Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касиби жауап.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

Қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқыту туралы қазақша реферат

«Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Елбасының «…Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жақсы технологияларды әкелу» [1] деген ұстанымы мемлекеттік тілді дамыту бағытында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тіл саясатының белгілі бір жүйемен істеліп жатқан іс-шаралары қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға бағытталып және тәжірибе жүзінде қолданыс қызметін кеңейтуге қызмет етеді. Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге айқын сезілуде. ЖОО-да оқыту үдерісінде Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда тиімді әдістерді қолдану. Сол себепті оқыту әдістемесінде және тіл үйретуде, оқытуда  ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын,  сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және өмірде, тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.

Бұл жүйелі кешен Халықаралық стандартқа негізделген алты деңгейлік оқу-әдістемелік кешен. Соның ішінде ЖОО-да 1. В1, В2 – Ортадан жоғары деңгей, 3. С1 –Жоғары деңгей. С2 – Жетік деңгей. Бұл алты деңдейде білім мазмұны қамтылады. Оның ішінде білім мазмұнын қамтитын стандартқа, типтік бағдарламаға сәйкес алты деңгейге арналған оқулық, жаттығулар жинағы,  оқу-әдістемеліу нұсқаулар, грамматикалық анықтамалар (әрбір тақырыптың ішінде грамматикалық бірлік-тұлғалар беріліп, ол функционалды-прагматикалық тұрғыдан түсіндіріледі).  Тілші-әдіскер ғалымдар тілді үйретуде жаңаша бағыттарда жұмыс істеп, жаңа ізденістер тұрғысынан қоғамдық сұраныстарға назар аударуда. Озық тәжірибелер мен әдістемелерді ортаға салып, кәсіби бағытта жұмыс жүргізуде. Әрине, бұл жерде кешенді мәселе бар: ол тілді үйретудегі бірізділік жүйесі.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жобасына қазақ тілінің мәртебесін жоғары деңгейге көтеретін мәселелер қамтылуы тиіс. Бұған біріншіден, «Мемлекеттік тіл» Заңы қабылданып, толыққанды жұмыс жасауы, ол Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдамасымен үндес келуі, яғни Қазақстан халқының болашық өмірінің кепілі болуы. Екіншіден, қазақ тілі коммуникативтік қарым-қатынас,ресми   қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы.

Осы тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде Б.Қасым аталым немесе сөздің лексикалық мағынасы мен семантикасы жайлы: «Сөздің лексикалық мағынасы таным теориясымен тікелей байланысты. Яғни адам затты қаншалықты жақсы таныса, затты белгілейтін сөздің мағынасын соншалықты анық, айқын біле алады. Себебі сөз мағынасы – белгілі бір заттың не құбылыстың адам санасындағы жалпыланған бейне. Зат бейнесі сөз мағынасының негізін құрайды, яғни жалпыланған бейне арқылы сөз мағынасын түсініледі және мағына арқылы келесі тыңдаушыға жеткізіледі. Сөз мағынасын қалыптастыру үшін сөздің мағынасын сөйлеуші ғана емес, қоғамдағы басқа адамдар да солай түсінуі, солай ұғынуы керек. Сонда ғана адамдар бірін-бірі түсінеді, бірімен-бірі қарым-қатынас жасай алады» мамандыққа қатысты тілді меңгертуде мынандай талаптар қою керек деп есептейді:

• студенттерді кәсіби мамандығы бойынша тілдесуге үйрету;

• мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі жағдаяттар құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін түсіндіру;

• дұрыс сөйлеу қатысымның түрлерін үйрету. Сонымен қатар мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады [2, 17].

З.С.Күзекова «Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері» деп аталатын ғылыми еңбегінде «Сөйлеу үшін ең басты материал – сөз. … сөзді жүйесіз меңгеру – қазақша сөйлетуге де қазақша түсінуге де әкеле алмайы. Барлық тіл үшін осылай. Өз ойын жеткізу үшін (базалық деңгей үшін) қазақ сөздерінің үш сатылы топтастырылуын ұсынамыз»,- дей отырып, сөздерді мағыналық топтарға, әрбір мағыналық топты сөздер блогына бөліп көрсетеді [3, 18].

Ш.Құрманбайұлы, М.Мамаева, А.Сыбанбаеваның “Қазақ тілі” болашақ заңгерлердің кәсіби тілін қалыптастыруда олардың келешек қызметінде қолданатын сөздер мен сөз тіркестерін, заң терминдерін меңгерту басты мақсат етілген алғашқы мамандыққа арналған оқулық. Көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер бойынша іріктеліп алынған мәтіндер және оларға қатысты құрастырылған әр түрлі тапсырмалар жүйесі модульдік технологияға сәйкестендірілген. Сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы түсіндірме, фразеологиялық, аударма сөздіктер арқылы іске асады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі кітап соңындағы заң терминдерінің қазақша-орысша қысқаша сөздігі арқылы жүзеге асады.

Оқу үрдісінде жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін алғышарттар қажет: ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, оқу-әдістемелік кешендерді үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа оқулықтардың мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен танысу, білімді деңгейлеп, кәсіби бағытта беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру  т.б.

Білімалушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері:

• Сұрақ-жауап (оқытушы мен студент)

• Диалог

• Ауызша қарым-қатынас, жазбаша қарым-қатынас (Түрлі әдіс тәсілді қолдануға болады). Бұл  жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алғышарттары болып келеді. Бұл әдістің түрлері оқу үдерісінде оң нәтижелер береді. Коммуникативтік құзырет – өз бетімен білім алуға, оның барысында пайда болатын танымдық проблемаларды өз бетімен шешуге, өзінің позициясын белгілеуге жеткілікті білімділік деңгейі. 

Қ.Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілі” деген докторлық диссертациясында мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті. Заңгер мамандығына бейімдеп оқытуда автордың өз тәжірибесінен алынған үлгілері толық баяндалып, кәсіби бағыттағы материалдың негізінде пікірлесімдік қарым-қатынасты қалыптастыруға жаттығулардың әсері зор екені айтылады. Сонымен қатар өзгетілді дәрісханалардағы үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік база жасау мәселесіне тоқтала отырып, оның мақсаттарын ашып көрсетеді [4,103]. Бұл ғылыми еңбектегі тиімді әдістердің үлгілерін күнделікті сабақ барысында түрлендіріп қолдануға болады.

Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.

Тілді мамандыққа қатысты оқытудың тиімді тұстары:

• білім алушылар қазақ тілін меңгеру арқылы кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алуы;

• кәсібіне байланысты жинақталған сөздік қорды практикада мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты жеткізу дағдысы қалыптастыру;

Ол үшін сөздік-минимумды таңдауда басшылыққа алынатын ұстанымдар: • Сөздің сөзжасамдық қабілеті; • Сөздің көпмағыналық, омонимділігі, синонимдік; • Сөздің мамандыққа байланысты қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру. Сонымен қатар студенттердің лексикалық және терминологиялық түсіндірме, фразеологиялық, аударма сөздіктер арқылы жүзеге асады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, сауаттылығын арттыруда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі мақсатында лексикалық минимумы мен терминдерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі арқылы жүзеге асады.

Қазақ тілінің кәсіби  мамандыққа бағытталған лексикасы мен терминологиясын оқыту әдістемесі сала мамандықтарына байланысты таңдап алынған лексиканы үйрету үшін, біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, дұрыс қолдан амал-тәсілдерін игерту (сөз→сөз тіркестері→сөйлем→мәтін); үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық тұлғаларды функционалды мақсатта байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру қажет

Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.

Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Ол стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтай отырып, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялық мәселелерді қарастырады.

Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негіз ете отырып, контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды: прагматик. факторды толық есепке алып отырады; тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын саралайды; Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады; стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ретке келтіріп қана қоймай, тілдік бірліктер қызметін жүзеге асырушы экстралингвистикадық және стилистикалық мүмкіндіктерді қарастырады. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:

Орталық бағыты, яғни функционалдық стилистика Функционалдық стилистика тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары мен сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлары ықпалынан пайда болған, ол қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады.

Ресурстар стилистикасы, бұл тіл стилистикасы деп те аталады, сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды. Қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистика анықтайды.

Интерпретация, сөйлеу формалары (диалог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік-этикалық қыры, т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады. Қазақ тіл білімінде стилистика бағыттарын М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеген.[1] [2] [3] [4] [5]

Дереккөздер[өңдеу]

Жоғарыға көтеріліңіз↑

ЛЕКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САЛАЛАРЫ

§1. ЛЕКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САЛАЛАРЫ Лексикология1 сөзді және сөздердің жиынтығы — тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалык единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы /лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік единицалардың, ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымының ара қатысы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағына-ларының ара қатысы мен байланысы және т. б. мәселелер өнеді. Бұлар лексикология теориясының жалпы проблемалары ретінде лексикологияда (общая лексикология) қарастырылады. Ал нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: коғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тілге де тән болады. Мысалы қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы — тіл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын. пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар. Қатынас құралы, қоғамдық кұбылыс ретіндегі тіл атаулыға тән жалпы кұбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзіндегі тілдердің арқайсысында (нақты, жеке тілдерде) түрліше (өзіндік ерекшелігімен) көрінуі мүмкін. Мысалы, дүние жүзіндегі тілдердін бәрі де туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөз тудырудың бір тәсілі — сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тәсілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін. Бұл тәсіл, мысалы, басқа тілдерге қарағанда, көбінесе неміс тіліне тән және неміс тілі үшін ең өнімді тәсіл болып саналады. Осыған орай, неміс тілінде біріккен сөздер өте жиі ұшырасады. Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдеріне өте-мөте тән. Осыған орай, басқа тілдерге қарағанда, қос сөздер түркі тілдерінің лексикасында анағұрлым мол. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түрлі тілдерде кездесе береді. Аталған тәсілдердің ішінде аффикстердің жалғануы арқылы туынды омонимдердін жасалуы әсіресе орыс тіліне өте-мөте тән болып саналады. Орыс тілінде, осыған орай, түбір омонимдерге қарағанда, туынды омонимдер анағұрлым жиі ұшырасады. Бұл айтылғандар тілдің лексикасын сипаттайтын құбылыстар мен жалпы зандылықтар түрлі тілдерге тән екендігін және ол құбылыстар мен заңдылықтар нақтылы, жеке тілдерде олардың (тілдердің) өзіндік ерекшеліктеріне орайласып, түрліше көрініс табатындығын аңғартады. Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылыктар мен ұғымдар жалпы лсксикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы зандылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда (жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық кағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді. Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан «немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихы (диахрониялық) лексикология және сипаттама (синхрониялык) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы «Қазіргі орыс тілі», «Қазіргі ағылшын тілі», «Қазіргі қазак тілі» атты пәндердің лексикология білімдерінде, аталған тілдердің (орыс, ағылшын, қазақ тілдерінің) лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық кұрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қаткабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолданылу аясы, мағыналардың қарым- қатынасына қарай сөздердің топтасуы (синонимдер, чомонимдер, антонимдер) және т. б. мәселелер қарастырылады. Қазіргі тілдің сөздік кұрамы бір-бірімен байланысты өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және уақыт бойында толығу, даму күйінде болады. Демек, синхрониялық лексикологияда тілдің сөздік құрамы өзара байланысты элементтердін лексикалық жүйесі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге дамуы тұрғысынан да қаралуы керек. Осыған орай, сипаттама (синхрониялық) лексикологияда, қажет болған жағдайда тарихи мәліметтер мен түсініктер де беріледі. Мұндай тарихи мәліметтер мен түсініктер қазіргі тілдегі лексикалық құбылыстардың табиғатын жете түсінуге көмектеседі. История' принципі диахрониялық лингвистика үшін ғана емес (бұл түсінікті аксиома), синхрониялық лингвистика және барлық салалары, сонын, ішінде сипаттама (синхрониялық лексикология үшін де өте-мөте қажет. Сипаттама лекситарихи лексикологияны, әрине, ауыстыра алмайды . Бұл жерде әңгіме сипаттама лексикологияда тілдік сөздік кұрамының қазіргі қалпын және даму сипатын ғылыми тұрғыдан ашып айқындауда кажетінше деректерге сүйенудің маңызы жайында болып отыр. Тарихи лексикологияның бір саласы — этимология. Этимологиялық сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашкы мағынасын қандай болғандығын айқындайды. Этимология зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте күшті. Тілдің тарихы мен ондағы сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Осыған орай, сөздердің шығудағы этимологиялық зерттеулер тарихи және этногенетикалық мәселелерді қарастырып шешуде айрықша маңызға ие болады. Сөздер бір тілден басқа бір тілге ауысып этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдің ерте замандарда енген кірме сөздердің ену жолдарын да қарастырады. Көне замандарда бір тілге еніп, әбден қалыптасып кеткен кірме сөздер.

Педагогтің коммуникативті мәдениеті «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қой, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». (К.Д.Ушинский) Қазіргі кезде «қарым-қатынас» терминімен қатар, «коммуникация» термині қолданыста жиі пайдаланылып жүр. Алғаш рет «коммуникация» термині (латынша communication, communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиеттерде пайда болып, екі негізгі жалпы теориялық құрылым ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды: 1) бихевиоризм (коммуникацияның негізі жүйе ретінде тіл емес, тікелей кез-келген адамды тәрбиелеуге болатын дыбыстары) бұл әдістің өкілі Д.Уотсон); 2) коммуникация символикалық интеракционализм (персонализм-дербестік)тұлға ішкі метафизикалық қабілеті арқылы өз бойында басқа біреудің сезімдерін ашу болып табылады, бұл әдістің өкілі Дж.Г.Мид). Қазақстандық зерттеушілердің кейбіреулері жоғарыда көрсетілген коммуникацияның екі әдісімен сәйкес келетін, тілдік коммуникация мен техникалық коммуникацияны бөліп айтады. Техникалық коммуникация – ақпараттарды қабылдауға және жіберіп отыруға мүмкіндік туғызатын құралдардың жиынтығы. Бұл коммуникацияның компоненттері: 1) хабарлама жібергіш; 2) хабарлама жеткізгіш; 3) байланыс арнасы; 4) қабылдауыш; 5) хабарлама алушы. Тілдік коммуникация - хабар жіберушіні, хабар алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бөлігі ретінде хабарламаны енгізуге болады. Коммуникациялық бағыт адам өмірінің түрлі саласымен байланысатын сөйлеуді үйретуге бағындырылады. Коммуникативтік мәдениет дегеніміз – мәдениет, білім беру алаңында тиімді орнығу үшін, әлеуметтік ортаға тез сіңу үшін, кәсіби іс-әрекетінде өз білімін жетілдіру және өзін дұрыс көрсете алуындағы адамның жүйелік мінездемесі. Коммуникативті мәдениетке жатады: - қоғамдағы мәдениет; - жеке адамның мәдениеті; - кәсіби іс-әрекетінің мәдениеті. Қоғамда информациялық коммуникация - әрекеттестікке, ынтымақтастыққа, түсінісушілікке көп мән береді.Сондықтан да коммуникативті мәдениеттің рөлі қарқынды даму мен адамның қоршаған ортамен ізгілікті қарым –қатынасына баламаланады.Сонымен бірге білім беру саласында педагог тұлғаларға да кәсіби мәдениетінің жоғары болуына талап қояды.Ол дегеніміз:адамилық құндылық, этикалық және адамгершілік жауапкершілігіне қатысты. Коммуникативті мәдениетке сөйлеу мәдениеті мен қарым – қатынас мәдениеті жататындықтан коммуникативті қарым-қатынас әрбір педагогке қажет деп есептеймін. Қазіргі замандағы мұғалімнің комуникативтік мәдениеті ол ізгілендіру бағытындағы жеке-дара және күрделі әлеуметтік жүйе. Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б. Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы. Кәсіби компоненті:таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы. Психологиялық компоненты: педагогикалық ойлау, қиялдау, бақылау, ерік-жігер, сабақ берудегі қызығушылығы, шығармашылығы, уайымдау қабілеті, оқушының жеке тұлғасына қатысты іс-әрекеттің нақтылығы. Сынып жетекшісінің атқаратын коммуникативтік қызметі: • оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу; • "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату; • оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы; • ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу. Педагогтің коммуникативті мәдениетін дамытуға педагогикалық тренинг, әлеуметтік-психологиялық тренинг (танымдық, эмоционалдық, кәсіби бағытта жүзеге асады), интерактивті семинар, коммуникативті түзету әдістемесі, коммуникативті шығармашылық және коммуникативті философия әсер етеді. Педагог коммуникативті мәдениетін дамыта отырып өзіне не алады? Білімділікті, ұсталықты, берекелілікті, жауапкершілікті, және іскер сапаларын яғни, кәсіби білімін жетілдіре алады. Қазіргі заман талабына сай педагог оқыту –тәрбиелеу барысында коммуникативті мәдениетті іс-әрекет арқылы ғана адами құндылықтарды дамыта отырып жеке тұлғаның бойына сіңіруі қажет. Сонда ғана жеке тұлға мына өзгермелі, өркениетті заман талабына төтеп бере алады.

Интерактивті әдістердің түрлері мен оларды пайдаланудың психологиялық мүмкіндіктері

Шукенова Қ.С.,Қожатай Б.Б.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекттік университеті

 

Қазіргі дидактикада әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық  оқыту  әдістерінің  екі түрлі  тобы бар: дәстүрлі оқыту  және  белсенді (активті) оқыту  әдістері.  Бұлар   ең алдымен, бір-бірінен алдына қоятын мақсаттарына  қарай  ажыратылады.  [1].

Интерактивті және  дәстүрлі оқыту әдістері ретінде бөлу тек шартты түрде болуы қажет. Өйткені, дәстүрлі   әдістер де  оқыту үдерісінде белсенділікті қолдануы  тиіс.  Дегенмен, дәстүрлі әдістер  ең алдымен,  білімнің белгілі бір қорын  жеткізу және   практикалық іс-әрекет  дағдыларын  қалыптастыруға    бағытталған. Бұлар білім алушыларға  үлгі ретінде  дайын шешімдерді   ұсынудан  тұрады.

Дәстүрлі әдіс арқылы оқытуда  білім алушының мақсаты берілгенді жаттап алып,  тексерген кезде соны қайталап беру.  Бұл тапсырманы орындауда әрине, білім алушылар белсенді  болуы керек. Бірақ, бұл белсенділік өзінің мазмұны мен   бағытталуына қарай негізінен репродуктивті   сипатта  болады.  Сондықтан, осы жағдай дәстүрлі әдіспен  оқытуда  есте сақтауға басым рөл  беріп, шығармашылық ойлау дамуының басқарылуына жеткілікті назар   аударылмауын анықтайды.

Білім алушылардың дербес ойлауы мен  тұтқиылдан, төтенше  кәсіби тапсырмаларды маман ретінде шеше  алу  қабілетін дамытуға  бағытталған  оқыту   түрін   активті оқыту  әдістері  (латын тілінен  aktivus - әрекетшіл,  іскер)  деп атайды.   Активті оқытудың мақсаты – кәсіби тапсырмаларды шеше алуды білу, білік-дағдылар ғана емес,  сонымен қатар,  сараптау, ойлай білу, өз әрекетін бағдарлай алу іскерліктері болып табылады. Игерілетін білімдер  «тек қор үшін»  ғана емес, орындаушылық пен іс-әрекет мәдениетін  ғана үйрету емес, жағдайлар мен тапсырмалар өзгеріп  отыруына  қарай, шығармашылық  іс-әрекеттің  мәдениетіне  де үйрету ретінде алға шығады.  

Интерактивтік оқыту технологиясының негізгілеріне және кең тарағанына төмендегілер жатады:

Жұптасып жұмыс жасау;

Ротациялық (ауыспалы) үштік;

Карусель;

Шағын топтармен жұмыс;

Рөлдік (іскерлік) ойын;

Дискуссия;

Оқыту әдістері ретінде пікірталас (дискуссия) құбылысына психологтар ХХ ғ. 30 жылдарынан  бастап тұрақты  қызығушылық  танытты. Сонымен қатар, бұл көрнекті швейцариялық  психолог Ж. Пиаженің  еңбектерімен  байланысты болды [3].  Аталмыш ғалымның еңбектерінде құрбыларымен, үлкендермен,  кішкентай балалармен пікірталасқа түсу арқылы  бала  өзімшілдік  ойлардан  арылып,  басқалардың  да көзқарасын  қабылдай алатыны  көрсетілген.   Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық прогресстің талаптары  оқыту үдерісінің алдына  топтағы басқарушылық  және шығармашылық  шешімдерді  қабылдау  мәселесін зерттеу жөнінде міндет қойды. Бұл жерде әлеуметтік принциптерді (қатынастар) өзгертуге топтық  жағдаяттық  факторлар    мен талқылаулардың тигізген әсері жөніндегі  автордың ойлары маңызды рөл атқарды.

Көптеген психологиялық зерттеулерде топтық пікір алмасу  қатысушыларда   талқыланатын мәселелерді  шешудің мотивтері мен  эголық  кірігуін  жоғарылататыны көрсетілді [4 ].

Сонымен қатар, топтық пікірталас механизмдері оқыту мен диагностикалау, психотерапия,  шығармашылық және іс-әрекеттің  басқа түрлеріндегі  тұлғааралық қарым-қатынастағы  белсенділікті арттыру үшін  қолданудың  тиімділігін көрсетті.  

Дәстүрлі оқыту түріне де, интерактивті оқуда да ойын әдістері қолданылады. Ойын әдісі оқу және кәсіби іс-әрекетті  соның үлгісінде жасауға  негізделген топтық оқыту  әдістерінің түрі ретінде алға шығады.

Ойын әдісі оқытудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Әсіресе, тіл меңгертуде ойын әдісінің орны ерекше. Біз осы ойын әдістеріне сипаттама береміз.

Рөлдік ойындар оқу және кәсіби  тапсырмаларды  шешу үдерісінде  әлеуметтік рөлдердің үлгілерін жасауға негізделіп ұйымдастырылады. Рөлдік ойындар білім алушыға әлеуметтік қатынастағы тілді меңгеру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта іскерлік ойындардың алуан түрі, анықтамасы  және жіктемелері (классификациясы) бар деп айтуға болады [5;6]. Қоғамдағы әлеуметтік-өндірістік  іс-әрекет  нормаларын  және іскерлік  жағдаяттарды  оңтайлы шешу  жолдарын  іздестіру  мақсатында   маманның  кәсіби  әрекетінің   заттық және  әлеуметтік  мазмұнының үлгілерін жасау формасын іскерлік ойындар (ІО) деп атайды.  Яғни,  іскерлік  ойын  дегеніміз белгілі бір ұйымның және басқарушы  мамандардың іс-әрекетін  қайталау, сондай-ақ, басқару жүйесін  ойын түрінде  үлгілендіру.

Іскерлік ойын сценариінде  нысанның  сипаттамасы, жүргізу тәртібі, қатысушылар  құрамы, іс-әрекеттің үлгісі бойынша   жасалынатын   лауазымдар көрсетіледі.   Сонымен қатар, қатысушылардың тізімі,  олардың рөлдері,  бастапқы ақпарат, ақпаратты өңдеуге және тиісті  шешім қабылдауға  дайындық жасауға қажетті  анықтамалық  материалдар  мен кестелер  ұсынылады.  Ұсыналатын материалда ойын ережелері мен әдістемелік  нұсқаулар  және  қорытынды шығаруы  сипатталады.

Оқытудың дискуссиялық (пікірталастық) әдістері  ұйымдасқан коммуникацияға  негізделген  оқу-кәсіби  тапсырмаларды  шешу барысындағы  топтық оқыту. Топтық пікірталас - оның мақсатын  жылдам әрі  жемісті шешу үшін   бірлескен  коммуникацияны  ұйымдастыру әдісі болып табылады [7].

Оқыту әдістерінің ішінде дөңгелек үстел  топтық пікірталастың  бір түрі,  әрі оқыту әдісінің  тиімді тәсілдерінің  бірі ретінде алға шығады.  Әдетте, дөңгелек үстелге  маңызы  жоғары тақырыптық   мәселелер ұсынылып, бұл мәселе   бойынша жетекші  мамандар қатыстырылады [8].

«Миға шабуыл» - инновациялық  ойындардың  бастапқы және   дискуссиялық  әдістердің  бір түрі болып табылады. Бұл әдіс ізденістерді сынға алмайтынымен,  іздену барысында туындаған бар жорамаларды жинаумен, оларды практикадағы қиындықтарды жою үшін болашақта қолдануға болатындығын    талдаумен  сипатталады [9].

Интеллекттік бой  сергіту жедел  сұрақ-жауап сипатында өткізіледі. Оқытушы білім алушыларға сұрақ қояды, олар оған қысқаша жауап беруі қажет.  Егер біреуі сұраққа жауап беруге қиналатын болса, оқытушы басқаларынан сұрайды.  Осылайша 10-15 минут ішінде білім алушылардың «бастапқы түсініктер, категориялар,  ұстанымдар, негізгі  теориялық  ойлар туралы»  түсініктері тексеріліп, әрі қарайғы  белсенді танымдық іс-әрекетке дайындық  жүргізіледі.

Шын мәнісінде қақтығыс әдісі  мен нақты жағдаяттарды талдау  әдістері кейс  әдісінің  (ағылшынша «кейс» - жағдай, оқиға)   басқаша  атаулары  болып табылады.           Қақтығыс әдісі – шынайы тәжірибеден  алынған оқиғаларды  талқылауға  негізделген  дискуссиялық оқыту әдістерінің  бір түрі ретінде алға шығады [10].

         Кейс, яғни нақты жағдаяттарды талдау әдісі – индивидтің  қарастырылып отырған құбылысқа тән  күнделікті және кәсіби  тәжірибесіндегі  оқиғаны  сипаттауына  негізделген  дискуссиялық  оқыту әдістерінің  бір түрі болып табылады. Бұл  әлеуметтік-психологиялық оқытуда оқу үлгісі  арқылы  пайдаланылатын  дәл осындай   оқиғаның  ғылыми  негізделген  сипаты.

  Топта туындаған  жағдаяттардың  барлығында және  кез-келген  тақырыптық  және мәселелік  аймақтарда   қолдануға  болатындығы  интерактивті  ойындардың артықшылығы болып табылады.  Интерактивті ойындар арқылы  кез-келген дара және кәсіби  мінез-құлық  тәсілдерін, атап айтар болсақ, коммуниникативтік дағдыларды, байқампаздықты, өзінің және басқаның сезімдерін саралай алу  қабілеттерін, сонымен бірге,  шығармашылық қабілеттер мен қиялды жақсартып,  дамытуға болады.  Интерактивті ойындар топты жетелеу, шешім қабылдау  үдерісінде, рөлдік мінез-құлықты, шиеленісті шешуде, ынтымақтастыққа, биліктік-мәртебелік қатынастарға және т.б.  оқыту үшін қолданылады. 

Оқыту үдерісінде қолданылатын ойындар тұлғаішілік немесе тұлғааралық мәселелердің алуан түрлерінің ішінен маңызды бөлшектерін  бөліп алып, жасанды тудырылған қандай да  бір іс-әрекет кестесі арқылы көрсетуге жәрдемдеседі. Мұның негізінде қатысушылардың  интеллектілік  және эмоциялық  күш-қуаты белгілі бір бағытта жинақталады. Интерактивті ойындардың қарапайым әлемі  қатысушыларға  өтіп жатқан  оқиғаның құрылымы  мен себеп-салдарының өзара  байланысын  шынайы өмірге  қарағанда  жақсырақ  тануға, оны түсінуге мүмкіндік  береді. Осылайша, мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін  неғұрлым тиімдірек және тәуекелі аз жолмен үйренуге және өз идеяларын тәжірибеде  қолданып көруге жағдай туады.

         Қай сипатта болсын «ойын» ұғымының маңызы жоғары. Себебі,  интерактивті ойындар  қатысушылардың  қызығушылығын және тәуекелге  дайындығын  оятады. Сонымен қатар, барлық ойынға тән сынақ жағдайын  туындата отырып, жаңалық ашу қуанышын сыйлайды.

         Интерактивті оқыту әдістері– бұл  ұжымдық, өзіндік толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үдерісіне білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқытуды ұйымдастыру болып табылады.

Интерактивті оқыту ең алдымен білім алушы мен оқытушы қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту ретінде алға шығады. Сонымен қатар, көптеген зерттеулерді тұжырымдайтын болсақ, интерактивті оқыту дегеніміз танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы болып табылады [11]. Интерактивті оқыту толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқытудың бірден бір түрі. Осындай мақсаттардың бірі білім алушы өзінің жетістіктерін, интеллекттік белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігі арттырып және қарқындылығын қамтамасыз ететін оқытудың жинақы шарттарын жасау екені сөзсіз.

Оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігін бірнеше арнада түсіндіруге болады.

Біріншіден, бүгінгі күнгі ерекшеліктердің, тіпті проблемалардың бірі ақпараттың «ақылға сыймайтын шамадан тыс, игеруде адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық»мөлшерде дамуы . Сондықтан,  оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игерте алатын және тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында тұлғалық дамуды оқытудың негізі ретінде  қарастырады. Сонымен қатар, айтылып отырған ұстаным білім игеру үдерісіне қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) бұрынғы авторитарлы-коммуникативтік қарым-қатынасын гуманитарлық-коммуникативтікке өзгертіп отыр. Егер кешегі күні таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп түсінетін болсақ, бүгінде бізге бұл түсініктерді «білім алу/игеру», «оқу», «үйрену» деп өзгерту қажеттілігі туындайды. 

Дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген (мемлекеттік стандарттарда көрсетілген пәндер мен сабақтардың аумағында) білім жиынтығын  игерумен шектейді. Ал, инновациялық көзқарас оқытудың негізін тек пәндер емес,  ойлау мен рефлексияға негізделген интерактивті әдістер құрауы керек деп түсінеді [12]. Интерактивті әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, білім алушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Оқытуда авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологты, күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастыру маңызды болып табылады. Бұл дегеніміз оқытуда интерактивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынастар орнату, жағымды психологиялық орта құрастыру, солар арқылы үйренушілер өз біліміне деген жауапкершілікті нығайта алады.

Екіншіден, интерактивті оқыту бірінші мезетте білім игеру үдерісіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Зерттеу жұмысымызда біз мүмкіндігінше интерактивті әдістерге анықтамалар беріп өттік. Дегенмен, тағы айта кететін жайт «интерактивті» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру болып табылады.

Интерактивті оқыту білім игеру үдерісін келесідей ұйымдастыруды қамтамасыз етеді: барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау; әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы  түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау [13].

Жалпы алғанда интерактивті оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмаса отырып, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын  анықтайды. Бұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау  атмосферасында өтіп, тек ғана жаңа білім игеруге жағдай жасап қоймайды. Сонымен қатар таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.

Үшіншіден, интерактивті оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді. Осы орайда, диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен қиындықтарды бірлесе шешуге алып келеді. Интерактивті оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:

- терең ойлануға;

- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшелеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі және басқа адамдарды танудың бірден бір құралы болып табылады. Олар тұлғаның дүниетанымын қалыптастырып, оның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.

Қорытындылай келе, интерактивті әдістердің оқыту үдерісіндегі тиімділігі  оның түрлендіре отырып пайдаланумен байланысты болып келеді. Тіл меңгерту практикалық сабақтарда бекітілетіні белгілі. Сондықтан интерактивтік, яғни рөлдік және іскерлік ойындар тіл меңгертудің сапасын артырары сөзсіз.

 

Фонетикалық талдау Талдау реті: 1.Сөзді буындарға бөл, буындардың түрін ата. 2.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың,еріннің қатысына қарай талда. 3.Сөз құрамынан дауыссыздарды тауып, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздың қайсысына жататынын анықта. 4.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта. 5.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма? Бар болса, түсіндір. Талдау үлгісі: құ-лын-шақ  -  үш буынды:1-ашық,2,3-бітеу буын Қ-дауыссыз,қатаң Ұ-дауысты,жуан,қысаң,еріндік Л-дауыссыз,үнді Ы-дауысты,жуан,қысаң,езулік Н-дауыссыз,үнді Ш-дауыссыз,қатаң А-дауысты,жуан,ашық,езулік Қ-дауыссыз, қатаң   Сөзде 8 дыбыс,8 әріп бар. а) сөздің 1-буынындағы ү ерінді дауыстының әсерінен 2-буындағы ы дыбысы ұ болып айтылады: құ-л ұн-шақ ә) сөздің  буындарындағы дауысты дыбыстардың жуан болып жалғануы үндестік заңына сәйкес жалғанған. 2. Лексикалық талдау  Талдау реті: 1.Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта. 2.Сол сөздің сөйлемде қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма) 3. Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін,антонимін , омонимін тап. Талдау үлгісі: Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті. жылы- жағымды,мейірімге толы деген мағынада, бұл сөйлемде ауыспалы мағынада айтылып тұр. жылы,шуақты,ыстық,мейірлі – синоним;жылы-суық – антоним жылы – жалпылама қолданылатын сөз.                                       3. Сөзді құрамына қарай талдау Талдау  реті: 1.Сөздің қай сөз табына жататынын анықта; сөздің түрленетін я түрленбейтінін дәлелде. 2.Түрленетін сөздегі негіз бен қосымшаны ажырат: түрленбейтін сөздердің бәрі де негізгі түбір болып есептеледі. 3.Сол сөздің түбірінен тарайтын түбірлес сөздерді көрсет 4.Сөздегі қосымшалардың түрін ажырат:жалғау мен жұрнақтың қай түріне жататынын дәлелде. 5.Сөз құрамындағы бөліктерді тиісті шартты белгілерімен көрсет. Талдау үлгісі: ұтылды – етістік, түрленетін сөз табы ұт – түбір, ыл- ырықсыз етіс жұрнағы, - ды – жіктік жалғауының  3 – жағы у ұт         қыш                 ұтылды ымды Сөз құрамы үшке бөлінеді 1.Түбір    2.Жұрнақ    3. Жалғау                                  4. Сөздерді сөзжасам тұрғысынан талдау Талдау реті: 1.Сөздің лексикалық мағынасын түсіндір 2.Осы сөзден өрбитін түбірлес сөздерді ата. 3.Сөз жасауға тірек болған түбірді көрсет 4.Жаңа сөз жасауға негіз болған тәсілді анықта. Талдау үлгісі: а) құсша – мағынасы : «құс секілді» құсша,құстай – сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы жасалған. ә) білезік – «білекке тағатын әшекей зат»                  -    білек + жүзік – сөздердің бірігуі арқылы жасалған, кіріккен сөз.                                   5. Морфологиялық талдау (сөз табы бойынша) Талдау реті: 1.Сөз табы.Жалпы мағынасы. 2.Морфологиялық белгілері    Бастапқы тұлғасы    Тұрақты белгілері    Тұрақсыз белгілері 3.Синтаксистік қызметі.          1. Зат есім 1.Жалпы мағынасы 2.Морфологиялық белгілері    Бастапқы тұлғасы (атау септігіндегі, жекеше түрі) Тұрақты белгілері: а) жалқы есім және жалпы есім ә) деректі және дерексіз б) дара және күрделі  Тұрақсыз белгілері: а) көптелуі ә) септелуі б) тәуелденуі в) жіктелуі   Синтаксистік қызметі Талдау үлгісі: Еңлік жанының сезім тамшылары тек ақ өлеңге ғана сияды.(Б.Кәрібаева)     Жанының – зат есім, ұғым атауы      Бастапқы тұлғасы жан (не?)   Тұрақты белгісі: жалпы есім, дерексіз Тұрақсыз белгісі: тәуелдік жалғауының үшінші жағы, ілік септігінң жалғауы. Синтаксистік қызметі: кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап беріп , анықтауыштың қызметін атқарады. Синтаксистік талдау Сөйлем мүшелеріне талдау  1.Сөйлемді оқып, қандай сөйлем екендігін анықта 2. Сөйлемнен, ең алдымен, баяндауышты тап. (қазақ тілінде баяндауыштың орны тұрақты,  яғни баяндауыш сөйлемнің соңында келеді).Баяндауыш екі сызықпен сызылады. 3. Баяндауыш арқылы бастауышты тап. Бастауыш бір сызықпен сызылады. 4.Әрі қарай сөйлем талдау жүйесі сөйлемнің соңынан алға қарай жүргізіледі.Ескерту: Сұрақты дұрыс қой. Оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма және одағай  сөздер) сөйлем мүшесі болмайды!                              Жай сөйлемді талдау Талдау реті: 1.сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта 2. сөйлемнің түрін анықта:    - айтылу сазына қарай    - құрылымына қарай   - сөйлем мүшелерінің қатысына қарай 3. Сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, шартты белгілермен көрсет. 4.Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер болса, оларға түсінік бер. 5.Сөйлемді сызбамен көрсет.                                   Құрмалас сөйлемді талдау Талдау реті: 1. сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта 2. сөйлемнің түрін анықта:    - айтылу сазына қарай    - құрылымына қарай    - мағынасына қарай (құрмаластың қай түріне жатады: қарсылықты, шартты, түсіндірмелі және т.б.)    - жасалу тәсіліне қарай (салаласып тұр ма, сабақтасып тұр ма, қандай жолмен құрмаласып тұр)    - құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемнің құрамын сызбаға түсір.                                 Қазақ тілінен талдауды жетілдіру

Тіл білімі салаларын кешенді талдаудың жүйесі

                                                                                                                   І.Синтаксистік талдаунысаны (объектісі):сөйлем, сөз тіркесі а) айтылу сазы мен мақсаты ә) құрылысы б) сөйлем мүшелері в) сөз тіркестері г) сөздердің байланысу түрлері ғ)сөздердің байланысу тәсілдері II. Сөзжасамдық (сөздердің жасалу жолдары) талдау, нысаны – сөз  а) сөз құрамы ә) сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы ІІІ. Морфологиялық талдау, нысаны – сөз а) сөз таптары ә) қосымшалар, олардың грамматикалық мағынасы IV. Лексикалық талдау, насыны– сөз, сөздердің әр алуан мағыналары V.1.Фонетикалық талдау, нысаны – сөз а) сөздердің айтылу, жасалу, жазылу жолдары ә) буын, оның түрлері б) тасымал  в) екпін г) үндестік заңы, буын үндестігі д) дыбыс үндестігі (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал) V.2.Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.         Синтаксистік талдаудың сызбасы  

Сөйлем

                                                                          І.Айтылу сазы мен мақсатына қарай:  хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты ІІ. Құрылысына қарай:  1)     жай сөйлем 2)     құрмалас сөйлем  ІІІ. Сөйлем мүшелері: а) бастауыш ә) баяндауыш б) толықтауыш в) анықтауыш г) пысықтауыш IV. 1.Жай сөйлемнің  түрлері: а) жалаң, жайылма ә) толымды, толымсыз б) жақты, жақсыз в) атаулы                   2.Құрмалас сөйлемнің              түрлері:                 а)салалас қ.с.                  ә)сабақтас қ.с.                   б)аралас қ.с.   V. Сөз тіркесі: а) еркін (есімді, етістікті) ә) тұрақты  VI. Сөздердің байланысу  түрлері: а) қиысу ә) меңгеру б) матасу в) қабысу г) жанасу VII. Сөздердің байланысу  тәсілдері: а) интонация ә) жалғаулар б) жалғаулық шылаулар в) орын тәртібі       Сөз құрамына, лексика – семантикалық мағынасына  талдаудың сызбасы

СӨЗ

                                  І. Құрамына қарай: бір, екі, үш... құрамды                                 ІІ. Тұлғасына қарай: негізгі, туынды. Туынды , түбір сөздердің  жасалу жолдары. 1.     Синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл: а) негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ  жалғану арқылы ә) туынды түбірге сөз тудырушы жұрнақ  жалғану арқылы б) септік жалғауының көнеленуі арқылы 2. Аналитикалық немесе синтаксистік  тәсіл а) тіркесу ә) бірігу немесе кірігу б) қосарлану ІІІ. Құрылысына қарай: а) дара, ә) күрделі IV. Лексикалық мағынасы V. Грамматикалық мағыналары: а) жалпы грамматикалық мағына ә) категориялық грамматикалық мағына б) қатыстық грамматикалық мағына                           Лексикалық талдаудың сызбасы  

СӨЗ

  І. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы ІІ. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы 1.     Түпкі мағына 2.     Туынды мағына а) Көп мағыналы сөз ә) Омоним б) Синоним в) Антоним г) Кірме сөздер (араб, парсы, монғол,  орыс тілінен енген сөздер) ғ) Табу д) Эвфемизмдер е) Дисфемизмдер ІІІ. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған                       мағыналары 1.     Сөздің еркін мағынасы 2.     Фразеологиялық байлаулы мағынасы 3.     Синтаксистік шартты мағынасы IV. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған                          лексикалық мағыналары 1.     Бейтарап мағына 2.     Бейнелі мағына(троп пен фигуралардың түрлері) 3.     Терминдік мағына V. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері                   1.  Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты                                     түрлері а) жалпылама лексика ә) қолданылу өрісі тар лексика 1. Сөздердің стильдік қызметіне  байланысты түрлері 2. Сөздердің актив және пассив  қолданылатын түрлері   Фонетикалық талдаудың сызбасы   1.     Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: жуан, жіңішке, аралас буынды сөздер; 2.     Буын: а) ашық буын (а.б.)

   СӨЗ

ә) тұйық буын (т.б.) б) бітеу буын (б.б.) 3. Тасымал 4. Екпін 5. Буын үндестігі 6. Дыбыс үндестігі а) ілгерінді ықпал ()              ә) кейінді ықпал ( )              б) тоғыспалы ықпал ( )                                                 Барыс Рысқұлдан көзін тайдырып әкетті. (Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе» романынан). 1. Бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай – хабарлы сөйлем (баяндау). Себебі барыстың Рысқұлдан көзін тайдырып әкеткені жайлы баяндап тұр.          2. Құрылысына қарай жай сөйлем, себебі бір немесе бірнеше сөз және сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ойды білдіріп тұр.         Жай сөйлемнің түрлеріне ажырату үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз. Ол үшін алдымен сөйлемнің баяндауышын тауып аламыз. Баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты. Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз, бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз.          а) Барыс Рысқұлдан көзін қайтті? – тайдырып әкетті – күрделі, етістікті, жедел өткен шақ тұлғалы баяндауыш.         ә) Көзін тайдырып әкеткен не? – Барыс – дара, зат есімді, атау тұлғалы бастауыш.         б) Барыс Рысқұлдан несін тайдырып әкетті? – көзін – дара, зат есімді, табыс тұлғалы тура толықтауыш.         в) Барыс кімнен көзін тайдырып әкетті? – Рысқұлдан – дара, зат есімді, шығыс тұлғалы, жанама толықтауыш.         4. Енді тақтаға бір оқушы шығып, Рысқұлдан сөзін сөз құрамы мен лексика-грамматикалық мағынасына қарай талдайды.  Рысқұлдан   1.      Бұл сөз үш құрамнан тұр: Рыс+құл+дан   2.      Құрылысына қарай – күрделі 3.      Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар 4.      Лексикалық мағынасы – адамның есіміне берілген атау. 5.      Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім 6.      Екінші грамматикалық мағына шығыс септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына – жанама объекті 7.      Рысқұлдан – кімнен деген сұраққа жауап береді 8.      Мағынасына қарай: а) жалқы; ә) деректі.         5. Енді осыРысқұлдан сөзіне толық фонетикалық талдау жасаймыз. Ол үшін тақтаға үш бала шығады. Бір бала фонологиялық талдау жасайды, екінші бала дауысты, үшінші бала дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береді.   Рысқұлдан 1.     Бұл сөз айтылу, жасалу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар – жуан дауыстылар. 2.     Сөз  Рыс-құл-дан  болып үш буынға бөлінеді, себебі сөзде үш дауысты дыбыс бар. Рыс-құл-дан буындары бітеу буындар, өйткені буындар дауыссыз дыбыстардан басталып, дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр.  3.     Сөз Рыс- құл- дан болып екі жағдайда тасымалданады.  Себебі сөзде  үш буын немесе үш дауысты дыбыс  бар. 4.     Рысқұлдан. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбысқа қарай ығысып отырады. Сондықтан Рысқұлдан сөзінде сөз екпіні дан буынындағы а дыбысына түседі. 5.     Сөзде буын үндестігі бар: түбірдің соңғы буыны жуан болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның да жуан нұсқасы келіп тұр.Сондықтан оның (ден) жіңішке нұсқасын алмаймыз.  6.     Сөзде дыбыс үндестігі және түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Түбірдің соңғы л дыбысы үнді болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының да не ұяң не үндіден басталуын талап етіп тұр. Сондықтан қатаңнан басталатын (тан) нұсқасын алмаймыз.         Енді осы фонологиялық талдаудың ықшамдалған нұсқасын сызба түрінде мынадай етіп беруге болады: Рысқұлдан 1.     Жуан буынды сөз. 2.     Рыс-құл-дан                                                                              б.б. 3.     Рыс-                                                           құл-                                                           дан 4.     Рысқұлдан 5.     Рыс құл  +  дан  (-ден) 6.     Рысқұ л  +  д ан (-тан)     Синтаксистік талдауды шеберлікпен жүргізе білу – оқушыларға қазақ тілінен сапалы да тиянақты білім берудің қайнар көзінің бірі екендігі күнделікті тәжірибемізде жиі байқалып жүр. Енді құрмалас сөйлемді талдаудың кейбір үлгілерін келтіріп көрейік. Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді, ұзамай қар жапалақтай бастады(Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлем жалғаулықсыз ыңғайлас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем, хабарлы сөйлем, екі жай сөйлемнен тұрады.  Күн кешкіре келе бұлыңғырланып тұр еді – жай сөйлем, жақты сөйлем, жайылма сөйлем, толымды сөйлем. Күн бұлыңғырланып тұр еді –күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы сыңары бұлыңғырланып тұр еді, байланысу формасы – қиысу. Міне осылайша талдау реті жалғаса береді. Ал мына сөйлемді қарастырайық. Төңіректің бәрін әлі кете қоймаған қар басып жатса да, ауада көңілді көктем желі есіп тұр(І.Есенберлин). Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Хабарлы сөйлем. . Төңіректің бәрін әлі кете қоймаған қар басып жатса да – жайылма сөйлем, жақты сөйлем, толымды сөйлем. Қар – зат есімнен жасалған дара бастауыш, деректі зат есім, дара зат есім. Басып жатса да – күрделі етістіктен жасалған күрделі анықтауыш. Әлі – дара үстеуден дара мезгіл пысықтауыш. Төңіректің бәрін – ілік септігі зат есім мен тәуелдік тұлғадағы жалпылық есімдігінің тіркесінен жасалған күрделі тура толықтауыш.

Сапалык редукция орыс. качественная редукция—дауысты дыбыстын әлсіз айтылуына байланысты екпінсіз буыннын күн- гірт естіліп, сапалык өзгеріс тууы. Сонын нәтижесінде екпін түскен дауыстымен іргелес дауысты бәсен айтылады, ал одан ал- шак түрған дауыстылар мүлде көмескіленіп, кыскарып кетеді. Бұл — негізінен акцентті (к. акцент, акценттік жүйе) тілдерге тән. Ср. орыс тіліндегі вопрос— вапрос, берега— бърега.[

            Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында білім беру саласы қызметкерлерінен оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын, сондай-ақ қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын педагог-зерттеуші оқытушы болуын қажет етіп отыр.

            Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымды, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, тілді мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтарын саралап көрсетіп отыр: тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады; кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады; қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі; қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады; күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты іс қағаздарын жазуды үйренеді; болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.

            Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық тенологияларды жетілдіру болып табылады», - деп атап көрсетілген.

Қазіргі таңда 80-нен астам педагогикалық технологиялар қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен «инновация», «технология» ұғымдарына тоқталған жөн.

«Инновация» термині латын тілінен алынған, ол «жаңару», «жаңалық», «өзгеру»  дегенді білдіреді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада жаңа саласы, жаңашылдық ғылым пайда болып, ал 50-жылы педагогикалық инновация қалыптасты [1].

            Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық  үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдау және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.

            Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кестесін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі; модульдік түрі; жүйелі түрі.

            Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.

            Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, үдерістерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.

            Қазір «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде тіл үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері: тіл үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту; оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру; мұнда тіл үйренушінің дербес қабілетін дамытуға көмек беру;

тіл үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі; көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату болып табылады.

Осы тұрғыдан алғанда мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысының туындап отырған өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

            Мамандардың пікірінше, мамандығына сәйкес қазақ тілін оқыту студенттердің таңдаған мамандықтарына қажетті білімді толық игерген кәсіби мүмкіндігі мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. Студенттерге қазақ тілін оқыту болашақ мамандардың кәсіби даярлығы мен дағдыларын қалыптастыруда атқаратын ролі ерекше. 

Инновациялық технологиялар жоғары оқу орнында тілдік білім сапасын арттырып, қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады: әр сабақта қазақ тілін игертуге қатысты интерактивті әдістерін қолдану; әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру, қазақ тілді үйренуге деген ынтасы, зейіні, қызығушылығына көңіл аудару; міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, жоғары оқу орын жағдайына бейімдейді.  

Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа педагогикалық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді атап айтқымыз келеді:

- дамыта оқыту;

- деңгейлеп оқыту технологиясы;

- модульдік оқыту;

- проблемалық оқыту;

- қатысымдық технологиясы;

- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

- сатылай комплексті талдау;

- жобалау технологиясы;

- тірек сигналдары технологиясы;

 - саралап даралап оқыту.

Тіл үйрету жұмысы - өте күрделі үдеріс. Студенттер қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қоймайды, олардың сабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді. Сондықтан да оқытушы әр студенттің қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі керек. Жоғарыда аталған инновациялық технологиялардың ішінде тіл үйретуде қайсысы тиімдірек екендігіне тоқталсақ. Қазіргі таңда қазақ тілін үйретуде  оқытушылар жаңа инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Қазіргі жаңа технологиялардың алдына қоятын мақсаты – тіл үйренушілердің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді.

Қазіргі таңда тілді оқытуда тиімді әдіс – қатысымдық технологиясы. Себебі, қатысымдық әдіс бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған заман талабына жауап бере алады. Қатысымдық оқытудың нәтижесі – тілдік қатынас. Тілдік қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі, тіл арқылы тілдік қатынас жасауы деген сөз. Осы тілдік қатынас бойынша қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың басты ерекшеліктерін анықтауда тиімді әдістемесін зерттеп,  ұсынуда әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Ф.Оразбаеваға пікіріне жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» дей келе,  қатысымдық әдістің негізгі мәні оның ұстанымдарын айқындаумен байланысты деген тұжырымын талдап, қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысым әдісінің алты түрлі ұстанымның ішіндегі ең басты ұстанымы – тіке байланыс ұстанымы деп көрсетеді. Тіке байланыс болмаса , сөйлесім әрекеті де іске аспайды деген қорытынды жасайды [2:8].

Берілген анықтамадан көріп отырғанымыздай, тілдік қатынас – тек сөйлеу тілі арқылы тілдесу ғана емес, сондай-ақ ол жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет ететін, оны қоғамның өзі тудырған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі құбылыс.  

Сөйлеу үшін оқушы тілдік көрсеткіштер мен сөйлеуде жұмсалатын тұлғалардың тіркесу заңдылықтарын білуі, тілдік құралдарды қолданудың амал-тәсілдерін меңгеруі қажет. Сөйлеу кезінде тілдік тұлғалардан бұрын қатысымдық тұлғаларға, әсіресе олардың байланысу, қолданылу жолдарына, амалдарына ерекше назар аударылады. Мұнда тілдің кіші, үлкен, дара, күрделі бөлшектерінің бәрі бір ортақ мақсатқа – сөйлей білуге, айтар ойды жеткізуге жұмсалады. Сөйтіп адамдардың тілдік қарым-қатынасы жүзеге асады, сөйлесім, тілдесім өз нәтижесін береді. 

Қорыта келе, қатысымдық технологияны қолданудың тиімділігі, алдымен тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни тікелей қатынас жиі болса, сөйлесім әрекеті де ұтымды жүзеге асатындығы, сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық, грамматикалық минимумдар мен сөздік материалдар алынатындығы болып отыр.

Оқытудың жаңа технологияларының бірі – модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқытудың өзегі – оқу моделі. Модульдік оқыту – студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Модульдік технология әдісі бойынша әр сабақта тек қана ақпаратты игеру емес, сонымен қатар қабылдаған ақпаратты өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылады. Оқу процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу, яғни оқу пәнін ірі тарауларға бөліп, сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі мен ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті бақылау және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін қарастырады. Модульде оқу уақытының басым бөлігі студенттердің өз бетімен жұмыс ісеуіне жұмсалады. Алған білімдері күнделікті  бақылау, тексеру әдістері арқылы анықталып тұрады. Күнделікті бақылау нәтижесінде, пән бойынша рейтинг және аралық бақылау жүргізіледі [3].

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша ғалым Р.Ә.Шаханова өзінің еңбегінде: «Студенттердің мемлекеттік тілді тиімді игерудің басты факторы – оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік материалдарды модульдік оқу жүйесімен берудің ұтымдылығын дәлелдеп, модульдік жүйеге негізделген электронды оқулықтар тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне тиімді» - екенін айтады [4].

Қазақ тілін тіл үйренушілерге оқытуда модульдік технология элементтерін қолданудың тиімділігіне тоқталсақ: біріншіден, білім деңгейі әр түрлі студенттермен жеке тұлғалық жұмыс ұйымдастыру жүйесін жүргізуге бағытталады; екіншіден, оқу үрдісінде студент әр деңгейлі жұмыстарды таңдауда, бағаланатын тапсырмаларда айқындауда, жоғары ұпаймен бағаланатын күрделі тапсырмаларды орындауға, қорытынды бақылау тапсырмаларына алдын ала дайындалуға мүмкіндік алады; үшіншіден, технологиялық картада күрделі тапсырмаларды, сөздік қорын қолдану арқылы оқу үрдісінің тиімділігі жоғарлайды.

Модульдік технология жаңа және қалыптасқан дәстүрлі әдістерді сабақтастырып қолдануымен қызықты әрі тиімді.

Қазақ тілін мамандыққа сай оқытуда тиімді жаңа технологиялардың бірі- деңгейлік оқыту. Деңгейлік оқытудың басты ерекшелігі – білім беру, оқыту, үйрету үдерісін топтап, жіктеп бөледі. Білім беру, дағды мен білік қалыптастыру классикалық әдіс негізінде болса, инновациялық әдісте керісінше алдымен дағды мен біліктілік, соңынан білімін жинақтау ұстанымын алға шығарады. Әрбір деңгейге арналған лексика – грамматикалық минимумы болады, үйренуші әрбір деңгейдегі білімін өзі бақылайды, ондағы оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделеніп отырады. Деңгейлік оқыту бойынша әрбір деңгейдің өз әдістемелік мақсаты, әрбір деңгейдің тілдік, әлеуметтік лингвистикалық және дискурсивтік қызметі болады.

Соңғы 5-6 жыл көлемінде тіл үйренушілердің жаңа топтары пайда болды, тілді оқытудың және үйренудің жүйесі өзгерді, бұрынғы оқыту процесіндегі субьект үйренуші және белсенді үйренуші қалыптаса бастады.

Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік қолданыстардағы сөздерді  күнделікті тұрмыс-тіршілік жағдайларында пайдалана білуден бастап, белсенді үйренушіге дейін қалыптастыру болып табылады. Осы негізде тілдік кәсіби біліктілікті үйрету бағытында жүйе қолданылып келеді.

Әсіресе тіл үйренушілерді оқытуда деңгейлік оқыту технологияны қолданудың тиімділігі әрбір деңгейге арналған лексика – грамматикалық минимумы болады, үйренуші әрбір деңгейдегі білімін өзі бақылайды, ондағы оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделеніп отырады.

Тілді жылдам әрі сапалы меңгертуде, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге қатысымдық технологиясы арқылы ғана қол жеткізуге болатындығы бүгінде дәлелденіп отыр. Дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

            Тілді меңгертуде тиімді саналатын  жаңа технологияның бірі – тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Сабақтың қатысты материалдар ірі мөлшерде енгізіліп, блоктарға бөлінеді. Оқу материалы тірек схема-конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы мынадай мақсаттарды: білім, білік, дағдыны қалыптастыруды; барлық баланы оқытуды; оқытуды жеделдетуді  көздейді.

            Бұл технологияның қазақ тілін оқытуда тиімділігі: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау,  блокпен оқыту, тіректі қолдану,  жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;  ізгілендіру, ерікті оқыту; оқыту мен тәрбиенің бірлігін қолдана отырып жүргізетіндігі.

            Ал проблемалық (мәселелік) оқыту тіл үйренушілердің ойын, шығармашылығын, өзіндік іс-әрекет арқылы танымын дамытуға үлесін қосады. Қазіргі кезде студенттерге ақпараттар көп берілуде, сондықтан да берілетін ақпараттар жүйелі, мазмұнды болуын қажет етеді. Проблемалық оқытудың мақсаты – студент пен оқытушының іс-әрекеті, мәселені түсіне білуі шешім үрдісінде біріге алуы болып саналады. Мұнда студент тек білімнің, іскерлігінің, дағдысының жүйелілігін ғана емес, ақыл-ойының жоғары дәрежеде қалыптасуына, өз бетінше білім тереңдетуге септігін тигізеді. Проблемалық оқыту оқушының теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінен жаңалық ашып отыруын қадағалайды. Мұнда да тапсырманы орындау, іздену студенттің еншісінде болады, ал оқытушы тек бағыт беруші ретінде болады. 

 Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.

            Қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдіс-тәсілдері студенттердің тілге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз ізденістері мен шығармашылық деңгейлерін дамытуға жол ашу болып табылады. Қазақ тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды енгізу төрт кезеңнен тұрады:

І. Тілге қатысты жаңа идеяны іздеу; Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру;

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу, яғни жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану;

ІV. Жаңалықтарды бекіту.

Инновациялық технология беретін нәтижелері:  түрлі әдістерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйренудің нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсының деңгейін анықтауға; студенттерді бағалау мүмкіндіктері мол; студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді; студенттердің қабілеттері, ұйымшылдықтары, шығармашылық белсенділігі, лексикалық қоры артады; жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзінің болашақ кәсібіне сенімі, қызығушылығы арта түседі.

            Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орнығады. Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытуда аталған инновациялық технологиялар  сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай жасалса, ол оқыту үдерісін жетілдірудіңбірден-бір тиімді жолы. барлығы да өз дәрежесінде тиімді әрі

            Қорыта айтқанда, жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.