Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казакстан тарихы ГОС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.1 Бағалау дескрипторлары

Негізгі бағалау дескрипторлары оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі.

Тәжірибе жүзінде оқушыға берілген баға оның бағалау тапсырмаларын қалай

орындағанына байланысты болады. Оқушылардың емтихан парағының кейбір бөлімінде көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.

Баға

Бағалау дескрипторлары

A бағасы

А бағасына жауап беру үшін, білім алушы:

  • тиянақты және логикалық дәлелдемені қуаттау үшін тарих туралы білімін есіне түсіріп, іріктеп, ашық айтуы керек

  • үйлесімді терминологияны қолдана отырып , өте лайықты нақышта байланыс орнатуы керек

  • өткен қоғам мен жеке адамдар туралы білімін көрсетуі керек

  • көптеген тарихи деректерді келтіріп, оларды дәлел ретінде қолдана білуі керек

  • белгілі деректерге шек қойылғанын нақты анықтауы керек деректерді салыстыра отырып, бір тиянақты логикалық тұжырымдамаға келуі керек.

C бағасы

C бағасына жауап беруі үшін, білім алушы:

  • логикалық дәлелдемені қуаттау үшін тарих туралы біраз жақсы білімін есіне түсіріп айтуы керек

  • біршама үйлесімді терминологияны қолдана отырып , ашық, түсінікті байланыс орнатуы керек

  • өткен қоғам мен жеке адамдар туралы білімін көрсетуі керек

  • тарихи деректерді келтіріп, оларды дәлел ретінде қолдана білуі керек

  • белгілі деректерге шек қойылғанын анықтауы керек

  • деректерді салыстыра отырып, бір түсінікті тұжырымдамаға келуі керек.

E бағасы

Е бағасына жауап беру үшін, білім алушы:

  • дәлелдемені қуаттау үшін тарих туралы білімін есіне түсіруі керек

  • терминологияны қолдана отырып , орынды байланыс орнатуы керек

  • нақты мысал келтіре отырып, басқа адамдардың көзқарасын білетіндігін көрсетуі керек

  • тарихи деректерді келтіріп, оларды дәлел ретінде қолдана білуін шектеулі түрде болса да көрсете білуі керек

  • тұжырымдама жасамай-ақ, дәлел бола алатын деректерді салыстыра білуі керек

  1. Мысал сұрақтар үлгісі

Әр сұраққа балл сұрақтың соңында қойылады, мысалы: [9].

Әр сұраққа қалай балл қойылатындығы туралы нұсқаулық түсінікті болу үшін, сұрақтардың әрқайсысына балл қою схемасы берілген.

7.1 1-емтихан парағы: Мысал сұрақтар үлгісі

Төмендегі дереккөздерді мұқият қарап, өз жауаптарыңда қолдана біл.

A Дереккөзі

[1936 жыл. Ресей Үкіметі шығарған Колхоз өмірінің бір үзіндісін сипаттайтын сурет.]

B Дереккөзі

Алматы, Қазастан - "Біз қәзір осы өңірдің басты өнім шығарушыларымыз,”- дейді Оңтүстік Қазақстанда астық өсіретін компания фермері/диқаншысы, Дархан Тишабаев мақтанышпен. “Бір- екі жылдықта ғана басқалардың артында қалып, күн көріс үшін күрескенбіз.” Тишабаев Қазақстанда жеке шаруашылықты қолдайтын, Әлемдік Банк жобасының бір бөлігі болып табылатын несие туралы сөз қозғап отыр.

1998 жылы Қазақстванның ауыл шаруашылық секторы 30 жыл ішінде ең төменгі сатыға түскен еді. Шаруашылықтардың басым көбі көптеген шығынға ұшырап, ауылдың табысы күрт төмен түскен. Осы жылы Қазақстан Үкіметі Банк қолдауын талап ететін Ауыл шаруашылығына жекешелендіруден кейінгі Көмек деген жобаны бастады.

Бұдан бұрынғы шаралар — ауыл шаруашылығын жекешелендіру мен мемлекеттік бақылауды жою – бұл секторды өркендетуді жүзеге асыра алмады, оның ең басты себебі – елдің жалпы заңды және институтциялық базасы нашар болып, ауыл шаруашылығын қаржыландыру жоқтың қасында болды. Әсіресе, жұмыс қуатының 25 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығын қаржыландыруға және де банктің ұзақ мерзімді қаржыландыру қоры болмағандықтан банктер тәуекел етпеді.

[2008 жылғы Қазақ тіліндегі газеттен алынған]

C Дереккөзі

1953 жылы, КСРО Орталық Комитетінің маңызды пленарлық кездесуінде Хрущев жолдама жолдады. Ауыл шаруашылығында жаңа үкім жарияланды. Бағалар өсірілді. Ауыл шаруашылық өнімдері ақшаға сатылып алынатын болды. Ауыл шаруашыларына кепілдендірілген ақша төленетін болып Қазастан мен басқа өңірлерде игерілмеген жерлерді дамыту туралы шешім қабылданды. Бұрын еш игерілмеген жерлерде ауыл шаруашылықтары орын тебе бастады. Жаңа жерлерде жер тыңатылып, дән игерілетін болды. Мыңдаған жастар осындай өңірлерге жіберілді. Жерді жақсы тыңайту шаралары қолданылса да, кейбір сәтсіздіктер орын алды. Алайда жер игеру айтарлықтай күшейіп, елге улкен табыс әкелді.

[‘Белес: Қайта құру кезеңі экономикасы’ Аганбегян. А. бейімделген. М. Горбачевтің экономикадан басты кеңесшісі, Ғалымдар Академиясының Кеңес мүшесі. 1988 жылы басылып шыққан]

D Дереккөзі

Хрущев жерді өңдеудің ең тез және тиімді жолын көздеді. Алайда трактор құрастыру мен тыңайтқыштарды шығару ұзақ уақыт алатын болғандықтан, егіс жерлерді ұлғайтатын шешім қабылданды. Арасында мол жауын шашыны бар оңтүстік өңірдің, қуаңшылықты солтүстік өңірдің аяқ баспаған, егін егу үшін айдалып тасталынған 13 миллион гектар егістік жерлерге дәнді дақылдар себілді. Мыңдаған жастар жаз мезгілінде көп көмек көрсетті. 1953 - пен 1956 жылдары КСРО-да 36 миллион жер игерілді. Әлем тарихында болмаған жай орын алды.

Бірақта өнім беретін тіршілік көзі нашарлай бастады. Мен 1955 жылы солтүстік Қазақстанға барғанымда жағдайдың жақсы еместігін байқадым. Қуаңшылық жыл болатын, көп мәселелерге келіп соқтыратыны анық болатын. Күзгі егіс үшін қар қалыңдығының аздығы, өсімдіктердің мұзға қатып қалатындығы белгілі болды. Ол тіпті жарысқа айналып, жергілікті басқармалар бір –бірімен жер тыңайтудан жарысқа түсті. Тыңайтуға келмейтін жерлер тыңайтылып, тек қана бір дақыл егіліп, жер қыртысының эрозиясын тудыратын қауіп төнді.

[‘КСРО экономика тарихынан бейімделген. Алек Нов. 1982. Британия Университетінің экономика тарихының докторы]

E Дереккөзі

1917 жылғы революция/төңкеріс ел үшін көп өзгерістер алып келуі тиіс еді. Теңдік орнатыла бастады. Жер мен мүлік кедей шаруаларға таратыла бастады. Бай кулактардың күй-жайлары революциядан бұрынғы жайларына қарағанда нашарлап керісінше, кедей шаруалар жерге ие бола бастады. Ауыл экономикасы ‘орта - қожалық’ деп аталатын кезеңді кешті.Алайда

жалпы өнім өте төмен болды. Оның бірден бір себебі, елдің жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен қожалақ шаруалардың/диқаншылардың өз қарабастарын ойлап, қала үшін өнім шығармаулары. Олар дән дақылдардың бағасы өте төмен болғандықтан, табыс көзін іздеп, басқа да дақылдар өсіре бастады.

[‘Жаңа режімдегі Ресей ауылы’ -нан бейімделген. В.П. Данилов. Кеңес тарихшысы. 1988]

F дереккөзі

[Кеңес үкіметінің ресми баспаларынан]

Сұрақтар

(a) Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдана отырып, Қазақстанда ауыл шарауашылығы мәселесін зерттеуші тарихшы үшін маңызды дереккөз құндылықтарына сипаттама бер. [15]

(b) Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдана отырып, кеңес жүйесінің Қазақстан ауыл шаруашылығына тигізген әсерін түсіндір. [18]

(c) Қазақстан ауыл шаруашылығы тарихы 19-шы ғасырдың соңынан бастап созылыңқы төмендеуде. Қаншалықты келісесің? Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдан. [21]

7.2 2- емтихан парағы: Мысал сұрақтар үлгісі

Үш сұрақ берілген. Екі сұраққа жауап беріңіз.