Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.указ.дип.раб кз.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Кб
Скачать
☆

6. Дипломдық жұмысты(жобаны) қорғау реті

6.1 Дипломдық жұмыстығы алдыңғы қорғау шығару кафедрасына ұсынылады.

6.2 Ұсыныс студенттердің,ғылыми жетекшінің және ғылым кеңесшілердің қатысуымен өтеді.

Диплом алдындағы қорғау кафедра мәжілісінің протоколымен рәсімделеді.

6.3 Аяқталған, ойдағыдай өткен диплом алдындағы қорғау, талап бойынша рәсімделген дипломдық жұмыс, студенттің қолымен, ғылыми кеңесшілердің қолымен ғылими жетекшіге беріледі.

6.4 Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша түрде пікірін жазады.

Жетекші дипломдық жұмысты мақұлдаған кезде, оған қол қояды және қорғауға рұқсат деген жазбаша түрдегі пікірін кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Жетекші мақұлдамаған кезде, қол қоймай, қорғауға рұқсат етілмейді деген пікірін негіздейді.

6.5 Берілген мәліметермен кафедра меңгерушісі соңғы шешімін қабылдап, титул бетіне тиісті жазбаны тіркейді.

Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом қорғауға жібермеген жағдайда, кафедра мәжілісінде осы сұрақ шешіледі, міндетті түрде студенттің және ғылыми жетекшінің қатысуымен. Кафедра мәжілісінің протоколы ЖОО ректорына бекітуге жіберіледі.

6.6 Шығару кафедрасы дипломдық қорғауға ұсынылған жұмысты факультет деаканына рецензияға жібереді.

6.7 Өндіруші және ғылыми ұйымдардағы мамандардың ішінен шығару кафедра меңгерушісі ұсынылған рецензенттардың тізімі ректор бұйрығымен бекітіледі. Сонымен қатар рецензенттардың есебінде профессорлар, доценттер және басқа да жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.

6.8 Рецензенттар базалық жоғарғы білімі немесе ғылыми дәрежесі немесе академиялық дәрежесі болуы керек, ғылыми дәрежесі қорғалатын дипломдық жұмысымен сәйкес профильде болуы тиіс.

6.9 Рецензиаттың дипломдық жұмысқа жазбаша түрдегі рецензиясы болуы керек.

Рецензияда баллдық, рейтингілік әріптік жүйеде көрсетілген дәлелді қорытынды береді.

6.10 Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген дипломдық жұмыс, бірақ рецензиятпен F- «қанағаттанбаған» деген баға берілсе, жалпы жағдайда қорғалады.

6.11 Факультет деканы шығарушы кафедра меңгерушісін және бітіруші студентті рецензиямен диплом қорғау алдында бір күн бұрын таныстырады және дипломдық жұмыспен пікірді және рецензияны Мемлекеттік аттестация коммисиясына қорғауға жібереді.

6.12 Дипломды қорғау студенттің тілегімен қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі. Студент кафедраның ұсынысымен өзі таңдаған тілде қысқаша қосымша мазмұнын айтып беруге мүмкіндік бар.

6.13 Дипломды қорғаған кезде қосымша информационно-коммуникативтік технологиялардың жетістіктерін, мысалы мультимедиалық тақталарды пайдалануға болады.

7. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау реті

7.1 Дипломдық жұмыстың( жобаның) қорғау реті мемлекеттік оқу орнындағы мемлекеттік аттестацияның қорытындысы, аралық және болып жатқан үлгерім бақылау боынша анықталады және олар білім саласындағы орталық орындаушы органмен бекітілуі керек.

7.2 Дипломдық жұмысты қорғау ашық мәжілісте мемлекеттік аттестациялық коммисияның қатысуымен өтеді.

Дипломдық жұмысты қорғау көпшілік алдында, студенттер және шығару кафедрасының оқытушылардың қатысуымен ұйымдастырылады. Жұмысты қорғаған кезде ғылыми жетекші және басқа да қызығушылар шақырылады.

7.3 Бір студенттің дипломдық жұмысын қорғау уақыты 30 минуттан аспауы керек.

7.4 Студент өзінің баяндамасын мемлекеттік аттестациялық коммисиянын алдында 15 минут-тан артық айтпауы тиіс.

7.5 Дипломдық жұмысты талқылаған кезде қатысушылар сұрақ қою арқылы қатыса алады.

7.6 Талқылағаннан кейін комиссия хатшысы жазбаша пікірді және рецензияны оқиды. Пікірде немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда студент мәнісін дәлелді түсіндіріп беруі керек.

7.7 Дипломдық жұмысты қорғаудың қорытындысы бойынша баға қойылады. Сонымен қатар теориялық, ғылыми және практикалық деңгейіне , ғылыми жетекшінің пікіріне және рецензияттың бағасына назар аударылады.

7.8 Дипломдық жұмыстың қорытындысы мемлекеттік аттестациялық коммиссияның протоколымен әр студентке жеке рәсімделеді және қорғаған күні айтылады.