- •Жұмыс бағдарламасы (силлабус) Үздіксіз педагогикалық практика
- •2. Оқытушылар жөнінде мәлімет
- •3.Практика түрі
- •5. Практика мазмұны:
- •Портфолио:
- •Практика өту жоспары
- •6.2 Топтық тапсырмалар
- •6.3.Жеке тапсырмалар
- •Есеп беру құжаттары және үпп өтілуін бағалау критерийлері:
- •Толтырылған күнделік
- •8.Баға қою саясаты:
- •Әдебиеттер:
- •Шараны жоспарлаудың үлгі схемасы (сынып сағаты, тірбиелік шара, т.Б.)
- •3. Сыныптың ұйымшылдығы
- •Оқушының қоғамдық беті мен қоғамдық жұмысы.
- •Оқушы тұлғасының негізгі белгілері.
- •Студент-практиканттың үпп жайлы есебінің үлгі схемасы
Шараны жоспарлаудың үлгі схемасы (сынып сағаты, тірбиелік шара, т.Б.)
- сынып сағатының тақырыбын анықтау (сынып жетекшісінің жоспары бойынша);
- сынып сағатының мақсаты мен міндеттерін көрсету;
- сынып сағатының типі мен түрі: білімдік, дамытушылық, тәрбиелік;
- шараны өткізуге арналған көрнекіліктер (плакаттар, үлестірмелі материалдар, видео, аудио материалдар, т.б.);
-ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, тақырыпты, шараның мақсаты мен міндеттерін айту);
- сынып сағатының барысын (толық сипаттамасы, қатысушылардың сөздері, т.б.) минуттық уақытымен көрсету;
-қорытынды кезең (қорытындысын шығару, сцегарий бойынша қажет болса жеңімпаздарды анықтау,т.б.).
Р.S. бұл схема үлгі түрінде берілген, практика базасының талаптарына сәйкес дербес формада болуы мүмкін, сондықтан алдын-ала сынып жетекшісімен келісілген болуы керек!
Тәрби ешарасының титул бетінің үлгісі
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ӨҚКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филолого-педагогикалық факультеті
Тәрбие шарасы
тақырыбы:
«БІЗ СӨЙЛЕСЕ АЛАМЫЗ БА?»
(6-сынып оқушыларына арналған диспут)
Орындаған: Студенттің аты-жөні, курсы, тобы, факультеті.
КМУ әдіскері: аты-жөні, қызметі, ғылыми атағы.
Көкшетау, 2015
Қосымша №4
Оқушылар ұжымын зерттеп, оған психолого-педагогикалық мінездеме жазу
1.Сыныптың құрамы
1. Жас ерекшелігі
2. Танымдық деңгейі, оқушылардың дамуы.
3. Еңбекке қабілеттілігі, оқу үлгерімі
4. Сыныптың әлеуметтік белсенділігі. Қоғамдық істерге қызығушылығы, қоғамдық акцияларға қатысуы.
2.Сыныптың ынтымақтастығы
Іскерлік қызығушылығына қарай немесе теріс сипаттағы топтар бар ма? Есть ли группа по деловым интересам или отрицательного характера. Оқушылар бір-біріне қалай қарайды? Сыныптың істеріне қалай қарайды?
Мектепте және мектептен тыс уақыттарын бірге өткізуды, бірге көңіл көтеруді, бірлесіп оқуды ұнатады ма?
Ұлдар мен қыздар достасады ма? Ұлдар қыздарды қорғайды ма?
Оқушылар жалпы өз ұжымының мүшелерін қорғайды ма?
Сыныпта жазалау бар ма? Егер болса, қандай түрде?
Оқушылар өз сыныбының жетістіктері мен кемшіліктеріне қалай қарайды, өз ұжымына жаны ашиды ма?
Жалпымектептік шараларда өздерін бірге немесе бөлек ұстайды ма?
3. Сыныптың ұйымшылдығы
Ұжымдық істерді орындауда оқушылар өздері ұйымдасады ма, жұмыстарды өзара бөлісіп оларды тиімді орындай алады ма?
Бір-бірін шыдамдылықпен және ықыласпен тыңдай алады ма? (жиналыста, үзілісте, түрлі істерді атқаруда)
Өкілетті адамдардың үкімдеріне бағынады ма?
Сыныптағы қоғамдық пікір
Оқушылар жолдастарының қандай қылықтарын кіналайды, қандайын жақтайды?
Өздерінң жақтауы мен кәналауын қандай формада көрсетеді?
Олардың сөзі мен ісінде алшақтық бар ма?
Сыныптағы сын мен өзара сын.
Сыныптағы шығармышылық байланыстардың сипаты
Оқушыларды не байланыстырады: жалпы тұрғылықты жері, партадағы орны, ортақ қызығушылықтары, жұмыс.
Оқушылар қайда достасады (тек мектепте, басқа жерде)
Жолдастарынаықыласты ма, оларға көмектесуге тырысады ма. Бұл көмек қандай?
Оқушылар жолдастарына талап қояды ма? Олардың кемшіліңтерін көре алады ма?
Дене кемшілігі бар жолдастарына дұрыс қарайды ма?
6. Сынып белсенділері
Сынып құрамы.
Ресми (таңдалған) және нақты актив
Белсенділердің беделі бар ма?
Белсенділердің тапсырмалары орындалады ма?
Белсенділер сыныптас жолдастарына қалай қарайды?
Үнемі белсенділер қатарында болатын оқушылар бар ма.
Қоғамдық белсенділер сынып өмірімен бірге ме, олар ұжымнан бөлінбейді ме, оларды сыныпта сыйлайды ма?
7. Сынып ұжымының жалпымектептік ұжыммен байланысы
Сынып жалпы мектепте немесе басқа сыныптарда не болып жатқанын біле ме?
Мектеп өмірін жаөсарту жайлы ұсыныстар енгізе ме?
Жалпымектептік тапсырмалар орындалады ма (тұрақты, анда-санда тапсырылатын)
Оқушылардың басқа сныптармен байланысының сипаты (шефтік, жарыс, бірлескен істер)
Сынып жалпымектептік шараларға қатысады ма.
Сынып ұжымын әрі қарай ынтымақтастыруға байланысты пікірлер мен ұсыныстар
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру мен ынтымақтастыруға байланысты қандай педагогикалық шаралыр жүргізу керек
Сынып ұжымын жеке оқушығы тәрбиелік ықпал етуде қалай қолдану керек
Ескерту: Мінездемеге сынып жетекшісі қол қойып, мектептің мөрі қойылуы тиіс.
Қосымша №5
Оқушыны зерттеп, оған психолого-педагогикалық мінездеме жазу (Н.И.Болдырев бойынша)
Оқушы жайлы жалпы мәліметтер (аты-жөні, туған жылы мен күні, айы)
Қайда тұрады
Ата-анасы қайда, кім болып істейді
Отбасы құрамы, мәдени деңгейі, материалдық жағдайы
Отбасындағы қарым-қатынас
Отбасындағы тәрбие сипаты
Оқушының күн тәртібі мен бос уақыты
Үй шаруасына қатысуы
Мектептен тыс достары мен таныстары
Оқушы өміріндегі маңызды оқиғалар
Оқушының жалпы даму деңгейі
Жалпы дамуы. Сөйлеу мәдениеті, дүниетанымы, білімділігі, кітап оқуы, оқу қызығушылығының кеңдігі мен тұрақтылығы, киноға, театрға, стадионға, т.б. баруы.
Оқуға қатынасы, мектептегі оқуына қалай қарайды. Сабаққа үнемі барады ма. Сабаққа кешігеді ме. Сабақ үстінде ықыласты ма. Үй тапсырмаларын жүйелі орындай ма. Оқу еңбегін өздігінен ұйымдастыра ала ма. Қалып қойған материалды меңгеруге ұмтыла ма. Оқудағы жетістіктері мен кемшіліктеріне қалай қарайды. Сабаққа қызығушылығы. Оқушының оқу үлгерімі. Түрлі пәндерден қалай үлгереді. Қай пәндерді оқу жеңіл, қай пәндерден қиналады, алған білімін практикада, өмірде қолдана ала ма.
Дене еңбегіне қатынасы. Өзіне өзі қызмет етуге қалай қарайды. Еңбекке байланысты қоғамдық тапсырмаларды қалай орындайды. Мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы алаңда жұмыс істеуді ұната ма. Өнімді еңбекке қатыса ма. Еңбектің қай түрін ұнатады. Еңбектегі ұйымдастырушылығы.
Тәртіптілік деңгейі. Оқушы «Оқушыларға арналған ережені» біле ме. Өзін ұстау мәдениетін меңгерген бе. Сабақтағы жинақылығы. Үлкендермен, жолдастарыменқарым-қатынаста сыпайылығы, жинақылығы.
Оқушының қызығушылығы мен бейімділігі. Оқуға қызығушылығы. Әдебиет, өнер, ғылым, техника, спорқа қызығушылығы. Қызығушылығының кеңдігі мен тұрақтылығы. Оқушы қай үйірмеге қатысады, қандай балалар мекемесіне барады. Қандай маманды қызықтырады. Оның тағдауы қызығушылығына сәйкес пе.
