- •15. Кен денелерін қуаты және құлау бұрышы бойынша болу
- •32. Кенорнын ашудың күрделі тәсілдері. Артықшылығы мен кемшіліктері
- •33. Шоғырланған (топтастырылған) деңгейжиектермен ашу. Артықшылығы мен кемшіліктері
- •35. Кенорнын штольнялармен ашу. Қолдану жағдайлары. Артықшылығы мен кемшіліктері
- •77. Кенүңгірлік және толтырымды қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •79. Қатпарлап қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •80. Қабат аралық қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •81.86 Қабаттық-кенүңгірлік қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі
- •82. Толтырмалау материалдарында ұсақ кен кесектерінің жоғаламының алдын алу шаралары
82. Толтырмалау материалдарында ұсақ кен кесектерінің жоғаламының алдын алу шаралары
Толтырма салу дегеніміз–бос кеңістіктің қазбаларды жүргізгенде алынған бос жыныстармен, өндіріс қалдықтарымен, т.б. толтыру арқылы тау қысымын басқару шарасы. Ол кенді ысырапсыз, мейлінше толық алуға мүмкіндік береді, жер бетінің шөгуіне жол бермейді. Сонымен қатар бұл тазартпа қазудың ең қымбат әрі еңбекті көп қажет ететін тәсіл. Толтырма-құрғақ, гидро, қатайма және бетон толтырма болып ажыратылады.
Толтырманы жеткізудің бірнеше тәсілдері бар, олар: өздігінен ағып түсетін, сығылған ауа қысымымен атқарылатын пневматикалық, механикалық және гидравликалық.
Толтырманы құмдар, бос жыныстар, қоқыстар өз салмағымен жер бетіне бұрғыланған скважиналар арқылы түсіріледі. Толтырма кесегі 150-200 мм болады.
Құрғақ толтырма салуда скрепер қондырғылары, науа, өздігінен жүретін ПДМ машиналар және арнайы лақтырғыштар қолданылады.
Пневматикалық тәсілмен толтырмалау жұмысы сығылған ауаның күшімен құбыр арқылы іске асырылады.
85. Құрамды қазу жүелері. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі Бұл топта екі топ кіріп отыр десе болады. Бірінші топ тек қана тау жынысын құлата қазу-қатпарлап құлата қазу жүйесі. Екінші топ-кенді және тау жыныстарын құлата қазатын діңгекті қазу жүйесі бүгінгі күндері кен өндірісінде қолданылмайды.
Экологиялық шарттарды бәріміз де-кенші болайық, балқытушы, егінші болайық орындап, отанымыздың жер бетін сақтайық, көркетейік. Сондықтан, қазу жүйесін таңдағанда экологияның қойған талаптарын еске алуымыз керек.
Қабатты құлата қазу жүйесі.
Қатпарлап құлата қазу және қабатты бөлшектеп құлата қазу жүйелері жаңарып, дамып, жоғары сатыға көтерілді. Олардың техника экономикалық көрсеткіштер жақсара түсті. Бірақ, өнімді жоғарылата түсу мақсаты мамандарды ізденіске салды. Ізденістің нәтижесі жаман болған жоқ. Егер қатпарлап құлата қазу жүйесінде қабаттың биіктігі бар жоғы 3-5м ғана болса, қабатты бөлшектеп қазу жүйесінде 20-40м-ге жетсе қабатты құлата қазу кезінде кенді қабаттық биігінде толық құлатады. Бұл қазу жүйесінің түрлері көп, біразы әлі күнге дейін қолданады. Сол қолданылатын қазу жүйелерінің кейбіреулеріне тоқталайық.
Қабатты төменгі толтыру саңлауына еріксіз құлата қазу жүйесі.
Қабаттық тәсілмен дайындалған кен орны немесе кен алабы жеке блоктарға бөлініп, олардың қоры көлдененді желпеуішті скважиналармен қабаттың биіктігінде түгелдей уатылып, сырмалап жеткізіліп, тау қысымы кенді тау жыныстарын құлатумен басқарылады.
