Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚ ТІЛІ. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР .doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
541 Кб
Скачать
☆

Лексикалық жаттығулар

Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі əдістемелік талаптар ескеріледі: 1) жаттығу мəтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс; 2) жаттығу мəтінінің тəрбиелік мəнінің болуы; 3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы; 4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы. Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді: 1) лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар; 2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар; 3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары. Жаттығу жұмыстары негізінде шəкірттер əрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тəуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.   № 1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.   Кімде дəптер бар?                                          Көктемде Кітаптар қайда қойылған?                            Кітапта Олар қашан келеді?                                       Елтаңбада Өскемен туралы қайда жазылған?               Əлияда Қашан күн ұзарады, түн қысқарады?          Қыста Неде қыран құс бейнесі жоқ?                       Сөреде   № 2. Берілген сөйлемдерді көшіріп, жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыздар.   (В моем доме) төрт бөлме бар. Кілем  (на полу) жатыр. (У кого) артық қалам бар? Алманың үйі  (на проспекте Сатпаева) орналасқан. Біз Алматыға  (летом) барамыз. Екінші сабақ қашан басталады? Анам (в институте) оқытушы болып жұмыс істейді.   № 3. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңыздар.   Тетрадь ученика, житель села, угол комнаты, квартира моего друга, дом брата, главный инженер завода, профессия Александра, имя его друга, школа Болатбека, мяч детей, платье твоей тети, дочери моей сестры, Резиденция Президента Республики Казахстан, отрывок поэмы Абая, его название, конец работы; самое главное вопроса, характер твоего друга.   № 4. Атаулы күндерді қазақша жазыңыздар.   Үлгі: Наурыздың сегізі – Халықаралық Əйелдер күні.   Девятое мая – День Победы. Первое сентября – День Знаний. Пятое июня – Всемирный день Защиты окружающей среды. Двадцать второе марта – Праздник Наурыз. Первое января- Праздник Новый год. Шестнадцатое декабря – День Независимости. Тридцатое августа – День Конституции.   № 5. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой, мақал-мəтелдерді аударыңыз.   Құс ... ұшады, ... қонады.  ... дос бол, үйіңе береке кіреді.  ... дос бол, қадіріңді біледі.  ... дос бол, сасқанда ақыл береді. Ағаш ... , адам ... мықты.   Қажетті сөздер: тамырымен, азаматпен, құйрығымен, əйеліңмен, қанатымен, білімдімен, досымен.   № 6. Мəтінді оқып мазмұнын айт.   Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, əке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең əуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы, су болғанша, құралды, құралсыз кəрі-жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тəсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған... Ал қазіргі ел бұрынғы көр балалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді...Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де дүниенің асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста.   № 7. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?   Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес көгілдір. Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол халқымыздың бірлігін, тұтастығын білдіреді. Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті жəне ұлттық өрнек бейнеленген. Күн байлық пен берекенің нышаны болып есептеледі. Ал қанатты бүркіт – далалықтар үшін еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу. Ою-өрнектар – қазақ халқының өмірлік серігі.   Алтын күнсөз тіркесінде алтын сөзі тура мағынасында қолданылған ба? Бұл сөзбен ауыспалы мағынада сөз тіркесін құрастыр.   № 8 Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?   Панама, Колумбия елдерінде «таупа» деп аталатын пальма ағашы өседі. Жаңғақтарының салмағы 10 килограмға жететін бұл ағаш 100 жыл жасайды екен. Жаңғақтың ішінде 6-10 дəннен тұратын бірнеше қауашақтары бар. Қаттылығы піл сүйегімен теңдес. Осы дəндерден түймелер, моншақтар жасалынады.   Мына сөздерді тəуелдік жалғауының 3-жағына қойып қандай дыбыстар өзгеретіндігін көрсетіңдер: сабақ, жапырақ, бұтақ, жаңғақ, салмақ, терек, шөп, қабық.   № 9. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?   Əжем екеуіміз көшеде келе жатып жерде жатқан жарты күлше нанды көрдік. Əжем еңкейіп нанды алды да, оң қолының саусағын алдымен нанға тигізді, сонан соң маңдайына бір тигізді.  - Қазір кейбір балалар тоқшылықтың қадірін білмейді, – деді əжем ренжіп.  - Нанды кез келген жерге лақтырып тастайды. Сосын əжем нанды алып, қол орамалына орады. Үйге келді де, əлгі нанды қайда  қоярын білмей сəл ойланып тұрды да:  - Таптым! Ең болмаса торғайлар жесін, – деп əжем нанды үгітіп тақтайға салды да, терезенің сыртына қойды.   Мəтіндегі етістіктерді теріп жазып болымсыз түрге айналдырыңдар.   № 10. Берілген сөз тіркестеріне қарсы мəндес сөз тіркестерін жазыңдар, олармен сөйлем құрастырыңдар.   Жеңіл жұмыс – ... ; көңілді əн– ... ; терең су – ... ; баяу жел – ... ; қалың шөп – ... ; шалғай жер – ... ; қысқа мерзім – ....   Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.   № 11. Төмендегі тіркестерде қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағыналарды білдіретінін айт.   1. Қалың дəптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. 2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. 3. Қисық ағаш, қисық мінез. 4. Суық күн, суық сөз, суық хабар. 5. Жылы су, жылы сөз, жылы қабақ. 6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр мінез.   № 12. Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен қатарластырып сөз тіркесін жаз.   Сирек, селдір  (шаш, кездесу). Қысқа, келте, шолақ  (мұрын, көйлек, ақыл, күртеше). Көп, мол, қыруар  (ақша, тамақ, адам, жылқы). Мықты, берік, күшті  (еден, ағаш, суретші).   № 13. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаз.   Бірлік, татулық, ынтымақ. Бейбітшілік жақтаған жұмыр жердің бетіндегі кез келген халық осы қасиетті үш ... қадірін жақсы біледі. Халықтардың аңсаған ... , көздеген ... – ең бірінші осылар. Қазақстан – жүздеген ... басын біріктіріп отырған мемлекет. Біздің жас мемлекет үшін халықтың ... ауадай қажет.   Қажетті сөздер: бірлігі, арманы, ұғымның, мақсаты, ұлт өкілдерінің.   № 14. Жақша ішіндегі сөзді қазақшаға аудара отырып, сөйлемдерді аяқта. Баяндауышқа сұрақ қой.   Көк Туымыз төбемізде (развевается). Елтаңбамыз барша əлемге (известен). Елбасымыз өз Жолдауында халқымызға ХХІ ғасырдың бас кезіндегі атқарылатын жұмыстардың жауапкершілігінің зор екенін  (напоминает). Тіл тазалығы мен дене тазалығын сақтауға  (старайтесь).   № 15. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар.   Мой отец – учитель. Он учит детей. Мать – врач. Она работает в поликлинике. Бабушка и дедушка не работают. Они – пенсионеры. Я и моя старшая сестра учимся в школе. Мы учимся хорошо.