Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рустемов (остальные ответы) шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226 Кб
Скачать
☆

77. Кенүңгірлік және толтырымды қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі

Соңғы жылдары бұл қазу жүйесі көп қолданыла бастады. Кеніштің қалындығы 5-8м болғанда күрт құлама бұрыш, 8м ден жоғары болса кез-келген бұрыш. Жезқазғанда жиі қолданылып жүрген кенүңгірлі (камералы) толтырым жүйесі. Бұл қазу жүйенің қалындығы 16-18м кеніштің қоры қазылады.

Панельдік тәсілмен дайындалған кен орны немесе кен алабы бөлек кенүңгірлерге бөлініп, олардың қоры қатпарлап, шпурлармен уатылып, өздігінен жүретін жабдықтармен тиеліп-жеткізіледі де тау қысымы қатаюшы толтырмамен басқарылады.

Кен сілемі тың қалың болғаны жөн, құлау бұрышы кез-келген бұрыш, кеннің бағалығы-кен өте бағалы.

Дайындық қазбалары. Дала панель квершлагы, желдету орты, толтырма квершлагы, дала тиеу квершлагы, желдеткіш қосу қазбасы, толтырма өрлемесі.

Тілме қазбаларына панельдік квершлаг, қысқа орттар, кірмелер, кесу өрлемесі, кесу саңлауы кіреді.

Панельдер бірінші кезекті және екінші кезекті болып келеді. Кенүңгірлердің қоры қабатпен қазылады. Бірінші қабаттың биіктігі 7-8м болады. Ол қабат жоғарғы отау ретінде өтіледі. Екінші төменгі қабат, табан кемер ретінде қазылады. Басты өндірісті процестерді өздігінен жүретін мына жабдықтарды пайдаланып атқарады: бұрғы қондырғылары УБШ-531Д және "Максиматик" тиеу жабдықтары, ПНБ-4, экскваторлар ЭО-512, ожаулы тиегіш катерпиллер 980-С, кенді тасымалдауда МоАЗ-6401, төбе жыныстарын темірлі-бетонды қарнақы бекітпелермен бекіткенде өздігінен жүретін СП-8А сөресін, темір полимерлі қарнақыларды орнатқанда арнаулы болтмини А-100Б қондырғылары және басқалары.

Кенжаршылардың ауысым өнімі 30-45т, кеннің өзіндік құны 2200-1200 теңге/т, жоғалымы 5-6%, құнарсыздығы 8-10%, атылғыш зат шығыны 0,65-0,70 кг/т, ДТҚ шығыны 12-16 м3/1000т.

"Кенүңгіртың" деп аталатын бұл жүйенің қолдану жағдайлары: кеніштің қалындығы 20-25м –ден кем емес, құлау бұрышы 00-900 дейін, кен және тау жыныстары тұрақсыз, беріксіз, кен құнды және өте құнды: кеннің өздігінен жанатын табиғи қасиеті бар, қазу тереңдігі кез-келген тереңдік, жер бетін опырып, құлатуға болмайды.

Жүйенің артықшылықтары кен жоғалымының аздығы, жерасты өртімен және тау соққысымен күресу жолының жеңілдігі, жер бетін бұзбай сақтап қалудың мүмкіншілігінің барлығы.

Кемшіліктері кенжаршының өнімділігінің аздығы, толтырым жұмыстарын орындауға еңбектің көп шығындалатыны. Толтырым жұмыстары кеннің өзіндік құнына үлкен әсер ететіндіктен оның мөлшері ылғи жоғары болып тұрады.

79. Қатпарлап қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі

Қабаттық дәсілмен дайндалған кен алабы жеке блоктарға бөлініп, олардың қорлары жоғарыдан төмен қатпарлап қазылып кіру орттарынын шпурлармен уатылып, сырмалап жеткізіліп, тау қысымы төбе жыныстарын ағашты төсек панасында құлатып басқарылады.

Қазу жүйесінің өлшемі. Блоктың ұзындығы 40-60м, биіктігі 40-50м, ені 2-3÷15-20м дейін, яғни кеніштің қалындығына тең болып келеді. Қауіпсідік және желдету жайғдайларына байланысты кіру ортының ұзындығы 30м аспағаны дұрыс. Кірудің ені 2,5-3 м, биіктігі 1,8-3 м.

Қолдану жағдайлары. Кеніштің қалындығы 2,5-3 метрден 20-30м дейін, құлау бұрышы 550 жоғары. Кен беріксіз, орта тұрақтыдан тұрақсызға дейін. Тау жыныстары да орта тұрақтылықтан тұрақсызға дейін және жеңіл опырылып, жеңіл құлатылады. Кен бағалы, өздігінен жаңбайды, өртенбейді. Қазу тереңдігі 150-200м аспайды. Жер бетін бұзып, құлатудың мүмкіншілігі болуы тиіс. Дайындық жұмыстары кезінде тасымалдау, қатпарлы квершлагтарың, қатынас-заттық өрлемесін кен құдығы бөлмесімен бірге өтеді. Егер кірудегі бірінші скважинаны тілме санамағанда тілме қазбалары жоқ десе де болады. Тілме және тазалап қазу жұмыстары қосылып кеткен. Тіреулерді қойып алғаннан кейін, кенді алып болғаннан кейін кірудің табанына бөренелер салынады. Келесі, төменгі қабатты қазғанда әлгі бөренелерді төменнен тіреуіштермен тіреуге болатындай орналастыру қажет.

Тіреуішті бекітпелердің мұндай құрылысы ағашты төсектің қалындығын керекті қалындыққа жеткізуге мүмкіншілік береді де, біріншіден тау жыныстарын құлату процессін бақылауға жағдай тұғызады, екіншіден кеннің құнарсыздық мөлшерін азайтады.

Кірудің қорын алып болғаннан кейін және кірудің табанына бөренелер төселгеннен кейін кіруді құлатуға дайындайды. Ол үшін тіреуіштердің бірнеше бағаналарына қысқа шпурлар бұрғылап, оларды жартылай АЗ оқтайды да аттырады. Қазбаның төбесі құлап, ашық кеңістікті толтырады.

Кенжаршының ауысым өнімділігі 5-6т аспайды. Кеннің өзіндік құны қымбат 450-600тг/т. жоғалыммен құнарсыздығы 3-4%, АЗ шығыны 0,30-0,35 кг/т, ағаш шығыны 0,09-0,12 м3/т, ДТҚ көлемі 4-6 м3/1000т.

Техника-экономикалық көрсеткіштерге сүйенсек жүйенің жоғалымы, құнарсыздығы, АЗ және ДТҚ шығыны төмен. Икемділік жағынан жүйенің икемділігі тіреуішті және толтырым жүйелеріне сәйкес, яғни икемді жүйе болып келеді. өкінішке орай, артықшылығынан бұл жүйенің кемшіліктері.көп: кеншінің өнімділігінің аздығы, еңбек шығынының көптігі, өзіндік құнының жоғарлығы, кен орнының қазу қарқындылығының төмендігі, желдетудің қиындығы, жер бетінің бұзылуы осылардың барлығы қазу жүйесінің пәрменділігін төмендігін көрсетеді.