4.Құрылымы.
. Мемлекетаралық Кеңес;
Интеграциялық Комитет (штаб-пәтерлері Алматы және Мәскеу қалаларында);
Парламентаралық Ассамблея (штаб-пәтері Санкт-Петербург қ.);
Қоғамдастық соты (штаб- пәтері Минск қ.)
Мемлекетаралық Кеңес – мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды. Интеграциялық комитет – ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган. Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру) мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады. Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды.
5.Антикризистік фонд.Суд.Бірлестік.
2008жылы 21желтоқсанында Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер Бурабайда өткен бейресми саммиті барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер арасында Антикризистік фонд (дағдарысқа қарсы қор) мен Жоғарғы технологиялар орталығын құрутуралы шешім қабылданды.
2009жылы 4 ақпанында ЕурАзЭҚ-тың Мәскеуде өткен кезектен тыс мемлекетаралық кеңесінде президенттер Антикризистік қордың негізгі қағидаларын,оның көлемін 10миллиард доллар эквивалентінде белгіледі және құрылтай құжаттарын дайындауға тапсырма берді.Қор құруға сондай –ақ ЕурАзЭҚ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие Армения Республикасы қатысты.
ЕурАзЭҚ-тың Антикризистік қорының негізгі мақсаттары айқындалады:
-әлемдік қаржы және экономикалық кризистік теріс салдарын еңгеру мақсатында қатысушы мемлекеттерге дербес зейндер беру;
-табыс деңгеі төмен қатысушы мемлекеттерге тұрақтандыру кредиттерін беру;
-мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыру;
Фондтың жарғылық капиталындағы
*Ресейдің үлесу7,5миллиард доллор
*Қазақстандыкі 1млрд
*Беларусьтікі 10млн доллор
*Қырғызстан,Тәжікістан,Армения-1млн доллордан қаржы қосты.
БАӨЖ №-10
Модуль -3
Тақырып-4
Тағамдық майлар.
1.Жануар майлары.
2.Маргарин майларының сипаттамалары.Ассартименттері.
3.Өсімдік майлары.
1.Жануар майы. (Животный жир). Майлар организмде энергия беруші ролін атқарады және пластикалық материал болады. Өйткені олар жасушалық құрауыштардың, әсіресе мембраналардың құрамына кіреді, яғни ақуыздар сияқты тамақтың алмастырмайтын факторлары болып табылады. Жануар майлары кесек заттар, олардың құрамына балқу температурасы жоғары қаныққан май қышқылдары көп кіреді. Жануар майы көзі — шошқа майы(90-92%), сары май (72-82%), семіз шошқа еті (49%), шұжық (20-40%), қаймақ (30%), ірімшіктер (15-30%). Жануар майы стеариндері ішінде холестериннің маңызы ерекше зор. Ол барлық жасушалар мен тіндердің қалыпты құрылымдық құрауышы болып табылады, өт қышқылдарының, гормондардың, Д витаминінің алмасуына қатысады. Бірақ қанда холестериннің деңгейі артқан кезде атеросклероздың пайда болып, асқынуы мүмкін.
Қорытылған жануар майлары-сиыр, қой, шошқа,сүйек және тағы басқа ішкі майларды құрғақтай қыздырып немесе аздап су қосып, жазғытұрым жарып қайнатады.Сүйек майы сары майға тең келеді.Сол сияқты семіз майдың сорпасының бетінен қалқып алынатынсорпа майы да сапалы май қатарына жатады.
2. Маргарин (фр. margarine) — өсімдік майларынан немесе оған шыжғырған мал майын қосу арқылы жасалатын тоң майлардың қосындысы. Негізінен, маргарин және аспаздық май (аспаздық маргарин) болып екіге бөлінеді.
Маргарин — тамаққа салатын қатты май. Химиялық құрамы, құрылымы, жұғымдылығы, сыртқы түрі, дәмі мен иісі жағынан сары майға жақын. Сары май сияқты маргарин де берік, жылдам еритін эмульсия түрінде болады және май қоспаларымен (82%-ке дейін), шағын мөлшердеақуыз, қант, тұз (18%) ерітінділері бар су фазасынан тұрады. Майлы дақылдардың тұқымынан жасалатын өсімдік майы бөлме температурасында қатпайтындықтан, олардан маргарин жасарда сутегімен өңдейді, нәтижесінде олар қатаяды. Мұндай майларды тоң май деп атайды. Маргариндердің әр алуан түрінің рецептурасына 60—85% қатырылған өсімдік майы (тоңмай) және түрлі май қышқылдарына бай 40—15% сұйық өсімдік майы кіреді. Маргарин жасайтын барлық майды мұқият тазалайды, соның нәтижесінде олар керексіз май қышқылдарынан, бояу және хош иісті заттардай, қажетсіз қоспалардан арылады. Су фазасының негізгі бөліктердің бірі — ашыған сүт. Дәмдік қоспа ретінде маргаринге тұз бен қант салады. Бутербродтық маргариндердің кейбір түрлерін А және D витаминдерімен байытады. Түрлі май қышқылдарының мол болуы жәнехолестериннің болмауы нәтижесінде тек қана өсімдік майынан жасалатын маргарин малдың майына қарағанда, әсіресе орта жастағы және егде тартқан адамдар үшін ең жақсы тағам май болып есептеледі. Сауда орындарына маркалы, бутербродтық, асханалық және сүтті маргариндердің әр алуан түрлері (Экстра, Особый, Сливочный, Российский, Любигельский т.б.) түседі, олардың құрамында белгілі бір көлемде өсімдік майлары да бар. Тағамның сүттік дәмін арттыру үшін Любительский және Сливочный маргариндеріне аздаған мөлшерде сары май, ал Российскийге — тоң май қосады. Славян маргариніне арнаулы әдіспен түрі өзгертіл- ген 5—8% тағамдық тоң май қосады. Шоколад маргариніне 18% қант және 2% какао ұнын қосқанда оның құрамындағы май 62%-ке дейін азаяды. Өнеркәсіп орындары бутербродтық мақсаттағы маргариндердің жаңа арнаулы түрлерін жасауды игерді, олар полимер материалдан жасалған банкалармен шығарыл ады. Дүниежүзілік тәжірибеде олар «құймалы» маргарин деген атқа ие. Бұлардың құрамында май қышқылына мол сұйық күнбағыс майы т.б. өсімдік майлары (40%-ке дейін) өте көп болады. Маргариндер құрамында майы көп (82%) және диеталық тағамға арналған құрамында майы аз (40—60%) болып негізгі екі түрге бөлінеді. Маргаринді сары май секілді бутербродтық май ретінде пайдалануға болады. Үй жағдайларында маргаринді әртүрлі ас дайындау мақсаттарына (негізінен сұйық және қою тағамдарды демдеу және ет пен көкөністерді жеңіл ғана қуыруға), сондай-ақ қамырға қосу үшін пайдаланады. Аспаздық майлар (аспаздық маргариндер) — құрамында су болмайтын қатты, әрі созылыңқы майлар. Аспаздық майларды фритюр, түрлі ет, балық, көкөніс тағамдарын қуыру және бұқтыру, қамырға қосу үшін пайдаланады. Беларусь аспаздық майын жасағанда рецептураға шамамен 35% сиырдың тортасынан айрылған маймен, Украин майына шамамен 35% шошқаның, Восточный майына 15% қойдың, маргагуселин майына 30% шөш қайың тортасынан айырылған майын қосады. Маргарин мен аспаздық майларды жарық түспейтін салқын жерде 4°С-тан 10°С-қа дейінгі температурада сақтау керек. Мұндай температурада маргарин өзінің қасиетін 10— 20 күн, ас пісіретін майлар—1,5—2 ай сақтайды. Алюминий қаңылтырға оралған немесе пластмасса банкаларға салынған маргарин мен майлар ұзақ сақталады. Маргарин бөгде иістерді бойына тез сіңіреді, сондықтан оны азық-түліктен бөлек сақтау керек.
Асханалық маргарин — мал, өсімдік майлары, сүт, дәмдік, хош иістік және т.б. заттардың қоспасынан дайындалған тамақ өнімі. Асханалық маргарин сүтті маргариннің бірі.
Маргарин-өсімдік майларынан және оған шыжғырылған мал майын қосу арқылы жасалатын тоң майлардың қосындысы.Маргарин тамаққа салатын қатты май.Химиялық құрамы,құрылымы,жұғымдылығы,сыртқы түрі,дәмі мен иісі жағынан сары майға жақын.Маргарин жасау үшін сүтті ең алдымен пастерезациялаймыз және барлық майды мұқият тазалайды,соның нәтижесінде олар керексіз май қышқылдарынан бояу,хош иісті заттардан,қажетсіз қоспалардан арылады.Тек қана өсімдік майынан жасалатын маргариндер малдың майына қарағанда ,әсіресе орта жастағы және егде тартқан адамдар үшін ең жақсы май болып табылады.Қазіргі сауда орындарында маркалы маргариндердің бірнеше түрлері бар.
Үй жағдайларында маргариндерді әртүрлі ас дайындау мақсаттарына пайдаланады.Маргарин бөгде иістерді тез сіңіретіндіктен оны азық-түліктен бөлек сақтау керек.
3.Өсімдік майы.
Өсімдік майы– түрлі өсімдік дәні мен шырынынан алынатын табиғи өнім.
Өсімдік майы негізінен глицериннің, қаныққан және қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95 – 98%) түзіледі. Одан басқа өсімдік майы құрамында илік заттар, фосфатидтер, фитостериндер,пигменттер және Е витамині, т.б. кездеседі. Өсімдік майының құрамы майдың түсі мен дәміне әсер етеді. Өсімдік майына қыша, күнжіт, жүгері, күнбағыс, какао, мақта, жүзім, қауын, қарбыз, т.б. майлары жатады. Өсімдіктердің дәні мен шырынында сімдік майының мөлшері 2 – 3-тен – 70%-ға дейін болады. Өсімдік майының қасиеттері ондағы триглицеридтер түзетін май қышқылдарының құрамына байланысты: сұйық, май тәрізді, кейде қатты, бояулы, кейбірі улы заттар болып келеді. Өсімдік майында холестерин болмайды.Өсімдік майы негізінен тамаққа, сондай-ақ олифа, сыр, жағармай, сабын өндірістерінде, т.б. кеңінен қолданылады.
Өсімдік майлары (күнделікті тұрмыста оларды май деп атайды) өсімдіктердің тазартылып, ұнтақталған майлы дәндері мен жемістерінен еріткіштердің көмегімен немесе престеу жолымен алынады. Өсімдік майларын тазартыл (орыс.рафинированные) және тазартпай (орыс.нерафинированные) шығарады. Тазартылмаған майда әр түрлі ілеспе заттар мен қоспалар болады, олар өсімдіктердің дәндері жетіліп, пісу, сондай-ақ майып алу кезінде біртіндеп жиналады. Ал кейбір тазартылмаған майларда (мысалы, холестерин алмасуын жақсартатын фосфатидтер) физиологиялық пайдалы заттар болады. Тағамға қоспалардан ажыратылған тазартылған майды пайдаланған жөн. Кейде тағамдық тазартылған өсімдік майларын су буы мен қосымша өңдейді. Мұндай өңдеуде хош иісті заттар бөлініп шығады да, ол өзіндік иісін жоғалтады. Мұндай майды иісі кетірілген май деп атайды. Үй жағдайында өсімдік майын салқын жерде сақтау керек (сақтау мерзімі 6 айға дейін).
