- •2 Дәріс. «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пәні, мазмұны, мақсаты және шарттары. Түсініктер, анықтамалар, терминдер. Қауіптіліктер топтамасы. Төтенше жағдайлар туралы түсінік. Тж бағалау.
- •3 Дәріс. Адам және мекен ету ортасы. Табиғи қауіптер. Катастрофалар. Табиғи зіл-зала. Табиғи апаттар мен зіл-зала кезіндегі адамдардың әрекеттері.
- •4 Дәріс. Әлеуметтік қауіптер. Діни секталар. Сектанттардан өзін қалай сақтау қажет. Террористтік актілер. Адамдардың террористтермен қарым-қатынасы.
- •5 Дәріс. Медико-биологиялық қауіптіліктер. Салауатты өмір салты. XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, темекі тарту, маскүнемдік, жжбжа, вич/спид, туберкулез және т.Б. Қауіпсіздік шаралары.
- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •8 Дәріс. Өндірістік шудан, дірілден қорғау. Ағзаға әсер ету.
- •9 Дәріс. Химиялық қауіп. Зиянды заттар. Зиянды заттардың жіктелуі, агрегатты жағдайы, адам ағзасына түсу жолдары. Қауіпсіздік шаралары.
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •10 Дәріс. Өрт және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстық жағдайдағы өрт пен жаралыстардың алдын алу шаралары. Өрт пен жаралыс кезіндегі адамдардың іс-әрекеті.
5 Дәріс. Медико-биологиялық қауіптіліктер. Салауатты өмір салты. XXI ғасырдың қауіпті аурулары: нашақорлық, темекі тарту, маскүнемдік, жжбжа, вич/спид, туберкулез және т.Б. Қауіпсіздік шаралары.
Денсаулық және өмір жағдайы. Әр адам өз денсаулығын қоршаған ортадан көрмеу керек, өйткені денсаулығын сақтауға әр адам тікелей міндетті. Кейде мынадай жағдайлар да кездеседі: адам дұрыс өмір салтын сақтамағаннан, зиянды әдеттермен, гиподинамиямен, мөлшерден тыс тамақтанумен 20-30 жасынан-ақ өзін апаттық жағдайға жеткізеді және тек сол кезде ғана медицина жайлы ойланады.
Медицина қаншалықты жақсы дамыса да, ол әрбір адамды барлық аурудан айықтыра алмайды. Адам – денсаулықпен күресуді қажет ететін, яғни өз денсаулығының жасаушысы. Жас кезінен салауатты өмір салтын ұстану керек, дене шынықтырумен және спортпен айналысуы керек, жеке гигиена шарттарын орындауға, ақылды жолмен денсаулық гармониясын ұзартуға қол жеткізу керек.
Денсаулық – бұл адамның еңбекке жарамдылығын және жекеліктің гармониялық дамуын қамтамасыз ететін, бірінші және маңызды қажеттілігі. Ол қоршаған ортаны танудың, адам бақытының маңызды алғы шарты болып табылады. Белсенді ұзақ өмір сүру – адами фактордың маңызды бөлшегі.
Салауатты өмір салты – бұл этика принциптеріне, рациональды ұйымдастырылған, белсенді, еңбектік, шынықтыратын өмір салты, сондай-ақ, кәрілік жасқа дейін әдептілікті, психикалық және физикалық денсаулықты сақтау үшін, қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауына қарағанда "денсаулық ол тек қана аурулар мен физикалық деректердің жоқтығы ғана емес, ол физикалық, жан дүниелік және әлеуметтік жағдайы".
Негізінен денсаулықтың үш түрі жайлы айтуға болады: физикалық денсаулық жайлы, психикалық және әлеуметтік. Физикалық денсаулық – бұл ағзаның мүшелері мен жүйелерінің жақсы функциялануымен анықталатын ағзаның анық жағдайы. Егер барлық органдар мен жүйелер жақсы жұмыс істейтін болса, онда адамның бүкіл ағзасы (өзін-өзі реттеу жүйесі) дұрыс функцияланады және дамиды.
-Психикалық денсаулық мидың жағдайына тәуелді, ол ойлаудың деңгейі мен сапасын, көзқараспен естің дамуын, эмоционалды тұрақтылық деңгейімен сипатталады.
-Әдепті (нравственное) денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің негізі болып табылатын, белгілі бір адамдардың қоғамындағы моральды принциптерімен анықталады. Адамның әдепті денсаулығының керемет сипаттамасы болып, бәрінен бұрын, еңбекке деген жауапкершілігі, мәдениеттілігі, жақсы өмір салтына қарсы келетін әдеттерді ұнатпауы болып табылады. Физикалық және психикалық сау адам мораль нормаларын сақтамайтын болса, әдепті құбыжық болуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік денсаулық адам денсаулығының жоғары деңгейі болып саналады. Әдепті сау адам нағыз азамат қылатын жалпы адамдық сипаттамаларға ие. Сау және жан дүниесі дамыған адам бақытты - ол өзін жақсы сезінеді, жұмысынан рахат алады, өзін-өзі дамытуға ұмтылады, жанының жастығына және ішкі сұлулыққа жетеді.
Адамдық тұлғаның жалпылығы, ең алдымен, өзіндік байланыста және организмнің психикалық және физикалық күштерінің өзіндік байланысында көрінеді. Организмнің психофизикалық күштерінің гармониясы денсаулық резервін жоғарылатады, біздің өміріміздің әртүрлі аудандарында шығармашылық ойын білдіруге жағдай жасайды. Белсенді және сау адам жастығын ұзақ сақтайды, жанына жалқаулыққа жол бермей, ақылды әрекетпен ұштастырады. Академик Н.М.Амосов организмнің резервтерінің деңгейін білдіретін "денсаулық саны" деп аталатын жаңа медициналық терминді енгізуді ұсынуда.
Айталық, адамда қарапайым жағдайда өкпе арқылы минутына 5-9 литр ауа өтеді. Кейбір жоғары жаттықтырылған спортсмендер 10-11 минут ішінде өздерінің өкпесі арқылы 15 литр ауа өткізе алады, бұл нормадан 30 есе асу болып табылады. Міне осыны ағзаның резерві дейміз.
Жүректі алайық. Оның қуатын анықтайық. Жүректің минуттық мөлшерлері бар: бір минуттағы қан көлемі литрмен есептеледі. Ол қарапайым кезде минутына 4 литр береді деп есептейік, ал ең энергиялық физикалық жұмыс жасағанда-20 литр. Сонда, резерв 5(20:4)-ке тең.
Тура осылай бүйректің, бауырдың жасырын резервтері бар. Олар әртүрлі жүктемелік жағдайларда анықталады. Денсаулық бұл ағзадағы резервтер саны, бұл ағзаның функциясы кезінде сапа шектерін сақтауының максималды жағдайы болып табылады.
Ағзаның функционалды резервтер жүйесін кіші жүйелерге бөлуге болады:
1. Биохимиялық резервтер(айырбастау реакциялары)
2. Физиологиялық резервтер(торлар, органдар, органдар жүйесі деңгейінде)
3. Психикалық резервтер
Мысалы ретінде, торлар деңгейіндегі жүгіртпе-спринтер физиологиялық резервін алайық. Жүгіруде 10 секундта 100 метр керемет көрсеткіш. Оны тек аздаған адамдар ғана көрсете алады. Ал осы көрсеткішті айтарлықтай жақсартуға болады ма? Есептеулерге қарағанда, болады, бірақ бірнеше ондаған минуттан көпке емес. Мұнда мүмкіндіктер шегі жүйке бойынша белгілі бір жылдамдыққа және минималды уақытқа тәуелді, ол бұлшық еттердің жиналуына және демалуына байланысты.
Салауатты өмір салты өзіне келесі негізгі элементтерді қосады: еңбек және демалыстың рациональды режимі, зиянды әдеттерден арылу, ыңғайлы қозғалыс режимі, жеке гигиена, рациональды тамақтану және т.б.
Жемісті еңбек-салауатты өмір салтының маңызды элементі. Адамның денсаулығына биологиялық және әлеуметтік факторлар әсер етеді, олардың негізгісі еңбек болып табылады.
Еңбек және демалыстың рациональды режимі-салауатты өмір салтының керекті элементі болып табылады. Дұрыс және қатаң ұсталған режимде нақты және керекті ағзаның функционалдау ритмі пайда болады, ол жұмыс және демалысқа ыңғайлы (оптимальный) жағдай жасайды және де денсаулықты жақсартуға, жұмысқа қабілеттілігін арттыруға және еңбек жағдайын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Салауатты өмір салтын ұстанудың келесі сатысы қауіпті әдеттерден арылу (темекі тарту, маскүнемдік, нашақорлық). Бұл денсаулықты құртушылар көптеген аурулардың себебі болып табылады, өмір жасын бірден азайтады, еңбекке жарамдылығын азайтады, өскелең ұрпақтың денсаулығына және келешек балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Көптеген адамдар өз денсаулықтарын жақсартуды адамның негізгі қауіпті әдеттерінің бірі болып саналатын, темекі тартудан бас тартудан бастайды. Дәрігерлердің пайымдауынша, жүректің, буындардың, өкпенің ең ауыр аурулары темекі тартумен тікелей байланысты. Темекі тарту тек денсаулықты нашарлатып қана қоймай күшті де жояды. Совет мамандары анықтағандай, бір ғана темекі тартқаннан 5-9 минуттан кейін бұлшықеттегі күш 15%-ға азаяды екен, спортшылар бұдан хабардар болғандықтан темекі тартпайды. Сондай-ақ темекі тарту ақыл-ойды да жүйеге түсірмейді. Керісінше, эксперименттің көрсетуіне қарағанда, текстті нақты орындап шығу, оқу материалдарын қабылдау темекі тарту әсерінен төмендейді екен. Темекі тартушы адам түтіндегі барлық зиянды заттарды өзі қабылдамайды, зиянды заттардың жартысына жуығы жанындағы адамдарға қалады. Отбасының ешбір мүшесі темекі тартпайтын отбасыларға қарағанда, темекі тартатын отбасыларда балалар респираторлы аурулармен ауруы жиі кездесіп жататыны кездейсоқ емес. Темекі тарту көбінесе ауыз қуысының ісігі, бронхтың және өкпе ауруының пайда болуына себепші болып келеді. Тұрақты және ұзақ уақыт темекі тарту уақытынан бұрын қартаюға алып келеді. Кислародпен теріні қоректенудің бұзылуы, кіші буындардың спазмы темекі тартушының сыртқы келбетін өзгертеді (көздің ағының, терінің сарғаюы), ал тыныс алу жолдарының сөлді қабатындағы өзгерістер оның дауысына әсер етеді (қатаңдығы жоғалады, тембр азаяды, хрип пайда болады).
Белгілі бір өмір кезеңінде никотиннің әсері өте қауіпті- жастық шақ, жасы ұлғайған шақ, бұл кездерде аз ғана әсерінің өзі жүйке жүйесін бұзады. Жүкті әйелдерге никотин өте қауіпті, себебі ол денсаулығы нашар, салмағы аз балалардың дүниеге келуіне алып келеді, және емізулі сәбиі бар аналарға қауіпті, себебі өмірінің алғашқы жылдарында балалардың аурушаңдығын және өлімін көбейтеді.
Келесі оңай емес тапсырма-маскүнемдік пен нашақорлықтан арылу. Маскүнемдік адамның барлық жүйелері мен органдарына кері әсер ететіндігі белгілі. Ішімдікті систематикалық пайдалану негізінде: пайдаланылған ішімдіктің көлеміне бақылау жүйесін жоғалту; орталық және перифериялық жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы (психоздар, невриттер және т.б.) және ішкі органдардың функциясының бұзылуына аурудың кешенді белгілері пайда болады.
Ішімдікті эпизотикалық ішкеннің өзінде, психиканың өзгеруі, мас күйінде өз-өзіне қол жұмсаудың жиілеуіне алып келеді.
Маскүнемдік бүйрекке өте қауіпті әсер етеді: егер ұзақ жүйелі түрде ішімдік ішетін болса бүйректің ішімдікті циррозы болады. Маскүнемдік – асқазан асты бездерінің ауруының бірден бір себебі болып табылады (панкреатит, қант диабеті). Маскүнемнің денсаулығы, спиртті сусындарды пайдалану маскүнемдік ауруына шалдыққан адам ортасына да, сондай-ақ бүкіл қоғамға да кері әсерін тигізеді. Маскүнемдік, өзге ауруларға қарағанда кері әлеуметтік әрекеттердің толық кешенін жасайды, ол денсаулық сақтаудың шегінен әлдеқайда асып кетеді. Маскүнемдік негізінде адамның бетінің нашарлауы, халықтың денсаулығының да жалпы көрсеткіштерінің нашарлауы спиртті сусындармен байланысты. Маскүнемдік және соған байланысты аурулар өлім себебі ретінде жүрек ауруларының және рактың себебі бола алмайды.
Салауатты өмірдің келесі құраушысы рациональды тамақтану болып табылады. Бұл жайлы әңгіме қозғалғанда, бұзылуы денсаулыққа қауіпті болатын екі негізгі заңды естен шығармау керек.
Бірінші заң-алған және шығатын энергияның теңдігі. Егер ағзадан шығатын энергиядан алған энергиясы көп болып, яғни адамның жақсы өсуі үшін, жұмыс істеу үшін және өзін жақсы сезіну үшін ішетін асынан көп болса, онда біз семіреміз. Қазіргі таңда балалармен қоса есептегенде, әрбір үшінші адам артық салмаққа ие. Ал себебі біреу-ақ, артық тамақтану, ол соңында атеросклерозға, жүрек ауруына, гипертонияға, қант диабетіне, көптеген басқа ауруларға алып келеді.
Екінші заңы-қоректік заттарда рационның химиялық құрамы ағзаның физиологиялық қажеттіліктеріне сай келуі. Тамақтану әртүрлі болуы керек және ол ақуыздың, майдың, көмірқышқылдың, дәрумендердің, минералды заттардың қажеттілігін қамтамасыз ете алуы керек. Бұл заттардың көбісі алмастыруға келмейді, себебі олар ағзада пайда болмайды, тек тамақ арқылы ғана ағзаға түседі. Олардың біреуінің болсын жоқ болуы, мысалға, С дәруменін алайық, онда ауруға тіпті өлімге алып келуі мүмкін. В дәрумендерін нан өнімдерінен аламыз, А дәруменін және майлы дәрумендердің қорек көзі сүт өнімдері, балық майы, бауыр болып саналады.
Баланстан ауытқуға алып келетін немесе артық калория беретін дәмді азық түліктен қарағанда, пайдалы өнімдерді қолдану дұрыс екендігін біздің барлығымыз біле бермейміз. Әрбір тамақтанудың рациональды заңынан ауытқу денсаулықтың нашарлауына алып келеді. Адамның ағзасы энергияны тек активті физикалық периодта (жұмыс істегенде, спортпен айналысқанда) ғана емес, дем алу уақытында да (ұйықтағанда, жай жатқан уақытта), ағзаның физикалық функцияларын орындау үшін энергия қолданылады – дененің тұрақты температурасын сақтау үшін керек. Орта жастағы сау адамда дененің орта салмағында сағатына дененің әрбір килограмм массасына 7 килокалория бөлінеді.
Кез-келген анық тамақтану жүйесінде бірінші міндет мынадай болуы керек:
- Тамақты тек қарны ашқанда ішу керек
- Ауырған кезде, ақыл ойы және физикалық өзін жайсыз сезіну кезінде, лихорадка кезінде және дененің температурасы жоғарылаған кезде тамақтанудан бас тарту.
-Ұйықтар алдында, сондай-ақ қиын жұмыс істегеннен соң тамақтанудан бас тарту.
Тамақты қорыту үшін бос уақыттың болуы өте маңызды. Тамақтанып болғаннан соң физикалық жаттығулар жасау тамақтың қорытылуына көмектеседі деген ой қате болып табылады. Тамақтану әртүрлі азық-түліктен тұруы керек, олар белоктың қорек көзі, майлардың және көмірсулардың, дәрумендер мен минералды заттардан тұруы керек. Тек сонда ғана заттардың азықтық қатынасын және алмастыруға келмейтін қоректену факторларын біркелкі ұстауға болады, заттарды қорыту мен сіңіруді ғана емес, ұяшық деңгейінде тері мен ұяшықтың транспортировкасын жасайды. Рациональды тамақтану бойдың дұрыс өсуін және организмнің дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді, ол денсаулықты сақтауға, жұмыс қабілетінің жоғары болуына және ұзақ өмір сүруге көмектеседі. Асқынбалы аурулармен ауыратын адамдар диета ұстауы қажет.
Денсаулыққа қоршаған ортаның да маңызы аз емес. Адамның табиғаттық процесстерге араласуы барлық уақытта қалаған оң көрсеткіш бере бермейді. Табиғаттық компоненттердің біреуі болсын бұзылатын болса, табиғаттық-территориялы компоненттердің құрылымының қайта жасалуына алып келеді. Гидросфераның, атмосфераның және бүкіл әлемдік мұхиттардың жоғарғы бетінің бұзылуы, өз кезегінде, адам денсаулығына, озон қабатының эффекті ісіктерге кері әсер береді, ал атмосфераның бұзылуы тыныс алу жолдарын, судың ластануы -тамақ қорытуға, адам денсаулығының жалпы жағдайын бірден нашарлатады, өмір ұзақтығын азайтады. Дегенмен, табиғаттан алынған денсаулық ата-анадан 5%-ға ғана тәуелді, ал 50%-ы қоршаған ортаның жағдайына тәуелді.
Осымен қоса, мұрагерлікпен берілетін денсаулықтың объективті факторын есепке алу керек. Бұл ұрпақтарында бірдей белгілер және дамудың ерекшеліктері қайталанатын, жаңа ерекшеліктер даму программасына ие атадан балаға берілетін материалдық жасуша құрылымдары барлық ағзаларға тән.
Биологиялық ритмдер де біздің денсаулығымызға әсерін тигізеді. Тірі ағзада болатын процесстердің ерекшеліктерінің маңыздысы олардың ритмдік мінез-құлқы.
Қазіргі таңда тірі ағзада болатын үш жүзден көп процесстер тәуліктік ритмге тәуелді екені белгілі болған.
Оптимальды қозғалыс режимі-салауатты өмір салтының маңызды шарты. Оның негізін физикалық жаттығулармен және спортпен айналысу, денсаулықты жақсартудың эффективті жаттығулары және жастардың физикалық мүмкіндігін арттыру, денсаулықты қорғау және қозғалыс деңгейін жақсарту, жасқа байланысты өзгерудің қажетсіз тұстарын жою құрайды. Сондай-ақ физикалық мәдениет пен спорт тәртіптің маңызды бөлімі болып табылады. Лифтті пайдаланбай, баспалдақпен жүрген пайдалы. Американдық дәрігерлердің пайымдауынша әрбір баспалдақ адамның өмірін 4 секундқа ұзартады. 70 баспалдақ 28 калорияны жояды.
Адамның физикалық дамуын сипаттайтын негізгі сапалар күш, тездік, майысқақ және төзімділік болып келеді. Осы сапалардың әрбірінің жүзеге асуы денсаулықтың жақсаруына көмектеседі, бірақ та бірлік өлшемде емес. Қысқа дистанцияларды жүгіріп шынығу нәтижесінде, өте жылдам болуға болады. Гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар жасау арқылы майысқақ болу қиын емес. Дегенмен мұның барлығында ауру әсерлеріне толығымен тұрақтылық жасай алмаймыз.
Аурудан айығу және профилактикасы үшін ең алдымен ең қымбат сапа -өсіп келе жатқан ағзаға көптеген ауруларға қарсы тұра алатындай салауатты өмір салтының өзге компоненттерімен сәйкестендіру жаттықтыру және жүзеге асыру керек.
Мысал ретінде бу бөлмесі және қарлы ванналары бар ағаш баняларды айтуға болады. Бірақ та қазіргі таңда адамдар өздері де, балалары да шынығу жаттығуларын жасамайды. Сонымен қоса, көптеген ата-аналар баланы ауыртып алмас үшін оның өмірінің алғашқы күндерінен-ақ дұрыс емес қорғану жолдарымен айналысады: оны орап тастайды, терезені жауып тастайды және т.б. Мұндай "қорғау" жолдары өзгеріп отыратын ортаның температурасына жақсы адаптация үшін жағдай жасамайды. Керісінше, суықтау ауруларына, оның денсаулығының нашарлауына алып келеді. Сондықтан эффективті шынықтыру әдістерін іздеу және жасап шығару маңызды қиыншылық болып тұр. Грамодты тәжірибе және ғылыми зерттеулерде анықталғандай шынықтырудың пайдасы көп.
Шынықтырудың әртүрлі әдістері кеңінен таралған – ауа ванналарынан суық сумен жуынуға дейін. Бұл процедуралардың пайдалы екендігі сөзсіз. Бағзы заманнан белгілі болғандай, жалаң аяқ жүру керемет шынықтыратын нәрсе. Қысқы жүзу шынықтырудың жоғарғы формасы. Оған жету үшін адам шынықтырудың барлық баспалдағынан өтуі керек.
Шынықтырудың эффективтілігі арнайы температуралық әрекеттер мен процедуралар қолданғанда өседі. Дұрыс қолданудың негізгі принциптерін барлығы білуге міндетті: индивидуальды ерекшеліктерді білу, денсаулық жағдайы және процедураларға эмоциональды реакциялар.
Тағы да бір шынықтыратын нәрсе физикалық жаттығулармен айналысқаннан кейін қабылданатын душ болуы міндетті. Душ физикалық термобіркелкілікті жүзеге асыра отырып тері аппаратының жүйке қан тамырларын және тері асты ұяшықтарды жаттықтырады, орталық жүйке жүйесінің механизмін реттейді. Тәжірибелердің көрсетуіне қарағанда душ үлкен адамдар үшін де, балалар үшін де жоғары шынықтыратын және сауықтыратын қызмет атқарады. Ол шаршағандықты баса отырып және жұмысқа қабілеттігін арттыра отырып, жүйке жүйесін ретке келтіруге де жақсы әсер етеді.
Шынықтыру – күшті сауықтыратын зат. Ол көптеген аурулардан сақтануға мүмкіндік береді, өмірді ұзақ жылдарға ұзартады, жоғары жұмыс жасау қабілетін сақтайды. Шынықтыру ағзаға жалпы жақсы әсер етеді,жүйке жүйесінің тонусын жоғарылатады, қан айналым жүйесін жақсартады, зат алмасуды қамтамасыз етеді.
Адам гармониясына жетудің жалғыз жолы бар – физикалық жаттығуларды систематикалық түрде орындау. Сонымен қоса, рациональды түрде еңбек және демалыс режиміне енетін денешынықтырумен тұрақты түрде айналысу тек денсаулықты жақсартып қана қоймай өндірістік әсердің де эффективтілігін арттыратыны тәжірибелерден анықталған. Дегенмен күнделікті өмірде және жұмыс уақытындағы барлық қозғалыс әрекеттері физикалық жаттығуларға жатпайды. Оларға әртүрлі ағзаға және жүйелерге, физикалық сапасын арттыру, дене бітімінің дефектерін коррекциялау үшін арнайы жаттығулар болуы мүмкін. Егер жаттығуларда арнайы шарттар орындалатын болса, физикалық жаттығулар оң әсерін береді. Денсаулықты үнемі бақылап отыру керек – ол физикалық жаттығуларды жасау арқылы өзіне зиян келтірмес үшін қажет. Егер жүрек қан тамыр жүйесінде өзгерістер болса, күш түсіретін жаттығулар жүрек жұмысын нашарлатуы мүмкін.
Тыныс алу ағзалары ауруға шалдықса жалпы дамытатын гимнастикамен ғана айналысу керек. Жүрек соғысы қатты болса, бас айналса, бас аурулары және т.б болса физикалық жаттығулар жасауға болмайды.
Аурудан айыққан соң да бірден жаттығу жасауға болмайды. Ағзаның функциялары қайта қалпына келуі үшін, белгілі бір период ұстану керек-сонда ғана денешынықтыру пайда алып келеді.
Физикалық жаттығулар жасағанда адам ағзасы берілген кедергіге жауап беретін реакциялар көрсетеді. Барлық ағзалар мен жүйелердің әрекеті белсендіріледі, соның арқасында энергетикалық ресурстар пайда болады, жүйке жүйесі процесстерінің қозғалғыштығы артады, бұлшықет және сүйек байланыстыратын жүйелер күшейтіледі. Осындай жолмен айналысушылардың физикалық дайындығы жақсарады, соның арқасында физикалық жаттығулардың ішінде бұрын орындау мүмкін емес деп саналатын жаттығулар аса қиындықсыз жасалады. Сізде үнемі өзін жақсы сезіну, бірнәрсемен айналысуға ынта, көтеріңкі көңіл-күй және тыныш ұйқы болады. Физикалық жаттығулармен дұрыс және тұрақты айналысу шыныққандықты жылдан жылға жақсартады, ал сіз ұзақ уақыт бойы жақсы формада боласыз.
Физиологиялық функцияның өзгеруі сыртқы ортаның факторларына және жыл мезгілдеріне, азық-түліктегі дәрумендер мен минералды тұздардың әсерінен болады. Осы факторлардың барлығы адамның өз-өзін сезінуіне не стимулдайтын, не нашарлататын әсер етеді. Әрине адамға табиғат құбылыстарына және оның тербеліс ритміне үйренуі керек. Психофизикалық жаттығулар және ағзаны шынықтыру адамға ауа райының өзгеруіне тәуелділікті азайтады, табиғатпен гармоникалық бірігуге көмектеседі.
Мидың орташа функциялануы үшін тек қана кислородпен тамақтану қажет емес, және сезім мүшелерінен ақпарат қажет. Табиғаттың әсемдігінен адам тынышталады. Теңестірілген, ол айналасына үлкейтілген терезеден қарағандай қарайды. Реніштер, асығу, жындану біздің өмірімізде көп кездесетін жағдайлар, табиғаттың керемет тыныштығымен және оның шегі жоқ кеңістіктерінде болады.
Ғимараттың ішіндегі ластанған ауаны жойып таза ауамен қамтамасыз етудің қажет екендігін естен шығармау керек.
Спорттық медицинада физикалық жаттығулар мен спорттың гигиенасының негізгі міндеттері көптеген жылдардың тәжірибесі негізінде жасалған. Бұл физикалық мәдениет пен спорт сабағында болатын, жұмыс қабілетін, төзімділікті, спроттық жетістіктердің өсуін арттыратын гигиеналық іс-шараларды орындау, қоршаған ортаны зерттеу және сауықтыру болып табылады. Жоғарыда айтылап өткендей, физикалық жаттығулар барлық организмге емес, белгілі бір мүшеге немесе жүйеге әсер етеді. Дегенмен әртүрлі жүйелердің функциясы бірдей деңгейде болмайды. Әсіресе бұлшықет жүйесінде өзгерістер көп байқалады. Олар бұлшықеттердің көлемі артқанда, алмасу процесстері жоғарылағанда, тыныс алу аппартаның функциясынан көрінеді. Тыныс алу жүйелері мен жүрек қан тамыр жүйелері тығыз байланысқан. Физикалық жаттығулармен айналысу зат алмасуды жақсартады, күш көбейеді, жүйке процесстерінің белсенділігі және бірқалыптылығы орнайды. Осыған байланысты физикалық жаттығулардың гигиеналық маңызы артады, егер олар ашық ауада өткізілсе. Бұл жағдайда олардың ортақ сауықтыру эффектісі артады, әсіресе жаттығулар төменгі ауа температурасында жүргізілсе, олар шынықтыруға әсер етеді. Осы жағдайда физикалық дамудың мына көрсеткіштері көкірек клеткасының экскурсиясы, өкпелердің өмірдік сиымдылығы өседі. Жаттығуды суық жағдайда өткізу барысында жылуды реттеу функциясы жетілдіріледі, суықтау мүмкіндігі төмендейді. Суық ауаның денсаулыққа жағымды әсерімен бірге, жаттығулардың тиімділігі артады, бұл физикалық жаттығулардың үлкен интенсивтілігі мен тығыздығымен түсіндіріледі. Физикалық салмақ жас ерекшелігі мен метеорологиялық факторлар ескеріліп нормалануы тиіс.
Физикалық жаттығулардың гигиенасы туралы айтқанда, таңертеңгілік гимнастика мен дене шынықтыру сәтін еске алмауға болмайды. Таңертеңгілік гимнастиканың мақсаты ағзаның ұйқыдан сергектікке өтуін жылдамдатады, алдағы жұмысқа жұмылдыру, жалпы сауықтыру әрекетін жасау болып табылады. Гимнастикалық жаттығулар жақсы желденетін бөлмеде, терезені немесе форточканы ашып қойып жасалады, мүмкін болса ашық ауада жасалуы керек. Жаттығуды ауа ваннасымен үйлестірген дұрыс. Гимнастика аяқталған соң денені ысқылап сүрту немесе салқын су құйынған дұрыс. Дене шынықтыру сәттерін мектепте және өндірісте жасайды, олар белсенді демалыстың негізгі формарының бірі болып табылады.
Салауатты өмір салтының маңызды элементі – жеке бас гигиенасы. Ол рациональды тәуліктік режим, денені күту, киім және аяқ киім гигиенасынан тұрады. Күн режимі де ерекше маңызға ие. Оны дұрыс және қатаң сақтағанда ағза функцияларының айқын ритмі қалыптасады. Ал бұл, өз кезегінде, жұмыс істеу мен қалыпқа келуге қолайлы жағдай туғызады.
Өмір сүру еңбек пен тұрмыс жағдайларының әркелкілігі, индивидқа ерекшеліктері олардың барлығына бірдей тәуліктік режим нұсқасын ұсынуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, оның негізгі қағидаларын барлығы ұстануы тиіс, әр түрлі шығармашылық түрлерімен қатаң айқындалған уақытта айналысу, жұмыс пен демалысты дұрыс кезектестіру, жүйелі тамақтану. Ұйқыға ерекше көңіл бөлу керек – ол демалыстың негізгі және ешнәрсемен алмастыруға келмейтін түрі. Үнемі ұйқының қанбауы жүйке жүйесін әлсіретеді, ағзаның қорғану күштерін әлсіретеді, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді, көңіл-күйді нашарлатады. Ауруларды зерттеу қорытындысы бойынша, аурулардың едәуір көп бөлігінің себептері режимнің бұзылуы болып табылатыны анықталды. Тамақты әртүрлі кезде ретсіз қабылдау асқазан-ішек ауруларына әкеліп соғатыны сөзсіз. Әртүрлі уақытта ұйқыға жату-ұйқысыздық пен жүйке шаршауына, жұмыс пен демалысты жоспарлы үйлестірудің бұзылуы жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді.
Режим тек денсаулық үшін емес, тәрбиелік маңызы да зор. Оны қатаң сақтау тәртіптілік, тиянақтылық, ұйымдасқандық, мақсатқа жетудегі табандылық сияқты сапаларды тәрбиелейді. Режим адамға өз уақытының әр сағатын, әр минутын тиімді пайдаланып, өмірінің жан-жақтылығы мен мазмұндылығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Әр адам өмірінің нақты жағдайларын ескере отырып режим жасап алуына болады. Келесі күн тәртібін сақтау маңызды. Күнделікті ұйқыдан бір уақытта тұру, таңертеңгілік жаттығулармен жүйелі айналысу, белгіленген уақытта тамақ ішу, ұйықтау, күнде бір уақытта ұйқыға жату! Көптеген аурулардың осы жолмен алдын алуға болады.
Бүгінгі күні, іс жүзінде қандай да бір техникалық процесс елінде өмір сүретін әрбір адамның атқаратын жұмысы мен міндеттері өте көп. Тіпті оның өз жеке істеріне де уақыты жетпей жатады. Нәтижесінде ұсақ техникалық мәселелердің арқасында одан негізгі шындық пен мақсаттарын ұмытып, шатасады. Өзінің денсаулығын ұмытады. Ол түнде ұйықтамайды, саяхатқа шықпайды, таңертең жүгірмейді, машинаға мініп жүреді (ауасының құрамы қауіпті көшелермен), жаяу жүрмейді, кітап ұстап отырып тамақ ішеді.
Ал одан "Денсаулық деген не?" деп сұрасаң ...Ол сізге ешнәрсе деп жауап бермейді. Олар бұл сұрақ жөнінде ұмытып кетеді. Ал бұл сұрақты қойған сізді кардио немесе онкодиспансер сияқты бір жерде есіне түсіреді. Бірақ, бәрі кеш болады... Ол сізге жоғарыда айтылғандай, ақыл айта бастайды. Бірақ, сұрақ бар: оған енді материалдық құндылықтар қажет пе? Мүмкін қажет емес... Мінеки, өзіміздің өмірлік міндеттеріміз мен мақсаттарымызды ой елегінен өткізіп, өз денсаулығымызды нығайтуға уақыт бөлейік.
Инфекциялық аурулар ағзаға микробтың – ауру қоздырғышының енуі нәтижесінде пайда болады.
Инфекциялық аурулардың сипаттамалары:
- инкубациялық кезең
- бастапқы кезең
- сауығу кезеңі
Қоздырғыштың берілу механизміне қарай инфекциялық ауруларды классификациялау:
- фекальды – оральды
- ауа-тамшы арқылы
- қан-тамшы арқылы
Безгек (холера) - өткір инфекция (ООИ). Белгілері құсу, диарея, су алмасуының бұзылуы, аш ішектің зақымдануы. Алдын алу шаралары-бастапқы кезеңінде анықтау, оқшаулау, карантин. Инфекцияның қайнар көзі-адам. Қоздырғышы – безгек вибрионы.
Оба (чума) - өткір инфекция. Инфекцияның қайнар көзі-кеміргіштер. Тасымалдаушы – бүрге. Адамның қабылдағыштығы жоғары. Белгілері –жоғары температура, сандырақтау, көзіне әр нәрсе елестеу. Терідегі формасында микробты енгізу орнында төмпешік пайда болады, сирек ашылады, 40-90% өлімге алып келеді. Алдын алу шаралары – ауруды оқшаулау, карантин, абсервациялау.
Кәдімгі шешек – ООИ. Инфекцияның қайнар көзі – ауру адам. Белгілері – теріде бөртпелер пайда болады, олар іріңге толады, бір-біріне қосылып, іріңді жара пайда болады. Жоғары температура, өлім жағдайлары көп. Алдын алу шаралары-ауруларды анықтау, оқшаулау, абсервациялау, карантин.
Әлеуметтік жағдайға байланысты аурулар РК ИПП.
Бруцеллез-инфекциялық ауру. Инфекцияның қайнар көзі-ауылшаруашылық жануарлары. Қоздырғыш тері және сілекей арқылы еніп, 1-3 аптадан кейін аурулардың бойында тітіркенгіштік пен шаршағыштықтық дамиды. Ауру буындардың жүйке жүйесінің қатты ауруынан көрініс беретін созылмалы формаға ұласады. Адам жануардың еті мен сүтін тұтыну және жануарды күтіп-баптау нәтижесінде жұқтырады.
Туберкулез-кең таралған әлеуметтік маңызы бар ауру. Инфекцияның қайнар көзі-ауру адам. Қоздырғыш көбінесе өкпе арқылы жұғады, онда флюорография арқылы анықталатын туберкулез ошағы қалыптасады. Күресу шаралары – вакцина жасау, тамақ ішу, демалыс режимін сақтау, т.б.
Педикулез – битшеңдік адамның бит жұқтыруы. Биттер-қансорғыш жәндіктер, адам мен сүтқоректілердің зиянкестері бүкіл өмірі қожайынының үстінде өтеді. Биттердің 150-ден астам түрлері белгілі.
Адамға зиян келтіретіндері көйлек, бас және маңдай биті.
Даму кезеңдерінің ажыратылуы жұмыртқа (сірке), дернәсіл, жабысқақ (нимфа), ересек ұрпақ (имаго). Биттер бөртпелі сүзек қоздырғышын, битшеңдік сүзегінің қоздырғышын тасымалдаушы болып табылады. Битшеңдік - әр түрлі әлеуметтік және табиғи әлеуметтік немесе табиғи апаттармен бірге жүреді. Бай шашының битшеңдігі жағдайында қатты қышу пайда болады, қасу барысында баста іріңді орындар (жаралар) пайда болады.
Көйлек немесе киім бит жұмыртқаларын негізінен іш киім қыртысына салады және тамақтану үшін теріге өтеді, көбінесе терісін зақымдайды (қолтық, шат, арқа, т.б.). Бұл жерлерде қышу пайда болады, қасу іріңді орындар мен сыздауыққа ұласуы мүмкін.
Битшеңдіктің алдын алу халықтық материалдың және мәдени өмірінің деңгейін көтеру арқылы, санитарлық білімдерін, монша-кір жуу қызметін жақсарту арқылы қол жеткізіледі.
Қышыма (қотыр) - терінің жұқпалы инфекциялық ауруы, қышыма құртын (клещ) тудырады. Құрт ақшыл-сарғыш түсті, формасы тасбақа тәріздес. Құрттың ұрғашысы терінің мүйізді бөлігіне еніп, жұмыртқа салады. Жұмыртқалардан дернәсілдер пайда болып, ересек формаға өтеді. Ауру адамның киімі, ойыншықтары, іш киімі арқылы жұғады.
Белгілері - терінің қышуы, әсіресе түнде. Теріде қышыма жолдары анықталады. Шынтақ буынының бүгілетін жерінде, бел мен жамбас, кеуде мен іштің терісінде қосымша бөртпелері пайда болады. Алдын алу шаралары – ауруларды анықтау, емдеу, жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау. Ағымдағы және шешуші дезинфекция жүргізу.
ИППП-ға келесі аурулар жатады:
Гонорея -гонококк қоздырғышы. Жыныстық жолмен жұғады. Белгілері -2-15 тәуліктен кейін жайсыздық, зәр шығаруда қышу, ашу, іріңді бөліністер пайда болады. Әрі қарай кіші (таз) (шат немесе сегізкөз) ауруға шалдығады. Ер адамдардың жұмыртқалары ауруға шалдығады.
Сифилис-микробтан пайда болады. Жыныстық жолмен, анадан балаға, қан құю барысында, сирек тұрмыстық жағдайда беріледі. Қоздырғыш енген жерде жара пайда болады (қатты түйін), дененің жұмсақ жерлеріне таралады.
Трихомониаз – трихомонода (қарапайым) тудырады. Жыныстық жолмен беріледі. Қоздырғышы сыртқы ортада өмір сүруге қабілетсіз болғандықтан, басқаша жолмен жұғуы мүмкін емес. Белгілері-көп мөлшердегі көбікті немесе іріңді бөліністер, жыныс мүшелерінің қатты ауыруы.
СПИД - қоздырғышы вирус. Қан арқылы немесе жыныстық жолмен беріледі. Қоздырғыш иммундық жүйеге әсер етіп, иммунитетті бұзады. Адам инфекция жұқтыру арқылы қаза болады.
Негізгі әдебиет:
Қосымша әдебиет:
Бақылау сұрақтары:
1.Салауатты өмір салты?
2.Денсаулықтың түрлері?
3.Инфекциялық аурулардың сипаттамасы?
4.Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар?
Лекция 6. Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта. Қауіпті және зиянды факторлардың классификациясы.
Адамның белсенді өмірінің едәуір көп уақыты нақты өндірістік ортада жүзеге асатын мамандығы бойынша мақсатқа бағытталған жұмысқа жұмсалады. Қабылданған нормативтік талаптар сақталмаса, оның жұмысқа қабілеті мен денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Өндірістік орта- табиғи-климаттық және зиянды және қауіпті факторлар (шу, вибрация, токсинді булар, газдар, шаң, иондаушы сәулелер, т.б) қамтитын адамды қоршаған ортаның бір бөлігі.
Қауіпті деп белгілі бір жағдайларда денсаулықтың бұзылуы мен ағзаның өлуіне, жұмыс қабілетігін және профессиональды ауруларды әкелетін факторлар жатады.
Сондай-ақ еңбек шарты өндірістік жағдайдан немесе жұмыс мінезінен тәуелді.
Жұмыстың мінезі мен организациясы, еңбек коллективіндегі ара-қатынастар жұмыс қабілеттілігіне және адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Олар жұмыс қабілеттігін азайтатын, ауру деңгейін жоғарылататын немесе басқа да кері нәтиже беретін барлық факторлар "өндірістік (профессианальды) зияндықтар" деп аталады.
Қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:
Токсинді заттардан пайда болатын, организмге нашар әсер ететін химиялық;
Физикалық, себебі шуыл, діріл және тербелістің басқа түрлерінің әсері, иондамайтын және иондайтын сәулелер, климаттық параметрлер (температура, ылғалдылық және ауа қозғалғыштығы), атмосфералық қысым, жарықтандыру деңгейі, сондай-ақ фиброгенді шаңдар.
Биологиялық, патогенді микроорганизмдерден, микробты препараттардан, биологиялық пестицидтерден, сапрофитті споратүзуші микрофлорамен, микроорганизмдермен, микробиологиялық құрал-жабдықтардың продуценті болып табылады.
Зиянды факторларға сондай-ақ:
Физикалық (статикалық және динамикалық) шамадан көп салмақ салу-қиындықтарды көтеру және алып жүру, дененің ыңғайсыз жағдайы, теріге ұзақ уақыт қысым, буындар, бұлшықеттер және сүйектер.
Физиологиялық – қозғалыс активтілігінің аздығы (гипокинезия).
Жүйке-психикалық перегрузкалар ақыл-ойға салмақ түсу, эмоциональды перегрузка, анализаторларға салмақ түсу.
Адамның еңбек әрекеті және өндірістік ортасы ғылыми-техникалық прогресс өнімдерін интенсивті пайдалану барысында және әлеуметті-экономикалық туындылар арқасында үнемі өзгеріп отырады.
Қабылданған еңбек әрекетінің физиологиялық классификациясына сәйкес қазіргі уақытта еңбек формаларының мына формаларын ажыратады.
1. Бұлшықет энергиясын көп мөлшерде қажет ететін еңбек формалары.
Еңбек операциясының бұл формасы механикаландырылған заттар жоқ кезде қолданылады және энергиялық шығын 17-ден 25МДж (4000-6000ккал) және одан да көп болуын талап етеді.
Бұлшықет жүйесін дамыта отырып және зат алмасу жүйесін ретке келтіретін физикалық еңбектің бірқатар кемшіліктері бар. Бәрінен бұрын бұл еңбек өтімділігінің төмендеуіне және физикалық күшті қалпына келтіруге арналған жұмыс уақытының 50%-ға дейін жететін үзілістердің қажеттілігі.
2. Еңбектің механикаландырылған формалары.
Еңбектің бұл формаларында жұмысшылардың тәуліктік энергетикалық шығындары 12,5-17МДж(3000-4000 ккал) арасында өзгеріп отырады.
Еңбектің механикаландырылған формалары бұлшықетке түсетін салмақ сипаттамасын өзгертеді және іс-қимыл бағдарламаларын күрделендіреді. Механикаландырылған еңбек мамандықтары арнайы білім мен біліктілікті талап етеді.
Механикаландырылған өндіріс жағдайында бұлшық еттер қимылы көлемінің азаюы байқалады, жұмысқа аяқ-қолдардың ұсақ бұлшықеттері қатыстырылады, олар механизмдерді басқаруда аса қажет үлкен жылдамдық пен қимыл-әрекет дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс. Қарапайым және көбінесе қайталанып отыратын қимылдардың біркелкілігі, еңбек барысында қабылданатын ақпарат көлемінің аздығы және біркелкілігі еңбектің бір сарындылығына әкеліп соғады.
3.Жартылай автоматтандырылған еңбекпен байланысты формалар.
Жартылай автоматтандырылған өндіріс еңбек нысанын жасау-өңдеу процесінен адамды босатады, оны толықтай механизмдер атқарады. Адамның міндеті автоматтандырылған линияларға күтім жасау және электронды түрінің сипатты белгілері-бір сарындылық, жоғары жылдамдық пен жұмыс, жүйкеге салмақ түсу.
Автоматтандырылған еңбек формаларының физиологиялық ерекшеліктері – бұл жұмысшылардың іс-қимылға тұрақты дайындығы және пайда болған ақауларды жылдам жоюға реакциясы.
"Оперативті күтудің" бұл функциональды жағдайы шаршау деңгейіне қарай әр түрлі және жұмысқа қатынасына, қажетті қимыл жылдамдығына, алдағы жұмыс үшін жауапкершілігіне және т.б. байланысты болады.
4.Еңбектің топтық формалары-конвейер.
Бұл форманың ерекшелігі-жалпы процестің жеке нақты операцияларға бөлінуі, оларды орындау тізбектілігі, детальдың әр жұмыс орнына конвейердің жылжымалы лентасының көмегімен автоматты түрде жеткізілуі болып табылады.
Еңбектің конвейерлік формасы берілген ырғақ пен жылдамдыққа сай қатысушылардың бірдей жұмысын талап етеді. Осындай жағдайда, жұмысшы операцияға қаншалықты аз уақыт жұмсаса, жұмыс соншалықты бірсарынды және оның мазмұны қарапайым болады.
Бірсарындылық-конвейерлі еңбектің жағымсыз салдарының бірі, уақытынан бұрын шаршау мен жүйке жүйесінің шаршауынан көрінеді. Бұл құбылыс негізінде іс-қимыл барысында дамитын шығармашылықтың дағдарысқа ұшырау процесі, анализаторлардың пайда болуын азайтады, көруді төмендетеді, реакция жылдамдығын азайтады, тез шаршау көбеюі жатыр.
5.Өндірістік процестерді және механизмдерді басқарумен байланысты еңбек формалары.
Адам басқару жүйесіне керекті оперативті мүше-басқару процесі неғұрлым төмен автоматтандырылған болса, адамның қатысуы соғұрлым көп болады. Физиологиялық көзқарас тұрғысынан өндірісті басқаруды екі негізгі формаға бөледі: оның біреуінде басқару адамның жиі активті әрекетін талап етеді, екіншісінде-сирек қажет етеді. Бірінші жағдайда жұмысшының үзіліссіз қарауы көпсанды қозғалыстарда немесе речедвигательді акттарда, екіншісіде-жұмысшы негізінен әрекетке дайын жағдайда болады, оның реакциясы аз санды.
6.Интелектуалды еңбектің формалары
Бұл еңбек профессиялармен көрсетіледі, мысалы, конструкторлар, инженерлер, техниктер, диспетчерлер, операторлар және т.б сияқты материалды өндіріс ортасына қатысты болады, және оған жатпайтын -ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, жазушылар, артистер, суретшілер.
Интелектуалды еңбек үлкен көлемдегі әртүрлі информацияларды қайта жасау және анализ болып табылады,және де бұның соңы-жадтың мобилизациясы және көңіл қою,стрессті жағдайлардың жиілігі.Дегенмен,бұлшықет салмақтары,заңға сәйкес,тәуліктік энергошығынды 10-11,7МДж(2000-2400ккал) тәулігіне құрайды.
Интелектуалды еңбек үшін гипокинезия сипаттайды, адамның қозғалыс активтілігін айтарлықтай азайту, ол организм реактивтілігін нашарлатады және эмоциональды салмақты көбейтуге алып келеді. Гипокинезия жақсы емес өндірістік фактор болып табылады, жүрек-қан тамыр потологиясының себептерінің бірі болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында профессионалды әрекет ортасында творчествалық элементтің рөлі өседі. Келген компьютерлік ғасырда көптеген профессияларда, физикалық еңбектің артықшылығы, ақылды компаненттің үлесі артады, басқару функциясы мен контроль электронды техникаға тәуелді.
Ақылды еңбек ақпаратты қабылдау және қайта жұмыс жасаумен байланысты, сенсорлы аппараттың кернеуін қажет етеді, жады, сондай-ақ ойлау процестерінің активациясы, эмоциональды ортамен байланысты.
Ақылды еңбектің формалары операторлық, басқаратын, творчестволық еңбек, медицина қызметкерлерінің еңбегі, мұғалімдердің еңбегі, оқушылардың және студенттердің еңбегі деп бөлінеді. Олар еңбек процесінің организациясына, түсетін салмақтың біркелкілігіне, эмоциональды кернеудің деңгейңне байланысты ажыратылады.
Операторлық еңбек. Заманауи көпфакторлы өндіріс жағдайында алғашқы план басқару және бақылау функцияларының технологиялық линиялардың жұмысын, тауар айналымын, сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Мысалы, көтерме сауда базасы диспетчерінің немесе супермаркеттің бас әкімгерінің жұмысы қысқа уақыт ішінде өте көп ақпарат көлемін қайта өңдеумен және жүйке-эмоционалдық салмақтың жоғарылағандығымен байланысты.
Басқару еңбегі-мекемелер мен өндіріс орындары басшыларының еңбегі, ақпарат көлемінің шамадан тыс өсуімен, шешімді жылдам қабылдаумен, жеке басының жоғары жауапкершілігімен, ішінара даулы мәселелердің туындауымен сипатталады.
Шығармашылық еңбекпен айналысудың неғұрлым қиын формасы, есте сақтау қабілетінің жоғары болуын, зейінді шынықтырады, сол арқылы жүйкеге эмоционалдық салмақ түсіреді. Бұл педагогтардың, бағдарламашылардың, дизайнерлердің, ғылыми қызметкерлердің, жазушылардың, сазгерлердің, әртістердің, суретшілердің, сәулетшілердің, конструкторлардың еңбегі.
Мұғалімдердің, сауда және медицина қызметкерлерінің, қызмет көрсетудің барлық саласы қызметкерлерінің еңбегі адамдармен тұрақты қарым-қатынас, жауапкершіліктің жоғарылығы, уақыт жетіспеушілігі және дұрыс шешім қабылдау үшін ақпараттың аздығы арқылы айқындалады да, жүйке-эмоционалдық салмақтың жоғары деңгейін қалыптастырады.
Оқушылар мен студенттердің еңбегі-бұл есте сақтау, зейін, қабылдау, стрестік жағдайлардың (емтихан,сынақ) туындауы сияқты психикалық функциялардың ширығуы.
Адамның еңбектің әр түрлі формаларымен шұғылдануын ой және дене еңбегінің физиологиялық негіздерін міндетті түрде есепке ала отырып, табысты жүзеге асыруға болады, ағзаның еңбекке қабілеттігін көтеруге қажетті шараларды жүзеге асыру, еңбек ұтымдары мен жекке жұмысшаларға қолайлы жағдай жасау арқылы.
Өндіріс ғимараттары мен жұмыс орындарына және аймақтарға, сол сияқты микроклиматқа қойылатын санитарлық-техникалық талаптар. Құрылыс нормалары және ережелерінде (СНиП) және өндіріс орнын жобалаудың санитарлық нормаларында көрсетілген.
Өндіріс орнын орналастыратын алаңқайды елді мекендер дамуының басты жоспарын басшылыққа ала отырып таңдайды. Алаңқайдың өлшемдерін құрылыс-санитарлық нормаларға сәйкес, болашақта өндіріс орнының кеңею мүмкіндігін ескере отырып анықтайды. Алаңқай құрғақ, су шаймайтын, күн сәулесі тура түсетін, табиғи желденетін, салыстырмалы түрде тегіс жерде, су көзіне жақын, артық сулар ағып кететін жерде орналасуы тиіс. Көлік құралдарының еркін жүруін, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шарттары сақталған, сол сияқты өрт қауіпсіздігінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өндіріс орындарын бірі екіншісіне кері әсер етпейтіндей етіп орналастыру қажет.
Өнеркәсіп өндіріс орындарының санитарлық классификациясы күтімге алынған және жасылдандырылуы тиіс санитарлық-қозғалатын аймақтың көлемін қарастырады. Жасыл желектер жер үлесінің қолайлы микроклиматына, адам ағзасы мен оның жүйке жүйесіне игі әсер етеді. Ғимарат ішін де жасылдандыруды жүргізу қажет (жұмыс бөлмелерінің интерверлерін, цехтарды, сауда залдарын, кеңселерді т.б). Жасылдандырудың санитарлық-гигиеналық және эстетикалық маңызы зор, себебі ауа құрамын жақсартады, жылдың ыстық мезгілінде температураны төмендетеді, ылғалдылықты жоғарылатады. Иісі, түсі, жапырақ сыбдыры адамның еңбекке қабілетін көтеруге игі әсер етеді.
Ғимараттар арасында санитарлық бөліністердің маңызы зор. Егер ғимараттар терезелер арқылы жарықтандырылса, онда санитарлық бөліністер жер деңгейінен қарама-қарсы ғимарат карнизіне дейінгі ең үлкен биіктіктен кем болмауы керек.
Қабылданған ережелерге сәйкес, өндіріс орындарында қалдықтар мен қоқыстарды жинауға арналған арнайы орындар болуы қажет. Оларды орналастыру жергілікті-санитарлық эпидемиологтялық қызмет орындарымен келісіп жүзеге асырылады.
Өндірістік ғимараттар мен ғимараттардың көлемді жоспарлау және конструктивті шешімдері СНиП талаптарына жауап беруі тиіс (технологиялық және санитарлық бөлімі).
Бір жұмысшыға шаққанда өндіріс ғимарттарының көлемі 15м3 кем болмауы, ауданы-4,5м2 кем емес, биіктігі -3,2 м болуы керек. Өндіріс ғимараттарында тиісті тазалық сақталуы тиіс.
Шаң мөлшері көп бөлінетін өндіріс орындарында ғимараттарды тазалауды шаңсорғыш құрылғылардың көмегімен және гидрожуу арқылы жүргізуге болады.
Жылу бөлінетін ғимараттар (20ккал/(3м/с))с.с зиянды газдар, булар, шаң бөлінетін өндірістерді ғимараттар мен ғимараттардың сыртқы қабырғасының жанынан орналастырған дұрыс. Көп қабатты ғимараттарда мұндай өндіріс орныдарын жоғары қабаттарға орналастырып, оларды ағып келетін-сыртқа шығатын желдеткішпен қамтамасыз ету керек.
Жылытылатын өндіріс және қосалқы ғимараттарда ерекше дымқыл бөлмелерді ескермегенде, сыртқы қоршаулардың ішкі қабатында конденсаттың жинақталуына жол беруге болмайды. Сондықтан мұндай ғимараттардың қабырғаларын қорғаушы-әрлеуші буизоляциялық қабатпен қаптайды.
Қабырғаларды әрлеу эксплуатациялағанда қатты гигиеналық және экономды болып эстетикалық талаптарға жауап беруі тиіс. Арнайы зауыттарда шығарылған әрлеу элементтерін қолдануға кеңес беріледі: панелдер, қалқандар және әр түрлі формадағы және түрлі түсті плиталар жасанды құрылыс материалдарының азық-түлік тауарларын қабылдау, сақтау сатуға арналған ғимараттардағы сол сияқты жуатын және жуынатын бөлмелердегі қабырға панельдері суға төзімді синтетикалық материалдармен, жылтыратылған плиткалармен көмкерілуі тиіс немесе майлы яки суға төзімді синтетикалық бояулармен 1,8м биіктікке дейін боялуы керек.
Өндіріс ғимараттарының едендерін ыңғайлы тазалауды қамтамасыз ететін және аталған ғимараттың эксплуатациялық талаптарына сай келетін материалдардан жасау керек.
Әдетте, өндіріс орындарына қосалқы санитарлық-тұрмыстық бөлмелер болуы керек (киім ілетін, жуынатын бөлмелер, әжетханалар, темекі тартатын бөлмелер, тамақ ішу пункттері, әйелдердің жеке гигиенасы бөлмелері, т.б). Бұл бөлмелердің құрылымы, өлшемдері және құрал-жабдықтары санитарлық сипаттамасына, өндірістік процесстерге, жұмысшылардың санына, т.б факторларға байланысты болады және СНИП-те анықталады (құрылыс нормалары және ережелері).
Өндірістегі жұмысшылардың еңбегін қорғау үшін сыртқа шығатын есіктер мен өтпелі жерлерді, сатылар мен алаңқайларды дұрыс жоспарлау мен орнатудың маңызы зор. Олар құрылыс, эксплуатациялық, санитарлық-техникалық және өртке қарсы талаптарға жауап беруі тиіс.
Ғимараттардың ішінде технологиялық құрал-жабдықтарды рациональды орналастыру технологиялық процесстерді ұйымдастыруға, еңбек өнімділігінің артуына және оның қорғалуына ықпал етеді. Құрал-жабдықтардың орналасуы оларды эксплуатациялауға ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс.
Өндіріс орындарының сумен қамтамасыз етілуінің еңбекті қорғауда маңызы орасан. Өндіріс орны ішетін сумен, шаруашылық-гигиеналық, өндірістік және өртке қарсы мақсаттарға жұмсалатын сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Сумен қамтамасыз етудің екі түрі ажыратылады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде су ортақ қолданылатын құбыр жолдары арқылы жеткізіледі, ал орталықтандырылмаған жағдайда – жергілікті су көздерінен алынады (құдықтардан, бастаубұлақтардан, т.б су көздерінен).
Шаруашылық ішуге жарамды сумен қамтамасыз ету су көздерін таңдауды жергілікті әкімшілік және санитарлық-эпидемиялық қызмет орындарымен келісе отырып жасау қажет. Судың сапасы ішуге жарамды судің мемлекеттік стандартына (МЕСТ) сай болуы тиіс. Қайнамаған суды ішуге тек қана санитарлық-эпидемиалогиялық қызмет органдары ғана рұқсат бере алады.
Барлық өндіріс орындарына санитарлық және ережелер мен нормаларға сәйкес ағын суларды қабылдау, жою, залалдандыру, сол сияқты оларды белгілі бір бөліктерге жеткізуге арналған канализациялық құрылғылар болуы тиіс. Канализациясы жоқ өндіріс орындарында аула әжетханалары және бетон шұқырлар орнатылады, олар қауіпсіздік эксплуатациялық және санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беруі тиіс.
Өндірістік және қосалқы ғимараттардағы жарық, жылыту, желдету және ауаны салқындату адамның денсаулығын сақтауға және оның еңбекке қабілетін көтеруге жағдай жасайтын қолайлы ортаның оптималды өлшемдерін өндірістік микроклиматты қамтамасыз етеді.
Өндірістік
ғимараттардағы ауа температурасы жылдың
суық және өтпелі кезеңдеріндегі жұмыстың
ауырлығына байланысты 14-тен 21
-қа
дейін, жылы кезеңде 17-ден 25
-қа
дейін болуы керек.Ылғалдылық
мөлшері-60-70
көлемінде,ауаның қозғалу жылдамдығы
-0,2-0,5м/с көп емес.Жылдың жылы кезінде
ғимараттардағы ауа температурасы
сырттағы температурадан 3-5
-тан
көп болмауы,бірақ 28
-тан
жоғары емес,ол ауаның қозғалу жылдамдығы
-1м/с дейін болуы тиіс.
Өндірістік жағдайларды,олардың адам ағзасына әсерін комплексті зерттеумен,сол сияқты оларды жақсарту мен енгізу шараларын жасаумен еңбек гигиенасы және өндіріс санитариясы қызметі айналысады.
Еңбек гигиенасының құрамдас бөлігі-бұл адам ағзасындағы еңбекпен айналысуына байланысты пайда болатын физиологиялық процесстерді зерттейтін еңбек физиологиясы. Еңбек физиологиясының міндеті еңбек организациясына физиологиялық көзқарас тұрғысынан рациональдылықты табу, ол кезде адам шаршағыштығы азаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады.
Ауаны желдету және салқындату
Өндіріс орындарында ауаны желдету және салқындату еңбек гтгтенасының талаптарына сай ортаны қалыптастырады. Желдетудің көмегімен ғимараттардағы температураны, ауаның ылғалдылығы мен тазалығын реттеп отыруға болады. Ауаны салқындату оптималды жасанды климат жасайды.
Әкімшілік, тұрмыстық және т.б ғимараттарда ауаны желдету қажеттілігі:
технологиялық процестер (жылуатациялау процесінде улы газдер шығаратын машиналар мен құрал жабдықтарды қолдану; орамадан шығару, бөліп салу, орау-шаң бөлу).
жұмысшылар мен келушілердің көлемі (әр-түрлі сауда орындарында келушілердің едәуір көптігі неғұрлым интенсивті ауа алмасуды қажет етеді)
санитарлы-гигиеналық талаптар (фармацевтикалық өндіріс ерекше тазалықты, соның ішінде ауаның тазалығын қажет етеді)
Өндіріс ғимараттарында ауа алмасуының жеткіліксіздігі жұмысшылардың зейіні мен еңбекке қабілетін әлсіретеді, жүйкесін тітіркендіреді, нәтижесінде еңбек өнімділігі мен сапасы төмендейді.
Желдетудің табиғи және жасанды түрлері бар. Табиғи желдету желдің және жылу ағысының әсерінен ғимараттарда, ғимараттардың ішіндегі, сырттағы ауаның ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Табиғи желдету ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып бөлінеді. Ұйымдастырылған табиғи желдету аэрация немесе дефлекторлар арқылы жүзеге асырылады. Табиғи желдету жағдайында ауа циркуляциясы қабырғаларда орналасқан желдету каналдары, жарықшамдар және арнайы ауа өткізгіштер арқылы жүреді.
Аэрацияда ауа алмасуы каналдар арқылы емес, терзелер, форточкалар, әйнкетердің беткі қабаты арқылы жүруі мүмкін. Дефлекторлы желдету-арнайы қондырғылары бар каналдар немесе ауа өткізгіштер арқылы. Олардың әрекет етуі жел тиетін жақтағы қондырғыларының жел ағысына ұласуы барысында қарама-қарсы беттегіге қарағанда жоғары қысым пайда болып, ауа алмасуы жүруіне негізделген.
Ұйымдастырылмаған желдету тығыздалған конструкциялар арқылы жүзеге асырылады (терезе, есік, қабырға қуыстары). Ол ғимарат ішінде және сыртында ауа температурасының әртүрлілігімен, с.с жел тұрғанда ауаның қозғалуы арқылы жүзеге асады.
Жасанды (механикалық) желдету желдеткіштер мен электорлардың жұмысы аясынан жүзеге асырылады. Ол ағып келетін, сыртқа шығарылатын және ағып келетін-сыртқа шығарылатын болуы мүмкін.
Ағып келетін желдетуде ауаның жеткізілуін желдеткіш агрегат, ауаны жоюды-жарықшамдар мен дефлекторлар жүзеге асырады. Ол әдетте, жылу мөлшері көп және қауіпті заттардың концентрациялануы аз ғимараттарда қолданылады.
Сыртқа шығарылатын желдету ғимараттан ауаны сорып шығаруды желдеткіш агрегаттың көмегімен жүргізеді. Ол ауасында қауіпті заттар көп концентрацияланбаған, сол сияқты ылғалдылығы мен жылуы көп ғимараттарда қолданылады.
Желдетудің ағып келетін - сыртқа шығарылатын жүйесі жекелеген желдеткіш жүйелерінің көмегімен жүзеге асырылады, олар ғимаратқа берілетін және жойылатын ауа мөлшерінің бірдей болуын қамтамасыз етуі тиіс. Үнемі зиянды заттар бөлініп тұратын ғимараттардағы желдету сыртқы шығарылатын ағып келетіннен 20 -ға жоғары болуы керек. Бұл жағдайларда ауаны сору зиянды заттар шоғырланған жерлерде жүзеге асырылады, ол жұмыс орындарына таза ауа беріледі.
Атқаратын қызметіне қарай желдету жалпы алмастырғыш және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы алмастырғыш желдету бүкіл ғимараттағы ауа алмасуын қамтамасыз етеді, ол жергілікті-оптималды жайлы өлшемдері санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес СНиП ИГ-А 10-85-те көрсетілген. Құрылысы аяқталған өндіріс орындарын, ғимараттар мен имараттарды қабылдау. Негізгі ережелер және СНиП П-М 3-83. Өнеркәсіп өндіріс орындарының қосалқы ғимараттары мен бөлмелері. Жылыту мен желдету.
Өндіріс орындарында желдетудің әртүрлі жүйелерін қолданады, бірақ механикалық жолмен іске қосылатын, ағып келетін -сыртқа шығарылатын түрі жиі қолданылады. Зиянды заттардың көп бөлініп шығу қаупі бар жекелеген өндіріс ғимараттарда қысқа уақытқа қосымша апатты желдетуді орнатады. Апатты желдету үшін өнімділігі жоғары осьтік желдеткіштерді қолданады, оларды арнайы жерлерде орнатады.
Ғимараттар мен жұмыс орындарын жарықтандыру.
Жарықтандыру адам ағзасы мен өндірістік шешімдердің жүзеге асырылуына әсер етеді. Дұрыс жарықтандыру бақытсыз жағдайлардың санын азайтады, еңбек өнімділігін арттырады. Зерттеулер көрсеткендей, жақсы жарықтандырылғанда еңбек өнімділігі шамамен 15 -ға өседі.
Дұрыс жарықтандырмау жұмысшылардың көру қабілетіне зиян келтіреді, қоянсоқырлық, спазм, аккомодация, көз шаршауы және т.б. ауруларының себебі болуы мүмкін, ойлау және жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді, өндіріс процесінде қателердің, апаттардың, бақытсыз жағдайлардың санын көбейтеді.
Техникалық және санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін жарықтандыру рационалды деп аталады. Өндірісте рационалды жарықтандыруды қамтамасыз ету маңызды және актуалды мәселе болып табылады.
Ғимараттарда табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады. Табиғы жарықтандыру дегеніміз ғимараттарға күн жарығының терезе арқылы түсуі және ірі типті жарық түсіргіштер (көше жарық шамдары). Табиғи жарықтандыру жылдың және тәуліктің мезгіліне байланысты, с.с атмосфералық құбылыстарға байланысты жиі ауысады.
Жарықтандыруға ғимараттардың орнымен орналасуы, әйнектелген бетінің көлемі, терезелердің пішіні мен орналасуы, ғимараттардың арақашықтығы, т.б әсер етеді.
Ғимарат ішіндегі жарықтандырудың сапасы әйнектелген қабаттың еден ауданына қатынасы арқылы есептелетін-жарық коэффиценті арқылы анықталады.
Ғимараттарды жарықтандыру нормаланады. Әртүрлі ғимараттарды табиғи жарықтандыру нормалары олардың атқаратын қызметі есепке алынып жасалады. Қабылданған нормативтерге сәйкес жекелеген ғимараттар үшін жарық коэффиценті 0,10-нан 0,20-ға дейін өзгеруі мүмкін.
Табиғи жарықтандыру-адам үшін қолайлы, алайда ол өндірістік ғимараттарды жеткілікті дәрежеде жарықпен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, тәжірибеде жанады жарықтандыру кең қолданысқа ие.
Рационалды жасанда жарықтандыру шұғыл өзгермейтін және пульсациясыз біркелкі жарықтандыруды, жарықтың қолайлы спектралды құрамын және жеткілікті анықтықты (кандел/м2) қамтамасыз етуді қарастырады. Сондықтан, ғимараттарды рационалды жарықтандыру үшін, жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру қажет. Жалпы және жергілікті жарықтандырудың бірігуі үйлесімді жарықтандыруды құрайды.
Өндіріс
орындарында түнде және жұмыстан бос
уақытта қосылатын кезекші жарықтандыру
жұмыс істейді, сол сияқты апатты
жарықтандыру жұмыс істейді (жұмыстық
жарықтандыруды 10
-тен
кем емес құрайды).
Жасанды электрлік жарықтандыру үшін толқындық және люминесцентті лампалар қолданылады. Люминесцентті лампалар жоғары сапаны қамтамасыз етеді және табиғи жарықты имисациялайды. Олар электрэнергияны жұмсауда, жұмыс істеу уақыты тиімді болып келеді.
Жарықтық ағынның таралу сипаттамасы бойынша жарықшамдар үш топқа бөлінеді: тура, шағылысатын және шашырайтын жарықшамдар. Жарықшамдар пайдалы әрекет коэффицентімен, қорғаныс бұрышымен және жарық таралудың диаграммасымен сипатталады.
Соңғы жылдары ғимараттарды жарықтандыруды алу үшін қабырғаға кіріктірілген жарық беру құралдары көп қолданысқа ие болып жүр: жарықтандыратын панелдер мне потолоктар, сондай-ақ ілініп туратын потолоктар. Олар ғимаратты біркелкі жарықтандыруға көмектеседі және адамның жұмыс істеу қабілетіне жақсы әсер етеді.
Жарықтандыратын құрылғылардың эксплуатациясын дұрыс ұйымдастыру маңызды рөл атқарады, ол терезелердің, жарықтық фонарлардың және ластанудың алдын алатын жарықшамдар, жарықшамдардағы жанып кеткен лампаларды өз уақытында ауыстыру, құрылғыны профилактикалық ремонт жасау, ғимарат аумағында жалпы тазалықты сақтау, қабырғаларды уақытында сырлау систематикалық тазалауларын ойластырады және ғимарат төбесін ашық тонға бояйды.
Жарықтандыратын құрылғыларды эксплуатация жасау кезде тұрақты кернеу болуын бақылау маңызды және шығынға немесе кернеу тербелісіне алып келетін себебін жою керек. Жарықтылықты тексеру үш айда бір реттен артық жасалмауы тиіс.
Жарық көзінің көздің соқырлығына алып келетін құбылыстарынан сақтану керек, жарық құрылғыларынан қорғау әйнектерін және рефлекторларды шешуге, жарықшамдардың іліну биіктігін төмендетуге болмайды. Жарықтандыру құрылғыларына қызмет көрсетуді және жөндеуді квалифицирленген персонал жасауы керек.
Жарықтандыру жүйесінің жарықтылығы және эксплуатациясы бақылау ведомстволық органдарында тексеріледі.
Эргономика және техникалық эстетика.
Өндіріс орнында адамды қоршаған сыртқы орта адамның ағзасына, оның физиологиялық қызметіне, психикасына, еңбек өнімділігіне әсер етеді.
Өндірістік ортаны адам ағзасының мүмкіндіктеріне бейімдеу мәселесімен эргодинамика ғылымы айналысады. Эргономика "адам-еңбек құралы-өндірістік орта" жүйесін зертейді және оның оптимизациясы жөніндегі кеңестерді жасау тапсырмасымен айналысады. Бұл процестің оптимизациясы адамның функционалды тапсырмаларды орындауда қолайлы жағдайда сезінуге мүмкіндік береді. Ол ғылымға негізделген ұйымдастырушылық-техникалық талаптар мен шешімдер еңбек құралдары мен процестеріне, адамның физикалық, психологиялық және антропометриялық ерекшеліктерін ескере отырып қоршаған ортаға қойылады.
Өндірістік ортаның сапасын бағалау үшін келесі эргодинамикалық көрсеткіштер қолданылады.
гигиеналық-жарықтандыру деңгейі, температура, ылғалдылық, қысым, тозаңдату, шу, радиация, вибрация және т.б.
антропометриялық-өнім адамның антропометриялық қасиеттеріне сәйкес келуі (өлшем, форма). Көрсеткіштердің бұл тобы рациональды және жайлы орналасуды, дұрыс дене келбетін, қолдың оптималды әрекетін және т.б., адамдарды жылдам шаршаудан қорғауы тиіс.
физиологиялық-өнімнің адам ағзасы сезім мүшелерінің қызмет ету ерекшелігін анықтайды. Олар адам қимылдарының көлемі мен жылдамдығына, сезім мүшелері арқылы көру, есту, сипап сезу, дәм сезу, иіс сезу арқылы ақпарат алуына әсер етеді.
психологиялық-өнім адамның психологиялық ерекшеліктеріне жауап беруі. Психологиялық көрсеткіштер өнімнің адамның берік және қайта қалыптасқан шеберлігін, адамның ақпаратты қабылдау және қайта өңдеу мүмкіндігін сипаттайды.
Соңғы кезеңде еңбек ортасының эстетикасы мен өндірістік ортаны эстетикалық негізде қайта құруға көп көңіл бөлініп жүр. Еңбек жағдайларын жақсарту үшін өндірістік және техникалық эстетиканың маңызы зор. Өндірістік эстетика ұғымына жоспарлы, құрылыс -безендіру және технологиялық эстетика кіреді.
Жоспарлы эстетика ғимараттардың құрылымын, өлшемін, орналасуын және өзара байланыстарын қамтиды. Ол адамдарды көлік құралдарын тасымалдаудың ең қысқа жолдарын, прогрессивті технология бойынша ендіру және еңбек өнімділігін көтеру жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.
Құрылыс-безендіру эстетикасы жарықтандыру қабырғаларды, ғимараттардағы көркемдік эстетикалық жағдайды қалыптастыру мәселесін шешеді.
Технологиялық эстетика құрал жабдықтарды, өтпелі желілерді, коммуникациялық жүйелерді, т.б таңдау және орналастыруды қарастырады.
Өндіріс эстетикасының сұрақтар жинағын дұрыс шешу адам ағзасына игі әсер етеді; жарақаттану себептерін жояды және мамандыққа байланысты аурулардың алдын алады, еңбек өнімділігі мен өндіру мәдениетін жоғарылатады.
Техникалық эстетика-құрал жабдықтарды құрылғылар мен құралдарды құрастыру және эксплуатациялауды және архитектониканы (жоспарлау формаларын, пропорцияларын, үйлесімділігін есепке алады) жұмыстың қауіпсіздігі мен зиянсыздығын (қауіпті аймақтарды қоршау, қорғаушы құрылғылар) қамтиды.
Өндірістік микроклимат (метеорологиялық шарттар)-адам ағзасына температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысының жылдамдығы, сондай-ақ айналасындағылардың температурасымен анықталатын өндірістік ғимараттың ішкі ортасының климаты.
Өндірістік микроклимат климаттық белдеуден және жыл мезгілінен, технологиялық процестің мінезінен және қолданылып отырған құрылғы түріне, ғимарат өлшеміне және жұмысшылар санына, жылыту және желдету шарттарына тәуелді. Сондықтан әртүрлі объектілерде өндірістік микроклимат әртүрлі. Бірақ та, микроклиматтық шарттар көп бейнелілігін ескере отырып, оларды төрт топқа бөлуге болады.
1.Өндірістік ғимараттардың микроклиматы, оларда өндірістік технология жылу бөлінулермен байланыссыз. Бұл ғимараттардың микроклиматы негізінен жергіліктікке, жылытуға және желдетуге тәуелді. Мұнда тек қана жылу жетпеген кезде жаздың күні аздаған жылыту мен қыста суыту мүмкін болады.
2.Өндірістік ғимараттардың микроклиматы көп жылу бөлінумен байланысты. Мұндай ыстық цехтар деп аталатын өндірістік ғимараттар кең таралған. Оларға котельдік, кузнечтік, мартендік және домендік печтер, нан пісіретіндер, қант заводтарының цехтары және т.б жатады. Ыстық цехтарда ысытылған заттардың жылулық сәулелері микроклиматқа әсерін тигізеді.
3.Ауаны жасанды суытуы бар өндірістік ғимараттардың микроклиматы. Оларға әртүрлі тоңазытқыштар жатады.
4.Климаттық ауа-райылық шарттарға тәуелді ашық атмосфера микроклиматы (мысалы, ауыл шаруашылық, жолдық және құрылыстық жұмыстар).
Адам мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуды қамтамасыз ететін өндірістік микроклимат параметрлерінің әртүрлі тербелістерінде ағзаның жылулық балансын сақтау профессиональды функцияларды орындау барысында адамның өмір әрекетінің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Өндірістік микроклиматты нормалау және жағымсыз әрекеттер
Өндірістік ғимараттарда, технологиялық шарттарға байланысты жылжымайтын мүліктің техникалық өндірістік процесіне, оның қамтамасыз етілуіне немесе бағыт түріне экономикалық нақты емес жұмыскерлердің қорғанысы бойынша іс-шаралар мүмкін қайтажылыту және суытудан миккроклиматтың нормативтік өлшемдерін қарастыру міндетті.
Ыстық цехтарда еңбек шарттарын сауықтырудың негізгі жолы технологиялық процесті өзгерту, жылу бөліну және жылытатын микроклиматпен жұмысшылардың контакттық уақытын азайту болып табылады, сондай-ақ эффективті желдету, еңбек және демалыстың режимін рацоналдау, ауыз су режимін, арнайы киімді қолдану.
Метеорологиялық шарттарды жақсартудың эффективті заты құралдарды қыздырумен байланысты барлық процестерді автоматтау және механизациялау болып табылады.
Жылу сәулелерін және сәулелердің түсуін және конвекционды жылудың жұмыс зонасына түсуін жылуизоляция және экрандау айтарлықтай азайтады.
Конвекциялық сәуленің жылуы маңызды болатын өндірістік ғимараттарда, метеорологиялық шарттарды нормалайтын шара табиғи желдету-аэрация, сондай-ақ тұрғылықты ауа душтарын міндетті түрде қолданатын механикалық желдету.
Ыстық цехтардағы жұмысшылардың жұмыс қабілетін арттырудың факторы еңбек және демалыс режимін сақтау, қысқартылған жұмыс күні, қосымша демалыстар, демалыс бөлмелері және т.б болып табылады.
Ыстық цехтарда жұмыс істейтіндердің демалысы үшін арнайы кабиналар немесе радиационды салқындатуы бар бөлмелер қолданылады.
Жылулық қысымнан кейін пайдалы әсерді гидропроцедуралар береді-жұмыс орнына жақын орналасқан жартылай душтар.
Қайта қыздырудың жеке профилактикасы үшін рацональды су ішу режимі көп мағынаға ие. Қайта қыздырудың профилактикасында индивидуальды қорғанулар үлкен рөл ойнайды (мақтақағазды, суконды және штапельдік маталардан жасалған арнайы киімдер, фибронды, дюралды каскалар, шляпалар және т.б).
Өндірістік ғимаратқа суық ауаның кіруін ескерту үшін кірісте ауа завестерін немесе тамбур-шлюздар орналастыру керек. Егер ғимаратты жылыту мүмкін болмаса, ауалық және сәулелік жылу қолданылады. Ашық ауада суық климаттық зонада жұмыс істеген кезде арнайы жабдықтандырылған жылы ғимараттарда жылыну үшін демалыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, арнайы киімдер, аяқ киім, қолғаптар (шерстен, жүннен, жылуқорғағыш қасиеті бар жасанды маталардан, жылытатын киімдерден және т.б) маңызды рөл атқарады. Төменгі температураларда ашық ауада жұмысты аяқтау тұрғылықты органдардың негізінде жүзеге асады.
Негізгі әдебиет:
Қосымша әдебиет:
Бақылау сұрақтары:
1.Өндірістік орта?
2.Еңбектің түрлері?
3.Ғимараттардағы ауаны желдету және салқындату?
4.Ғимараттарды және жұмыс орындарын жарықтандыру?
