мекемелер мен кәсіпорындарды жер сілкінісі кезінде барлық жұмыстар тоқтатылады, өндірістік және технологиялық қондырғылар тоқтатылады, газдың, судың, будың, оттегі мен ауа қысымын азайту және тоқты сөндіру шаралары жүргізіледі; азаматтық қорғаныс құрылымдарына кіретін жұмысшылар мен қызметкерлер тез арада олардың жиналу аймағана бағытталады, ал қалған жұмысшылар қауіпсіз орындарға тұрады. Егер өндіріс орнының шарттары бойынша агрегатты, пешті, технологиялық тізбекті, турбинаны аз уақыт ішінде тоқтатуға болмайтын немесе тоқтату мүмкін емес жағдайда, оларды төменгі режимге ауыстырады. Егер жер сілкінісі кезінде үйде немесе жұмыс орнында болмасаңыз мысалы көшеде немесе театрда әлде дүкенде болсаңыз үйге қарай асықпаңыз өзіңізді сабырлықта ұстап хабарландырылып отырған нұсқауларды мұқият тыңдап әрекет ету қажет. Егер қоғамдық көлік ішінде болсаңыз көлік толық тоқтағанша одан секіріп түсуге болмайды, көлік тоқтаған соң бір-бірін итермей бірінші кезекте балаларды, қарттарды және мүгедектерді шығарып одан соң қалғандары шығарады. Жоғарғы сынып оқушылары әкімшілік пен оқытушыларға төменгі сынып оқытушыларының арасында тәртіп сақтауға көмек көрсету керек.
Жер сілкінісі аздаған мезеттен бірнеше тәулікке дейін созылады (ара-кідік қайталанып отыратын жер асты дүмпулері). Дүмпулердің болжанған аралықтары радиодан немесе басқа да әдістермен хабарланып отыруы мүмкін. Өз әрекеттеріңізді осы хабарламаларға сай жоспарлау керек.
Жер сілкінісінен кейін немесе жер сілкінісі кезінде де жапа шегушілерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп отырады. Мұндай жұмыстарды азаматтық қорғаныс құрылымдарына кіретін тұлғалар жүргізеді. Бір-ақ тұрғындар да жергілікті билік органдары мен АҚ басқару органдарының сұранысы бойынша қирау аймақтарында бірінші кезекті құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына көмек береді.
Тұрғындар тарапынан жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыру орындарында санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қадағалау бойынша медициналық мекемелер мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызметіне көп көмек көрсетеді. Осындай орындарда стихиялы зіл-заланың серігі болып табылатын инфекциялық аурулардың таралуын алдын алуды қадағалап отыру қажет. Эпидемияның таралуы мен туындауының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы шаралардың барлығын қатаң ұстану қажет, дәрі қабылдау мен екпелерді енгізуден қашпау керек. Жеке гигиена ережелерін ұстану және жанұя мүшелерінің барлығы ұстанғанын қадағалау керек, ол жөнінде көршілерді, әріптестерді және таныстарды ескерту керек.
Су басу кезіндегі халықтың әрекет ету ережелері.
Су басу ауыр стихиялы апат болып табылады. Көптеген су басулардың басты себептері нөсерлі жауындар, қардың қарқынды еруі, өзен арналарындағы желдің бағытының өзгеруінен немесе жаға толқындарының қатты соғуынан өзен суларының арнасынан шығуы болап табылады. Су басу кезінде тұрғындардың әрекеттері су басу жайында ескерту уақыты мен былтырғы жылғы көрсеткіш байқаулары ескеріле отырып жүргізіледі. Су басу масштабтарын, мысалы көктемгі, жазғы және күзгі жауын-шашындардан туындайтын су басуларды бір ай немесе одан да көп уақытта болжайды, ал желмен айдалған су басуларды – бірнеше сағат ішінде (тәулікке дейін) болжайды. Су басу қаупі болжанған уақыт аралығы ұзақ болса, онда өзен жағалауында және басқа да су басу қаупі бар жерлерде гидротехникалық үймереттер тұрғызу бойынша және су басу қауіпі бар аудандардағы тұрғындар мен ауыл шаруашылық жануарларын қауіпсіз аймақтарға көшіруге дайындалу мен көшіруді жүргізу, материалдық құндылықтарды шығару бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Су басу кезінде тұрғындарды көшіру жайында су тасқынымен күресу бойынша комиссияның арнайы бұйырымымен хабарландырады. Тұрғындар көшірудің басталуы мен тәртібі жайында жергілікті радио желілері мен жергілікті телеарналар бойынша хабарландырылады; сонымен қатар жұмысшы қызметкерлер кәсіпорынының, мекемелерінің және оқу орындарының әкімшілігі арқылы хабарландырылады; ал қызмет көрсету мен өндіріс саласында жұмыс істемейтін тұрғындар – тұрғын үйді пайдалану және үйді басқару конторлары арқылы хабарландырылады. Тұрғындарға көшіру пункттеріне жиналу орындары, осы пункттерге келу уақыттары және жаяу саппен көшіру қарастырылатын болса жүру бағыттары және жергілікті жағдайға байланысты, зіл-заланың күтілетін масштабына және оны ескерту уақытына байланысты туындайтын басқада деректер хабарландырылады. Егер апаттың болжанған уақыты жеткілікті болатын болса, онда тұрғындар өз мүліктерімен бірге көшіріледі. Осы мақсатта әр жанұяға автокөлік немесе жүк көлігі беріледі, ол көліктердің қайтарылу уақыты белгіленеді.
Су басу қаупі бар аймақтарда жатпайтын жақын маңдағы елді мекендерге көшіріледі. Көшірілген халық қоғамдық орындарда немесе жергілікті ауыл тұрғындарының үйіне орналастырылады.
Су басу қаупі кезінде кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс тәртібі өзгертіледі, кей жағдайларда тоқтатылады. Материалдық құндылықтардың кейбір бөлігін қорғау сол жерде қарастырылады, ол үшін жертөле мен төменгі қабаттарда кірістер, терезе қуыстары және шұңқыр қазылады.
Су басу қаупі бар аймақтарда мектептер мен балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылады; ол жердегі балалар қауіпсіз аймақтардағы мектептер мен балабақшаларға ауыстырылады.
Су басу аяқ астынан болған жағдайда тұрғындарды хабарландырудың барлық техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар дауыс күшейткіш жылжымалы құралдары да пайдаланылады.
Су басудың кенеттен туындауы тұрғындардың ерекше түрде тәртіп сақтауымен дұрыс әрекет етуін талап етеді. Төменгі қабатта тұратын тұрғындар үйдің ішінде және сырттағы судың деңгейінің көтерілуін байқаса, онда тез арада пәтерінен шығып жоғарғы қабаттарға көтерілуі керек, егер бір қабатты жер үй болса, онда үйдің шатырына шыққан жөн. Егер жұмыс орнында болатын болса, онда белгіленген тәртіп бойынша неғұрлым жоғарғы қабаттарға орналасу керек. Кенеттен бу басу кезінде ашық алаңдарда болсаңыз, биіктеу төбелерге немесе ағашқа шығу керек, тіптен болмаса суға батпайтын, жүзетін құралдарды пайдалану керек (мысалы, ауыл шаруашылық техникаларының немесе автокөлік дөңгелектерінің камерасы, бөрене және т.б.).
Су басқан аймақтардан адамдарды іздеу тез арада ұйымдастырылады және жүргізіледі, ол үшін азаматтық қорғаныс құрылымдарының жүзу құралдарының экипажы мен басқа да барлық күштер мен құралдар жұмылдырылады.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында шыдымдылық пен ұстамдылық таныту керек, құтқарушылардың талаптарын қатаң тәртіпте орындау қажет. Құтқарушы құралдарына (катер, қайық, плот және т.с.с.) шамадан тыс отыруға болмайды, себебі ол жапа шегушілер мен құтқарушылардың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Суға түскен жағдайда үстіңіздегі ауыр киімдер мен аяқ киіміңізді шешіңіз, жақын маңнан жүзетін құралдар немсесе су деңгейінен биік тұрған жерлерді қарастырыңыз және құтқарушылар келгенше оларды міндетті түрде пайдаланыңыз.
Сел ағындары және көшкін кезіндегі тұрғындардың әрекеті және өзін-өзі ұстау тәртібі
Сел ағындары - бұл таудан сумен араласа аққан, құмтастың, саздың, шағыл тастың, қиыршық тастардың және тіпті қойтастардың ағыны. Көшкіндер тау баурайының теңсіздік шарттарының бүзылуынан болып жатады, көбінесе, өзендердің жағалауы мен су қоймаларында; олардың пайда болуының басты себебі жер асты суларының саз жыныстарымен қанығуынан, пластикалық және ағымдағы жай-күйінен болады, нәтижесінде көлбеу бойынша баурайынан алып көлемдегі грунттар құлай ағады.
Сел ағындары және көшкіндер кезіндегі тұрғындардың әрекеті мен жай-күйі тәртібін уақытылы жабдықтау кәсіпорындары және аталған зіл-зала белгілерін есепке алып отыратын ұйым ретінде хабарландырып отыруы шарт (ескеруі қажет). Ауылдық жайылымдық аудандарда сел ағындарының пайда болуының тікелей белгілері болып төтенше (бұршақ) атмосфералық жауын-шашындар (сел ағындары бұршақтың нәтижесінде құрғақшылықтан кейін құрылымдалады), қардың тез еруінен және таулардағы мұздың еруінен, тау өзендерінің толысуынан және су қоймаларының тасуынан, табиғи ағындағы тау суының бұзылуынан, тау өзендері мен қолдан жасалған су қоймаларының жағасының көтерілуінен болып жатады. Селдің жанама белгілері болып топырақтың эрозиясы, шөп жамылғысының жойылуы және ормандықтың жойылуынан болады. Көптеген жағдайларда сел ағының қаупі тұратын жағдайда тек он минуттың көлемінде ғана ескертілетін жағдайлар да болады. Мұндай ағынның жақындауын өзіне тән сипатты дыбыстарынан естуге болады. Ол тастардың құлауы, қатты жүріп келе жатқан жүрдек пойыздың дауысымен ұқсас келетін ағыннан байқауға болады. Сел ағынымен тиімді күрес ретінде уақытылы ұйымдық-шаруашылық кешеннің жүзеге асырылуы, агротехникалық, орман-мелиорациялайтын және гидротехникалық іс-шаралардың орындалуын қадағалау қажет.
Ауылдық жайылымдық жерлерде ормандықты жоюдың, жер бөлуді жүргізуді, үй малын жаюды қатаң қадағалаған жөн. Сел қаупі төнгенде оның жолында жергілікті елді-мекендерге қоршаулар орнатылады, себінділер мен уақытша тірек қабаттар, сел құрықтары, шайынды арналары және т.б. салынады. Әрбірінің парызы – мүмкіндігінше осы жұмыстарға қатысу болып табылады. Көшкіндер, сел ағындары тәрізді, бәрінен бұрын, қатты жауыннан және топырақ эрозиясынан болады. Олар сонымен қатар, адамдардың ойлап тапқан жолымен болып жатады, нәтижесінде, грунт тұрақтылығы шарты өзгеріске ұшырайды (орман массивтерінің жойылуы және шеттен жеке ағаштарды алдыру, шектен тыс суарылатын жүйелерді пайдалану, геологиялық жердің түзілуіндегі жеткіліксіз етжеңділіктен, тау және жер жұмыстарын жүргізу және т.б).
Көшкін қозғалыстарының алғашқы басталу белгілері болып ғимараттардағы жарықшақтардың пайда болуы, жолдардың екіге жарылуы, жағалау бекіністері және жағалаулары, жердің тасыраюы, түрлі биіктіктегі конструкциялардың араласуы және тіпті жоғарыға қарағанда төменгі бөліктеріндегі ағаштардың болуы.
Сел ағынының қауіп төнген кезде немесе көшкінде тұрғындардың қауіпті ауданнан қауіпсіз жерге көшіру міндетті; эвакуациялау жаяу әдіспен жүргізіледі, яғни, дәл солай транспортпен де орындалады. Адамдармен бірге материалдық құндылықтар тасымалданады, ауыл шаруашылық малдарын айдау жүргізіледі. Тұрғындарды жақындап келе жатан сел туралы хабарлау, сонымен қатар, оның пайда болуының алғашқы белгілерімен таныстыруда ең алдымен аймақты тастап кеткен жөн екендігін ұғындыру қажет, айналасындағыларға төнген қауіп туралы айтып, алдымен жанып жатқан пешті өшіру қажет, газ крандарын жабу және жарық пен электрқұрылғыларын өшіру қажет. Бұл өрттің алдын алуға жәрдемін тигізеді.
Сел ағындары мен көшкіндер маңызды қауіпті сезіндіреді. Бұл жағдайда барлығынан бұрын қауіптісі - дүрбелең салу болып келеді.
Қозғалмалы ағынның кімді болсын алып кеткен жағдайында зардап шегушіге қолда бар құралдармен көмектескен жөн. Мұндай құралдар есебінде, сырқ, арқан жіп немесе жіп болуы мүмкін. Құтқарылатын адамдарды ағыннан шығару қажет, ол ағыннаң бағыты бойынша біртіндеп жағаға қарай шыға беретін болады.
Көшкін кезінде адамдар грунтпен көміліп тасталуы мүмкін, оларға құрылыс материалдарымен, ағаштармен соққы мен жарақат алып келуі мүмкін. Бұл жағдайларда зақымданушыға, қажетті жағдайда жасанды дем беру арқылы алғашқы көмекті жасау қажет.
Қар көшкіні кезіндегі тұрғындардың әрекеті мен өзін ұстау тәртібі.
Қысқы зіл-залалық күштері қар күртіктерімен нәтижесінде қар көшкіні мен борандарға алып келуі мүмкін.
Қар көшкіндері, 16-дан 24 сағат аралығында болатын шаруашылық қызметіне тұрғындарға қатты әсерін тигізетін зіл-зала, әсіресе бұл ауылдық елді-мекендерде кеңінен байқалады. Бұл құбылыстың кері әсері боранмен жалғасуында (қар борандары, бұрқасынға ұласуы) оның әсерінен көрінуі нашарлай түседі. Қала ішілік транспорттық байланыстарда да, қалааралықта да, ол байқала түседі.
Дауылды ескерту туралы хабарлама – мүмкін болатын қар күртіктері туралы хабарлағанда – қозғалысты шектеу міндетті болып келеді, әсіресе, ауылдық елді-мекендерде, үйде қажетті тағам қорын, судың және мұнай қорын құру. Жеке кейбір аудандарда қысқы мезгілдің түсуінен көшелерге дейін, үйлердің арасында, арқан жіптер орнатылуы тиіс, ол қатты желдің алдын алуға бейімделуге мүмкіндік береді.
Автомобильде келе жатқанда, қар күртіктерін басып өтпеген жөн, міндетті түрде тоқтау керек, толығымен машинаның перделерін жабуы тиіс, двигатель қозғалтқышты радиатор тарапынан жабу қажет. Егер мүмкіндік болса, автомобильдің двигателін желдетілген жағына қарай орнатыңыз. Автомобильден үнемі шығып тұруыңыз қажет, қардан қашып айналып өту қажет. Бұдан бөлек, қармен жабылмаған автомобиль-іздеуші топ үшін жақсы бағдар болып отыр. Автомобильдің қызып кетуінен кабинаға газ шығатын түтіктшенің өтуін жіберу қажет.
Егер жолында бірнеше адам болатын болса, мақсатты түрде барлығы жиналып бір автомобильді қорғанысы түрінде алуы қажет; қалған автомобильдердің двигательдерінен суды ағызып алу қажет. Қандай жағдайда да болмасын, автомобильді тастап кетуге болмайды: қатты қар көшкінінде, бір көзқарасынан, бірнеше метр жоғалтып алуы мүмкін. Ауылдық елді-мекендерде дауыл ескертулер болған кезде жедел түрде қажетті қорды және жануарларға суды дайындап қою қажет.
Мұзтайғақ кезінде апаттық жағдайлар ұлғая түседі. Жолдардағы мұздар күрделене түседі, ал қатты мұз басқан ауылдарда және автомобиль жұмысы мүлдем тоқтатылады. Жаяу жүргіншілердің жолы қиындай түседі.
Тау аудандарында қатты қар көшкінінен соң қар ағынының құлауы ұлғая түседі. Сонымен, тұрғындар түрлі ескерту дабылдарымен хабарланады, мүмкін болатын орындарында қар құрсаулары орнатылады. Бұл ескертулермен, олардың нұсқауларын орындау міндетті.
Егер өрт бола қалған жағдайында не істеу керек?
Өрт жиектеріне ор қазу – ең қарапайым және осымен бірге, әлсіз және орташа өрт сөндірудің мейлінше тиімді тәсілі болып табылады. Бұл үшін ағаш түптері 1-2 м орнатылады. Және аз ғана жапырақты ағаштар пайдаланылады. 3-5 адамнан тұратын топтары 40-50 мин болады, шөптесін өсімдіктерді ору кезінде ол 1000 м дейін орылуы мүмкін.
Бұл жағдайларда, өрттің орылуы әсерін тигізбеген жағдайда, өрттің жиектеріне борпылдақ грунт тасталады. Ол көбінесе техниканың көмегімен жасалады. Бұл үшін, от әрі қарай беттей алмайды, оның жолында, жер жолақтарын және кең арналары орнатады. От үлкен кедергіге жеткенде, тоқтайды: оған енді баратын жол болмай қалады. Өрттің ауылдық елді-мекендерге жақындаған сайын немесе өзге жергілікті елді-мекендерге жақындауынан ол басқа да ауылдарды шарпуы мүмкін. Қандай шара қолдану қажет? Бастысы – тұрғындардың негізгі бөлігін эвакуациялау қажет, әйел адамдары мен қарттарды алдымен оқшаулау қажет. Адамдарды алып кету отқа перпендикуляр бағытта орналастырылады.
Тек жолдармен ғана емес, сонымен қатар, өзендер мен бұлақтар шекарасымен, және судың өзімен қозғалу негізге алынады. Ауыз бен мұрында ылғал мақталы-сулы қаптамамен, орамалмен бекітіледі.
Өрт тілсіз жау екенін ұмытпаған жөн.
Бастысы - өрттің пайда болуы жайында ескерту.
Құйын, дауылдың жақындай түсуі. Қандай шара қолдану қажет?
Гидрометеоқызметі бірнеше уақыт бойы, ереже бойынша, дауылдың болатынын ескертеді. Есіктерді жауып, шатырдағы аумақтарды, терезелерді жабу қажет. Қылтималардан, лоджийлерден, терезе алдынан заттарды алып тастау қажет, ол адамдарға кеселін келтіруі мүмкін. Газды өшіру қажет. Апаттық жарықтандыруды дайындау – фонарьлар, жарықтар, 2-3 күнге арналған судың қорын жасақтау қажет. Жақын әрі қауіпсіз жерге 2-3 өнімдерін жинақтау қажет. Радио қабылдағыштар мен теледидарларды үнемі қосулы ұстау қажет: түрлі хабарламалар мен бұйрықтардың айтылып қалуы мүмкіндігі болады. Жеңіл құрылыстардан адамдарды мықты ғимараттарға көшіру қает.
Егер сіз ашық алаңқайдағы елді-мекенде болсаңыз, арыққа тығылғаныңыз жөн, кез-келген орда жерге қатты жақындап жату қажет.
Негізгі әдебеиеттер: 3 [10-75]
Қосымша әдебиеттер: 4[115-144]
Бақылау сұрақтары:
«Қоректік ортасы»?
«Апат» түсінігі?
Апаттарды сыныптау?
Таиғи зіл-залалар?
