Қорытынды
Қорытындылай келе, Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл «кімді кім жеңетіндігі» туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті Мемлекетті басқарудың негізгі құралы ретінде, қатаң заңдар ұстанымы мемлекеттік билік пен халық арасындағы өзара қатынас мүмкіндігімен байланысты. Бұл өзара қатынастар антагонистік сипатта: «халық өз билеушілерінен күшті болса- мемлекет әлсіз, ал билік өз халқынан күшті болса - әскер мықты болады».
Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Жаңа аристократияның жекеменшіктік мүдделері қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына қайшы келгендіктен, оның идеологтарына дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге шақырған достарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін дәлелдеп бақты.
Легистік тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдану қатыгездіктін күшеюімен, бодаңдардың санасына әмірші алдында жаппай үрейді сіңірумен және жаппай сезіктенумен қатар жүрді. Жалпы бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас тартып, легизмді моральдық мазмұнмен толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақьіндастырды. Б.з.д. II — I ғасырларда легизм идеясымен толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдың мемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне ие бола бастайды жөне уақыт өте келе саяси идеологияның дамуына ықпалын жоғалтады. Конфуцийшілдік 1911 — 1913 жылдардағы Синхай революциясына дейін императорлық Қытайдың ресми ілімі болып келді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мухамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. «Саяси – құқықтық ілімдер тарихы». Алматы. 2005 ж. – 340 б.
2. Алтай Ж. Қасқабек А. Мухамбетәли Қ. Философия тарихы. Оқулық – Алматы. 2006ж. – 312 б.
3. Жұмасұлтанова Ғ.Ә. «Саяси ілімдер тарихы». Қарағанды. 2011ж.– 144 б.
4. Нұрышева Г.Ж. Философия: оқулық .- Алматы, 2013. 316 б.
5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық.- Алматы, 2002. 408 б.
6. Философия тарихы: Оқулық. /Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.- Алматы: Жеті жарғы, 1999.- 288 бет.
7. С.Қ.Мырзалы. Философия. - Алматы: "Бастау", 2008.
