- •Мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Лекция сабақтарының конспектісі
- •1 Дәріс. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері
- •Нақты іс-әрекет:
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестерінің психологиялық ерекшеліктері.
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Дәріс. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
- •8 Дәріс. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы
- •9 Дәріс. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде.
- •10 Дәріс. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері
- •11 Дәріс. Педагогикалық әсер ету психологиясы
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері.
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәрiс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •21Ғасырдың барлық менеджерлері шартты түрде категорияларға бөлінеді:
- •15 Дәріс. Инженерлік қызметтегі басқарудың әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Зейін -психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз, зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.
- •Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады.
7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
Инженерлік психология – адам мен машина арасындағы ақпараттық әрекет құралдарын және процестерін оқытатын психология саласы. Инженерлік психология адамның психикалық пен психофизиологиялық процестерін және қасиеттерін оқытады. Адам қызмет ерекшелігінен пайда болатын техникалық құрылғылар құруға талаптарды шығарады. Сол сияқты адамның еңбек шартына деген және техникаға икемденуіне деген тапсырмаларды шешеді.
Инженерлік психология күрделі техниканы басқару функциясын орындайтын оператордың еңбегін түрлендіреді және оқытады. Сондықтан ол жүйе техникасымен, процестер технологиясымен және құқықтанумен тығыз байланысты. Инженерлік психология күрделі адам-машина жүйесін жобалауға оқуға және түрлендіруге бағытталған. Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:
1) «Адам – машина – орта» жүйесіндегі адам функциясын талдау, адам-оператор қызметінің классификациясын және құрылымын оқу;
2) оператормен ақпаратты түрлендіру және қабылдау процестерін оқу;
3) оператордың жұмыс орындарын эргономикалық принциптермен құру;
4) « Адам – машина – орта» жүйесін эргономикалық жобалау және бағалау;
5) «Адам – машина» жүйесі операторларын кәсіби дайындайтың әдістері мен принциптерін құру. Инженер кадрларды қалыптастырудың психологиялық проблемаларын қалыптастыру. Қазіргі кездегі инженердің жеке тұлғасы инженерлік психология және еңбек психологиясы, «адам-машина» жүйесіндегі олардың байланысы – ХХI ғ. маманының инженерлік ойлауы.
“Инженер дегеніміз – латын сөзінен алғанда бейімділік, ќабілеттілік, өнертапќыштыќ деген мағынаны береді. Ќазіргі кездегі инженерлер жоғарғы білімімен, мамандыќ иегері, жоғарғы оќу орнын бітірген, адамдармен ќарым-ќатынас жасайтын, әр салада жұмыс жасай алатын адамды айтамыз. Ќоғамда инженер ұғымы ХVIII ғасырдың ортасы, ХІХ ғасырдың басында ќалыптасты. Инженерлер бұрын-соңды болмаған ќоғамға аса ќажетті туындыларды жасайды. Инженерлердің бәрі бірдей емес. Адам жаратылысынан әр түрлі болып туады. Зеректігі, аќылы әр түрлі болады”. (Ц.Р.Розенберг, У.Е.Сыдыков).
Инженер деп бұрын әскери машиналарды (саперлер, миналы офицерлер) басқаратын адамдарды атаған, яғни мамандық болған. Азаматтық инженер түсінігі ҮІ ғасырда Голландияда пайда болды. Көпір, жол жасау, архитектура сөзімен тығыз байланыста болды. Инженер түсінігінің басқа анықтамасын И.Грант энциклопедиялық сөздігінде: “Инженер латын сөзінен шығуы мүмкін, яғни ойлап табушы адам”, – деп көрсетілді.
Үлкен энциклопедияда инженерді белгілеген мамандық бойынша жоғары техникалық оқуды аяқтаған мамандарды атайды. Инженер қиын техникалық объектіні басқару, оны функцияналдау және іске асыруды анықтайды. С.А.Тихомиров анықтамасы бойынша, инженер – белгілі қызметпен айналысатын субъект, эксплуатация, өзгерту және техникалық объектілерді өңдейтін немесе өнеркәсіпті ұйымдастыратын, ойлау еңбегін, білімін осы күнгі ғылыми техникалық мәдениетке сай қолданушы. Барлық кездерде инженердің алдында нақты мәселе тұрады: теориялық, психологиялық-педагогикалық білімді қолданып техникалық объект жасау. "Инженер" терминінің казіргі кезде бірнеше түсінігі бар. Инженер – жоғары техникалық оқу орнын бітірген белгілі мамандығы бар адам. Инженер қызметінің функциясы: жаңа көптеген бұйымдарды құрастыру және жобалаушы; өндіріске техникалық дайындық; өндірістік процестерді комплексті автоматизациялау; басқару шешімдерін өңдеу; технологиялық процес еңбегін ұйымдастыру (нормалау төлем, ынталандыру); өндірісте техникалық бақылауды қарастыру; техникалық пәндерді бақылау; өнім сапасы, өнімді өңдеу мен жөндеу; өндірісті басқаруға қатысты ұйымдастыру.
Сонымен, инженер қызметі тұрақты, техникалық қызмет түріне қатысты, сапалы анықтауы бар. Қазіргі кезде инженер қызметі – бұл жалғыз еңбек емес, басқару, араласу, шығармашылық пен мамандық. Инженер қызметі әртүрлі сферада өзінің функциялары бойынша айыру қиын, бірақ еңбек шарты мен пәніне психологиялық өзгешелігіне байланысты. Жеке психологиялық сапасына қарай инженер жеке адам, лауазым денгейінде еңбекқор, мамандандырылған, ұйымдасқан, өндірістік ұйымда өзіне міндеттілікті жүктеген парасатты, адал, сыпайы адам. Бұл кездейсоқтық емес, инженер жеке психологиялық ерекшелігі бар өндірістік дағдыланған. Өндірістік мәселелер принципін қарастырған С.Д.Артемов болды. Ол келесі объектіні бейімделудің критерилерін көрсетеді: өндірістік пәндерді бақылау, еңбек режимі, өндірістік технология. Ғимаратты өңдеу жүйесінің орындалуы, өндірістік еңбекті жоғарылату.
Инженерлік қызметті ажырататын аспекті техникалық шығармашылық болады. Шығармашылық спецификалық феноменнен бөлінеді. Көбіне шығармашылық әртүрлі болып келеді (мәдениет аясында, өнеркәсіпте, музыкада, поэтикалық, техникалық шығармашылық).
Техникалық шығармашылық - бұл практикалық қызмет, метериалдық өнеркәсіптік қызметпен байланысты. Бірақ техникалық шығармашылықта адамның шығармашылық активтілігі аздап байқалады, қоғамда жаңа техникалық ортада құрылады. Тарихи бастау мен адам дамуында - бұл ойлап табу тарихы (жасау және толық жетілдіру, отты табу технологиясы, жебелер, дөңгелек арба, бу машиналары).
Я.А.Пономарев шығармашылықты дамуға әсер етуші әрекет деп анықтады. Ағылшын зерттеушісі М.Генле шығармашылықты бұл шешім, табиғатта бір аспектінің үйлесімділігі деп қарастырды.
Инженер іс-әрекетінің психологиялық негіздері. Іс-әрекет адамның тіршілігіне байланысты (мақсаты, жұмысы, қозғалысы, амалы) күрделі процесс. Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Инженер іс-әрекеті қоғамды ғылыммен байланыстырады. 1708ж. Петр-І техникалық білім көтеру үшін мектеп ашты. 1794ж. Парижде техникалық мектеп ашылды. Қоғам дамуында ғылым өндіріс күшіне айналу керек. Осының әсерінен экономикалық даму үрдіс алады.
Инженерлік іс-әрекет екі жағынан байқалады.
1. Жаңа техника құру процесі.
2. Техникалық жүйені басқару.
Адам - өзінің ыңғайымен, еркімен ќызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-аќ белгілі бір өнерге, ќызметке икемді болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет яғни зеректік болады, біреу бала оқытуға, біреу әкім болуға, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаратылады. Өмірде жұмысқа икемі жоқ сирек болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.
Ойлап қарасақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке керек. әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді, қоғам ішіндегі әр бір өзгерістер жеке адамдар арќылы ғана істеліп, жарыќќа шығады. Әлеуметтің жетілуі адамдардың ниетіне бағынбайды, қызметіне, амалына бағынбайды. Мысалы: ертең біреу кен қазушы жұмысшылардың оннан тоғыз бөлігі керекті етерлік машина ойлап шығарса, ол адам сөз жоќ, ќоғамға ең зор ықпал еткен болар еді. Бірақ ол машина шығарушының ниетінен емес қызметінен.
Инженер қызметіндегі естің маңызы өте зор. Ес күрделі процесс. Оның өзі бірнеше бөліктерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, тану, қайта жаңғыру, ұмыту. Мысалы, адам оқып шыққан кітабының мазмұнын еске түсіргенде, ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін еске түсіп көз алдына жақсы елестете алады. Біздің күн сайынғы естіп, көріп-біліп жатқан нәрселеріміз есепсіз мол. Бұлардың бәрі кейде есте өзінен-өзі қалады, екіншілері әдейілеп қайта жаңғырады, қажетсіздігі ұмытылып жатады. Адамдарда осындай қасиет болмаса, оған заттардың бәрі ылғи белгісіз, немесе жаңа болып көрінер еді.
Демек, нәрсені еске сақтау – оны «байланыстыру» деген сөз, «Еске түсіру өнері» (Ж.Аймауытов). Байланыстырудың бірнеше түрі бар. Мысалы, машина десек, оның басқару пульттары, артықшылықтары, әр түрлері, құрылысы еске түседі. Адам өзінің еске сақтау қабілетіндегі төл мүмкіндіктерінің он пайызын ғана пайдаланады. Ал, қалған тоқсан пайызы пайдаланусыз қалады, өйткені ол еске сақтаудың кәдімгі заңдарын қолдана білмейді. Есте қалдыруда әр кез алдына нақты мақсат қойып отыру зор маңызды. Есте қалдыру материалдың мәні мен адамның қажетіне де тәуелді болады. Оқылатын материалды жоспарлай білу де есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Материалды жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына да тәуелді. Мысалы, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру дәрежесі де жоғары болады.
Есте қалдырудан «қайта жаңғырту» процесін ажыратуымыз қажет. Қайта жаңғырту – бұрынғы материалды қайтадан құрастыру, оны ойша өңдеу, баяндау, жоспарын өзгерту, оның негізгі жерін бөліп алу, әр түрлі білім саласынан түрлі мағлұматтар енгізу деген сөз. Арнайы қайта жаңғырту – әдейілеп еске түсіру, бұл ойлаумен тығыз байланысты өте белсенді процесс. Қайта жаңғырту кезінде біз әр түрлі елестердің бейнесіне сүйеніп отырамыз. Елестер – бұрын қабылданған, бірақ қазір жанымызда жоқ заттар мен нәрселердің бейнелері.
Адамның іс-әрекеті қашанда қоғамдық-әлеуметтік тарихи мәнге ие. Саналылық, мақсат қоюшылық, жоспар мен жүйе, ойға алған нәтижені шығару, кісінің сана-сезімі артқан сайын, оның іс-әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Іс-әрекет пен сана бір-бірімен тығыз байланысты, бұл екеуінің бірлігі сақталған жерде әр түрлі жан құбылыстары бір-бірімен қиюласып, ойдағыдай дамып жатады.
Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой-санасының өсуі, білім жүйесініњ молайып, икем-дағдысының ойдағыдай қалыптасуы - еңбектегі қара күштің салмағын біртіндеп кеміте береді де, кісі техниканың тетігін меңгеріп, оны оңай басқаратын болады.
Адам мен техникалық қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді. "Адам-техника" жүйесінде іс-әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрлымымен үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттері тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру орын алды. Инженерлік психологияның негізгі проблемаларына операторларды кәсіпті таңдап алу оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информатикалық модельдер мен басқару орындарын жобалау, оператордың қал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргонимикалық, ЭВМ-нің алгоритмдеріне талаптарды тұжырымдау болып саналады. Психологиялық ғылым ретінде инженерлік психология адамның психологиялық және психофизиологиялық процестерімен сипаттарын зерттейді. Техникалық ғылым ретінде инженерлік психология күрделі жүйелерді жасау, техниканы басқару, технологиялық процестерді қағидаларырын зерттейді.
Нег.: 4 [145-165], 6 [93-126] , 7 [387-465], 8 [435-511]
Қос.:7 [187-246], 5 [15-33], 10 [45-66]
Бақылау сұрақтары:
1. Инженерлік қызметке анықтама.
2. Инженерлік қызметті оқыту пәні.
3. Инженерлік қызметтің басқа қызметтерден ерекшелігі.
4. Инженерлік қызметтің дамуына әсер ететін тәсілдер.
5. Инженерлік шығармашылық түрлерін атаңыз.
6. Инженерлік қызметтің тарихи өзгешелігіне сипаттама.
