- •1 Түркі өркениетінің бастаулары
- •1.2 Көне түркілердің діни нанымдары тарихынан түркі өркениетінің тарихи жазба ескерткіштері
- •2 Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы және ислам
- •2.1 Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстандағы таралуы
- •2.2 Көне түркілердің қоғамдық әлеуметтік құрлысы
- •3. Түрік өркениеті және мәдениет
- •3.1 Қалалар мәдениетінің қалыптасып дамуы
- •3.2 Түркілер дәуірінің ойшылдары және ілімдері
3.2 Түркілер дәуірінің ойшылдары және ілімдері
Арабтар мен парсылардың мәдени өміріне түркілердің сол кезде қаншалықты араласқандығын анықтау қиын мәселе күйінде қалып келеді. Түркілер еш жерде де араб-парсы мәдениетіне толық бас ұрған емес, ешқашан да өз тілін жоғалтқан емес, бірақ араб-парсы мәдениетінің ықпалы соншалықты күшті болғандықтан, түркі тілі (XI—XII f.) еш жерде мемлекеттік тіл бола алмады. Түркілердің батыстағы мемлекеті — Кіші Азияда XIII ғасырға дейін мемлекеттік тіл араб тілі болды, бірақ сұлтандар өздерінің түбі түркі екендігін ұмытқан жоқ. Іс кағаздары мен мәдениет тілі бірте-бірте парсы тілі болып келе жатқан Ирандағы Селжук иелігіне қатысты да осыны айтуға болады. Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыздың көпшілігі өз шығармаларын, сол кездегі ғылым, білім, өнер тілі - араб тілінде жазды. Солардың бірі — Отырардан шыкқан Әбу Насыр әл-Фараби. Орта Азия мен Қазақстан жеріне ислам діні таралуына байланысты екі мәдениет, екі алфавит-тартысқа түсті. Бірі - түркі мәдениеті мен түркі алфавиті, екіншісі - араб-парсы мәдениеті мен араб алфавиті. Түркі алфавитін бірте-бірте араб графикасы жеңе бастады. IX ғасырда өмір сүрген Әл-Фараби өз еңбектерін араб тілінде, араб әрпімен жазды. Ол түркі тілін білмеуі мүмкін емес, себебі түркі тілі оның ана тілі еді. Алайда сол заманда араб тілі ғылым тіліне айналғандықтан және туған жерден шет жүргендіктен, ол бірыңғай арабшаға ауыскан.
Әл-Фараби шырармалары бүкіл дуние жүзіне белгілі, оның «Ғылымды жүйелеу», «Химия туралы толғаныс», «Физиканың негіздері туралы толғаныс», «Музыка туралы толғаныс кітабы»- іргелі ғылымдар саласынан көшелі ой айтқан көрнекті еқбектер. Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасына», ежелгі заманында өзге де ойшылдарының туындысына түсініктемелер жазып, оларды өз уақытының игілігіне айналдырған. Кемеңгер ғалымның «Қайырымды істер каласының тұрғындары туралы толғаныс», «Мемлекет қайраткерлерінің мақал-мәтелдері» сияқты еңбектері - қоғамдық-әлеуметтік ой тарихында елеулі із қалдырған туындылар. Ал оның өз кезінде дүниенің шартарабына жайылған «Даналық жауһарлары» атты философиялық толғанысы тұтас ның жыл бойына Шығыс жоғары оқу орындарында қолдан түспейтін окулық кітап болған. Әлемнің, оқымыстылар қауымы Әл-Фарабиді адамзат ой-санасының теңдесі жоқ алыбы ретінде қастерлеп, қатты құрметтейді [38].
Фарабиден екі ғасыр кейін өмір сүрген ғұламалар - Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағүни өз шығармаларын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат әт-түрік» атты кітабы былай басталады: «Қайырымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын. Енді Мұхаммедтің ұлы Құсайынның перзенті Махмұдтың айтар әңгімесіне назар салыңыз: «Мен тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында жаратқанын, өмір бірліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Тәңір оларды түркілер деп атап, асқан салтанатқа ие кылды. Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаһарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты. Қасіретке мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілдерінде сөйлеуден басқа жақсы жол жоқ».
Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат әт-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты еңбегі 1072 жылы 25 қаңтарда басталып, 1074 жылы 10 ақпанда жазылып біткен. Еңбектің түпнұсқасы бізге жетпеген. Оның жалғыз көшірмесі 1266 жылы жазылған. Махмуд Қашқари Қашқарда туып, жастық, жігіттік шағын Баласағұнда өткізіпті, Ол араб тілі мен араб әдебиетін, парсы мәдениетін өте жақсы білген. Грамматика жазуының классикалық әдісін жете менгерген. М. Қашқаридің еңбегі туралы алғашқы деректер XIV ғасырдан басталады. Еуропаға тараған М. Қашқари еңбегі туралы алғашқы хабарлардың бірі - 1904 жылы Венгер академиясы жариялаған лингвистикалық жинақтағы мәлімет. М. Қашқари енбегінің шын мәнінде зерттеу объектісіне айналуы оның үш томдық түпнұсқасы 1915-1917 жылдары Стамбулдағы Ахмет Фирхат баспасынан шығу кезінен басталады. Көлемі жағынан I том--463 бет, II том - 294 бет, III том - 333 бет. Барлығы 1063 беттен тұрады. Осыдан кейін-ақ бұл аталған енбек хақында бірқыдыру пікір, хабарлар жарияланып, ол батыс, шығыс елдеріне түгелдей мәлім болды. Өзбек тіліндегі аударманың I томы 1960 жылы, II томы 1963 жылы жарық көрді. Түріктің білімпазы Б. Аталаи «Диуани лұғат әт-түріктің» үш томдық аудармасын (1939-1941 ж.) 1914 жылы шыққан түпнұқасындағы сөздердің бір томдық тізімін жасап шығарды. Бұл еңбектің материалдары әр-қилы зерттеу жұмыстарын жүргізуге кең жол ашып берді. Осыдан кейін оның ішкі сыры сарапқа түсе бастады. Әсіресе «Диуани лұғат әт-түріктің» зерттелу тарихында екінші бір кезең оның түркі тіліне аударылып бітуі деп есептеуіміз керек. Әңгіме болып отырған еңбек, негізінен алғанда, М. Қашқари заманындағы түркі тілді халықтардың қоғамдық өмірі мен рухани дүниесінің алуан саласын қамтитын материалдарға толы. Онда тарихи, әлеуметтік жағдайларға, әдеби мұраларға, мәдениет пен тіл ерекшеліктеріне географиялық суреттеулер мен астрономиялық атауларға, тағы басқаларға толып жатқан мәселелерге байланысты аса бай мәліметтермен нақтылы мысал, фактілер келтірілген. Еңбектен грамматикалық ережелерді, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, өлеңдер мен жырларды, толып жатқан тарихи құнды материалдарды кездестіреміз. Ал енді «Диуани лұғат ат-түрік» түркі тілдерінің бәріне бірдей тән қазына, ортақ мүдде деп қараймыз, онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі сейлеу тілінен алынған материалдар жинақталған. М. Қашқаридың өз айтуы бойынша ол бүкіл түркі халықтарын түгелдей аралап шыққан да, сол кездегі Қарахандықтар. мемлекетінің астанасы болған Қашғар қаласына барып, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматика оқуларын жазуға кіріскен. Онын. еңбегінде өз заманының түркі тілдері сол тілде сөйлейтін халықтардың географиялык орналасу тәртібі бойынша Византиядан шығысқа қарай рет-ретімен аталып өтіледі [39].
Тілдердің тазалығы мен қолданылу ерекшелігі жағынан М. Қашқари татар, ұйғыр тілін өз алдына жеке топ етіп, бөліп карайды да, кырғыз, қьшшақ, оғыз, тілдерін таза түркі деген пікір айтады. М. Қашқаридің, ойынша түркі тілдерінің ең жеңілі - оғыз тілі де, ен, жақсысы, қолдануға қолайлы тіл - ярма,тілдері мен қазіргі Қазақстан территориясын, яғни Іле, Ертіс, Еділ өзендерінің бойын жайлаған халықтардың тілі. Күні бұрын қолданылып жүрген тілдер деп, бұл тілдердің ішінен башқұрт, татар, қырғыз, ұйғыр тілдерін айтуға болады дейді. Сонымен түркі тілдерінің М. Кашқари жасаған алғашкы классификациясы екі түрлі негізге: 1) түркі халықтарынының орналасу ретіне яғни географиялық мәліметтерге, 2) түркі тілінің әрбір тобының өзіне тән фонетикалық және морфологиялық-қасиеттеріне яғни лингвистикалық қасиеттерге сүйенген.
Жүсіп Баласағұнидың XI ғасырда түркі тілінде жазған педагогикалық трактаттары кең өpic алды. Ж. Баласағұнидің «Кұдатғу білік» (1070 ж.) («Құтты білік») атты кітабы — сол кездегі түркі тілді халықтардың дүниетану тақырыбындағы алғашқы шығарма. Мұнда адамға білімнің тірліктегі мәні, адам іс-әрекетінің оңы мен терісі, тілден келетін пайда мен зиян, билеуші әкімдерге қажетті асыл қасиеттер, әр текті жұртшылық өкілдерінің тілін таба білу т. б. ой-толғамдар, отбасы мен неке, ұл мен кыздыд тәрбиелі өнегесі, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелер жан-жақты сөз болған [40].
Грек ойшылдары сияқты дүниенің негізі болған төрт нәрсе: жер, су, ауа, от дейтін төрт принципті Ж. Баласағұни да ұстанған. Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихында өшпестей қып жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы-«Кұдатғу білік» дастаны. Дастан — қазіргі түркі тілді халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдык саяси өмірі, ғылыми әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы наным-сенім жөніндегі аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Бұл дастан мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтып энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды.
«Құдатғу білік» дастанынын. бүгінге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар: 1) Вена нұсқасы, 2) Каир нұсқасы, 3} Наманған нұсқасы. Бұл дастанның негізгі идеясы төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ занның болуы, 2) бақ, дәулет яғни елге құт қонсын деген тілек, 3) ақыл-парасат мәселесі, 4) қанағат мансап мәселесі. Ж. Баласағұнидан бір жарым ғасыр кейін өмір сүрген аса көрнекті ойшыл Ахмет Иасауи де өз шығармаларын түркі тілінде жазғанымен, араб алфавитін қолданған.
Кейбір мәліметтер бойынша Ахмет Иасауи 1166-67 жылдары Сайрамда туыпты. Түркілерден Ахмет есімін алған ол «Иасауи Ата» атанып, түркілер арасында ислам дінін насихаттауға зор үлес қосты. Оның түркі тілінде жазған мистикалық рухтағы өлеңдері Құран сөзіндей құрметтелді. Ахметтің өзі Хамаданнан Түркістанға келген үшінші халиф болды, бірінші халиф - 1140 жылы дүние салған Юсуф Хаммадани Мервада (Марыда) мистиктер мектебінің басында болған. Юсуфтің екінші халифі яғни Ахметтің тікелей тәлімгері 1157 жылы дүниеден өткен шейх Абу Мухаммед Хасан Хусейн әл-Андаки болды.
Сырдария оймағында Ахмет Иасауидің беделі өте жоғары болған. Оны XIV ғасырдың. соңында Темірдің. Ахметке арнап тұрғызган кесенесінен де аңғаруға болады. Ахметтің оқушылары мен ізбасарлары арасында түркі тілінде жазатын бірқатар мистиктер болды және олар да «Ата» деген атқа ие болды, Сонын, ішінде Қайым Ата және казіргі Хорезммен байланысты аталатын Сүлеймен Бақыргани бар. Ахмет секілді Хакім Ата да түркі тілінде проза үлгісімен жазылған бірқатар мистикалық мұра қалдырды. Хакім Ата да Ахмет сияқты шығармаларын бұкара қауымға арнап қарапайым тілмен жазды. Қожа Ахмет Иасауидың. бізге жеткен туындысы - «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы»). Бұл еңбекті мүдде деп қараймыз, онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі сөйлеу тілінен алынған материалдар жинақталған.
IX ғасырдағы Орта Азияның математигі әрі астрономы Хорезми Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (туған, өлген жылы белгісіз) Хиуада туған, өмірінің ұзак уақытын Бағдатта өткізген. Хорезмидің «Әлжабр уа әл-мұқабала» атты еңбегі математиканың бір саласы - алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап, сондықтан да Хорезмді кейде алгебранын атасы деп те атайды. Хорезмидің «Үнділер есебі бойынша қосу және азайту кітабы» (арифметиканың — санаудың ондық позициялык жүйесіне негізделген) Шығыс пен Батыс елдеріне үлкен ықпал етті. Ал оның «Жер түрлері жайындағы кітабы» араб тілінде жазылған бірінші географиялық кітап болды (бұл кітап 1878 жылдан белгілі). Хорезми астрономия, күн сағаты туралы да еңбектер жазған. Тригонометриялық таблицалар жасаған. Хорезмидің еңбектері XII ғасырдан бастап латын тіліне аударылып, Еуропаға кеңінен мәлім болды, оның есіміне байланысты дүние жүзінде алгоритм термині қалыптасты [41].
Сонымен бірге әл-Бируни және Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) сияқты ірі ғалымдар жұмыс істеді. Хорезми, әрине, парсы тілінде жазатын ғалымдар мен ақындар арасында парсы мәдениетінің ыкпалында болды, олардың арасында хорезмдіктер де жоқ емес еді. Хорезм шахтарының ішінде парсы тілі мемлекеттік тіл болып есептелді. Хорезмде өмір сүріп, еңбек еткен ғалымдар Замахшари мен Шахристани XII ғасырда әлемдік деңгейге көтерілді. Замахшари 1221 жылы Хорезмнен Индияға кетіп, 1231 жылы Батыс Парсы елінде ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Монғолдармен соғыс кезінде қаза тапты. Оның негізгі тақырыбы - түркі патриотизм еді. Ғылыми еңбектерін араб және парсы тілінде жазған түркі ғұламалары (X—XII ғ.)IX—XII ғасырларда түркіден шыққан көптеген ғұламалар Араб және Иран жеріне барып әлемдік ғылымға үлкен үлестер қосты. Олар; Әлам әд-Дин әл-Жауһари, әд-Дин Ахмад, Әл-Фараби, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни; Махмуд бин Әли әт-Тарази, Әбу Таһир Мұхаммад әт-Тарази, Имад әд-Дин Әбу-ул-Қасым әл-Фараби, Байлақ әл-Қыпшақи. Бұлар өз шығармаларын араб не парсы жерінде солардың тілінде жазды.
Әлам әд-Дин әд-Жауһаридің есімі Қеңес Одағы және кейбір шетелдік ғалымдардын енбектерінде аталады. Мысалы, Кеңес ориенталистері Г. П. Матвиевская мен Б. А. Розенфельдтің «Орта ғасырлардагы мұсылман математиктері мен астрономдары және олардың еңбектері» (VIII—XVII ғ.) атты зерттеуінде «Алам ад-Дин Абу-ул-Хасан Али ибн Исмаил әл-Жаухари (X—XI вв.) известный под именем арраккаб салар («военочалъник кавалерии») из Багдата, по-видимому, сын известного грамматика Абу Насра Исмаила ибн Хаммада эл-Джаухари (ум. ок. 1002) из Джаухара близ Фараба, ныне южный Казахстан, математик и мастер астронмических инструментов», — дейді. Жоғарыда айтылғандай, Әлам әд-Дин туралы деректерді шетел шығыстанушысы неміс ғалымы Генрих Зутердің (1848—1922) еңбегінен де ұшыратамыз. 1877— 1906 жылдары Лейпцигте «Арабтардың математиктері мен астрономдары және олардың еңбектері» деген атпен шыкқан еңбегінде ол Отырарлық атақты тілші Исмаил әл-Жауһаридің баласы Әлам әд-Дин туралы бірнеше жолдық деректер келтірген. Генрих Зутер Әлам әд-Динді «известный ученый, превосходный и искусный в математических науках, известен также благодаря изготовлению и использованию астрономических инструментов. Его отличные произведения получили широкое распространение»,— деп жоғары бағалайды.
Ибн Сайд әл-Китфи дерегі Әлам ад-Диннің негізінен астрономия, геометрия, математика, философия сияқты ғылым салаларына катысты еңбектер жазғанын дәлелдейді. Элам әд-Динді энциклопедист ғалымдар санатына жатқызуға да болар еді. Оның өзіндік себебі де бар. Орта ғасырларда кез-келген ойшыл ғалымның барлық саласымен айналысуына тура келген.
Әбу Насыр әл-Фарабидің философия, логика, астрономия, филология, психология, педагогика және аударма салаларымен ғана емес, медицина, тіпті музыкамен де әуестенгенін, оның теориясы туралы шығарма жазғанын да білеміз. Әлам әд-Дин Отырарлық атақты лексикограф, белгілі ақын Исмаил әл-Жауһаридың ұлы болғандықтан, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тарихына кіріп, шығармаларын араб тілінде жазған ойшылдар санатында тұруы керек деп ойлаймыз.
Бурһан әд-Дин алғашқы білімді Отырарда алғандығына дау жоқ. Ол кезде Иасы (Түркістан), Исфиджаб (Сайрам), Тахи, Шаш (Ташкент), Сауран, Сығанақ қалаларында араб, парсы жұртынан келген дін өкілдері сондай-ақ түрлі ғалымдар осы аталған жерлерге саяхатшы, саудагер немесе зерттеуші ретінде келіп, өз тілдері бойынша дәріс берген.
К. Брокельман оның «Заллат әл-Қари» («Оқу үстіндегі қате») деген еңбегін ғана айтады. Соған қарағанда, Құранды дұрыс үйрену Бурһан әд-Дин өмір сүрген тұста да күн тәртібінен түспесе керек. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Құран оқу кезінде қате, әдетте, кейбір әріптерді дұрыс айта алмау, паузаны дұрыс жасай алмау сияқты жайттар төнірегінде болады екен, Бурһан әд-Диннің «Оқу устіндегі қате» атты еңбегі нақ осы мәселеге арналады. Соған қарағанда, ол араб тілі мен әдебиеті, дін тарихы, Құран мен Суннаны жақсы білген [42].
Әбу Абд Алла әл-Баласағұни алғашқы білім нәрін туған мекенінде алған деуге болады. Ол кейін сол кездері букіл шығыс жұртының рухани орталығы болған Бағдатқа сапар шегеді. Араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен философиясын окып үйреніп, жақсы меңгерді. Иа-қут әр-Руми оның араб жұртында «Әт-Түрк» деген атпен белгілі болғанына назар аударады: Ол мұсылман правосы бойынша Бағдаттагы Әбу Абд Алла әд-Дамғанн әл-Ханафи (1085-1086) атты қажыдан дәріс алды» деп жазады.
Соған қарағанда, Баласағұндық зиялы жан ғылым салалары ішінде шариғат заңы бойынша маманданып,. өмірі мен шығармашылығын тек соған арнаған деуге келеді.
Махмуд бин Эли эт-Тарази алғашқы білімді туған мекені Таразда алған, Ол өзінің шығармаларын сол кездегі ғылым, білім мен өнердін тілі — араб тілінде жазған. Өйткені X ғасырдың өзінде «Қазақстаннын оңтүстік өлкелерінің исламдандырылуы, мұсылман дінінің көшпелі ақсүйектер ортасына терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түркі руна жазуы ығыстырылды. Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті түркі тілінде және иран тілінде сөйлейтін ортасынан шыққан ғалымдардың, әдебиетшілер мен ақындардың үлкен бір тобы өз шығармаларын сол кездегі халықаралық ғылыми тілдің рөлін атқарған араб тілінде жазды.
Иакүт әл-Хамауи ар-Руми ортағасырлық ойшыл, тарихшы Әбу Сағд Абд әл-Карим ас-Саманидің (1169 ж.) 1222 жылы «Мұғджаз шуйух» («Шайхылар сөздігі») деген .еңбегінде жерлесіміз жайлы «Мен оның қолынан иджаза (диплом) алып едім» (4-том, 27-бет) дегенін тілге тиек етеді. Олай болса, Махмуд Тараздағы үлкен бір ғылым ордасын басқарған деп батыл айтудан тартынбаймыз. Әбу Таһир Мухаммад әт-Тарази. Әбу Таһир Муһам-мад бин Аби Насыр Ибраһим бин Макки әт-Тарази «һад-жир» («келімсек») деген атпен белгілі болды. Осының өзі-ақ оның Иранда ғұмырын өткізгенімен, жергілікті халық оны келімсек деп атағанын, Исфаханда өмір сүргенімен, Талас бойындағы тараздық, болып қалғанын аңғартады.
Имад әд-Дин Әбу-ул-Қасьш әл-Фараби. Имад әд-Динді Отырарда1130 жылы туған деп шамалауға болады. Алғаш Отырар медреселерінің бірінде білім алған ол сол кездегі өз тустастары сияқты философия, этика, логика, тарих, география, астрономия т. б. Ілім салаларынан мол сусындаған. Оның қаламынан туған терең ойлы еңбегі осыған куә. Имад әд-Дин атақты жерлестері Әбу Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһари секілді орта ғасырлардары өнер мен білім, ғылым ошақтары Бағдат пен Басра, Куфа мен Мосул, Дамаск мен Каир секілді қалаларға барып білімін толықтырды ма, яки Отырар мен Иасыдан, Самарқан мен Бұхарадан шығып алысқа ұзаған жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Тек ол жайлы қалам тартқаи ориенталистер Имад ад-Динді 1210 жылы қайтыс болды деп қана жазады. Имад әд-Дин еңбегінің толық аты - «Халисатул-ха-қаиқ лима ФИНРІ мин әл-асалиб (фи ануа әл-улум) ад-даких» («Ғылым турлері») нәзік тәсілмен (стильмен) жазылған.
Ч.А. Стори жерлесіміздің бұл туындысы 1200 яки 1201 жылдары жазылғанын мәлімдейді. Осыған сүйенсек, Имад ад-Дин өз еңбегін Шыңғыс хан Отырарды қиратардан небәрі 17-18 жыл бұрын-ақ бітірген сияқты. Шығарма күні бүгінге дейін жеке кітап болып баспа бетін көрген жоқ. Қазан басылымын есептемегенде, жерлесіміздің атанған шығармасы қазір Индия, Голландия, Түркия, Мысыр, Ватикан сияқты елдердің кітапханаларында, сондай-ақ КСРО FA Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақталған. Кеңес ориенталистерінің жазбаларына қарағанда, Имад әд-Диннің бұл шығармасының Шығыстану институтындағы нұсқасы 1700 жылдары көшірілген [43].
Байлақ әл-Қыпшақи. Байлақ әл-Қыпшақи Мысырды мамлюктер билеген кезде емір сүрген. Кейбір деректер бойынша ол енбектерінің кейбірін Мысырды қыпшақ текті сұлтан Бейбарыс билеген кезде жазған-ау деуге келеді. Отаны - Дешті Кыпшақ даласын монғолдар басып алғаннан кейін жас Бейбарысты жат жерліліктер сириялык саудагерлерге 800 дирхамға сатып жіберген. Ағылшын шығыстанушысы Э. У, Лэйн (1801-1876) XIX ғасырдың бірінші жартысында Қаирден жазып алған киссаларының ішіндегі ең белгілісі, ең жиі айтылатыны осы Бейбарыс екенін жазған. Сондай хиссаларының бірінде Бейбарыстың Хорезм шахының тұтқынға түскен баласы екені туралы айтылса, ал енді бір деректерде онын Отырар немесе Жайық бойындағы қыпшақтардан шыққандыры сөз болады. Қалай дегенмен де оның әйтеуір қазақ сахарасының перзенті екені анық еді.
Жасынан батырлығымен көзге түскен Бейбарыс ақырында Мысыр сұлтаны дәрежесіне көтеріледі. Әл-Малик аз-Захир Рукн ад-Дунийа уа ад-Дин Бейбарыс әл-Бун-дукдари ас-Салих деген титул алған жерлесіміз Мысырды билеген тұста осы елдің әлеуметтік және ғылыми өмірі шарықтап өскен. Түрлі елдермен дипломатиялық қатынас жақсы жолға қойылады. Мысыр әскерлерінің көпшілігі де кыпшақтар еді. Сарай тілі де жоғарыда айтылғандай қыпшақ тілі болатын. Байлақ әл-Қыпшақи осы Бейбарыс тұсында өмір сүріп, шығармаларының көпшілігін сол кезде жазған деуге болады. Байлақ әл-Кыпшақи да Бейбарыс секілді сатылып барды ма, ол жағы белгісіз, нақты дерек жоқ. Өзге жерлестері сияқты Байлақтың да Бейбарыс билеген Мысырды яки Сирияны өсіруге өз күшін салғаны анық.
Бейбарыс өз сарайына тек ғалымдар ғана емес, сонымен қатар көрнекті сөз зергелерін ақындар мен әншілер, бишілер секілді өнер адамдарын көбірек топтастырған. Солардың ішінде Халабтағы (Сирия) сұлтан Сайф әд-Даула әл-Хамданидің (X ғ.) сарайында тұрған Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) сияқты Байлақ әл-Қыпшақи тек жаратылыстану ғана емес, сонымен бірге тіл білімі бойынша да еңбектер жазған. Поляк шығыстанушысы Ананияш Зайончковский «Мамлюк мемлекеті дәуіріндегі араб-қыпшақ сөздігі» деген еңбегінде Париждегі ұлттық кітапханадан табылған түркі текті Жамал әд-Дин Мұхаммед Абд Алла ат-Түркидің (XIV ғ.) «Бұлғат әл-мүштақ фил-луғат әт-түрк уа әл-кифджақ»—«Түрік және қыпшақ тілін үйренгісі келетіндерге арналған (толық жеткілікті) кітап» атты еңбегін зерттей келе, Әт-Түрки шығармасының кіріспесінде оның өз сөздігін құрастыруда бірқатар еңбектерге сүйенгенін айтады. Сондай-ақ ол андалусиялық Асир ад-Дин Әбу Хайян Мухаммед бин Иусуф әл-Гарнати (1256-1344 ж.) деген ғалымның «Қитаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак» - «Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап» іспетті еңбек жазуына Ала әд-Дин Бейлік (Байлық) әл-Қыпшақидың «Ән-Әнуар әл-мудиға» - «Жарық нұры» атты еңбегі арқау болғанын ескерткен. Бірақ, өкінішке орай, біздің заманымызға Әбу Хайян сөздігі жеткенімен, оны жазуға арқау болған Байлақ әл-Қыпшаки еңбегі күні бүгінге дейін жоғалдыға саналып келді.
Біздің, заманымыздағы I мынжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазбаша ескерткіштерінің құны баға жеткізсіз. Түрік авторлары жазған бұл жазбаша деректемелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар - автохтондылығымен, яғни жергілікті сипатта болуымен және түпнұсқалылығымен ерекшеленеді - автор өзінің көз алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында, өзі жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік деректемелері түрік қоғамындағы этникалык, әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат жерлік байқаушылар жазған мәліметтерін алғанда неғұрлым дәл түсінік береді [44].
Түрік халқының білім мен ғылымдағы жетістіктері орасан зор болған еді. Оның айғағы ретінде менімше сол кезеңнен белгілі бола бастаған ірі-ірі тарихи тұлғаларды, ірі ғалымдарды соның ішінде - Әбу Таһир Мухаммад әт-Тарази, Иакүт әл-Хамауи ар-Румиді, Имад әд-Динді, әл-Фарабиді, Байлақ әл-Қыпшақиды, Иусуф әл-Гарнатиді, Абд Алла ат-Түркиді, Асир ад-Дин Әбу Хайян Мухаммед бин Жамал әд-Дин Мұхаммедті және тағы да басқа ғұламаларды атап өтуге болады. Сонымен бірге оларда Қазақстанмен Орта Азияның батыс түріктері тарихының окиғаларына қатысты манызды естеліктер бар оларға талдау жасау тарихи-географиялық, тарихи-саяси және этнографиялық проблемалардың тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең құндысы - «он оқ» (он жебе) халкы, түргештер, қарлұктар, оғыздар, кенгерестер, Жетісу соғдылары туралы мәліметтер.
Елетміш Білге-қаған (747—759) құрметіне жазылған эпитафия болып та-былатын Селенга тасы (яғни Шине Усу ескерткіші) Орхон ескерткіштеріне жатады. Бұл жазбада түріктермен бірге ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне билік еткен қыпшақтар уақыты жағынан бірінші рет ауызға алынады. Елетміш қағанның түріктермен, түргештермен, қарлұқтармен және басмылдармен өзара қатынастарының тарихы да баяңдалады. Терхин құлпытасы да (756 ж.) Елетміш-қағанға арналған және көп жағынан мазмұны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма-жол сәйкес келеді. Ескерткіште Алтай-Тарбағатай қарлұқтарының Жетісуға қоныстану уақытына қатысты мезгілі көрсетілген маңызды тарихи оқиға айтылады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштерінде кейіннен Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінде елеулі рөл атқарғаны тайпасының уақыты жағынан бірінші рет аталуы да құнды мәліметтердің бірі болып табылады.
VII-X ғасырлар деп белгіленген Енисей аңғарының жазбалары мен Суджа қүұлпытастарынан тұратын Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері белгілі бір ынта-ықылас туғызады. Енисейдің екі текстінен Қазақстанның алдыңғы ортағасырлық тарихына қатысты материалдар табылды. Бір эпитафияда қырғыздар жерінде елген түргеш бегі туралы айтылады. Басқа бір жазбада түргештердің Қара ханына елші болып кетіп, қайтып оралмаған атақты қырғызды жоқтау текстінің үзінділері бар. Бұл оқиғалар 744 және 756 жылдарға жатады.
Батыс-түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі мәдени-тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған кұлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған 12 жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғарғы мерзімі едәуір хронологиялық шегі, тегінде, VI-VII ғасырлар ықтимал. Талас эпитафиялары «қара рудан» шықкан түргеш ж.ж) [45].
Деректеметануда IX-XVII ғасырлардағы араб, парсы және түрік әдебиеті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір құнды материалдар бар.
Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси шекарасынан тыс жатқан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен тайпалар туралы ақпарат жинауға құлшындырды. Арабтардың орта ғасырларындағы тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпаларынан сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты болды.
Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардын, классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.) мен ат-Табаридің (IX ғ.) туындыларында VII—VIII ғасырлардың орта шенінде араб шапқыншылығына карсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек керсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметтер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың, аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі құнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл-булдан) деген шығарманын, авторы болып табылады, «Пайғамбар мен патшалар тарихы» (Тарих әр-русул уәл- мулук) деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық болатын. Ат-Табари халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонан сон, Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге қысқартылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған халықтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялык білімі бар адам - әл-Жахиз (IX ғ.) «Түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл атрак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары ұланының түрік гулямдарымен жақын таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған такырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, олардың қалада тұратын арабтың кезіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне тура келетін еді.
Араб Тамим ибн Бахрдын, солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз қағанының астанасына уакыты жағынан алғандағы алғашқы саясаты IX ғасырдың бірінші жартысына жатады. Тамим ибн Бахр саясатының сипаты белгісіз, онын. сапары әлдебір дипломатиялық тапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Тамим ибн Бахр кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тараздан (қазіргі Жамбыл) кимектер патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді. IX ғасырда араб тілді географиялық шығармаларда да Қазастанда мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байластанаум қызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің «Жолдар мен кітабы» (Китаб әлмасалик уәл- мамалик) деген әкімшілік анықтамалығы сақталып қалған әлгіндей шығармалардың, сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекен аясындағы қашықтықты көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстары тізілген. Ибн Хордадбектің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс,қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын беттерінің көбі, сонын ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексөз етілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, қарлұқтар, кимектер, қыпшақ, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек, Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордадбехтің еңбегіне жақын,әрі географ Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-этнографиялық материал бар [46].
Ибн Хаукаль солтүстік Месопотамиядан шыққан, өз кезінде көп саяхат. жасаған. Түрік тайпалары туралы тарихи-географиялық мәліметтері әл-Истахридің хабарларымен көп жағдайда сәйкес келеді. Оның түрік тайпаларына берген лингвистикалык сипаттамасы ден қоярлық: оның айтуынша, олардың бәрі бір тілде сөйлейді. Әл-Истахри мен Ибн Хаукаль еңбегінің маңызды бөлігі «Жер келбеті» деген географиялық карта болып табылады. Текстімен бірге картаны зерттеу түрік тайпаларының орналасуы туралы мәліметті әлдеқайда жақсы анықтауға мүмкіндік береді. X ғасырда арабтың екі саяхатшысы Ибн Фадлан мен Әбу Дулаф Қазақстан жері арқылы жүріп өткен. Ибн Фадлан туралы ешқандай өмірбаяндық мәліметтер жоқ. Ол «Жазба» (Рисала) деген елеулі туынды жазған, онда хазарларға қарсы араб бұлғар одағын орнату және бұлғарлар арасында ислам негіздерін орнықтыру мақсатымен араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына бірнеше адам болып барған делегацияның сапары суреттелген. Елшілік Бағдаттан 921 жылғы маусым айында шығып, бұлғарларға 922 жылдың мамырында жеткен. Жолды Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, содан соң Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы Еділ бойына қарай жүріп өткен. Қайтар жолдағы мерзімдері мен карталар белгісіз. Онда орыстардың, хазарлардың әлеуметтік және рухани тарихы жөнінде маңызды мәліметтер келтіріледі. Этнографиялық сипаттағы мәліметтер толып жатқан көшпелі түрік тайпаларына: печенегтерге, башқұрттарға және әсіресе қазіргі Қазақстанның батыс облыстарында мекендеген оғыздарға қатысты.
Әбу Дулаф Бұхарада самани билеушісі II Насырдың сарай қызметшісі болған. 942 жылы Әбу Дулаф Кытай мен Үндістанға сапар жасап, өз замандастары арасында саяхатшы атанған. Әбу Дулаф саяхаттары туралы өз естеліктерін екі «Жазбада» (Рисала) баяндаған, оларда оғыздардың, кимектердің, қарлұқтардың, жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмысы туралы мәліметтер айтылады. Көзімен көргендері туралы хабарларға қосылған есіткендері де аз емес. IXғасырдың екінші жартысында Батыс Қазақстанда болған тарихи оқиғалардың қыскаша баяндалуы елеулі ынта-ықылас туғызады.
Әл-Мақдисидің (X ғ.) шығармаларында өз көзімен көргендерге негізделген тарихи-географиялық деректер бұдан да маңызды орын алады. Араб географы әрі саяхатшы, Иерусалимде туған ол Шығыстың барлық мұсылман елдерін аралап шықты деуге болады. Оның шамамен 985 жылы жазылған «Климаттарды тануға арналған ең жақсы бөлініс» (Ахсан ат-такасим фи марифат әл-акалим) деген шығармасында елдер мен аймактардың араб әдебиетіндегі толық және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, халыктың тайпалык кұрамы, қалалары мен қоныстары, сауда жолдары мен сауда жасайтын заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі мен ғұрыптары туралы маңызды мәліметтер бар.
Испан-араб географы Исхак ибн әл-Хусейннің (XI ғ.) Андалусияда жазылған «Кез келген жердегі атақты қалалар суреттелетін інжулер үйінділері» деген шығармасында Қазақстанның түркі тілдес тайпалары суреттеледі. Оның түріктер туралы тарауда келтірілген мәліметтеріне Гардизидің (XI ғ.), әл-Бирунидін, (XI ғ.) және әл- Марвазидің (XII ғ.) ақпараттарында ұқсас сипаттар аңғарылады. Кітапта түркі халықтары туралы этнографиялық және тарихи- географиялық сипаттағы деректер бар.Әл-Марвизидің (XII ғ.) «Жануарлардың табиғи қасиеттері» (Табаи әл-Хайауан) деген шығармасын Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихында құнды деректемесі деп атаған жөн. Автор селжұқ, Мәлікшахтың (1072-1092) сарайында дәрігер және Санжар (1118-1157), билегенге дейін оның мирасқоры болған. Әл-Марвизидің туындыларында түркі халықтары туралы бірегей этнографиялық мәліметтер бар. XI ғасырдың басында кимек, қыпшақ, оғыз тайпаларының қоныстануына елеулі ықтимал жасаған халықтардың қоныс аударуы туралы хабар ерекше құнды. Ғасырдың орта шенінде арабтың географ-ғалымы әл-Идриси арабтар орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында мекендеген түрік тайпалары: кимектер, қыпшақтар, оғыздар, қарлұқтар, түргештер, азкиштер туралы, олардың орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда жолдары, қолөнері туралы маңызды мәліметтер келтіріледі [47].
Әл-Идрисидің бізге келіп жетпеген жазбаша деректерге негізделген мәліметтері көбінесе бірегей сипатта болып келеді. Мәселен, кимектер елін суреттеген кезде ол Шығыс Қазақстан далаларында туған кимек ханзадасы Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки (Х-ХІ ғғ.) жазған кітапты пайдаланған. Әл-Идрисидің еңбегінде келтірілген және «Жер келбеті» (Сурат әл-ард) деп аталатын географиялық карталар ерекше ынта-ықылас туғызады. Карталарда географиялык және экономикалық объектілердің белгілері көп, бұл ерекшеліктер оларды өте құнды қосымша деректемелерге айналдырады.
XIII ғасырдан бастап ортағасырлық араб тілдес авторлар көбіне құрастырушыға айналып, өз заманындағы жағдайды сирек суреттейді және өздерінің алдындағы географтар мен тарихшылардан дәйек сөздер келтіруді жөн көреді, бірақ оның есесіне бізге келіп жетпеген бірқатар деректемелердің құнды мәліметтерін сақтап қалған. Ғарышнамалық әдебиет дамып, алуан түрлі экзотика мен кереметтерге ынта-ықылас туғызады. Араб географы Ибн Сайд (XIII ғ.) әл-Идрисидің тікелей ізбасары болып табылады. Оның «Жеті климат туралы» шығармасы бұрынғы деректемелерге едәуір тәуелді екеніне қарамастан, Қазақстанның Еділ бойы мен Орта Азияның XIII ғасырдың орта шеніне дейінгі тарихи географиясын зерттеу үшін өз бетінше ынта-ықылас аударады. Тарихшы және географ Закария әл-Казвинидің (XIII ғ.) туындылары да деректемелердін осы тобына жатады. Автордың есімі «Жан-жануарлардың кереметтері» (Аджаиб әл-махлукат) және «Қалалар ескерткіштері» (Асар әл-билад) деген екі тарихи-географиялық еңбектерімен әйгілі болды. Бұл еңбектер әр түрлі жарық көздері, жердің, жеті климаты (ықылым), теңіздер, өзендер, таулар, минералдар, есімдіктер, жануарлар мен әр түрлі экзотика туралы нақты материалдарға бай. Сонымен бірге оларда IX- X ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген түркі тілдес тайпалар: оғыздар, қарлұқтар, жікілдер, кимектер туралы тарихи-этнографиялық маңызды деректер де келтірілген.
Суфизмді ұнатқан және тегінде соны ұнатудың салдарынан болар, өмірінің акырында Палестинаға кетіп қалған сириялық әд-Димашки «Құрғақтағы және теңіздегі уақыт пен ғажайыптардың тандаулылары» (Нухбат әд-дахр фи аджаиб әлбар уәл-бахр) деген ғарышамалық үлкен еңбек жазған. Оның шығармасы араб авторларының едәуір дәрежеде IX-XI ғасырлардағы дәстүрлі бағыттағы шығармаларына негізделген. Сонымен бірге онда түркі халықтары және олардың орналасуы, қыпшақтардың тайпалық құрамы туралы бұрын белгісіз деректер келтіріліп, құмандар қыпшақтардың этникалық компоненттерінің бірі деп көрсетілген. XIII ғасырда Сирия ғалымы Якут «Елдер тізбесі» (Муджам әл- бұлдан) деген географиялық әмбебап түсіндірме сөздік жасады. Онда мұсылмандар тобының да, оның шегінен алыс жатқан жерлерде де халықтарының географиясы, тарихы, лингвистикасы, фольклоры, материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі автор білетін мәліметтердің бәрі қамтылды. Якуттың орта ғасырлардағы Қазақстан мен оған шектес жерлердің XIII ғасырдың басына дейінгі көшпелі түркі тайпалары туралы деректері едәуір толық әрі сөздікте сондай-ақ моңғол шапқыншылығы, моңғол әскерлерінің аландар, бұлғарлар және Саксин аймағы аркылы жүріп өтуі Месопотамияда туған көрнекті араб тарихшысы Ибн әл-Асир Якуттың замандасы әрі жақын танысы болған. Ол Аравияны, Синайды, Палестинаны аралап саяхат жасаған, 1188 жылы Салах ад-Диннін қарсы шайқастарына қатысқан. Ибн әл-Асир тарихи-библиографиялық еңбектер, соның ішіңде «Тарихтың толық суреттемесі» (Әл-камил фит- тарих) деген іргелі тарихи хроника ,онда моңғол шапқыншылығын қоса алғанға дейінгі мұсылман дүниежүзінің тарихы баяндалған. Ғалым орасан зор нақтылы материал жинаған, жазбаша деректемелерді пайдаланған мұсылман әулеттері мен оларға шектес мемлекеттердің (Араб халифатының, Саманилердің, Карахандардың, Хорезмшахтардың, Қарақытайлардың және басқаларының) саяси тарихы егжей - тегжейлі суреттеледі. Ертедегі түріктер, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар жөніндегі саяси, этникалык этнографиялық және мәдени сипаттағы деректердің Қазақстан тарихы үшін зор маңызы бар. Ол өз заманындағы оқиғалар ретінде моңғол шапқыншылығының жойқын зардаптарын суреттеген. Саяси окиғаларды баяндауды ол 1232 жылға дейін жеткізеді [48].
Билік басына мамлюктер (қыпшақтар) әулетінің келуі және олардың Алтын Ордамен байланыстарының жандануы себепті XIV-XV ғасырларда Мысырда тарихи әдебиеттің едәуір дамығандығы байқалды. Әкімшілік мақсаттары үшін іргелі энциклопедиялар жасалады, оларға түрік әулеттері, халықтары және олардың елдері туралы тарихи-географиялық деректер де Мысырда кыпшақтан шыққан сұлтан Рукн-ад-дин Бейбарыстың. ( 1260—1277) өмірбаянына арнап, оның хатшысы Әбді Захир жазған тарихи еңбек XIII ғасырдың өзінде-ақ пайда болады. Өмірбаяндық шығармада Алтын Ордамен өзара қатынастар туралы мәліметтер келтіріледі, Қырымнан тилге (Еділге) дейінгі қысқаша жолнұсқа беріледі, сол кезде-ақ Дешті-қыпшақтан шыққандар көп тұратын Қырым халқының тайпалық кұрамы, төрт идеологиялық жағдай туралы хабарланады. қырқыс туралы хабарлайды, қыпшақ тайпаларының құнды. Қазақстанның кең-байтақ аумағында және оңтүстік-орыс далаларында қоныстанған ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдниеті, географиясы туралы мәліметтер ерекше ден қоюға лайық. Ибн Хал-дун (XIV-XV ғасырдың басы) аса көрнекті араб тарихшылары саңлақтарының шоғырына жатады. Ол өзінің үш кітаптан тұратын «Өсиеттер мен Ғибратты үлгілер кітабы» (Китаб әл-ибар) деген тарихи еңбегінде, оның бірінші бөлімінде қоғам мен мемлекеттің дамуына, жалпы алғанда адамзат өркениетінің дамуына, соның ішінде мәдениетке және адамдардың шаруашылық қызметіне өзінің философиялық және саяси-экоңомикалық көзқарастарын, дүниетанымын баяндайды. Екінші кітапта ежелгі халықтардың және автор заманындағы мұсылмандардың шығыстағы мемлекеттерінің, соның ішінде Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік еткен Қарахандар, Селжұқтар, Хорезмшахтар, Мамлюктер, моңғол әулеттері мемлекеттерінің тарихы баяндалады. Үшіншісі арабтар мен берберлердің тарихына арналған. Ибн Халдунның еңбегінде түрік тайпаларының: оғыздардың, қарлұқтардың, кимектердің, қыпшақтардың алдыңғы ортағасырлық тарихы жөнінде де мол нақтылы материалдар кездеседі. Мысыр тарихшылары арасында Ибн әл-Фурат (XIV ғ.), әл-Калкашанди (XIV-XV ғасырдың басы), әл-Макризи (XIV-XV » ғасырдың басы), Ибн Тагриберди (XVғ.) елеулі тұлғалар болып табылады, олардың туындыларында Қазақстан аумағында мекендеген аддыңғы орта ғасырлардағы түрік халықтары мен тайпалары туралы қызықты мөліметтер бар [49]. Менің ойымша дүниежүзілік ғылым, әдебиет және Шығыс Ренесансын дамытудағы Ұлы түркілердің еңбектерін толық баяндау біздің міндетіміз емес. Сондықтан біз оларға қысқаша шолу жасаумен шектелеміз.
Бұл деректемелердің сипаты туралы айтқанда, орта ғасырлардағы Шығыс авторларының көпшілігі өз баяндауларында бір-біріне байланысты екенін, кейде неғұрлым кейінгі авторлар аз мәліметтерін алдыңғы жазбаша деректемелерден алып, мұны еш жерде ескертпейтіндігін айтып ету керек. Ортағасырлық авторлар құрастыру әдісін кеңінен пайдаланып, өз еңбектерінде анахронизмде және жекелеген фактілерді анықтаудағы кернеу қателіктерге ұрынады. Қазақстанның және онымен шектес аймақтардың халықы мен тайпалары туралы қол жетерлік деректердің бәрін бұл хабарларлын авторлары немесе жеткізушілері кім болғанын, олардың ақпарат бергенде бір-біріне қаншалықты және не жөнінен тәуелді екенін, олардың туындылары қандай дәуірде, қандай саяси және әлеуметтік жағдайларда жасалғанын біліп, осы ақпараттың бәрін ескере отырып, сенім білдіруге лайықты түпнұсқа мәліметтерді құрастырылған, күмәнді мәліметтерден ажыратуға және соның нәтижесінде зерттеліп отырған дәуірдің біршама анық тарихи көрінісін алуға болады. Басқаша айтқанда, ортағасырлық деректемелердің деректері қазіргі зерттеушілерден тынымсыз және ыждағатты деректеметанушылық жұмысты талап етеді. Осы кезде түркіден шыққан ұлы ғұламалар – энциклопедист - ойшыл Әл-Фараби, «түркі сөздері жинағының» жүйесін жасаған Махмуд Қашқари, алгебраның негізін салған Әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, қасиетті «Құранды» түркіше тәржімалап, исламды түркі халықтарының ішіне таратушы Қожа Ахмет Иассауи соңынан астроном Ұлықбек, Ұлы түркі поэзиясының негізін салғандар – Жүсіп Баласағұн, Әлішер Науаи, Физули, Жалаледдин Руми, Гянжеви Низамилардың дәстүрі Алтын Орда кезінде жалғасты. Әл - Фараби мен Әбу Райхан Бируни, Ибн Синамен бірге шығыстағы Қайта өрлеудің (Ренессанс) философиялық көзқарасын қалыптастырып, оның идеологиялық негізін қалады. Шіркеу догмасы мен сословиелік құрылымға оппозициядағы осы идеологияның негізін қалаған олардың философиялық көзқарастары мен мистик-күпірлік ойлары әлеуметтік бір бағытта дамыды. Олай дейтініміз В.К.Чалоян «Армянский Ренессанс» деген еңбегінде: “Шығыс мәдениеті, өз кезегінде одан кейін жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында пайда болған, мәдениеттің жаңа сатысын қалыптастыруға дайын Батыстың Қайта өрлеуінің ізашары болды. Шығыстың жетістіктері батыс әлеміне таяу шығыс халықтары мен елдері және византия-кавказ өркениеті арқылы берілгені тарихи дәлелденген. Сондықтан, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту мәселесін зерттегенде оған Шығыстың әсері болмады деп, оның рөлін ескермеу дұрыс емес. Осындай өзгерістің алғышарты шығыс болды” деп дәлелдеген. Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Ибн Сина Шығыс Ренессансын қалыптастырған парсы-түркі поэзиясының ареопагиттік негізінің идеологиялық концепциясын жасады. Бұл мәселені зерттеген Ш.И.Нуцубидзе: “Махаббат дегеніміз әлемнің баспалдақтарымен ең жоғарғы бастауға ұмтылған, жоғары сатыға жету идеалы. Ол баспалдақтардың (сеира, немесе сира) өзі жетілгендіктің бейнесі, яғни сұлулық пен махаббат және жердегі махаббат пен сұлулық осы қатарларға, немесе “сеирлерге” жетумен, яғни жоғарғы бастауларға жақындау немесе ұқсаумен өлшенеді. Махаббат пен сұлулықты ақтаған осы концепция б.д. V ғасырында Сирияда жетіліп Шығыс пен Батыстағы Ренессанстың идеологиялық негізі болды. Қайырымдылық және ақиқат идеясымен ынталанған махаббат пен сұлулық идеясы көркем философиялық идеяның іске асуына ықпал етті. Мұсылмандық Шығыста әртүрлі қабылданған осы идея олардың көркемөнерінде іске асты. Омар Хайямның мол мұрасындағы махаббат пен сұлулық идеясы, одан әрі орта ғасырлардағы Орта Азия поэзиясының классиктері Низами мен Науаидың поэзиясының арқауы болды [50].
Яғни, философиялық (Әл-Фараби, Ибн Сина) және түпкілікті ғылыми өрлеу (Бируни) поэзияның (Хайям) негізін салды және жаңа гуманизм рухымен қаруланған Орта ғасырдағы шіркеудің догмасын бұзып, мұсылман және христиан діндерінің ортодоксальдық шеңберінен шыққан парсы, түркі және араб тілді әдебиеттің ерекше шарықтау жолын дайындады.
Әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни және Әбу Әли Ибн Синалар Орта Азиядағы Ренессанс мәдениетінің философиялық негізін салды және шығыс Ренессансының поэзиялық мәдениетінің ұлы ғимаратын құрды. Олардың дүниежүзі мәдениетінің дамуындағы рөлі мен адамзат дамуы тарихындағы өшпес іздері осындай өлшеммен бағалануы тиіс.
Орта ғасырлардағы музыка дәстүрін жалғастырған Әл-Фарабидің “Музыка туралы” трактаты XVII ғасырға дейін еуропадағы музыка теориясындағы ең үздік шығарма болып саналса, оның христиан дінін дамытудағы шығармасы XVIII ғасырға дейін батыстың және ресейдің шіркеулерінде қолданылғаны белгілі. Егер Әл - Фараби мұсылман болмағанда, ол Августин, Аквинскийлер сияқты христиан дінінің пайғамбары болар еді. Сонымен қатар, Әл - Фараби мемлекет басқару өнерінің негізін салған ұлы ғалым. Ал, XX ғасырдағы немістің ұлы ойшылы, “Закат Европаның” авторы О.Шпенглер Әл-Фарабидің философиялық туындыларын ұлы неміс философтары Гегель мен Канттардан жоғары қойды. Жаңа дәуірдегі батыс ойының биік шыңы немістің классикалық философиясы екені белгілі. Ал, Гегель мен Канттар осы шыңның төбесіне шығып тұрған алыптар. Ұлы Шпенглердің біздің жерлесімізді осы алыптардан жоғары қоюы – ол түркінің ғылымы мен мәдениетінің жетістіктеріне берген жоғары баға. Әл-Фарабидің “Екінші ұстаз” немесе “Шығыстың Аристотелі” аталуы Стагирит Аристотельден дәреже жағынан кейін болғанынан емес, дүниеге тарихи кезек жағынан кейін келгенінен. Әл-Фараби энциклопедист ойшыл ретінде заманындағы ғылым, философия және өнердің барлық салаларына ат салысып, өшпес із қалдырды. Оның философиялық шығармалары осы уақытқа дейін толық зерттеліп болған жоқ. Осы ұлы бабамыз туралы біздің білетініміз – ол алдағы мыңжылдықта да адамзатқа жол көрсететін жарық жұлдыз - Темірқазықтай болатыны.
Махмуд Қашқари “Түркі тілдерінің лұғатын” (“Диуану лұғат ат-түрік”) жазуды былай деп негіздейді: “Мен Тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында жаратқанын, өмір біліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Тәңір оларды түркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды. Дәуіріміздің хақандарын солардан таңдап, замана құбылысының еркін тізгінін қолдарына ұстатты. Сан мыңдаған адамды басқартып, адалдық істерін қолдады. Олармен бір сапта күрескендерді бек құрметтеді.
Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаhарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты. Қасірет-мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден басқа жол жоқ. Өзінің ортасындағы жауларынан жерініп, сыйынып келгендерді түркілер әрқашан қамқор қанатының астына алып, төнген қауіп-қатерден құтқарды. Олармен бірге басқалар да пана тапты. Сол себепті түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді”. Ұлы бабамыздың осыдан мың жыл бұрын жазған бұл мұрасы қазіргі түркі халықтары, оның ішінде қазақтар үшін де маңызын жоймаған дүние. Академик А.Н.Кононовтың дәлелдеуі бойынша, “оны жазудағы Махмұдтың негізгі мақсаты түркі тілінің мәртебесін жоғары көтеріп, оның араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ екендігін дәлелдеу болған”. Түркі халықтарының бірлігі мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуде, ел басқару мен мемлекет жүйесін қалыптастыруда және түркі тілінің мол мүмкіндіктерін ашуда орта ғасырлардағы ұлы философиялық шығарма - Ж.Баласағұнның “Құтты білігінің” маңызы зор.
Орта ғасырда түркі халқының батырлық эпостарымен қатар тарихи, ғылыми еңбектер мен түркі тілінің байлығын шебер пайдаланып жазған көптеген көркем туындылар пайда болды. Алтын Орда дәуіріндегі түркі тіліндегі ұлы шығармаларға әлем әдебиетінде теңдесі жоқ дүние - Хорезмидің “Махаббат-намесі”, Сайф Сараидың “Гүлістан би-түркиі”, Құтыбтың “Хұсрау-шырын”, Мысыр (Египет) мемлекетінде өмір сүрген қыпшақ ақыны Дүрбектің “Жүсіп пен Зылиха” дастаны жатады. Бұл сол заманнан бізге жеткен ұлы түркі әдебиетінің шағын ғана бөлігі.
Осы кезеңде қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жамиғ-ат-тауарих” ”Шежірелер жинағы”, Захариддин Бабырдың “Бабыр-наме” атты шығармалары мен атақты тарихшы Әбілғазы Бахадүрханның “Шежіре-и түрк” ”Түрік шежіресі” және “Шежіре терекіме” ”Түркімен шежіресі” сияқты тарихи шығармалары дүниеге келді [51].
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келетін болсақ көне түркілердің діни нанымдары тау, өзен, көлдердің рухына сыйыну емес, олардың өзіне сыйыну, яғни табиғатты кейіптеу (олицотворение) емес, оны тірілту процесі жүреді. Көне түркілердің дүниетанымының негізі аруақтарға табыну болып табылады. Өлгендердің рухына, мифтік ең алғашқы бабаларға сыйыну осыдан шыққан. Бабалар аруағына табыну құдайдың жаратушы күшіне сенудің ең көне формасы. Тарихи даму кезеңінің белгілі сатысында көптеген халықтардың аруақтарға табынуы, соңынан барлық дүниежүзілік діндерге негізгі элементтердің бірі болып енді.
Ұлт қоғамнын, бір бөлшегі өктемдік, тарих және ұлт пен ұлттың арасындағы ерекшеліктері және олардың өрісін сәйкестендіру проблемаларын анықтау болып табылады. Ұлттық мәдениетіміз халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенім, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттан, халықтан, нәсілден ерекшеленетінін көрсету, тыныс-тіршілігін айырып ажырату. Ұлттық, мәдениетіміз - өнерді, адамның шығармашылық, керкемдік эстетикалық, этникалык талғамдарын калыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын камтып, ғұмыр нәрінің бұлағына жетелейді.
Көптеген ғалымдар бұл күнтізбенің Ұлы даладағы көшпенділерде пайда болғанын дәлелдеді. Оңтүстік Қазақстандағы Баба ата қалашығындағы жануарлар суреті бар дискі іспеттес археологиялық материалдарды сараптаған Т.Н.Сенигова “күнтізбені жасаған түркілер және олардан қытайға тараған” деген қорытындыға келеді. Күнтізбенің Орталық Азиядан шыққанын мойындаған И.В.Захарова, “Жануарлар циклінің осы уақытқа дейін Орта Азиядағы кейбір халықтарда таңба қалдықтарымен араласып жатқанын айтады. Ол Алтай мен Монғолияда табылған. Ондай байланыстың қалдықтары адамның жануар атымен аталатын жылда туылуымен байланыстырады. Қалыптасқан дәстүр бойынша адам ол жануарды өлтірмейді”. Бұл гипотезаны белгілі түркітанушы С.М. Абрамзон да толығымен қолдайды.
Зерттеуші В.В.Цыбульскийдің дәлелдеуі бойынша, “Бұл күнтізбенің шығуы Орта Азиядағы көшпенділермен тікелей байланысты және ол Азияның басқа халықтарына тез тараған. Бұл күнтізбе басқа жерде де пайда болуы мүмкін, бірақ ондағы бірдей жануарларды таңдау мен олардың орналасуы кезегінің бірдейлігі Орта Азия аймағынан шығуының дәлелі”. Бұл күрделі күнтізбені Ұлы Дала мен Орта Азия аймағының көшпенділері осы қатаң континентальды аймақта өздерінің саяси-экономикалық, рухани, мәдени және жеке өмірінің уақытын белгілеу, яғни көшпенділер өмірін жан-жақты қамту қажеттілігінен шығарған [52].
Қазір жаңа деректердің арқасында, қазақ тұрғын үйі жоспарлануының кептеген элементтерінің, оның интерьер бөліктерінің тандырмен немесе түтін тартатын мұржасы бар пешпен жылыту жүйесінің, азық-түлікті шұңқырларда, ұраларда, шикі кірпіштен, балшықтан, тастан жасалған жәшіктерде сақтаудың түп қазығы және одан да ерте кездегі қалалық үй құрылысында жатқанын сеніммен атап айтуға болады. Қазақтардың материалдық мәдениетінің негізі орта ғасырлар кезінің көптеген мәдени жетістіктерінен құралған. Қазақ халқының этногенезіне жалпы түркі халқы да қатысқан еді.
Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай–ақ, көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таңқалдырады» дейді Л.Гумилев.
Қазақстанның ортағасырлық екінші бағыты көшпелілер өркениетін, тиісінше қыпшақтардың, монғолдардың, түркілердің ескерткіштері молалар, қабір құрылыстарын, діни сәулет өнерін зерттеумен байланысты. Қазақстан ескерткіштерінің Саян-Алтай мен Батые Сібірден бастап Дунайға дейінгі Евразияның далалық өңірінің мәдениетімен, әсіресе, заттай құрал-саймандар саласында өлке ескерткіштерімен ортақ бірқатар элементтері бар, бұған мон-ғолдардың жаулап алуы, соған байланысты тайпалардың Монғол империясы, ал кейіннен оның ұлыстары шегінде кешіп-қонып, араласуы әсер етті.Бұл өлке тұрғындарының, соның ішінде Қазақстанның далалық және егіншілік аудандарында отырықшыланған монғолдардың да жаппай «қыпшақтану» кезеңі болатын [53].
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, ғасырлар қойнауынан бастау алады, осыған орай бүгінгі танда мәдениеттің тарихи қозғалысын, зандылык, ерекшеліктерін танып білудің маңызы артыл отыр. Күн санап халқымыздың дөстүрлі құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ықылас өсіп келеді. Міне, сондықтан да зерттеу зерттеу тақырыбының езектілігі, біздің алға қойған мақсат-мүддемізбен де осы мәдени кұндылықтарды танып білуге деген іс-әрөкетімізбен де сәйкес келіп тұр. Бұрынғы тәлім-тәрбие мен қазіргі тәлім- тәрбиені үйлесімді қолданса ұрпақ сабактастығы дұрыс болады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып дәстүрлеріміз ғасырлар қойнауынан бастау алады. Бұның өзі бүгінгі күні оның жетілуін, оның өміршеңдігін, мәдениеттегі өзіндік орнын кажеттілігін айқындайды. Қазақ халқының құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру ұлттық мәдениетке қамқорлық жасау -әрбір адамның борышы. Басты мақсат ұлттық құндылықтар деңгейін жоғары көтеріп, адамзатгык. құндылықтар катарына қосылу мен теңесу. Біздің баршамыздың басты тілегіміз де осы.
Сонымен қатар халықтың шығармашылығы жөнінде айта кетсек XVIII ғасырлардағы би-шешендер шығармашылығы өз заманының жемісі болған және ол сол дәуірдің өмір шындығын өзінше бейнелеп, қоғамның талап-тілектеріне сай келген болатын. Сол аркылы ол өз кезенінің мәдениеті мен әдебиетіне зор үлес қосты. Би-шешеңдер шығармашылығы қазақ халқының әдебиетіне көркем проза мен диалог түрінде баяндаудың алғашқы үлгілерін енгізіп келді. Олардың қара сөздері мен толғауларыңда накты оқиғаларды көрсетумен қатар, адамдардың бейнелері жасалып, өмір фактілері көркемдік жағынан қорытады. Негізінен алғанда идеологиялык рол атқарып, күшті қазақ мемлекеттігі мен оны жат жерлік басқыншылардан қорғау идеясын жырлаған жыраулар поэзиясы басты орын алды. Жыраулар поэзиясы мен би-шешендер шығарма-шылығы мемлекетке қызмет етіп, хан билігін қолдап отырды. Сонымен бірге олардың шығармашылығы мен іс-кимылдарынан ханға оппозициялық белгілері аңғарылды. Алайда мемлекеттің тәуелсіздігіне келгенде алауыздықтар екінші қатарға ығысып, әдебиетте, ауызша шығармашылық та, музыка өнері де бірлікке және жаулап алушыларға қарсы күресуге шақырды [54].
Екі ғасырдай өмір сүрген Түркі қағанатының жері шығыста Корей түбегінен, батыста Днепрге дейін, солтүстікте Мұзды мұхиттан, оңтүстігінде Қытай, Үндістан шегараларына дейінгі жерді алып жатты. Ол кезде түркілерге Византия, Иран және Қытай мемлекеттері салық төлеп тұрды. Көпке созылмай, ішкі қырқыстар мен жанжалдар өршіп, бар-жоғы отыз жылдан кейін түркі патшалығы Батыс және Шығыс жақ болып екіге бөлінді. Түркі қағанатының екіге бөлінуіне негізгі себеп - Тоба қағанның будда дінін қабылдауы болды.Осы ұлы мемлекеттің басында елді біріктірудегі еңбегі үшін өз жұрты Елтеруші атаған Құтлұғ қаған, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөктер болды. Осы елбасшыларының құрметтеріне қойылған құлпытастардағы жазулар жалпы этникалық, жалпы түркілік идеяға үндеу болатын.
Тарихшылар мен археологтардың зерттеулерінде мұсылмандар дүниесі өркениетінін ұлан-байтақ жүйесін құрушылардың бірі болып табылатын орта ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның қалалық өркениетінің едәуір ішкі бірлігі атап көрсетіледі .Сол кезде кала жағдайы өзгерді. Бірінші кезекте VI—VIII ғасырларда болғанындай, қала феодалдың ордасынан әкімшілік орталыққа, мемлекет өкілі болып табылатын билік ордасына айналды. IX ғасырдың басына қарай қаланың елеулі өзгерістерсіз бүкіл орта ғасырлар бойы тіршілік еткен үлгісі қалыптасты. Қала мәдениетінің дамуында жаңа дін — ислам маңызды рөл атқара бастады.
X ғасырдын, басында Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра хан Харуб Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Мұсылман діні бірінші кезекте калаларда таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кедердегі мұсылман топтары туралы айтады. Ибн Хаукаль Фараб, Кенжиде мен Шаш аралығында кешіп жүрген мұсылман түріктер туралы хабарлайды. Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың X ғасырдың аяғындағы қалаларын атай келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі ретінде атайды.
Археологиялық зерттеулер нарративтік деректемелердің мәліметтерін растайды. Құйрықтөбе қаласынын жұртын қазған кезде X-XIII ғасырдың басында салынған деп санайтын ғибадатханалы мешіт табылды. Баласағұн-дағы мешіт пен мұнаранын қалдықтары, Төменгі Сырдариядағы және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімшілік биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. X ғасырдан бастап мұсылмандық жерлеу ғұрпы таралады. X-XI ғасырларға жататын ең ертедегі мұсылман кабірлері Кұйрықтөбеге жакын жерден табылды. X-XIII ғасырдың басында мұсылмандардың жерлеу ғұрпы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда кенінен тарай бастады. Исламның таралуымен қатар қала халкы арасында пұтқа табынушылык әлі де сақталады. Зерттеушілер Орта Азия халықтары үшін ислам олардың рухани діни түсініктерін толық ығыстырып шықпағанын атап өтеді. Мұны археологиялык материалдар дәлелдейді.[55].
Қазақстан жеріндегі исламның таралу себебі, генезисін және даму эволюциясын танып білу үшін VII-VIII ғасырлардағы бұл аймақтағы діни, саяси - әлеуметтік жағдайын, яғни исламдану үрдісіне ықпал еткен тарихи алғышарттарын анықтау қажет.Тек сол арқылы, біз исламның қазақ жеріне таралуының заңды әрі прогресивті құбылыс екенінайғақтай аламыз.Міне, сондықтан да Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуының тарихи алғышарттары ғылыми тұрғыдан алғанда өзекті тақырып болып келеді.
Зерттеу жүргізу барысында алдыма қойған мақсатым Қазақстан аумағына таралған исламның тарихи алғышарттарын бұрыннан қалыптасқан ескі қондырғысынан емес, барынша шынайы тарихи тұрғыдан алып қарастыру. Осыған байланысты айқындалған міндеттерім мынадай: 1) Қазақстан аймағында исламның басқа діндерге қарағанда моральды – рухани әлуетінің басым болуын көрсету; 2) Қазақстандағы ислам дінінің бейбіт прогресивті күш түрінде келуін айғақтау; 3) VIII ғасырдағы түркілер арасындағы исламданудың себептерін мен өзіндік бір ерекшеліктерін аңғару.
Сайып келгенде, жоғарыда көрсетілген исламдану процесінің бес сыртқы және өзара біте қайнасқан сегіз ішкі тарихи алғышарттары көшпелі түркілердің ислам дінін жүрекпен қабылдауына жағдай туғызып, бұл үрдісін біршама жеңілдеткен болатын. Әйтсе де, VIII ғасырдың басында Қазақстан аймағына тарай бастаған исламның алғашқы идеялары тек жарты ғасырдан кейін қазіргі қазақ жерінде тұңғыш түркі тайпалардың мұсылмандықты қабылдауымен және екі жүз жылдан кейін тұңғыш мұсылман мемлекетінің қалыптасуымен ресми түрде белгілі бір заңды тарихи нәтижеге ұласты. Сөйтіп, Қазақстан аумағында тараған ислам дінінің алғышарттары пісіп жетілгенімен, оның тарихи бастаулары ұзақ уақыт бойы қиын – қыстауды басынан өткізді. Сол себептен көшпенділердің исламдану процесі күрдене түсіп ұзаққа созылды. Дегенмен Қазақстандағы ислам дінінің таралуы бірте – бірте тарихи қалыптасқан тосқауылдарды бұзып, XI-XIIIғғ. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аумағында мұсылмандық жаңару кезеңіне тап болды.
Орта ғасырдағы авторлардың қалалар туралы сипаттамалары үстірт болып келеді, оларда мешіттер мен базарлардың болуы атап өтіледі. Бурух – үлкен қала, Хурлуг – күмбезді мешіті бар қала деп аталады. Жумишлагу – үлкен әрі көлемді қала деленеді. Олардың бәріде қаланың маңызды белгісі – күмбезді мешіті болған. Оңтүстік Қазақстанның қала жұрттарының екінші тобын көлемі орташа қалалардың қалдығы деп санауға болады. Үшінші топтағы қала жұрттары мейлінше көп. Олардың бір бөлігі жазбаша деректемелерге қалалармен, Шарапхана- Газгирд, Бұлақ-Қоғал-Манкент, Тамды-Берукет, Қазатлық-Будухкет деп салыстырады. Оңтүстік-Батыс Жетісудағы деректемелерде белгілі болған қалалар саны 26-ға дейін көбейгендігін көптеген археологиялық материалдардан білеміз. Түркілер дәуірінің ойшылдары және ілімдері жайлы ұлттық ойлаудың генезисін тану үшін жоғарыда аттары аталған түркі ғұламаларының еңбектерін зерттеуіміз керек. Себебі казақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуында бұл ғұлама ойшылдардың ықпалы өте зор болған. Қазан төңкерісіне дейін бұларды қазақ зиялылары білген де [56].
Осы орайда өзіміздің төл ойшылымыз Ахмет Иасауиді айта кеткен жөн. Иасауиді тану ілімі оның тек өзі туралы ғана емес, мектебі хақында да болуы керек.Иасауи арқылы суффизм түркі тілдес халыктар дүниетанымында шешуші орын алды. Түркі жұртының бұрынғы сиынғаны Тәңір еді, енді Алла болды. Суфизм - халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе. Тіптен суфизм ойлау тәсілімізге ғана ықпал жасап қоймай, лексикалық корымызға да ізін қалдырған. Сөзіміз дәлелді болу үшін суфистік, мистикалық, араб-парсы философиясындағы өте жиі қолданылатын негізгі ұғымдарын атап өтейік: ақыл, ахуал, акиқат, адам, әлем, ғылым, білім, есім, заман, зат (субстанция), зейін, дәруіш, дария, гауһар, ғайб, ғайбат, ралам, ибадат, жауһар, сурет, мүмкін, салық, сопы, сипат, сыр, ризық, хал, ынсап, ықлас, керемет, қалам, қанағат, қаусар, харам, қауіп, тәрбие, тәуба, тәлім, тәуекел, тапа, тағат, лакап, мұғалім т. б.
Бұлар қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен енген сөздер деп айту жеткіліксіз. Себебі, бұл сөздер, біріншіден, қазақ тіліне емес, түркі тіліне, қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген, екіншіден, жоғарыда айтылған сөздер түркі тіліне лигвистикалық мәнде емес, философиялық терминдер дәрежесінде таралған. Тағы бір тоқтала кететін нәрсе - суфизмнің синкреттік сипаты. Ол исламның діни философиясы болғанымен, көне үнді, қытай, грек, Рим, Сирия ойшылдарының үздік ойларын сұрыптап, өз қажеттеріне жарата білген. Сонымен катар суфизм буддизм, христиан, зороастризм т. б. діни философияларды жатсынбаған, керегін алған. Сондықтан да оның теориялық арсеналы орнықты.
Мәселе осылай болған соң, біз (қазақтар) суфизм арқылы көне грек, үнді, қытай т. б. философиялық ойлармен қауыша отырып, әлемдік діни философиядан да хабардар боламыз. Мұның дәлелі- Иасауиден жеті ғасыр кейін өмір сүрген Абай шығармашылығында суфизмнің әсері айтарлықтай болған.
Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның тұрмысынан аңғарылуы заңды құбылыс. Сондықтан араб-парсы мистикалык философиясын қазақ халқы дәл сол күйінде қабылдап коймай, оған өзінің өмір сүру ерекшелігіне сай өң берген [57].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Н.Ә. Назарбаев Тарих толқынында. Алматы. 1999, 55 б Мори М. Ежелгі түріктер тарихы. М, 1992, 24 б.
2 Гумилев Л. Көне - түріктер. – Алматы, 1994, 4-5 беттер.
3 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті, - Алматы, 2005. 67-70 беттер.
4 К.А.Акишев, Ерте және ортағасырлардағы Қазақстанның археологиялық зерттеулері Алматы, Наука ҚазақКСР, 1980, С.3-6.
5 Әбілғазы. Түрік шежіресі. -Алматы, 1975. 4 бет.
6 Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. Алматы, 2000, 601 б.
7 Крадин Н.Н. Ғұн империясы М, 2002, 311 б.
8 Большой энциклопедический словарь. Мәскеу, 1991, 657 б.
9 Зуев Ю.А. Ежелгі түріктер. Алматы. 2002,
10 Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Алматы: Дайк - Пресс, 523-524 б.
11 Севортян Э.В. Түркі тілдерінің сөздігі. М, 1974, 22б.
12 Аманжолов А.С.Ежелгі түрік жазуының теориясы мен тарихы. Алматы, 2003, 365 б.
13 Масанов Н.Е. Қазақтардың көшпенділік өркениеті. Алматы - Москва, 1995, 319 б.
14 Ларионов Г.А. Чень Чжун-Мянь «Түркі тарихы туралы мәліметтер жинағы». // НАА, М, 1961, №3, 25-27 б.
15 Зуев Ю.А. Орта Азиядағы ежелгі және орта ғасырлардағы көшпенді халықтардың этно-әлеуметтік ұйымдарының формалары туралы. трудов, Алматы, 1998, 49-100 б.
16 Зуев Ю.А. Агелеуов Г.Е. Көне түркі пантеонының құдайы-Бұд-Тәңір. Алматы, 1998, 106-116 б.
17 Досымбаева А.М. Мерке –Жетісулық түріктердің қасиетті жері. Тараз, 2002, 103 б
18 Топоров В.Н. Об иранском влиянии в мифологиях народов Сибири и Центральной Азии. Сб. науч. трудов, Кавказ и Средняя Азия в древности и средневековье. Мәскеу, 1991, 130-134 б.
19 Гумилев Л.Н. Удельно-лествичная система у тюрков в 6-8 вв. СЭ, 1959, №3, 11-15 б.
20 Гумилев Л.Н. Византиялық деректемелердегі Бірінші түрік қағанатындағы Ұлы өркениет. М, 1961, Т. XX. 66-77 б.
21 Агелеуов Г. Е.Орталық Азиядағы көшпенділердің әлемдік көзқарас жолындағы идеясы. Алматы, 1994, 87-90 б.
22 Самойлович А.Н. В. Томсен және түркология. Санкт-Петербург, 1928, 1-13 б.
23 Гумилев Л. Көне түріктер. –Алматы, 1994ж, 11-17 б.
24 Гумилев, Ғұндар - Алматы.; 2002, 44 б.
25 Гумилев әлемі - Астана.; 2001, 79 б.
26Көне түркі сөздігі. - Л.; 1969, 77 б.
27 Дюрант Вил. Өркениет бесігі-Шығыс, Алматы, 1998, 254 б.
28 Түркі тілдерінің лұғаты. - Алматы, 1993. 5-8 беттер.
29 Ислам өркениеті - Түркістан; 2004, 204 б.
30 Қазақстан тарихы. Очерктер: - Алматы. 1993. 113.б
31 Қазақ КСР тарихы. - Алматы, 1953. Т.2, 303-307 б.
32 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті, - Алматы, 2005. 67-70 беттер.
33 «Ежелгі дүние тарихы», - М. 1989, Т. III. С. 243-255. 102-103 б.
34 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. - Алматы 1985,108б. Махмұт Қашқари.
35 А.Егеубай Түрік сөздігі. 3-том,.– Алматы 1997.5-7б
36 «950-1150ж.ж. аралығындағы мұсылман әлемі». Москва, 1981, 257 б.
37 Омаров Е. Қазақ өркениетінің қысқаша тарихы. - Алматы, 2005,129 б.
38 Плетнева С.А. Ортағасырлардағы көшпенділер - Алматы 1982, 19 б.
39 Сенигова Т.Н. Түрік халықтарының ежелгі күнтізбесі Советтік Қазақстан. Алматы 1959. 13 б.
40 Тынышпаев М.Қазақ халқының тарихы. - Алматы, 1993, 161-162 б.
41 Кляшторный С.Г. Шығыс тарихы «Бірінші түрік қағанаты» Алматы 1995, 60-67 б.
42 Ирмуханов Б.Б. Ежелгі Қазақстанның этникалық тарихы. Алматы, 1998, 154 б.
43 Досымбаева А.М. Мерке - сакральная земля тюрков Жетысу. Тараз, 2002, 103 б.
44 Бартольд В.В. Тюрки. - Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихынан он екі дәріс - Алматы, «Жалын», 1988, 55 б.
45 Бартольд В.В. Собр. соч. в 9-ти томах. - М.; 1954. Т.6, 404 б.
46 Баскаков Н.А. Русские дворяне тюркского проихождения. Историко – этимологический анализ. – М.; 1993, 279 б.
47 Безертинов Р.Тәңірлік монғол және түркі халықтарының діні. - Тараз, 2004, 204 б.
48 Шығыс елдерінің өнері, - Астана 2001, 109-111 б.
49 Қазақстан тарихы. Очерктер: - Алматы. 1993, 113 б.
50 Қазақ тарихы. 2005 жыл №8 20 б.
51 Қазақ тарихы .2003 жыл. №5 18 б.
52 Орынбеков М. Қазақ тарихы - А 1998ж 116 б.
53 Ақанбек F. Қазақ халқының тарихы- А. 1998ж, 111-132 б.
54 Акишев К А; Байпаков К.М; Ерзакович Л.Б Ежелгі Отырар.-Алматы 1972, 57 б
55 Пищулина К.А. Сырдария қалалары Кызылорда 1965, 156 б
56 Беленицкий А.М. Самарқандтағы қолөнер, Ташкент 1985, 89 б.
57 Каскабасов С.А. Қазақтың аталмай қалған прозасы Алматы, 1990, 77 б.
