Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
41-49_сурактар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

49. Бульдозерлiк үйінділеудiң артықшылығы

Бульдозерлiк үйінділеуде тау жыныстарының орнықтылығына байланысты үйінді қабатының биiктiгi 20-40м-ге дейiн болады. Үйіндіде төменгi жұмысты ұйымдастыру әдiсiнiң бiреуi қолданылады: 1)автомашинаны төгу және үйінді жиегiн тегiстеу бiр учаскеде жасалынады; 2)машиналарды төгу және үйінді жиегiн тегiстеу әр түрлі учаскелерде жүргізiледi.

Iс жүзiнде көбiнесе жұмысты ұйымдастырудың екiншi түрі қолданылады, өйткенi үйіндінi төгу және тегiстеу учаскелерiне бөлу машиналардың жұмыс жасауына ыңғайлы жағдайлар туғызады және еңбек қауiпсiздiгiн жоғарылатады.

Үйінді учаскесiнiң жалпы ұзындығы төгу, тегiстеу және резерв алаңдарын қосқанда 100 м-ден 500м-ге дейiн өзгередi де бiр мезгiлде жұмыс iстейтiн автосамосвалдардың санына байланысты болады. Бульдозерлiк үйінділеу күрделі және күнделiктi қаржыны аз қажет етуiмен, жұмыстың қарапайым ұйымдастырылуымен, үйіндінiң қысқа мерзiмде салынуымен, үйінді жұмысшыларының еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылылығымен және 1м3 тау жыныстарын үйінділеудiң ең аз меншiктi құнымен сипатталады.

Тау жыныстарын беткей баурайына жылжыту бульдозерлiк үйінділеудiң шеттiк әдiсiнде болады (3, а сурет). Тау жыныстарын үйінді алаңында төгiп, оны тегiстеу үйінділеудiң алаңдық әдiсiне тән жағдай (3, б сурет) егiс жерлерде үйінділеу тау жыныстарын үйетін жерге жолды салудан және биiктiгi 2-5м, енi 70-100м-тең төгу алаңын жасаудан басталады. Үйіндінi жобадағы биiктiкке дейiн көтеру (көбiнесе 30-40м-ге дейiн) тау жыныстарын алғашқы төгу алаңында қабаттап төгуден немесе төгу алаңының беткей баурайына төгуден және үйінді биiктiгiн бiртiндеп жоғарылатып үйінді бағытын дамытудан тұрады.

Таулы немесе қиябет жерлерде үйінділеу автосамосвалдардың жартылай оржолдарда, қазбада немесе үймеде кейiн қарай оралу алаңын салудан басталады. Қопарылған тасты тау жыныстарын қиябеттерде үйінділегенде үйінді қабатының биiктiгi 100-150 м-ге дейiн жетедi.

Таулы немесе қиябет жерлерде үйінділеу автосамосвалдардың жартылай оржолдарда, қазбада немесе үймеде кейiн қарай оралу алаңын салудан басталады. Қопарылған тасты тау жыныстарын қиябеттерде үйінділегенде үйінді қабатының биiктiгi 100-150 м-ге дейiн жетедi немесе одан да асатын болады.

Үйінді жұмыстарында бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар бульдозерлер қолданылады. Соңғысы бульдозердiң өнiмдiлiгiн 10-13% өсiрiп, оның бос жүруiн және маневрлеу операциясын қысқартады.

Бульдозердiң түрін таңдау әрбiр үйінді учаскесiндегi автосамосвалдардың саны мен жүк көтеру қабiлетiн ескерiп жасалынады. Сонымен қатар, тау жыныстарын тасымалдау қашықтығына байланысты бульдозердiң өнiмдiлiгiнiң өзгеруiн еске алған жөн.

Тау жыныстарын автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiндегi үйінді жұмыстарының негiзгi параметрлерi: үйінді учаскесi бағытының және жалпы үйіндінiң ұзындығы, учаске саны, үйінді биiктiгi, үйінді жолының өзгеру адымы, үйіндінiң қабылдау және өткiзу қабiлетi, үйінді учаскесiнiң толтырылу және дайындалу мерзiмi, бульдозерлiк жұмыстар көлемi және белгiленген жұмыстар кезiндегi қажеттi бульдозерлер саны.

Әдетте үйінді төгу бағытына қарай ұзындықтары тең үш учаскеден тұрады (4 сурет). Бiрiншi учаскеде төгiлу жұмыстары болса, екiншiсi-резервте тұрады, ал үшіншiсiнде тегiстеу жұмыстары жүргізiледi. Үйінді учаскесiнiң ұзындығы жоспарланған машиналардың бiр мезгiлде төгiлуiн қамтамасыз етуi керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]