- •41. Тау жыныстарын автомобиль көлігімен тасымалдау
- •1 Сурет - Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:
- •42. Автомобиль көлігінің және жолдың технологиялық сипаттамасы
- •1 Сурет - Карьердегi темiр жолдардың даму схемасы: 1 – уақытша кемер жолдары; 2 – байланыс жолдары; 3 – күрделі және жартылай оржолдар жолдары; 4 – жер бетiндегi жолдар;
- •43. Автомобиль көлігін есептеу
- •44. Тау жыныстарын конвейер көлігімен тасымалдау
- •1 Сурет - Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
- •2 Сурет - Драглайнмен үйінділеу технологиясы:
- •49. Бульдозерлiк үйінділеудiң артықшылығы
- •4 Сурет - Бульдозерлiк үйінділеу технологиясы
1 Сурет - Экскаваторлық үйінділеу технологиясы
Үйінді тұйықтарының жалпы саны nтж тұйықтардың бiреуiнде жолды жылжытуды ескере отырып табылуы тиiстi
nтж =nт(1-tж/t), (2)
мұндағы nт - үйінділеуге қажеттi тұйықтардың есептелген саны; tж - жолды жылжытудың ұзақтығы, тәулiк; t - үйінді тұйығы жұмысының ұзақтығы, тәулiк (t=Vq/Vқ).
Экскаваторлық үйінділеудiң артықшылығына мыналар жатады: 1) жұмысшылардың жұмыс өнiмдiлiгi жоғары; 2) үйінді тұйығының өнiмiдiлiгi жоғары; 3) үйіндінi әртүрлі жағдайларда салудың мүмкіншiлiгi.
Экскаваторлық үйінділеудiң кемшiлiгi- алғашқы кезеңде қымбат тұратын экскаваторларды сатып алуға қажеттi күрделі қаржыны талап етуi болып саналады.
Темiр жол көлiгi кезiндегi драглайнмен үйінділеу бiрiншi рет Соколов-Сарбай кенiшiнде игерiлдi, содан соң Ресей Федерациясының Ирша-Бородин, Кумертау , Томусин және т. б. көмiр разрездерiнде қолданылып келедi.
Драглайнмен үйінділеу процесi механикалық күректермен үйінділеу процесiндей болады. Думпкарлардан тау жыныстары тереңдiгi 4-8м, ұзындығы 3-4 думпкардың ұзындығына тең қабылдау шұңқырларына төгiледi де, содан соң олар драглайнмен үйінділенедi.
Үйінділеу схемасы бiр экскаваторды қамтамасыз ететiн темiр жол тұйықтары санымен, драглайнның және жолдың бiр-бiрiне және үйінді ауданына қатынасты тұру орнымен, үйінді қабаттарын толтыру әдiсiмен және де оларды толтыру тәртiбiмен ажыратылады.
Тау-кен жұмыстарында төменгi және құрама төгу бiртұйықты схемалары ең көп қолданыс тапты (2 сурет).
Бiрiншi схемада драглайн және темiр жол барлық биiктiгi бiрдей толтырылатын үйінді қабатының үстінде орналасады. Тау жыныстары драглайнмен қабылдау бункерiнен экскаватордың жүру жолы алдына және жанына, үйінді беткейiне тасымалданып төгiледi.
Толманың енi ұлғайған сайын жолды жылжыту адымы және драглайнның айналу бұрышы көп болады да, оның техникалық өнiмдiлiгi аз болады.
Екiншi схемада құрама төгу кезiнде драглайн алдыңғы жартылай қабатта орналасады, ал ол болса төгу радиусының шамасына тең болып толтырылып отырылады.
Механикалық күректермен салыстырғанда драглайнды үйінділеу үшін қолданудың төмендегiдей артықшылықтары бар:
1) драглайн мен механикалық күректiң шөмiш сыйымдылығы бiрдей болғанда толманың енi 3-4 есе артады, соның арқасында темiр жолдарды жылжыту жұмыстарының еңбек шығыны азаяды;
2) қабылдау бункерiнiң едәуiр сыйымдылығына байланысты локомотив құрамын төгу мерзiмi кемiтiледi, соның арқасында темiр жол көлiгiнiң өнiмдiлiгi жоғарылайды;
2 Сурет - Драглайнмен үйінділеу технологиясы:
а қабатты төменгi төгу; б қабатты жоғары төгу
3) жолдар ұзақ уақыт жұмыс iстейтiн болғандықтан, оларды күрделі тұрде салудың арқасында жылжитын құрамалардың қуатты түрін қолдануға мүмкіншiлiк туады, яғни үйінді қабатының биiктiгiн 30-40 м-ге жеткiзуге болады. Үйінді қабатының биiктiгi мен толма енi жоғарылағандықтан, үйінді жолын жылжытудың және жөндеудiң эксплуатациялық шығыны 3-7 есе азаяды;
4) жұмсақ және ылғалды тау жыныстарын, тағы да жер бедерi ойлы-қырлы болғанда және үйінді табаны орнықсыздау жағдайда үйінділеудiң тиiмдiлiгi. Күрделі қаражатты қажет ететiндiктен және шөмiш сыйымдылығының 1м3-на салыстырғандағы өнiмдiлiгiнiң аздығы, драглайнды қолдану 1м3 тау жыныстарын үйінділеуге шығатын меншiктi шығынды азайтпайды, кейбiр жағдайда көбейтiп жiбередi.
Осыған қарамастан драглайндар жұмсақ және ылғалды тау жыныстарын үйінділеуде сулы жерлердi, опырылу шұңқырларын, әр түрлі тау-кен қазбаларын толтыру үшін қолданылып келедi..
Автомобиль көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
Қазiргi уақытта автомобиль көлiгiн қолданып үйінділеуде қуатты бульдозерлер пайдаланылады. Автомобиль көлiгi кезiндегi бульдозерлiк үйінділеу автосамосвалды төгуден, үйінді бетiн тегiстеуден, негiзгi және уақытша жолдарды салудан тұрады.
Автосамосвалдар уақытша жолдарда маневр жасап артқа жүру арқылы төгетiн жерге барады. Автосамосвалдар үйіндінiң жоғарғы жиегiнен 1-2,5 м жерге тау жыныстарын төгедi. Осы кезде төгiлген тау жыныстарының бiр бөлiгi үйінді баурайына қарай домалап түседі. Үйінді бетiн тегiстеу бульдозермен жүргізiледi де, төгiлген тау жыныстары үйінді беткейiне қарай жылжытылады.
Бульдозерлiк үйінділеуде тау жыныстарының орнықтылығына байланысты үйінді қабатының биiктiгi 20-40м-ге дейiн болады. Үйіндіде төменгi жұмысты ұйымдастыру әдiсiнiң бiреуi қолданылады: 1)автомашинаны төгу және үйінді жиегiн тегiстеу бiр учаскеде жасалынады; 2)машиналарды төгу және үйінді жиегiн тегiстеу әр түрлі учаскелерде жүргізiледi.
Iс жүзiнде көбiнесе жұмысты ұйымдастырудың екiншi түрі қолданылады, өйткенi үйіндінi төгу және тегiстеу учаскелерiне бөлу машиналардың жұмыс жасауына ыңғайлы жағдайлар туғызады және еңбек қауiпсiздiгiн жоғарылатады.
Үйінді учаскесiнiң жалпы ұзындығы төгу, тегiстеу және резерв алаңдарын қосқанда 100 м-ден 500м-ге дейiн өзгередi де бiр мезгiлде жұмыс iстейтiн автосамосвалдардың санына байланысты болады. Бульдозерлiк үйінділеу күрделі және күнделiктi қаржыны аз қажет етуiмен, жұмыстың қарапайым ұйымдастырылуымен, үйіндінiң қысқа мерзiмде салынуымен, үйінді жұмысшыларының еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылылығымен және 1м3 тау жыныстарын үйінділеудiң ең аз меншiктi құнымен сипатталады.
Таулы немесе қиябет жерлерде үйінділеу автосамосвалдардың жартылай оржолдарда, қазбада немесе үймеде кейiн қарай оралу алаңын салудан басталады. Қопарылған тасты тау жыныстарын қиябеттерде үйінділегенде үйінді қабатының биiктiгi 100-150 м-ге дейiн жетедi немесе одан да асатын болады.
Үйінді жұмыстарында бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар бульдозерлер қолданылады. Соңғысы бульдозердiң өнiмдiлiгiн 10-13% өсiрiп, оның бос жүруiн және маневрлеу операциясын қысқартады.
