Ежелгі Қытай философиясының ілімдері
Лао – цзы / б.э.д. VI ғ. / негізін қалаған даосизм ежелгі Қытайдағы ықпалды қоғамдық саяси ілімдер ағымы болып табылады. Оның көзқарастары Дао дэ цзин шығармасында жазылған.
Даоны "аспандық ерік" ретінде қарастырған дәстүрлік теологиялык талдаудан ерекшелігі, Лао-цзы даоны "аспан билеушісі", тәуелсіз заттардың табиғи жолы, табиғи заңдылығы ретіңде сипаттаиды. Дао аспан, табиғат және қоғам заңын анықтайды. Ол жоғары мейірімділікті және табиғи әділдікті бейнелеп Даоға қатысты барлығы тең - деп, оны табиғи құқық ретінде түсіндіреді.
Даосизмде маңызды рөлді - әрекетсіздік қағидасы яғни белсенді әрекеттерден тартыну ұстанымын иеленеді. Даосизм бойынша барлық табиғи еместер (мәдениет, басқару сферасындағы жасанды азаматтық бекітілу, заң және т.б.) бұл- Даодан ауытқу және алдамшы жол.
Қытайдын саяси және этикалық ілім тарихыңда Конфуций ілімі басты рөл атқарады /б.э.д. 551-479/. Оның көзқарастары, өзінің оқушыларымен құрастырылған "Лунь-Юй" (беседы и высказывания) кітабында жарық көрген. Ұзақ ғасырлар бойы бұл кітап қытайлықтардың әлемдік көзқарасына және өмір сүрулеріне маңызды ықпал жасады. Оны балалар жатқа оқыды, үлкендер оның мәртебесіне сәйкес отбасылық және саяси істерде қолдаңды.
Дәстүрлі көзқарасқа сүйеніп, Конфуций, мемлекеттің патриархальдық - патерналистік концепциясын дамытты. Бұл тұжырымдама мемлекетті үлкен отбасы ретінде қарастырды. Император билігі әке билігімен, билеушілер мен бағынушылар қатынасы кішілері - үлкендерге бағынатын отбасы қатынасымен сәйкестендірілді.
Конфуциймен бейнеленген саяси - әлеуметтік иерархия адамдардың тең емес қағидасына негізделген: қара адамдар, қарапайым адамдар, төменгілер, кішілер, қайырымды ерлерге, жақсыларға, жоғарыдағыларға, үлкендерге бағынуы керек.
Осы көзқарасымен Конфуций биліктің аристократиялық концепциясын қолдады, қарапайым халық толығымен мемлекет билігіне араласудан шектетілді. Басқарудың күштеусіз әдістерінің жақтаушысы болып, Конфуций билеушілерді, шенеуніктерді және бағынушыларды өзара қатынасты қайырымдылық бастауында қалуға шақырды.
Конфуцийдің саяси этикасы толығымен қоғамның төменгі және жоғарыдағыларының арасындағы ішкі бейбітшілікке қол жеткізуге және басқаруды тұрақтандыруға бағытталған. Сонымен қатар ол таза моральдық факторлардан басқа байлық процесін және жергілікті халық арасында кедейлікті жою қажеттілігіне көңіл бөлді.
Конфуцизм өзінің пайда болған уақытынан кейін-ақ Қытай этика саяси ілімінде ықпалды ағымға айналды, ал б.з.д. II ғ. Қытайда ресми идеология болып белгіленіп, мемлекеттік дін орнын иеленді. [5,12 бет]
Моизмнің негізін салушы - Мо - цзы / 479 - 400 ж.ж. б э д / барлық адамдардың табиғи тепе-теңдік идеясын дамытты және жоғарғы биліктің халыққа тиісілі деген идеясымен мемлекеттің пайда болуының келісім - шарт концепциясын баяңдады.
"Әділдіктің бірдей үлгісін іздестіруде" Мо - цзы мемлекет және басқарудың келісім шарты идеясын алға қойды. Ертеде басқару және жаза болған жоқ, әркімнің әділдік туралы өз түсінігі болды, адамдар арасында қастандық орын алды, - деді ол. Аспан астындағы тәртіпсіздік жабайы адамдар арасындағыдай болды. Адамдар бұл хаостың негізгі себебі - басқару мен үлкеннің жоқтығы екенін түсініп, адамдар ең жақсылық жасаушы және ақылды аспанның адамын тандап оны "аспанның ұлы" жасапты. Тек қана, "аспан ұлы" ғана, аспан астында әділдіктің біріккен үлгісін құра алады, сол себепті аспан астында тәртіп орнады.
Мо - цзы ілімінде негізгі орынды мемлекетті басқару процесінде қарапайым халықтың мүддесін есепке алуды талап ету алады. Оның саяси - құқықтық жағдайға әлеуметтік жолы, кедейшілік басқарудағы тәртіпсіздіктің тамыры, деген таддауынан көрінеді. [1, 10 бет]
