Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жгір хан атындаы Батыс азастан аграрно.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆
  • Майшабақтардың ең бағалысы-каспий теңізінен ауланатын арқа қыры қара түсті майшабақтар.Оларды «Каспийдің ірі балығы» деп те атайды. Бұлардың етінің майлылығы 15-18%, кейбіреулерінің салмағы 1,5 -2 кг болады. Майшабақ тұқымдастарының дәмділік және тағамдық мәні әр түрлі болады. Бұл олардың түріне, сонымен бірге ауланатын жеріне, маусымына, үлкендігіне және де олардың өндеу тәсіліне байланысты. Майшабақ өте жұғымды келеді. Оның етінде 16-19 белок, 25 май болады, одан басқа адамның ас қорту және нерв жүйесі, қан айналымы дұрыс жұмыс істеу үшін де мәні бар. Оның құрамында А, Д, әсіресе В1, В2 жәнеВ12 витаминдері болады. Майшабақ етінің майы ауадағы оттегінің әсерімен қылданатынын, сөйтіп жағымсыз иіс пайда болып, дәмін бұзылатынын білу қажет. Сондықтан тұтас майшабақты аздап тұздалған және маринадталған күйінде, ал бөлшектеніп кесілген майшабақты өсімдік майында сақтайды.

    Азов және қаратеңіз майшабақтарының еті дәмді келеді. Олар: дондық, керчтік, қаратеңіздік, дунайлық, днепровскілік майшабақ деп бөлінеді. Бұлардың етінде 15 — 17 % белок және 25-27 % май болады. Майлылығы 15 % Ақ теңіз майшабақтарын қыздырып және жартылай қыздырып ыстау арқылы тамаша өнім алынады.Балтық теңізінің майшабағына салака жатады.Оның етінде 12-18% белок болады.Салаканың көктемде аулағандарының майлылығы 3%,күзде аулағандарынікі 12% болады.

    2. Теңіз балықтары

    Өзенде, теңіз немесе жасанды жағдайда өсірілгені болсын – кез келген балық – жүрек, қан тамырлары, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

    Балық – ірі өзен, көл, теңіз бен мұхитты жағалай орналасқан елдердің басты өнімі болып табылады. Және теңіз жағасында тұратын адамдардың аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні дәлелденген. Өйткені теңіз бен мұхиттың өсімдік және жануарлар әлемі – табиғат қорындағы ең пайдалы заттардың қайнар көзі.

    Балық және теңіз бен мұхит флорасы мен фаунасының басқа да өкілдерінде кез келген тірі ағзаға қажетті барлық дәрумен, макро және микроэлементтер көп мөлшерде ұсынылған. Әлбетте, өзен мен бөгет балықтары да адамға пайдалы, бірақ онда дәрумендер мен пайдалы заттар азырақ.

    Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы ми мен көздің ішкі тор қабығының маңызды заттегі болып табылады. Ол мидың тез жұмыс істеуіне ықпал етеді. Май қышқылдары ең мықты антиоксидант болғандықтан, ісік пайда болуының алдын алады. Омега-3 күйзеліс гормондарын тежеп, буындар мен мидың іс-әрекетін жақсартады. Олар қорғаныш қасиеттерге ие және қан қысымын қалыпқа келтіріп, артық майларды кетіруге ықпал етеді. Омега-3 май қышқылы ақсеркеде көп кездеседі. Алайда оны көп мөлшерде тұтыну ұсынылмайды, өйткені бауырға теріс әсер етуі мүмкін.

    Саргандар немесе ұшқыш балықтар. Бұлар көбінесе теңіздерде болатын балықтар. Олардың ішінде айрықша ерекшелігі бар түрі — ұзын қанаттылар (Ехососtиs). Бұлардың көкірек қанаттары өте үлкен және осы үлкен қанаттарының жәрдемімен, судан секіріп шығып калықтап ұшып, 150 — 200 метрдей жерге барады. Олар көбінесе тропиктік теңіздерге көп тараған. Бізде Владивосток маңайында кездеседі. Саргантәрізділер отрядына сайра,ұшқыш балықтар т.б жатады.

    Саргандар немесе ұшқыш балықтар. Көбінесе теңізде болатын балықтар. Ерекше түрі - ұзын қанаттылар. Үлкен қанаттары арқылы, судан секіріп шығып қалықтап ұшып 150-200 метрдей жерге барады. Олар көбінесе тропиктік теңізде көп тараған. Бізде Владивосток маңайында кездеседі.  Тікен тәрізділер - солтүстік жарты шардағы тұзды және тұщы суларды мекен ететін ұсақ балықтар. Қанаттарының алдыңғы бөлімі мен қанаттары тікен сияқты болып келеді. Қабыршақтары сүйекті Балтық, Баренцова, Азов, Каспий теңізінде кездестіруге болады. Шоқ желбезектілер бұлар ұсақ теңіз балықтары. Желбезектері шөжіп, ұсақ шоқ-шоқ  болып желбезек шеңберінің жұрнағына бекінген. Денесі  сақшалы сүйекті пластинкалармен жабылған. Басында ұзын түтік тәрізді тұмсығы болады, аузы кішкене, тістері болмайды. Еркектерінде жұмыртқа салатын қапшығы болады. Олардың теңіз аты және теңіз иесі деген түрлері бар. Кәсіптік маңызы жоқ.. Қара теңіз, Каспий, Балтық және Жапон теңіздерінде кездеседі.  Тікен қанаттылар бөліктері жеке-жеке ажыратылмаған үшкір тікен сияқты. Теңіздерде жеке тұщы суларда тіршілік етеді. Жүжу торсылдағы ішекпен қатыспайды.  Алабұға салмағы 10-12кг, олар 10-12 жыл жасайды. Таутан кәсіптік маңызы жоқ. Тана балық тәрізділер Қара теңізде, Азов және Каспий теңізінде кәсіптік обьект болып саналады. 

    Камбалатәрізділер (лат. Pleuronectidae).Камбала тәрізділердің денесі екі бүйірінен өте қысыңқы сүйір болады. Көзі басының екі бүйіріне немесе оның бір бүйіріне ғана орналасқан. Торсылдағы болмайды. Су түбінде тіршілік ететін балық сондықтан бір бүйірімен жайлап жүзеді. Денесінің үстіңгі беті әр түсті пигментті болады да, ал астыңғы жақ беті әрқашанда ақ түсті болады. Камбаланың шабақтары алғаш судың қабатында жүзіп жүріп, кейін су түбіне ауысқанда, денесі бүйірінен қысылып, көз денесінің үстіңгі жағына қарай ығысады. Бізде Каспий мен Арал теңіздерінен басқа теңіздердің бәрінде де кездеседі. Қамбалалар әдетте уылдырық шашу-ға, қыстап шығуға, қоректерін тауып жеуге қолайлы жер іздеп қана миграция жасайды. Бірақ өте баяу қозғалатын болран дықтан тіршілік еткен жерінен 100—200 километрден ұзап кете алмайды. Уылдырықтарын әдетте жағалауға шашады. Бірнеше миллионға дейін уылдырық шашатын өсімтал балық. Олар су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Камбалалар тралмен аулау кәсібінің негізгі объектісі.

    3.Балық емес теңіз балықтары.

    Кальмар — он аяқты моллюскілер отрядының жеуге жарайтын бір тармағы. Ұзындығы — 0,25—0,5 м, кейде 18 м жететін омыртқалы жануарлар арасындағы ірі моллюскілер. Етінде 81,4% белок, 5-8% май, 1,4% гликон, 10,2% минералдық заттар бар; дәмді әрі сапалы тағамдар әзірленеді.[1]

    Кальмар еті

    Кальмар еті жұғымды, нәрлі болып келеді. Кальмарларды консервілейді, сондай-ақ терісі мен тұмсығын және сүйегінен арылтқаннан кейін пайдалануға дайын болатын жартылай фабрикаттар шығарады. Кальмардың етін пайдалану алдында салқын суға салып жібітіп, сыртқы қабыршағынан таз артып, мұқият жуады(2—3 рет). Кальмарды тұзды суға салып, баяу жанған отқа қойып, 3—5 минут қайнатады (1 кг кальмарға 2 л су және 15 г тұз керек). Ет ыстық суда неғұрлым көп жатса, ол солғұрлым қатты болады. Қайнап піскен кальмар ды сорпасынан алмай салқындату керек. Кальмардың етін салатқа және винегретке қосады, сондай-ақ оны көкөніспен қосып бұқтырады (5—10 минут), ал консерв іл енг ен кальмар ды бірден пайдалануға болады.

    Креветка - он аяқты шаян тәріздестер отрядына жататын жеуге жарамды шағын теңіз шаяны. Құрамында белокжәне миреналдық заттар мол. Сонымен бірге адам организміне қажетті амин қышқылдары бар.Беті бұдырлы, кеуекті омырылғыш құрылымды болады.

    БАӨЖ №-14

    Модуль-4

    Тақырып:Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері.

    1.Тауық жұмыртқасы

    2.Жұмыртқаның өлшемдері

    3.Тамақ концентраттары

    1. ұмыртқа (тауық жұмыртқасы ) — дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% ақуыздан,майлардан, көмірсулардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т.б.) тұрады. Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы да бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі — сарыуызы. Ол майлар мен ақуыздарға, көмірсулар мен минералды заттарға ғана емес; сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е, т.б.) де бай. Сарыуыздың түсі (сарғыш түстен қызғылт-сары түске дейін) құстың жеген жеміне, сондай-ақ тауықтың жұмыртқа салу маусымына байланысты өзгеріп отырады. Жұмыртқа—диеталық тағамға жатады. Оның сарыуызы (шикі, шала және қатты етіп қабығымен пісірілген) жақсы қорытылып, жеңіл сіңеді. Шикі ақуыз нашар қорытылады да, организмге сіңуі қиындайды. Пісірілген жұмыртқа ақуызының сіңімділігі едәуір артады. Сол себепті сырқат әрі әлсіз адамдарға шикі жұмыртқа беруге болмайды. Жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді. Қабығындағы саңылаулардан ауамен бірге микробтар еніп, оны тез бұзады. Ол құрғақ, температурасы 2 градустан төмен емес қоңыр салқын жерде сақталады. Дұрыс сақталмаса (қабығы лас болса, сақталатын орын ылғал тартса) ақуызы сұйылады да сарыуызы қалқып, қатты қабыршағының ішкі жағына жабысып қалады. Сөйтіп жұмыртқа өңезденіп шіриді. Егер жұмыртқа ұзақ сақталса ақуызы мен сарыуызы араласып, дәмі бұзылады. Ол температураның күрт өзгерісіне де шыдамайды. 21 градус және одан да ыстық температурада ұрық жетіле бастайды да, сарыуыздың бетінде сақина тәрізді дөңгеленген қан тамырлары пайда болады. Мұндай жұмыртқадан тағам әзірлеуге болмайды. Жұмыртқаның жарамды не жарамсыз екенін білу үшін оны жоғары жағынан алақанмен жауып тұрып, жаныл тұрған шамға тақау керек. Сонда ескі жұмыртқа күңгірт тартып тұрады. Ал бұзылған жұмыртқадан мүлде жарық өтпейді. «Жатып қалған» жұмыртқа шайқалады, яғни қолға ұстап қозғағанда ішіндегі ақуызы мен сарыуызы араласып кетеді (мұндай жұмыртқа шайқалған жұмыртқа деп аталады). Бұл — ұзақ сақтағандықтан оның ылғалының біраз бөлігі кеуіп, құрғауының салдары. Әдетте мұндай жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызы араласып кетеді. Жұмыртқадан яичница мен омлет дайындауға болады. Сондай-ақ олар түрлі тағамдар әзірлеуге, қамырдай дайындалатын тағамдарға салуға, сонымен бірге тағамдарды әсемдеуге пайдаланылады. Қайнатыл пісіргенде жарылып кетпеуі үшін оны салқын суға салып, баяу жанған отқа қою керек. Қабығы жарылған жұмыртқаны да пісіруге болады. Бірақ ол ағып кетпес үшін суға тұз салады немесе жарылған жеріне лимон шырынын жағады. Жұмыртқаны суға қатты қайнатыл пісіргенде ақуызы қатайып, сарыуызы сұйылады, отын баяулатып, бабымен пісіргенде керісінше болады. Оның сары уызын қатырмай сұйық пісіргенде 21 /з— 3 минут, шала пісіргенде —5 минут, уызын қатырып пісіргенде —10 минут қайнату керек. Жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда оның витаминді құндылығы төмендейді. Қабығы тез де жақсы аршылуы үшін піскен бойда салқын суға салу керек. Жұмыртқаны фосфор немесе шыны ыдысқа салып көпіршітеді. Ақуызды тез және оңай көпіршіту үшін салқындатылады немесе бірнеше тамшы лимон шырынын (лимон қышқылы) қосады. Сарыуызды жылы күйінде көпіршітеді. Жұмыртқа салқын болса ақуыз пен сарыуыз оңай бөлінеді. Ол үшін жұмыртқаның қабығын екі жақ ұшынан инемен теседі. Сарыуыз жұмыртқаның өз қабығында жақсы сақталады. Ал оны шыңы немесе басқа ыдыстарға салып сақтау керек болса, оған аздап өсімдік майын қосады.

    3.Тағамдық концентраттар — азық түліктің тез әрі оңай тамақ дайындап алуға болатын арнайы өңделген құрғақ қоспалар. Конңентраттардың түрлері сан алуан: сұйық (бұршақ суп-пюресі, щи, борщтар, овощ, картоп жәнеқозықұйрық суптары т. б.) және қою (алуан түрлі ботқалар, кеспеліктер, жармалықтар, пудингтер т. б.) тағамдардың, сондай-ақ тәтті тағамдардың (кисельдер, кремдер, желелер т. б.) концентраттары, ұннан жасалған кондитер тағамдарын (кекстер, торттар т. б.) дайындауға арналған концентраттар, сондай-ақ балаларға арналған қоспалар мен концентраттар. Қай мақсатқа арналуына байланысты сұйық және қою тағамдардың концентраттарын ет, сүт қосып немесе вегетариандық етіп (май ғана салып) жасайды. Негізгі шикізатына қарай оларды бұршақты, жармалы, овощ, овощ-жарма және макарон тағамдарынан жасалған концентраттар деп саралайды. Тәтті тағамдардың концентраттары жеміс-жидек экстрактыларының немесе қантты құрғақ сүттің тарамды кілегейлендіретін кейде қоймалжыңдандыратын крахмал, бидай ұйы, манный жармағы және басқа өнімдер қоспасы болып келеді. Пісірілген кремнің немесе әртүрлі желелердің концентраттарын кондитер тағамдарына бір қабат етіп жағуға және әсемдеуге қолдануға болады. Ұннан жасалған кондитер тағамдарын дайындауға арналған концентраттар — кеке, печенье т. б. пісіру үшін қажет өнімдердің қоспалары.

    • Балаларға арналған тамақтық концентраттар: күріш не сұлы сорпасын қосқан сүт қоспалары, витамин қосқан овощ-ұн қоспалары, сәбіз қосқан күріш-сүт қоспасы, жеміс және овощ ұнтағы қосылған ұннан жасалған тамақтық қоспалар, қант пен құрғақ сүт қосқан жарма сорпаларының қоспалары, сүтке пісірілген тәтті жарма ботқасы, ет қосқан және етсіз пюре тәрізді овощ суптары. Конңентраттардың этикеткаларында оларды қалай дайындайтыны көрсетіледі.

    • Концентраттарды бетін жауып, құрғақ, салқын (20оС-тан аспайтын) әрі қараңғы жерде сақтау қажет. Концентраттардың сақталу мерзімі 3 айдан 12 айға дейін.

    БАӨЖ №-15.

    Тақырыбы:Алкоголді,әлсіз алкогольді және алкогольсіз сусындар.

    1.Арақ өнімдері

    2.Құрғақ арақтар

    3.Ароматталған шараптар

    1. Арақ – ректификатталған этил спиртінің сумен қосындысынан тұратын күшті масайтқыш (алькогольді) ішімдік. Арақ қарабидайдан, бидайдан, арпадан, т.б. жасалады. Құрамындағы спирт мөлшері 40, 50, 56%

    Алкоголь – қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады. Әр түрлі сусындар үшін түрлі мөлшердегі стақан пайдаланатындықтан, 1 бакал шапатағы немесе 1 кружка сырадағы алкогольдің мөлшері 1 стақан коньяктағы алкогольмен тең – 12.5 куб см.

    Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау V-VІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді.

    Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Жүйке жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды

    Сырада орта есеппен алғанда — 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін — 10-17%, шарапта — 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады. Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.

    Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.

    3.Шарап.

    Шарап — жүзімнен жасалатын алкаголді ішімдік.

    • Біртекті шараптар — жалпы технология бойынша ерекше сортты жүзімнен немесе олардың қоспасынан алынған, алдын ала тұрғызылмаған жүзімді жинаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап сатылатын шараптар.

    • Маркалы шараптар арнайы немесе дәстүрлі технология бойынша белгілі бір аймақта өсетін жүзімнің ерекше сорттарынан немесе қоспасынан жасалған, ерекше дәмі мен хош иісімен (букетімен) сипатталатын және міндетті түрде 1 — 1,5 жыл тұрғызылған жоғары сапалы шараптар.

    • Коллекциялық шараптар стапионарлы сыйымдылықтарда маркалы шараптарды тұрғызып, одан кейін қосымша бөтелкелерде 3 жыл тұрғызылған шараптар. Түсі бойынша жүзім шараптары ақ, қызғылт және қызыл болып бөлінеді. Ақ шараптарды жүзімнің ақ сорттарынан алынған жүзім суслосын езіндісіз (қабығы, тұқымы) ашыту арқылы алады. Қызғылт шараптарды жүзімнің қызғылт және қызыл сорттарынан алады немесе ақ және қызыл шарап материалдарын купаждау арқылы дайындайды. Қызыл шараптарды жүзімнің қызыл сорттарынан жүзім суслосын езіндімен бірге ашыту арқылы алады.

    Жүзім шараптарын жасау технологиясы бойынша асханалық, күшейтілген, хош, иістендірілген, көпіршікті, газдалған деп бөледі.

    • Асханалық шараптарды сусло немесе езіндіні толық немесе толық емес ашыту арқылы, сонымен қатар құрғақ шарап материалдарын балғын

    немесе концентрлі жүзім суслосымен купаждау арқылы алады. Онда спирт мөлшері 9—14%. Қант мөлшеріне байланысты асханалық шараптар құрғақ (0,3% қант), жартылай құрғақ (0,5—2,5% қант) және жартылай тәтті (3—8% қант) болып бөлінеді. Арнайы технологиялық әрекеттер қолданып арнайы типті құрғақ шараптарын (Кахетин және Эчмиадзиндік) өндіреді. Құрғақ асхана шараптарын жүзім суслосы немесе езбені толық ашыту арқылы алады. Оларды келесідей 3 типтегі (ақ, қызғылт, қызыл) ассортименте шығарады: Рислинг, Фетяскс, Ркацетели, Цинандали және т.б. Жартылай құрғақ асхана шараптарын сусло немесе езіндіні толық емес ашыту, сонымен қатар құрғақ шарап материалдарын балғын немесе концентрленген жүзім суслосымен купаждау арқылы алады. Кахетин шараптарын Кахетияда (Грузия) өндіреді. Бұл шараптарды өндірудің ерекшелігі жүзім суслосы мен езіндіні гребнями бірге ашыту болып табылады, нәтижесінде шарап өте айқын білінетін қышқыл және ауыз қуыратын дәмге ие болады. Эчмиадзин шараптарын Арменидда (Эчмиадзин ауданы) өндіреді. Олар спирттің жоғары мөлшерімен және төмен титрленетін қышқылдылығымен ерекшеленеді.

    • Жартылай тәтті шараптардың ақ, қызғылт, қызыл типтерін өндіреді. Бұл шараптарды өндірудің ерекшелігі қант мөлшері жоғары (22—26%) жүзім сорттарын қолдану және суслоны жартылай ашыту болып табылады. Ашыту процесін жасанды түрде — жоғары немесе темен температура немесе антисептик қолдану арқылы тоқтатады. Жартылай тәтті шараптар жағымды қышқыл-тәтті дәмімен ерекшеленеді; оның құрамындағы қант мөлшері — 3—8%. Ассортименті: Твиши, Хванчкара, Чхавери, Тетра, Ахмета және т.б.

    • Күшейтілген шараптарда асханалық шараптарға қарағанда спирт мөлшері жоғары 12—20%. Спирт және қант мөлшеріне байланысты күшейтілген шараптар күшті және десертті болып бөлінеді. Күшейтілген шараптарды өндіру ерекшелігі суслоны жартылай ашыту болып табылады. Суслоның ашуын десертті шараптарды алғанда ашытудың бірінші сатысында, суслода ашымаған қант мөлшері көп болғанда, ал күшті шараптарды өндіргенде — суслода қант мөлшері азайғанда спирт-ректификат қосу арқылы тоқтатады.

    • Күшті күшейтілген шарап құрамында 17—20% спирт және 3—14% қант болады. Оларға портвейн, херес, марсала, мадера, ақ, қызғылт, қызыл типті шараптар жатады. Портвейннің ақ, қызғылт және қызыл типтері шығарылады. Ол кең тараған күшті шарап (17—20% спирт және 7— 14% қант). Портвейн өндірудің ерекшелігі шарап материалдарын ауа қатысынсыз жылулық өндеу (30—45%) болып табылады. Портвейн жақсы айқындалатын букетімен, экстрактивтілігімен ерекше-ленеді. Мадераны ақ шарап материалынан мадеризация процесін қолданып алады: ауа қатысында 65—70°С температурада жылулық өндейді. Шарап янтарь түсімен, өзіне төн мадерлік дәмімен және хош иісімен ерекшеленеді; құрамындағы спирт мөлшері —18—20%, қант — 3—7%. Ассортименті: Коктобель, Бухарское, т.б. Марсала ақ күшті шарап болып табылады. Құрамындағы спирт мөлшері — 18—20%, қант — 7%. Оны шырынға 5 — 10% отта қоюландырылған жүзім суслосын қосып ашыту арқылы алады. Дәмі және басқа белгілері бойынша мадераға ұқсас, бірақ тәттірек. Херес 18—20% спирт пен 3% қанттан тұрады. Суслоны арнайы ашытқылармен ашытып, одан кейін ашытқы қабатының (солера) астында түрғызу арқылы алады. Түсі — сарыдан қою янтарьға дейін, дәмі миндаль тәрізді, сәл ащы. Күшейтілген ақ, қызғылт, қызыл шараптар 17—20% спирт пен 3—10% қанттан тұрады. Оларды ақ, қызыл және қызыл сортты шырындарға спирт қосу арқылы алады.