Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.3-лекц.комплекс стом каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

4.Иллюстрациялы материалдар:

  1. Презентация (слайдтар)

5.Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

4.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

5. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

1.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2.Северин Е.С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

3.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», М., Медицина, 2004 г.

4.Вавилова Т.П. «Биохимия тканей и жидкостей полости рта», М., «ГЭОТАР-Медиа», 2012 г.

5.Боровский Е.В., Леонтьев В.К. «Биология полости рта», М., «Медицинская книга», 2001 г.

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

1.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

2.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

3.Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

4.Кольман А., Рем К.-Г.»Наглядная биохимия»,М., БИНОМ, 2011

6.Қорытынды сұрақтар:

1.Энергия алмасуының сатыларын атап шығыңыз.

2.Энергия алмасуының әр сатысында не түзіледі?

3. Үш карбон қышқылдарының циклінің жиынтық теңдеуі.

4. БТ мен ТФ-дың қабысу нүктелері.

5. Тыныс алу коэффициенттері нешеге тең?

6.Ажыратқыштардың әсері неге әкеп соғады?

№ 4 дәріс.

1.ТАҚЫРЫБЫ: Заттар алмасуына кіріспе. Белоктар алмасуы. Гемоглобиннің ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану).

2.МАҚСАТЫ: Заттар алмасуының сатылары, катаболизм мен анаболизм туралы түсінік қалыптастыру. Студенттерде гемоглобиннің ыдырауы, өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі, пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану) туралы білім қалыптастыру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. Заттар алмасуының сатылары.

2.Катаболизм, анаболизм.

3. ММЖ жасушаларында гемоглобиннің ыдырауы.

4.Гепатоциттерде бос билирубиннің заласыздануы.

5. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі.

6.Қандағы билирубиннің қалыпты мөшері.

7. Сарғыштану. Түрлері. Сарғыштанудың әр түрінде байқалатын қандағы, зәрдегі және нәжістегі өзгерістер.

3.Дәріс тезистері:

Заттар алмасуының сатылары:

1-сатысы – қорытылуы.

2-сатысы – сіңірілуі.

3-сатысы – аралық алмасу.

4-сатысы – зат алмасудың соңғы өнімдерінің бөлінуі.

Заттар алмасуы – бұл бір-бірімен тығыз байланысты, қарама-қарсы 2 үдерістің – ассимиляция (анаболизм) мен диссимиляцияның (катаболизм) жиынтығы. Анаболизм – энергия сіңірілу арқылы жүретін заттардың синтезі. Катаболизм – энергия бөле жүретін ыдырау үдерісі, бұл энергия анаболикалық үдерістерге жұмсалады.

Біз белоктар алмасуынан гемоглобиннің ыдырауын қарастырамыз.

ММЖ жасушаларында гемоглобиннің ыдырауы

Гемоглобиннің ыдырауы макрофагты-моноцитарлық жүйе (ММЖ) жасушаларында: қан жасау жүйесінің жасушаларында, бауырдың Купфер жасушаларында, көкбауырда, лимфа түйіндерінің жасушаларында, ішектің пейер түйіндерінде жүзеге асады. Hb – эритроциттердің негізгі белогы. Эритроциттер 110-120 күн өмір сүреді, содан кейін олар гемолизге ұшырайды. Эритроциттерден бөлінген Hb гаптоглобинмен байланысып, Hb-Hр комплексін түзіп, гемоглобин ыдырайтын жерлерге түседі. Бұл үрдіс гемнің бірінші және екінші пиррол сақиналарының арасындағы метин көпіршесінің гемоксигеназа әсерінен тотығып, үзілуінен басталады да, вердоглобин (жасыл түсті) түзіледі. ММЖ жасушаларында вердоглобиннен глобин мен темір (Fе3+) бөлінеді де, биливердин (жасыл түсті) түзіледі. Биливердин НАДФН2 есебінен билирубинге (қызыл-қоңыртүсті) тотықсызданады. Түзілген билирубин альбуминдерге адсорбцияланып, гепатоциттерге тасымалданады. Бұл билирубин суда ерімейді, ол бос, тікелей емес, коньюгирленбеген, улы деп те аталады. Оның тікелей емес деп аталу себебі Эрлих диазореактивін қосқанда бірден қызыл түс бермейді, тек қан сарысуына ондағы белоктарды тұнбаға түсіру үшін кофеин немесе спирт ерітіндісін қосқаннан кейін қызыл түске боялады.

Бос билирубиннің гепатоциттерде заласыздануы

Тікелей емес билирубиннің негізгі бөлігі бауырға түседі, онда глюкуронилтрансферазаның әсерінен глюкурон қышқылымен конъюгациялану (байланысу) реакциясына түседі. Сонда тікелей емес билирубин заласызданып, моно-(30%) немесе ди- (70%) глюкуронид билирубин түзеді. Бұл билирубин тікелей, байланысқан, усыз, суда еритін билирубин болып табылады. Тікелей билирубиннің үштен бір бөлігінен азы бета-глюкуронилтрансферазаның әсерінен тікелей емес билирубинге айналады да, 12-елі ішектің қуысына өтпен бірге тікелей емес билирубин мен биливердин түседі. Ащы ішекте бос билирубин мезобилиногенге дейін тотықсызданады, оның біраз бөлігі қақпа венасы арқылы бауырға қайта түсіп, онда түссіз моно- және дипирролдарға дейін ыдырайды, олар бүйрек арқылы зәрмен шығарылады. Мезобилиногеннің басым бөлігі тоқ ішекке түседі, онда микроб ферменттерінің әсерінен стеркобилиногенге тотықсызданады. Стеркобилиногеннің біраз бөлігі plexus hemorrhaidalis (геморроидальдық вена тамырлары) сіңіріліп, бүйрекке түсіп, зәрмен шығарылады. Зәрде жарық пен ауаның әсерінен стеркобилиноген стеркобилинге дейін тотығады, ол зәрге сары түс береді. Стеркобилиногеннің қалған бөлігі мен биливердин нәжіске түседі. Стеркобилиноген жарықтың әсерінен стеркобилинге дейін тотығып, биливердинмен бірігіп, нәжіс пигментін түзеді.

Қандағы билирубиннің қалыпты мөшері.

Қандағы жалпы билирубин мөлшері 8-20 мкмоль/л билирубин крови – 20 мкмоль/л. Ол тікелей емес билирубиннен (75-100%) және тікелей билирубиннен (0-25%) тұрады.

Сарғыштану. Түрлері.

Сарғыштану кезінде 35 мкмоль/л асатын гипербилирубиемия байқалады. Оның түрлері: механикалық, гемолиздік, паренхималық сарғыштану. Механикалық сарғыштануда қандағы жалпы билирубин мөлшері тікелей билирубин есебінен артады, ал гемолитикалықта тікелей емес, паренхималықта тікелей емес және тікелей билирубин артады. Сарғыштанудың әр түрінде нәжіс пен зәр түсі өзгереді.

4.ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1.Презентация (слайдтар).