Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касиби жауап.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

Табылдиева Жарқын Қабылқызы

№30 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланатыны сөзсіз, сондықтан бастауыш сынып мұғалімі ақ парақтай кіршіксіз оқушыға қалай тәлім, білім берсе, орта буын, жоғары буынға барған кезде оқушылар сөзссіз білімді нақты игере алады. Яғни бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары, олай болса мұғалімнің келбетін сипаттап көрейік:

 

Менің ойымша мұғалімнің бойында осы қасиеттердің барлығы болса, мұғалім оқушыларына толыққанды білім береді.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады.Қазіргі қоғамда қажетті де осындай ұстаздар.

«Маған жақсы мұғалім  бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян. Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе, кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог – педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім керек.

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға байланысты «Ғаламтор» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.

Мен 2014 жылдың 02 қыркүйек айынан 21 қараша аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» базасында үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтадым. Осы курстан алған сертификат менің ұстаздық жолымдағы бағдаршам іспеттес болды. Себебі, дәстүрлі білім беруде бастауыш сынып мұғалімінің жетістігі тек білім сапасының көтерілуімен шектелсе, осы курсты аяқтай сала өзімнің сабақ өткізуімде бірнеше жетістіктерге жетіп, оқушыларымның бойынан сабаққа қызығушылықтары артқандығын, бір-бірінің ойын талдау қабілетінің дамығанын, топпен жұмыс жасай білуі, сындарлы ойлауы, өз пікірін ортаға еркін салып, жеткізуі, т.с. қасиеттерінің арқандығын байқадым.

Оқушыларым мектепішілік, қалалық, облыстық олимпиадалар мен облыстық, республикалық байқауларда жоғары дәреже көрсетіп, менің еңбегімнің жемісі бағаланды. Бұл ұстаз үшін үлкен жетістік. Елбасымыздың да ұстаз  мәртебесін көтеруіміз қажет деген сөзіне дәлел болады. Жаңалықтың жаршысындай өзіме зерделеп, зерттеп білім басы бастауыштан деген қағиданы басты назарда ұстаймын, оқушыларымның білім сапасын жете қадағалап отырамын. Мен тәрбиелеген оқушылар функционалды сауатты, париоттық рухы жоғары, отандық біліммен сусындаған болашақ ел тізгінін ұстайтын жеке тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол.

ҚР орта білім беру жүйесі дамуының мемлкеттік тұжырымдамасында «Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.

Осыған сүйене отырып, мен білім беру барысында оқушыларымның функционалдық сауаттылығын дамытуды жолға қойдым. Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы екенін ескерсек, менің жұмыс жүйем: жаңа бағдарлы оқытудың барысында алдымда тұрған келелі міндеттердің бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ойлауына мүмкіндік жасау. Практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әрүрлі интерактивті және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырамын, оқыту әдістерін өзгерту, үнемі іздене отырып, жаңалықтарды біртіндеп жұмыс жүйеме енгізіп отырамын. Білікті білім беру жағдайында білім, іскерлік, дағдының міндеті өзгереді. Мен сабақтарымды 7 модульді қолдана отырып, жүргізіп келе жатырғаныма 4-5 ай уақыт өтті[1]. Осы аралықта оқушылар сабақ барысында бір-бірімен әріптестікте жұмыс жасай отырып, өзара білім алмаса білді. Жұптық, топтық талқылау барысында ұйымдастырушылыққа үйренді, бірін-бірі түзетеді, оқытады. Сыныпта белсенді ашылып өз ойын білдіре қоймайтын оқушылар білек сыбанып, қызу жұмысқа кіріскенде шынымен де өз жұмысыма сырттай рахаттанып, сүйсінетін кездерім көбейді.

Менің оқушылардың білімін бағалау кезінде қиналып, шешімін таппай жүрген сұрақтарым болатын. Осы сұрақтарымның шешімін тапқандаймын, Неге? Өйткені сабақты критериялды бағалауды жүйелі түрде жүзеге асырып келемін. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бастауыш сынып оқушыларының өз ісіне сын көзбен қарау, сапалы жұмыс жүргізе білуге үйреніп келеді[2].

Мұғалім – қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын  ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрелік. Бүгінгі мұғалім ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім оқытушы, мұғалім-ұстаз, мұғалім-оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениеті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады:

1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі

2. Білімнің деңгейін көтеруі

3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындалуы

Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» - деген. Сондықтан ұстаз-шәкірт-ұстаз болуы қажет. Белгілі ағартушы педагог ғалымдар: С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ш.Т.Таубаева, Қ.Жарықбаев, Б.Барсай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.

1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті

2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі

3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалуы, дауыс ырғағы, сазы

4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзіммен сабыр сақтауы

Ұстаздық қызметтік қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгеру, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болап табылады[3].

Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс[1].

Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады деп түсіндіреді [3].

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби  шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 Сөйлеу мүшелері АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ БАЗА Адамның сөйлеу мүшелері – артикуляция мүшелері, артикулятты аппарат. Олар, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері болып табылады. Сөйлеу мүшелері: а) дыбыс жасауға қажетті ауа ағынын тудыратын және өткізетін тыныс алу мүшелері (өкпе мен кеңірдек тарамдары); ә) дыбыс жасауға тікелей қатысатын сөйлеу мүшелері болып екі топқа бөлінеді (1, 2 – суреттер).  1 – сурет. Адамның сөйлеу аппараты  I – мұрын қуысы; II – ауыз қуысы; III – дауыс түтігі; IV – тамақ (кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы); V - өңеш (тамақ жүретін жол).  1 – тістер; 2 – еріндер; 3 – қатты таңдай; 4 – жұмсақ таңдай; 5 – тілшік (увула); 6 – жұтқыншақ; 7 – тіл (a – тіл алды, б– тіл ортасы, в – тіл арты, г– тіл түбі).

2 – сурет. Тамақ  a – бойлық қиық: 1 – жұтқыншақ; 2 – жалған дауыс шымылдығы; 3 – қалқан шеміршек; 4 – нағыз дауыс шымылдығы; 5 – дауыс саңлауы; 6 – кеңірдек шеміршегі.  б – көлденең кесік: 7 – желбезек шеміршек., 8 - сақина шеміршек.  Сөйлеу мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке – дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланыста болады.  Сөйлеу мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.  2.2. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы  Дыбыстың жасалуы. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің, тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне – бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады.  Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс (француз тілінің resonance – «жаңғырық» деген сөзінен алынған) айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде (үрлеп ойнау аспаптарындағы қуыс, шекті аспаптардың декадасы, ауыз қуысы, мұрын қуысы) пайда болады.  Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің (жасанды және жануарлар тілінен бөлек) ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады.  Мысалы: Сен едің базарым (Абай).  Осы сөйлемде бірінші сөз (сен) үш дыбыстан (с – е – н), екінші сөз (едің) төрт дыбыстан (е – д – і – ң), үшінші сөз (базарым) жеті дыбыстан (б – а – з – а – р – ы – м) құралған.  Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет.  Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Белгілі халықтың сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарудағы атқаратын қызметінің қалыптасқан дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды.  Тіл дыбыстары тәуелсіз үш: артикуляциялық (физиологиялық), акустикалық (физикалық) және функционалдық (лингвистикалық) тапқа бөлініп, жасалым, айтылым, естілім және қолданылым тұрғыларында қарастырылады.  Кез келген тіл дыбыстарының нышандарын анықтайтын мынадай шарттар бар:  - бірмәнділік - тіл дыбыстарының бірмәнді анықталатындығын талап етеді;  - тұлғалылық – артикуляциялық орында пайда болу сапасының табиғи тұрақтылығын, әрі баламасыз жеке даралығын байқатады;  - тіркесімділік – тіл дыбыстарының тіркесе алатындығын, әрі тіркесе келе үздікті тізбек құрайтындығын көрсетеді;  - ықпалдылық - туынды мәннің пайда болу ықтималдығын қамтамасыз етеді;  - түрлендірімділік – туынды мәннің пайда болуы сөз тұлғасын түрлендіруге ықпал ететіндігін көрсетеді;  - сапалылық – тіл дыбыстарының лингвистикалық қолданбалылығын көрсетеді.  Тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді.

  Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.  Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; • мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; • жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. 2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді. Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс. Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз. Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды. 2.    Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты. Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді. Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар: •    әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі; •    әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы; •    ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі; •    әңгіменің жүйелілігі болуы керек; •    әңгіменің әсерлілігі; •    тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі; •    мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы. Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар: •    сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау; •    себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру; •    салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану; •    жүйелілік. Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады. Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары: •    ес пен тілді дамытуы; •    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; •    оқушылардың білімінің белгілі болуы; •    жақсы диагностикалық құрап; •    үлкен тәрбиелік күші бар. Әңгімелесу әдісінің кемшілігі: •    уақыттың көп кетуі; •    қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады. Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады. Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар: •    конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; •    мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек; •    тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; •    цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; •    аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; •    рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; •    справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады; •    формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы; •    тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру. Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі – мәтінді талдау. Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері: 1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды. 2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі. 3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру. Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді. Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды: •    көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі; •    көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану; •    демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі; •    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу; •    құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру; •    демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі; •    көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру. Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар. Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді: •    белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар; •    білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу. Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Жаттығулардың ерекшеліктері: Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі. Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде орындалады. Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады. Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер. Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу. Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар: •    оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы; •    жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау. 4. Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин) Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар - мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және көп елдерде қолданылады. Көп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сөзі, оқу кітаптары, жұтаңдау көрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық құралдар арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізуге болады. Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек. Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған. Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды. Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқыл ы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Оқушыларға берілетін нұсқаулар жетілдіріліп, жауаптары бар бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер көрсетіледі. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі. Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді. Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек. Аталған әдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа әкеліп, оқушының шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік әдісті қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді. Мәселелік әдісті қолданғанда оқушылар орындайтын іс-әрекеттен шығармашылық іс-әрекетке көшеді. Бастауыш мектептің оқушылары мәселелік міндеттерді өз бетімен шеше алмайды, сондықтан мұғалім оларға мәселені шешу жолдарын көрсетеді, мәселені толықтай өзі шешеді. Оқушылар мәселені шешпесе де, танымдық қиындықтарды шешу жолдарын көреді. Мәселелік әдістің орта және жоғары сыныптарда пайдасы көп. "Токты күшейту және әлсірету үшін, температураны көтеру және түсіру үшін не істеу керек?" - деген сұрақтар мәселелік сұрақтар. Қиын жағдаят мәселені шешуге керекті білімдерді, ақыл-ой жұмысына қабілетті, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны оқушылар өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді. Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелік әдіс оқушыларды тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді. Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Оқушыға мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Мұғалім картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, оқушылардың білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді. Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны. Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді. Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайды. Зерттеу жұмыстары сабақта, үйде орындалып, бір аптада, бір айда орындалатын тапсырмалар жоспарланады. Мысалы, әдебиеттің мұғалімі "Қазақстан жазушыларының нарық кезінде жазған шығармалары" - деген тақырыпта тапсырма береді. Оқушылар барлық жұмысты өз беттерімен орындайды. Өсімдіктер өсіру үшін қолданылған агротехникалық тәсілдердің пайдасын анықтау жөнінде тапсырмалар беріліп, зерттеу жұмысының жоспары жасалып, қорытындыларының дұрыстығы тексеріледі. Осы жоспармен туған өлке тарихын зерттетуге болады. Оқушылар эксперимент жүргізеді, ғылыми эксперименттерге қатысады, ұзақ уақыт кететін тапсырмалар көп болмау керек. Әр пәннен жылына бір рет тапсырма берген жақсы. Бір оқу жылы ішінде барлық пәндерден зерттеу жұмыстарын беру тиімсіз. Зерттеу жұмысының түрлері: өсімдіктерді, жануарларды, табиғат құбылыстарын бақылау, баяндамалар оқу, технологиялық процестерді жетілдіру туралы ұсыныстар айту, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді талдау, т.б. ІХ-Х сынып оқушыларын әдебиетті іріктеуге, аннотация жасауға, конспектілеуге, картотекалар жасауға, жоспар жасауға, материал жинауға, оның жоспарын жасауға, құрастыруға, баяндауға үйрету керек. Зерттеу кезеңдері: 1) факті, не құбылыстарды бақылау, зерттеу; 2) зерттелетін мәселелерді анықтау; 3) мәселені шешу жөнінде жорамал айту; 4) зерттеудің жоспарын жасау; 5) зерттеу; 6) нәтиже; 7) оны қолдану туралы ұсыныс. Оқушының шешетін мәселелері оқу бағдарламасына ену керек. Оқушының зерттеуі ғалымның зерттеуіне ұқсас, күрделі болмау керек. Оларды әдіскер-ғалымдар жасайды. 5. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады. Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады. Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды. Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады. Оқушы шығарманық негізгі идеяларын оның кейіпкерлерінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен салыстырады, өзінің сөзі мен ісіне ойлана қарай бастайды. Осы әдісті әдеби шығармаларды, сахналық қойылымдарды, кинофильмдерді, сәулет өнері, саз өнері шығармаларын және адамның мінез-құлқын талдау үшін қолдануға болады. Бұл әдісің тиімділігі ең алдымен шығармаларды іріктеуге, мұғалімнің оқушыларды әсерлендіре білуіне, оқушылардың өз ойын басқалармен бөлісе алуына байланысты. Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы. Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да экспрессивтік әдіс арқылы жасалады. Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы пьеса немесе психологиялық драма түрінде көрсету оқушыны жақсы болуға тәрбиелейді. Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға береді. Бұл баға өзгермейді. Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады. 6. Ынталандыру әдісі Қызығушылықтың үш түрі: •    іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы; •    танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; •    іс-әрекеттің баланы ынталандыруы. Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді. Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. "Тұрмыстағы физика", "Ертегілердегі физика" деген тақырыпқа мысалдар жинату да пайдалы жұмыс. Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал. Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады. Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері. Тәсілдері: •    оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру; •    талап қою; •    талаптарды орындауға үйрету; •    өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау; •    керек жағдайда жазалау әдісін қолдану; •    оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу. Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнімділігін арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді. Оқушыға оқудың пайдасын түсіндіру. Жаратылыс-математика бағытын таңдаған балаларға қоғамдық ғылымдардың, қоғамдық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқитын оқушыларға жаратылыс-математика бағытындағы пәндердің пайдасын түсіндіру үшін өндіріске экскурсияға, мәдени орталықтарға, кітапханаларға экскурсияға апарудың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің дарынды балаларға жасап отырған қамқорлығын, түрлі олимпиадаларға қатысудың, мамандығын растайтын құжаттардың тіршілік үшін маңызын түсіндірудің пайдасы зор. Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан түрін орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті қалыптастырады. Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына ықпалы зор. Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау түрлері: •    баға қою; •    тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу; •    оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу; •    топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту; •    үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару; •    білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау; •    жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т.б. Жазалау түрлері: •    сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау; •    күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою; •    қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету. Ойын - оқыту әдісі Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды. Симулятивтік ойындар кезінде оқушылар өз бетімен күрделі мәселелерді шешеді. Бұл ойындар алғаш рет әскери училищелерде кескілескен шайқастарды бейнелеу үшін қолданылған. XX ғасырдың 60 жылдарының басында көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар қолданыла бастады. Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Енді отбасындағы өмірді түсінуге көмектесетін іскерлік ойыннан үзінділер келтірейік. Бірінші кезең "Жас отбасының бюджеті" деген жағдаят. Жоғары сынып оқушылары "отбасыларына" бөлінеді, әр отбасында жас жұбайлар мен олардың туысқандары тұрады. Эксперттер құрамына мұғалімдер, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары енеді. Эксперттердің міндеті - ойыншыларға "тұрмысқа" керекті қаржы, құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру. Мысалы, бір жұп тамаққа күніне 200 теңге жұмсаймыз дейді. Ал эксперттер оған қандай тамақтың түрлерін сатып алатындығын айтуын сұрайды. Азық-түлікті сатып алған соң, ойынның екінші кезеңі басталады. Ойынға қатысушылар бір-бірімен пікір таластыра бастайды. Қалған ақшаға "әйелі" өзіне киім алғысы келеді, ал "ері" жинақтау қорына салғысы келеді. "Ата-аналары" нені сатып алу жөнінде ақыл айтып, жас жұбайларға ақшалай көмек беретіндіктерін айтады. Эксперттер оларға өздерінің мүмкіндіктерінді ескердіңдер ме? Балаларыңыз сендерге неге көмектеспейді? "Масылдарды тәрбиелеу жақсылыққа әкелмейді" деген пікірлер айтады. Кейін жоғары сынып оқушыларының келісімімен ойынға ата-аналар қатысады. Бұл ойын болғанмен, ондағы жағдаят өмірде болатын жағдайға жақын. Ойында оқушылар түрлі шешімдерге келіп, әрекет жасайды. Олар үшін отбасылық экономика, отбасындағы психологиялық ахуал деген ұғымдар анық бола бастайды. Бұл мысалдан іскерлік ойында нақты жағдай көрсетілетінін білдік. Біз отбасылық өмірдің бір сәтінен үзінді келтірдік. Ойын барысында жасалған шартты үлгі өмірде болатын жағдайлар. Осылайша тарихи оқиғаларды балаларға іскерлік ойындар арқылы меңгертуге болады. Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны ңысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады. Мұғалімдер көптеген танымдық ойындар өткізеді. Ойын түрінде болатын саяхат, электрлендірілген викториналар арқылы белгілі бір ауданның жануарлар дүниесі, ұшақ, корабльдердің түрлері оқылады. Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді. Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады. Ой майданы әдісін 1939 жылы А.Ф.Осборн бірінші рет қолданған. Ол балаларға ұнаған, себебі олар өздеріне қызықты мәселелерді шешіп отырған. Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған. Бұл әдіс арқылы өткен сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне, топтың даму деңгейіне байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ мүшелерінің санын көбейтугеболады. Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің студенттері шағын топтарға бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады. Оны шет тілін оқытуда пайдалануға болады. Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар: 1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану; 2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру; 3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару; 4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі — педагогиканың күрделі саласының бірі — дидактика тарауында қаралады. Дидактика (оқыту теориясы) гректің didaktikos — оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оқу үрдісінің заңдылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Ал қазақ тілінен оқушыларға білім беру кезінде — оқыту әдістері жоғарыда айтылған заңдылықтар мен принциптерге негізделеді. Оқыту материалын түсінікті етіп баяндау үшін дидактиканы көп жылдан бері зерттеген дидактик ғалымдарымыздың зерттеу әдістерін  үнемі басшылыққа алып отыру керек. Қазақ тілін оқытуда окушыларға тиянақты, сапалы да, саналы білім беру — мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Қазақ тілін оқыту технологиясы. Ол оқытушы мен оқушы арасындағы жақсы ұйымдастырылған қызметтен көрінеді. Мұғалім өз пәнін сабақ түсіндіруден бастайды, ол — түсіндіру әдісі. Оқушылар кітап оқиды, ол — кітаппен жұмыс әдісі; оқушы жаттығу жазады, ол — жаттығу әдісі; оқытушы әр түрлі сурет, таблица арқылы білім береді, ол — көрнекілік әдісі, техникалық құралдарды пайдаланса, ол- демонстрациялық әдіс, т.б. толып жатқан әдістер бар. Мысалы: «Дидактика средней школы» деген еңбекте И.Я.Лернер, М.Н.Скатин оқыту әдісінің бес түрін көрсетеді. Олар: 1. Объяснительно-иллюстративный     или   информационно-рецептивный. 2.Репруктивный. 3. Проблемное изложение. 4. Частично-поисковой эвристический. 5. Исследовательские — деп оқытудың түрлі әдісіне токталса, Г.А.Ильина «Педагогика» еңбегінде оқыту әдістемесінің 4 түрін атап көрсетеді. Ал академик Ю.К.Бабанский де осындай оқыту әдістерінің 7 түрлеріне тоқталып, оны оқытушының шығармашылық еңбегінің нәтижесі деп бағалайды. Ә.Исабаев өзінің «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген еңбегінде оқыту әдістерін: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және кітапты пайдалану әдісі деп теориялық, тәжірибелік тұрғыда оның төрт түріне тоқталады.

Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектерінде оқыту әдістерінің анықтамасын былай берген: И.Д.Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз — мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің  барысында білім алу жолдары» десе, Ю.К.Бабанский: «Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру» дейді. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов «Қазақ тілін оқыту методикасы» деп аталатын еңбегінде: «…Қазақ тілін оқыту әдістемесі — қазақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән» деген болатын. Дидактик ғалымдардың зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі оқыту әдістемесінің жіктелу түрін жасауға мүмкіндік болды. Оқыту әдістері жайлы ғалымдарымыздың көп жылғы зерттеу тәжірибесі, айтқан пікірлері мұғалім қауымының жұмыстарына (мақсаты, жолы, міндеттері) үлгі бола бермек. Соңғы кезде ғылыми еңбектерде, журналдар беттерінде тиімді оқыту, программалап оқыту, деңгейлік оқыту, модульдік оқыту және сабақты блокпен оқыту әдісі деген әдістер пайда болды. Блокпен оқыту — бұл әдіс мұғалімнің қалауы бойынша тоқсан ішінде екі не үш күн бойы (пәнге бөлінген сағат мөлшеріне қарай) бір пәнге арналып тұтастай өткізіледі. Мысалы, ол күндері тұтастай түсіндіріп, білім беруге тырысады. Мұндай сабақты мектепте ұйымдастырудың қиындықтары көп. Мәселен, сабақ кестесін үнемі өзгертіп отыру керек, оны мектепке енгізу үшін оқыту әдістері толық меңгерілмеген қазақ тілі пәні үшін нәтижесі шамалы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жіктелу кестесінде әдістердің даму жолдарының бәрін жинақтап көрсетуге тырыстық, әрине мұғалім сабақтың мазмұнына қарай қалауы бойынша әдістерді таңдайды. Осының бәрін жинақтай келе, оқушылардың ұғымын, іскерлігін, білімін, дағдысын ұйымдастыруда жүзеге асыруға жәрдемдеседі не көз жеткізеді. Сабақтың жаңа типі — оқыту әдістерінің жіктелуіне сәйкес орындалуы қайсысы болмасын білімді жалпылау және жүйелеу, даралап, саралап дамыта оқыту сабағының берері мол. Мектеп тәжірибесін және алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі мұғалімдер жұмысын зерттеу нәтижесінде сабақтың аталған типтерінде көрсетілген әдістерді тиімді пайдалануда мұғалімдер шығармашылық жұмыспен айналысып, оқушыларға сапалы білім беретін жақсы нәтижеге жетіп отырғанын байқадық.

Бұл жіктелу кестесінің ортасындағы төрт бұрышта дидактиканың негізін салушы чехтің классик педагогы Я.А.Коменскийдің 1697 жылы жазған «Ұлы дидактика» еңбегінде оқытудың тұңғыш принциптері мен әдістерінің төрт түрін ұсынған. Бұл еңбектен үлгі алған орыстың көрнекті педагогы К.Д.Ушинскийдің дидактикасы «Балалар әлемі» (1861) еңбегі осы ықпалмен дамыды. Я.А.Коменский, К.Д.Ушинскийдің дидактикалық еңбегін зерттей отырып, қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин қазақ балаларын оқытудың үлгісін «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбегіне осы 4 түрлі оқыту әдісін енгізді. Осы ғұлама педагогтардың енгізген жаңалықтары өмір талабына сай даму жолдары тармақталып көрсетілді. Әдістердің   барлығын   сабақ      тақырыбна   сай мүмкіндігінше   барлық   түрін   мұғалім   өз   сабағына пайдаланып келеді. Бұл біріншіден, оқушыға берілетін білімнің әдістері көрсетіледі, екіншіден оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден мұғалімнің атқаратын жұмысы, бағыты белгіленеді (әдіс-тәсілдер).

Ана тілін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігі жөніндегі ғалымдардың пікірлерін жақсы білген жөн. Жоғарыда айтылған оқыту әдістемесіне байланысты жазылған құнды ғылыми еңбектерді зерттей келе, осы әдістеменің жіктелу түріне қарай отырып, әсіресе ең бастыларына күнбе-күн жиі кездесетін әдістерге түсінік беріп өтсек:

1.Түсіндіру әдісі: Бұл әдіске ауызша баяндау — түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.

2.Кітаппен жұмыс істеу әдісі; Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау — анықтама, түсініктер, жоспар, конспектілеу, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.

З.Көрнекілік әдіс: экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану, т.б. А.Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі -демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмені т.б. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі кодоскоп, эпидоскоп, лингофон, компьютермен жұмыс, т.б.

5.Жаттығу әдісі; ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану жұмысы.

Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті -ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін — ауызша баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, қысқа, не ұзын баяндалуы мүмкін. Мұғалім күні бұрын өзінің баяндайтын сөзін ойланып алуы керек, егер бұрын баяндау жолына ысылмаған болса, мазмұндаманың жобасын жазып алғаны жөн. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру (объяснение), лекция түрі. Әңгіме әдісі — жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе оны жазған авторлар мағлұматтан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға ол материалды түсіндіруді түсінікті, айқын, тілмен жеткізе отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе жазған авторлардан бастап, әңгімелеу әдісімен түсіндірген пайдалы. Орта жастағы оқушыға 10 минут, жоғары сынып оқушыларына — 15 минуттай уақыт ішінде сұрақ-жауап ретінде әңгіме айтылады. Әңгіме әдісі — көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасында жүреді. Мысалы, қазақ тілінен «сөз жасамын», «сөз тіркестерін» өткенде, оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардың өздеріне айтқызу, міне, осылар олардың естерінде жақсы сақталады. Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсіндіргенде білім жүйесін әңгімелеу, білімді қорытындылағанда — әңгімелесу, ауызша сұрау-жаттығулар тексергенде — өткен материалдарды қайталағанда бала оқып білгенін саналы түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі. Әдісін жақсы ұйымдастыру — мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Айта кету керек, оқушылардың өтілген пәнді түсініп, белсенді қатысуы үшін әңгіменің эвристикалық түрі , кеңес үкіметі тұсында пайда болған еді. Эврико — грек сөзі — табамын, ашамын деген ұғымды береді. Сондықтан қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесі проблемалық жағдайлар туғыза отырып, оқушыға сол пәннің түйінін таптыру әдісі кең өріс алуда,

Әңгіменің нәтижелі болуы — сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып, жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп, сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді.

Түсіндіндіру әдісі — қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құралды, кестені, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. — «Бүгін сіздерге түсіндірілетін жаңа сабақ тақырыбы мынадай» — деп, бастап кетеді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып, қызықты түсіндірсе, онда олар проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. Мысалы: 5- сыныпқа қазақ тілінен зат есім, сын есім, сан есімді түсіндіргенде сөйлем құрату, сұрақ-жауап арқылы ережені, анықтамаларды өздері құрап шығады.

Лекция — жоғары сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, ал 9-сыныпта қазақ тілі сабағында оқылады. Бағдарламада берілген тақырыптарды түсіндіруде лекция әдісін пайдаланады. 8-9 сыныпқа 10-15 минут, 10-11 сыныптар сабақтарында 15-20  минуттік лекция оқылады. «Қазақ тілі» оқулығында оқытылады. Осы оқулықтың 9-бетінде «Тіл мәдениеті» деген тақырып бар. Онда: «Мәтінді оқып шығып, тіл мәдениеті жайында айтылған аталы сөздің мәніне терең бойлайды. Тіл мәдениетіне фонетикадан, лексикадан және грамматикадан алған білімдерінің қандай қатысы бар  екендігі  жөнінде  өзара  пікір алысасындар» деп келеді де, тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталатыны айтылады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп, күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді. Білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады, және осы секілділерді мысалға келтіріп, лекция оқи береді… Сөйтіп, мектеп лекциясы жай ырғақпен, көбіне қазақ тілінен өткен материалдарды қайталауда, немесе соған қосымша ретінде, не күрделі түрде лекция оқылуы арқылы тақырыпқа түсінік беріледі. Бұдан кейін сұрақ-жауап бере отырып, оқушының қаншалықты білім игергенін байқайды. Әрі қарай жаттығу жұмысы жүргізіледі.

айрат Айтбаев,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы,  заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті! Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп, дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың бола­шағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мем­ле­кеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.  «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспен­шілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мем­лекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл ау­мағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашан да білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.  Тіл – ұлттың тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі, алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.  Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ұлы жемісі – егемендіктің Көк Туының желбіреуі. Ата-бабала­рымыз көксеген, армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – дом­быраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл – біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу, әрине, мақтаныш. Әйтсе де, өз ана тілін аяқасты етуге болмайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұ­тастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадыңда жатталып, бақытқа жеткізеді. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жет­кізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық. Сондықтан да болар Елбасының «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауы­мыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйыт­қы болуын көздеп отыр. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш-ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл – ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. Дініне адал адам тіліне де дәл солай ақ се­зіммен пейілдене қызмет етпек екен. Сондықтан бұл екеуін бір бүтін дүние есебінде санаға сіңдіре беру керек. Ана тіліне салақ қарау, қазақ тілінде сөйлеуді ескіліктің көрінісіне балау, сан ғасырлар бойы ата-бабасы келешегінің кемелдігі үшін суын мөлдіреткен құдықты кейінгі ұрпағының аяқасты етуі имансыздықтың белгісі. ХХ ғасырдың Абай атамыздың «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» деген нәрлі нақылын әрмен қарай «тіл игеру үшін тілек те керек, жүрек те керек» деп жалғастыруы тағы да тілдің мән-жайына үстірт қарамай, үңіле зерделеуді қажет етеді. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» де­гендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі жәйт. Жеті жұрттың тілін біліп, мемлекеттің мүддесін, ұлтың мен жұртыңның жай-күйін әлемге дауысың жететін мінберден асқақтата айтып тұратын күнге жетуіміз керек.  Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керек. Мысалы, жапондар баласын қашан жапон тілінде дұрыс сөйлей білгенше өз тілінде оқытып, үйретіп, содан кейін ғана барып басқа тілді білуге ден қоя бастайтын көрінеді. Өркениетті елдердің осындай озық дәстүрлерінен неге үй­ренбеске? Біз де “Баланы – бастан” деген ха­лықпыз.

Ресми стиль[1] — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:

түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;

айқындық немесе жүйелілік;

логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;

баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.

Лингвистиканың салалық тұрғысынан да мәтінге қойылатын талаптар болады.

Лексикада — ресми құжаттар мен іс-қағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру;

морфологияда — жалпылық мағына беретін сілтеу өсімдіктерін қолданбау;

синтаксисте — сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп, мақсат, салдар, шарт бағыныңқылы) көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру;

қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы бұл стильдің ерекшелігін айқындай түседі.

Ресми стильдің шағын үш түрі бар: кеңсе (іс-қағаздары, қ. Кеңсе тілі); дипломат. және заң Ресми стильдері.[2]

Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады. Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «іздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады. Сабақтың құрылымы: 1. Қызығушылықты ояту: Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту. Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады. 2. Мағынаны ашу: Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. 3. Ой толғаныс: Оқуды қорытындылау. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте бар. Мен оның 25 пайдаланудамын.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің»Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т. б. көптеген технологиялар енгізілді. Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы. Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары: - балаға ізгілік тұрғысынан қарау; - оқу мен тәрбиенің бірлігі; - баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; - баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; - әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; - барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» . «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде мектепке ене бастады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. 1-кезең-Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау»стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар, сондай-ақ келесі сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау»т. б. әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін , ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысал үшін 3-сыныпта Ана тілі пәні бойынша қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаевтың Крыловтан аударған аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын өткелі отырғанымды хабарлаймын. Қызығушылықты ояту сатысы бойынша:- шегіртке мен құмырсқа туралы не білетіндерін сұрадым. Мұнда оқушылар екеуінің де жәндік екенін, далалық жерде тіршілік ететінін айтып, ойларын дәптерге жазып алды, жұпта талқылады, осылайша ойлары ашылып, жаңа білім жайлы ақпарат жинайды. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі ІNSERT. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысу барысында, Y- білемін; - - білмеймін; + - мен үшін жаңалық; ? –мені таң қалдырды; белгілерін қоя отырып, мысал өлеңді оқу тапсырылады. ІNSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға , яғни байланыс құруға дағдыландырады. Тақырып бойынша «Ой толғаныс»бағдарламаның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Мен өз сабағымда «Ой толғаныс» сатысында «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»стратегиясын пайдаландым. Яғни, шегіртке мен құмырсқа істеріне байланысты. Оқушылардан дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым. Мәтінді оқу барысында олар: Бөліктің оң жағына:  Мәтінде қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазды. Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар шегірткенің пайдасыз іспен айналысып, ала жаздай ән айтып, би билеумен жүріп, жаз артынан қыс келетінін ойламағандығы туралы жазды. Бөліктің сол жағына: Сол мәтінде өздеріне әсер еткен үзінділер туралы жазады. Олар бұл тапсырмалар бойынша «шегіртке уақытын босқа өткізбей, ол да құмырсқа сияқты қысқа дайындалу керек еді»дейді. «Қыстың қамын жаз ойла»деген мақалды еске түсіреді. Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған соң , қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға қойып, жауаптарын алдым. Мысалы: 1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? 2. Автор оқырманды қалай қызықтырды? 3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт: 1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау. 5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Ал, оқушыларға байланысты: - сенімділікпен жұмыс жасау; - бар ынтасымен оқуға берілу; - пікірлерді таңдау, құрметтеу; - өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар: - мен осы мәселе туралы не ойлаймын? - осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе? - маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға бағыттау. Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді. Және де Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-басты тұлға деп алып: - оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын; - Оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін, - жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы; - мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын; - кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым; Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды: - сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады; - ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады; - бұрынғы білімдеріне білім қосады; - микроклимат өзгереді; - оқушылардың жауапкершілігі артты; - күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым; - мен күтпеген өзгерістер болды; - проблемалық ситуациялар туғыздым; - оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады; - өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар. Енді осы технологияны қолданылған сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынамын. Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа Сабақтың мақсаттары:1. Балаларды талдау, талқылау, салыстыру және мазмұнын өздері ашуға дағдыландыру; 2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізіп, салыстыруға үйрету; 3. Еңбекшіл болуға, өзгелерді тыңдай білуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу; Көрнекіліктер:А. Құнанбаев, И. В. Крыловтың суреттері, қыс суреті, Венн диаграммасы. Әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, сұрақ-жауап, талдау, дәләлдеу Сабақтың түрі:Аралас сабақ Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. - Сабақта бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік. 2. Қызығушылықты ояту. - Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? - Жаз дегенде көз алдарыңа нелер елестейді? - Күз дегенде ше? - Енді осы айтылғандардан кластер құрастырайық. Мезгілдер: Көктем:табиғат оянады, егін егіледі; Қыс:аяз, суық, боран; Жаз:жазғы демалыс, жасыл табиғат, жеміс-жидек; Күз:егін, жеміс піседі, ағаш, шөп қурайды. 3. Ой шақыру. Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық: 1. Ат басты, Арқар мүйізді. Бөрі кеуделі, Бөкен санды. (Шегіртке) 2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр, Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа) - Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық. - Балалар екеуінің де далада тіршілік ететін жәндік екендерін айтты. 4. Суретпен жұмыс. - Суретке назар аударыңдаршы. Шегіртке мен құмырсқа туралы не айтылуы мүмкін? - Енді оқулыққа қарайық, бұл шығарманың қай түріне жатады? - Мысал деген не? - Біз қандай мысалдармен танысып едік? - Бүгін осындай кейіпкерлермен И. Крыловтың мысалында танысамыз. - Мысалды аударған А. Құнанбаев 5. Мағынаны тану. - Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен? - Оны білу үшін мысалды оқып көрелік. (Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі. 6. Мәтінді оқып болған соң, өздеріне бұл мысалдан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады. 7. Ойға шабуыл. Венн диаграммасын салып, шегіртке мен құмырсқаның дара, ортақ қасиеттерін шеңберге жазады. 8. Шығармашылық тапсырма. «Екі түрлі түсінік күнделігін»жазу 9. Үйге тапсырма. - Мысалды рөлге бөліп оқу - Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтел жазу. - Суреттерін салу 10. Бағалау 11. Қорытынды. Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын , өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін , өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды . Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті. Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.

Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты екендігін көрсетеді. Кәсіптік-техникалық лицейлер мен ЖОО бітірген жас буын – әрі болашақ маман, әрі ҚР өндірісін ілгері дамытатын кәсіпкер. Оның алдыңғы қатарлы маман болуы өз елінің тілін жоғары деңгейде білуімен де терең сабақтасады. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.

Тілді мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтары:

тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады;

кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады;

қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі;

қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер Қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады;

күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренеді;

болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.

Осы тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Соңғы жылдары қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, ол зерттеулердің нәтижесінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды.

Қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың басты ерекшеліктерін анықтауда, тиімді әдістемесін ұсынуда әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш. Оразбаеваның бүгінгі күнде үлкен бір ғылыми-әдістемелік мектебі қалыптасқан. Ғалым теориялық және әдістемелік тұрғыдан тілдік қатынастың негізін қалаған еңбегінде сөйлесім әрекетінің түрлерін – оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп бөліп қарастырады. Солардың әрқайсысына байланысты Ф.Ш.Оразбаеваның ғылыми жетекшілігімен қорғалған кандидаттық диссертацияларды атап өтетін болсақ, С. Нұрғали айтылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2003), Г.Т. Бейсенбекова оқылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2001), Б.А. Ахметбекова мамандыққа қатысты сөздік жұмыстарының әдістемесін (2000), Г.К. Мұқашева мен М.Д. Жорақпаева әр түрлі мамандықтарға сай тыңдалым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2002), Ф.Ж. Абдразақова қазақ тілін шетелдік студенттерге жазылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесін (2003), А.М. Мұратбекова қазақ тілінің кәсіби бағытталған лексикасын жазылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2003), Ә.Ә. Уабиева қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесін (2003) арнайы зерттеді. Сонымен қатар ғалымның шәкірттері тіл үйретудің т.б. өзекті мәселелерін, атап айтсақ, А.С. Досмурзаева тірек сызбалар арқылы (2002), Г.Т. Алдамбергенова мәтіндер арқылы құрылысшы мамандығына сәйкес оқытуды (1997), сондай-ақ тілді қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін де Н.Х. Шадиева қазақ мектептерінің 5-сыныбында лексиканы деңгейлік тапсырмалар арқылы (2002), А.К. Жанабилова тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясын (6-7-сыныптарға арналған) шығармашылық тапсырмалар арқылы, Ш.Қ. Құрманбаева қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (2009), С.Т. Садықова қазақ тілін дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту мәселелерін қарастырды. Ал ересектерге тілді оқытуға байланысты «Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (2009) атты бірінші докторлық диссертацияны қорғаған педагогика ғылымдарының докторы Құрманбаева Шынар Қапантайқызы қорғады.

Қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулерге тоқталатын болсақ, Б.Ш. Мешімбаеваның “Гуманитарлық бөлім студенттерін қазақша пікірлесім (диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдістемесі” (1999) атты ғылыми еңбегінде жоғары оқу орындарының гуманитарлық бөлім студенттерін пікірлесім арқылы қазақша сөйлеу тіліне үйрету әдістемесінің ғылыми негізі жасалды. Автор мамандыққа бағытталған пікірлесім арқылы сөйлесуді меңгертуде қолданылатын ұтымды әдіс-тәсілдерді анықтады, пікірлесімге қатысты қазақша сөйлеу тіліне үйретуде төмендегідей 3 кезеңді қамтуды ұсынды:

оқу процесіндегі пікірлесім;

шығармашылық пікірлесім;

шығармашылыққа бағытталған пікірлесім құрастыру [1,135].

Зерттеу жұмысында сөйлесімді басқа ұлт өкілдеріне пікірлесім арқылы үйретуде тілдік жағдай тұңғыш рет тәжірибеде қолданылып, оның ұтымдылығы ғылыми негізде бірінші рет дәлелденді және пікірлесімнің жаттығулары екі үлкен топқа жіктеліп қарастырылды. Олар:

дайындық жаттығулар;

қатысымдық жаттығулар [1,12].

2000 жылы Г. Т. Алдамбергенова “Кәсіптік мектептердің орыс бөлімі оқушыларының қазақша сөйлеу тілін құрылысшы мамандығына сәйкес мәтіндер арқылы дамыту” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Автордың айтуынша, мәтін арқылы тілді оқыту төмендегі міндеттердің жүзеге асуына көмегін тигізеді:

тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты игеру;

қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қатынасқа дайындық;

өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы тақырып төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту;

кәсіби бағыттағы қарым-қатынастық мәтіндерді аудармасыз түсінуге ұмтылу;

оқушылардың сөздік қорын молайтуда аударма, түсіндірме және кәсіби сөздіктерді пайдалана білу;

қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, үлгісіз, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға дағдылану, игеру [2,77].

Қ. Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілі” (2001) деген докторлық диссертациясында мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті.

Зерттеу жұмысында заңгер мамандығына бейімдеп оқытуда автордың өз тәжірибесінен алынған үлгілері толық баяндалып, кәсіби бағыттағы материалдың негізінде пікірлесімдік қарым-қатынасты қалыптастыруға жаттығулардың әсері зор екені айтылады. Сонымен қатар өзгетілді дәрісханалардағы үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік база жасау мәселесіне тоқтала отырып, оның мақсаттарын ашып көрсетеді [3,103].

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша Р. Ә. Шаханова “Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері” (2001) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бұл еңбекте техникалық университеттің орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі жасалды. Ғалым: “Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әдістемелік жүйесін жаңа технологиямен толықтырып, дамытып, жетілдіріп отыру тілдің қатысымдық қызметін нәтижелі меңгертуге негіз қалайды», – дейді [4,301]. Атап айтқанда, студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеуге деген қызығушылығы мен мүдделігін, олардың білімін рейтинг, тест материалдарын талапқа сай пайдалану арқылы арттырудың мәнін анықтайды.

Студенттердің мемлекеттік тілді тиімді игеруінің басты факторы – оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік материалдарды модульдік оқу жүйесімен берудің ұтымдылығын дәлелдеп, модульдік жүйеге негізделген электрондық оқулықтар студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне тиімді екенін айтады. Тілдік жағдай жүйесін үнемі мамандықпен байланыстырып отыруы қарастырылған. Зерттеуде қазақ тілін мамандыққа қатысты үйретудегі мәтіннің маңызды рөлі дәлелденіп, мәтіннің тілдік жүйесі айқындалған. Диссертанттың айтуынша, мамандыққа қатысты мәтіндерді іріктеу ұстанымдары дұрыс сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін:

мазмұндық және тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі керек;

тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандырылуы;

қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті басым болуы керек;

мамандыққа байланысты ғылыми мәтіндер студенттерде қажеттілік сезімін туғызып, білім беруде студенттердің сенімін күшейтетін болуы қажет [4,204].

Мамандыққа байланысты жазылған еңбектің бірі – М.Д. Жорақпаеваның “Ет-сүт биотехнология бөлім студенттеріне қазақ тілін тыңдалым әрекеті арқылы оқыту әдістемесі” (2002) атты кандидаттық диссертациясы. Ғылыми зерттеуде тыңдалымды ет-сүт мамандығына сай меңгертуге негіз болатын тыңдап-қабылдау, тыңдап-есте сақтау, тыңдап-көру, тыңдап-байқау, тыңдап-бекіту тапсырма түрлері беріледі.

М. Д. Жорақпаева мамандыққа сай мәтіндегі хабарды тыңдалым арқылы түсіну дәрежесіне қарай берілетін төмендегі тапсырма түрлерін нақтылап көрсетеді:

мәтіннің мазмұнын түсінуге арналған тапсырмалар;

мәтіннен алынған ақпаратты шығармашылық ізденістер мен толықтыруға арналған тапсырмалар;

мәтіндегі хабарларды адамдармен қарым-қатынасқа, сөйлесуге қолдана білуге арналған тапсырмалар [5,104].

Қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан үйретуде сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін меңгертудің маңыздылығы ғылыми жұмыстардың зерттеу нысаны бола бастады. Осы ретте Ф. Абдразахованың шетел студенттеріне қазақ тілін жазылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесін қарастырған зерттеу еңбегінің маңыздылығын атап өткен жөн. Ф. Абдразахова зерттеу жұмысында сөйлесім әрекетінің бір түрі – жазылым әрекетінің анықтамасын, ерекшеліктерін және түрлерін анықтай отырып, жазылым әрекетін шетелдік студенттерге меңгертудің тиімді жолдарын көрсетті. Зерттеу жұмысында жазылым әрекеті бірнеше түрге бөлініп қарастырылды. Мәселен, жазылу үлгісіне қарай жазылымның мынадай түрлері берілді:

дыбыстық жазылым;

көшіру жазылымы;

жатқа жазу жазылымы;

көркемдік жазылым;

танымдық жазылым [6,15].

Тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдары жарық көре бастады. Бұл оқулықтар студенттердің ғылыми тілді, мамандыққа қатысты кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне ықпал етуде.

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мамандыққа байланысты оқытуды көздейтін еңбектердің бірі – Р.Ә.Шаханова, С.Т.Айбергенова, Г.А.Аужанованың авторлығымен жазылған “Мамандыққа байланысты жаттығулар мен текстер жинағы”. Бұл авторлар студенттердің мамандығына, кәсібіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды, сөздік қорларын байытуды, кәсіби сөздерді меңгеріп, өз ойларын дұрыс мазмұндап жеткізуге, аға ұрпақтың өнегелі өмірін өздеріне үлгі ете білуге үйретуді мақсат етеді.

Әдістемелік құрал екі бөлімнен тұрады, оның бірінші бөліміндегі материалдар “Инженер-мамандар ұясы”, “Менің мамандығым”, “Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” деген негізгі үш тақырып төңірегінде беріледі. Сөйлеудің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы мағлұмат беретін жаттығуларды, сауалнама сұрақтарын орындау барысында студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Сонымен қатар оқулық негізінде тіл үйренушілер жазылым әрекеті арқылы іске асатын шығармашылық жұмыстарды жазып үйренуге машықтанады. Еңбектегі жаттығулар мен мәтіндер тақырыбы студенттердің мамандығына, оқу орнының тарихына, ғалым-инженерлер Қ.И.Сәтбаев, А.Ж.Машанов, Д.А.Қонаев, Ө.А.Байқоңыровтың өнегелі өмір жолдарына байланысты құрылған.

Оқу құралындағы берілген барлық жұмыс түрлері тіл үйренушілердің кәсіби тілдік қатынасқа түсуін сөйлесім әрекетінің (тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім, жазылым) бір-бірімен байланысуы негізінде қарастырылған.

Мамандыққа байланысты оқытуды мақсат ететін оқулықтардың бірі – жоғары оқу орындарының экономика факультетінің орыс тілді студенттеріне арналған “Қазақ тілі” оқулығы. Оның авторлары – А.Мусинов, М.Мұхамбетқалиева, Е.Құдайбергенов. Оқулық тіл үйренушілердің бастауыш топтарына 400-500 сағатқа бөлініп құрастырылған. Грамматикаға байланысты фонетика, орфография, лексика, фразеология, морфология және синтаксистен материалдар беріледі. Сабақты жүргізуде сөйлесім әрекетінің 4 түрін (оқу, айту, тыңдау және жазу) және тілдік материалды кешенді түрде беру талап етіледі.

Оқулықта жаттығулар, мәтіндерге арналған сөздіктер мен орысша-қазақша экономикалық терминдер сөздігі беріледі. Еңбекте экономика факультеттерінде оқытудың кәсіби бағыттылығы ескеріледі. Экономикалық терминдерді меңгерту және оларды терең түсіну, сөйлем конструкцияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру арнаулы кәсіби лексиканы сұрыптау арқылы іске асады. Осыған орай, сөздік қорды көбейту мақсатында мәтін бойынша жұмыс сөздікпен толықтырылған. Оқу құралында студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған мәтіндер орыс және қазақ тілінде жазылған. Мәтіндерде Қазақстанның көрнекті экономист-ғалымдары туралы да айтылады. Негізінен жаттығу жұмыстарында тек грамматикалық материалды меңгерту мақсат етілген. Ал экономикаға байланысты жаттығуларда көбінесе орыс тілінен қазақ тіліне аудару тапсырмасы орын алады.

Жоғары оқу орындарының экономика факультетінің қазақ тілін жалғастырып, тереңдетіп оқитын топтарына арналған З.Күзекова мен Г.Қарақұсованың “Қазақ тілі” оқулығын ерекше атап өтуге болады. Бұл еңбектің басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандыққа қатысты жетілдіру, сөздік қорын байыту.

Жалпы оқулық 20 сабақтың материалын қамтиды. Мәтінмен жұмыс істеуде сөз мағынасын түсіндіру, нақтылау, оны студенттердің тіліне енгізу белгілі бір тақырып төңірегінде берілген. Мәтінмен жұмыс жүргізу нәтижесінде тіл үйренушілердің кәсіби сөздік қоры байып, сөйлеу мүмкіндіктері дами түседі. Экономикалық тақырыптарға арналған мәтіндер грамматикалық, лексикалық, коммуникативтік тапсырмалар жүйесінен құралған. Студенттердің білімін қорытындылау мақсатымен сабақ соңында сөзжұмбақ, пікірталас сұрақтары оларды толғандыратын мәселелер төңірегінде құрастырылған. Сондай-ақ ертегілер елінен, көркем шығармалар әлемінен алуы тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырып, тіл үйренуге ынтасын күшейтетін көп мағлұмат берілген. Тіл үйренушінің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда оқу құралындағы сөздік-минимумның көмегі тиетіні сөзсіз.

Қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың қалыптасуына әсер ететін еңбектердіңбірі– К.Сариева, Ф.Оразбаева, Г.Ауқашева, Г. Алдамбергенованың авторлығымен жазылған, орыс тілінде оқитын кәсіптік-техникалық мектептер мен лицейлерге арналған “Қазақ тілі” оқулығы. Оқу құралында оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыруға бағытталған лексикалық материалдар кәсіптік білім берумен қатар танымдық, тәрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Оқушыларды Қазақстандағы кәсіби білім ошақтарымен таныстыруда Отандық кәсіби білім тарихынан мағлұмат беретін мәтіндер, кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер, өлең-жырлар сабақ тақырыбымен байланыстырыла енгізілген.

2001 жылы баспадан жарық көрген З. С. Күзекованың “Қазақ тілінің практикалық курсы” атты оқулығы жоғары оқу орындарының гуманитарлық факультеттерінің орыс бөлімдерінде қазақ тілін жалғастырып, тереңдетіп оқытатын топтарына арналған. Оқулық 30 негізгі сабақтан тұрады, мұндағы мазмұны терең мәтіндер, лексика-грамматикалық жаттығулар жүйесі, шығармашылық тапсырмалар студенттерді қазақ тілінде еркін сөйлесуге, әңгімелесе білуге, баяндама жасауға, сұхбат алуға, пресс-конференциялар мен пікірталасқа қатысуға үйретеді.

Әрбір сабақта мәтін, мәтінге қатысты сөздер, грамматикалық тұлғаларға түсініктеме, ойтүрткі сұрақтар, лексикалық түсініктеме, мәтінге дейінгі, мәтіннен кейінгі тапсырмалар, диалог, мәтінге қатысты түсініктерді тексеруге арналған сұрақтар, мәтіндегі грамматикалық тұлғаларды табу жұмыстары, лексика-грамматикалық тест, тапсырмалар, сөзжұмбақтар, афоризм, нақыл сөздер, салыстыру тапсырмалары, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар жүйелі түрде “қарапайымнан күрделіге” ұстанымы негізінде құрастырылған. Оқулықпен жұмыс істеу барысында тиімді нәтижеге жету үшін автордың әдістемелік нұсқауларды ұсынуы өте орынды.

А.О. Мұса, І.М. Төленов, Ж.Ш. Әбіш, Е.Қ. Құдайбергеновтың жоғары оқу орындарының экономика факультеті, экономика колледжі, орта және кәсіптік мектептері үшін жазылған “Қазақ тілі” атты оқу құралында фонетика, лексика, морфология, синтаксис бөлімдері қамтылады. Еңбекте лексикалық материалдар күнделікті өмірге қажетті етіп алынған. Әрбір лексикалық тақырыпқа грамматикалық түсініктеме және жаңа сөздер беріліп отырады. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған экономикаға қатысты мәтіндер халық ауыз әдебиетінен, тұрмыс-салт жырларынан, ұлы адамдар өмірінен, ел экономикасы, Қазақстанның өндіріс орындарынан көп мағлұмат береді. Білім тиянақтылығын арттыру үшін тіл үйренушілерге тест сұрақтары ұсынылған.

Мамандыққа бейімдеп жазылған, өзінің танымдық-тәлімдік мәнімен ерекшеленетін оқулықтардың бірі – жоғары оқу орындары заң факультетінің студенттеріне (орта және жалғастырушы топтарына) арналған.

Ш. Құрманбайұлы, М. Мамаева, А. Сыбанбаеваның “Қазақ тілі” оқулығы. Болашақ заңгерлердің сөздік қорын молайтып, кәсіби тілін қалыптастыруда олардың келешек қызметінде қолданатын сөздер мен сөз тіркестерін, заң терминдерін меңгерту басты мақсат етілген. Көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер бойынша іріктеліп алынған мәтіндер және оларға қатысты құрастырылған әр түрлі тапсырмалар жүйесі модульдік технологияға сәйкестендірілген. Сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы түсіндірме, фразеологиялық, аударма сөздіктер арқылы іске асады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Сөз маржандары – мақал-мәтел, нақыл сөздердің мәні түсіндіріліп, есте сақтау керектігі ескеріледі. Студенттерді қызықтыратындай халықтың асыл қазынасы – шешендік өнер тарихына, шешендік сөз үлгілеріне баса көңіл бөлінген. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі кітап соңындағы заң терминдерінің қазақша-орысша қысқаша сөздігі арқылы жүзеге асады.

2002 жылы К.Қ. Аяпбергенова, Р.Т. Қатаева мейірбике ісі мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж шәкірттеріне арнап “Қазақ тілі” оқулығын жазды. Оқу құралында студенттердің медицина лексикасына айрықша көңіл бөлу керектігі айтылады. Қазақ тілін мейірбике мамандығындағы студенттерге игертудегі оқытушының төмендегі міндеттері көрсетілген:

өз мамандығына сай сөздер мен мәтіндерді іріктеп алу;

оқу материалының игерілуіне тиімді әдіс-тәсілдерді таба білу;

студенттер ынталы түрде игерулері үшін, оларға бұл сабақтың қажеттілігін түсіндіру;

студент ынтасын арттыруда оның қызығушылық қасиетін туғызатын психологиялық жағдайды ұйымдастыру.

Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс істеу. Сондықтан мәтіндер күнделікті тұрмыста қолданылатын, мамандық бойынша, төменгі және орта топ студенттеріне арналған мәтіндер болып топтастырылады. Сонымен қатар грамматикалық ережелерді түсіндіруге түрлі кестелер, студенттердің өздік жұмысына байланысты тапсырмалар, дәрігерлік қазақша-орысша сөздік берілген.

2005 жылы Ф.Ш.Оразбаева, Ш.Қ.Құрманбаева, Г.Қ.Байқадамованың авторлығымен «Қазақ тілі: кеден органдарында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту құралы» кеден органдарында және басқа да мемлекеттік мекемелерде жүргізілетін үйірмелерде мамандарға қазақ тілін тіл үйретудің жоғары деңгейінде қатысымдық әдіс арқылы тереңдете және жеделдете оқытуға арналған. Еңбекте ұсынылған кеденшілер өмірінің барлық салаларын қамтыған қызықты мәтіндер мен ұлттанымдық деректер, қатысымдық тапсырмалар, ісқағаздары үлгілері тіл үйренушілердің ана тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жазбаша да толық жеткізе алуларына мүмкіндік береді.

Гауһар Әлімбектің музыка саласы мамандарына арналған «Қазақ тілі» атты оқу құралы тіл үйретумен қатар мамандардың кәсіби-танымдық білімінің шеңберін кеңейтетін мәтіндер мен тапсырмалардан тұрады.

Сонымен, қазақ тілін мамандыққа байланысты сала бойынша оқыту әдістемесінің жасалуы төмендегідей ұстанымдарға негізделеді:

қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесінің негізі қаланған;

тілді қатысымдық бағытта үйретудің лингвистикалық негізі сөйлесім әрекеті және оның түрлері қарастырылды;

тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін дамыту басты міндет ретінде алынды;

қатысымдық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру мақсат етілді;

кәсіби тілдік қатынасты жетілдіруде тіл үйренушінің қазақша сөйлеу тілін кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде дамыту көзделді.

лексикалық минимумды танымдық-бағдарлы оқыту, грамматикалық минимумды мамандыққа сай мәтіндер мен жаттығулар арқылы оқыту ұсынылды;

қазақ тілін мамандыққа байланысты оқыту технологиясына байланысты әдістемелік кешен ұсынылды, оның тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді.

Қорыта келе, жоғарыда қарастырылған әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде тілді мамандыққа сәйкес оқытуға байланысты құнды ой-пікірлер кездесетінін байқауға болады. Диссертациялық еңбектерде, оқу құралдарында қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқытудың мәселелері қамтылады. Бұл талданған еңбектердегі айтылған тұжырымдардың, әсіресе қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдерінің кәсіби қатынаста атқаратын маңызы зор.

Зерттеу жұмысында жаңа технология бойынша оқытудың ұстанымдарына сәйкес құрылған әдістемелік жүйені ұстаздар қауымы өз тәжірибелерінде қолдануға болады.