- •Кафедра - биологиялық химия
- •3.Дәріс тезистері
- •3.Дәріс тезистері:
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •Днқ құрылымдары.
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4 Сатысы – тотығудан фосфорлану (тф ).
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3.Дәріс тезистері
- •4.Иллюстрациялы материалдар:
- •5.Әдебиеттер:
- •Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
- •Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
- •Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
- •6.Қорытынды сұрақтар:
4.Иллюстрациялы материалдар:
Презентация (слайдтар)
5.Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Орыс тілінде:
1.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
2.Северин Е.С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы
1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.
2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.
3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.
3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007
4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011
Орыс тілінде:
1.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
2.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии
Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
3.Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008
4.Кольман А., Рем К.-Г.»Наглядная биохимия»,М., БИНОМ, 2011
6.Бақылау сұрақтары:
Биохимия нені зерттейді?
Күрделі белоктардың құрылысы туралы түсінік.
ФП құрамы және құрылысы туралы түсінік, өкілдері.
НП құрамы және құрылысы туралы түсінік.
Днқ құрылымдары.
РНҚ түрлері, олардың ролі.
№ 2 дәріс
1.ТАҚЫРЫБЫ: Ферментер. Жіктелуі. Трансферазалар, лиазалар. Жіктелуі, құрылыс туралы түсінік және катализдік әсері. Кейбір ферменттердің диагностикалық маңызы.
2.МАҚСАТЫ: Табиғаты белоктық биологиялық катализаторлар – ферменттер туралы түсінік беру. Ферменттердің жіктелуімен таныстыру. Трансферазалар және лиазалардың жіктелуі, құрылысы катализдік әсері және олардың жеке өкілдерінің диагностикалық маңызы туралы білім қалыптастыру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Ферменттер, түсінік
Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі.
Трансферазалар. Жіктелуі, құрылысы катализдік әсері . Жеке өкілдерінің диагностикалық маңызы.
Лиазалар. Жіктелуі, құрылысы катализдік әсері .
3.Дәріс тезистері:
Ферменттер – арнайлығы бар белоктар, жасушаларда түзіліп химиялық үрдістерді тездетуге қабілетті биологиялық катализаторлар. «Фермент» термині «fermentum» - ашытқы латын сөзінен шыққан. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде «энзим» сөзі пайдаланылады, грек тілінінен «en zyme» – ашытқыда дегеніміз мағына береді.
Ферменттер мен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастығы:
- тек энергиялық мүмкіндігі бар реакцияларды катализдейді ;
- кері реакциялардың тепе-теңдігін өзгертпейді;
- реакция бағытын өзгертпейді;
-реакция нәтижесінде пайдаланылмайды.
Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі
Ферменттердің көбісін катализдейтін реакция атына немесе әсер ететін субстраттың атына -аза деген жалғау қосып атайды. Мысалы, гидролаза, мальтаза, аргиназа, ЛДГ, АЛТ.
Барлық белгілі ферменттер катализдейтін реакция түріне байланысты 6 класқа бөлінеді.
Оксидоредуктазалар - тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді.
Трансферазалар - атом немесе атом топтарының бір заттан екінші затқа тасымалдануын катализдейді.
Гидролазалар - судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға ыдырауын катализдейді.
Лиазалар-заттардың сусыз ыдырауын немесе синтезін катализдейді.
Изомеразалар-изомерлену рекцияларын катализдейді.
Лигазалар немесе синтетазалар –АТФ энергиясын пайдаланып синтезделу үрдісін катализдейді.
Әр ферменттің аталуы субстраттың атына немесе катализдейтін реакция атына “аза” деген жалғау қосылып оқылады. Кейбір ферменттердің тривиальды аттары сақталған.
Трансферазалар
4 тобын қарастырамыз: метилтрансферазалар (кофермент ТГФҚ), ацилтрансферазалар (кофермент HSКоА), аминотрансферазалар (кофермент пиридоксальфосфат), фосфотрансферазалар (біркомпонентті, аллостерикалық, бірнеше полипептидтік тізбектен тұрады, арнайылығы жоқ активаторы магний иондары). Трансферазалар тасымалдайтын тобы бойынша аталады. Аминотрансферазалардың – аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) және фосфотрансферазалардың – креатинкиназа немесе креатинфосфокиназаның диагностикалық маңызы бар.
Лиазалар
Лиазалардың үш тобын қарастырамыз: кетоқышқылдарының декарбоксилазалары (кофермент тиаминдифосфат), амин қышқылдарының декарбоксилазалары (кофермент пиридоксальфосфат), карбоангидраза(кофермент мырыш иондары). Сүтқоректі жануарлардың организміндегі кетоқышқылдарының декарбоксилазалары мультиферменттік ( пируватдегидрогеназды және α-кетоглутаратдегидрогеназды) комплекстің құрамына кіреді, пируваттың және α-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді.
Амин қышқылдарының декарбоксилазалары АҚ-ның декарбоксилдену реакцияларын катализдейді, реакция өнімдері – биогенді аминдер (серотонин, гистамин, ГАМҚ).
Карбангидраза эритроциттерде, бүйрек түтікшелерінің жасушаларында кездеседі, көмір қышқылының түзілуі мен ыдырауы реакцияларын (қайтымды) катализдейді.
