- •2.Белоктарға тән сапалық реакциялар
- •1.Белок молекуласының құрылымы.
- •2.Белоктардың физико-химиялық қасиеттері.
- •3.Белоктың изоэлектрлік нүктесін анықтау.
- •1.Белоктардың кеңістіктік құрылымы.
- •3.Белоктардың қызметі.
- •1.Белоктардың классификациясы.
- •2.Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау.
- •3.Химиялық байланыстар.
- •1.Белок биосинтезі және оның негізгі кезеңдері.
- •2.Секреторлық белоктар синтезінің ерекшелігі
- •3.Биотехнология әдісімен алынған медициналық белоктар.
- •2.Комплексонометриялық сүт сарысуындағы жалпы кальций мөлшерін анықтау.
- •2. Белоктар метаболизмі.Хромопротеиндер алмасуы.
- •3.Сорпадағы белоктың ыдырау өнімін анықтау.(Еттің балғындығын анықтау).
- •2.Амин қышқылдарының ішек арқылы сорылып сіңуі.
- •3.Еттің құрамындағы глутатионға сапалық реакция.
- •1.Ақуыздық инженерия немесе протеомика негіздері.
- •3.Биурет реациясымен белоктардың сандық мөлшерін анықтау
- •1.Белок тіршіліктің негізі. Белоктардың биологиялық маңызы.
- •2.Нуклеозидтер, нуклеотидтер және нуклеин қышқылдарының биосинтизі.
- •3.Биологиялық сұйықтардан азот қышқылымен белоктардың сандық мөлшерін анықтау.
- •13 Билеті
- •1.Полипептидтік тізбекке амин қышқылдарының жалғасу ретін анықтау.
- •2.Рибосомдағы белоктың синтезін реттеу. Мутация және мутагендер.
- •3.Лоури әдісімен белоктардың сандық мөлшерін анықтау
- •14 Билет
- •1.Белоктарды препаративтік жолмен бөліп алудың, оны тазартудың осы заманғы әдісі. Негізгі принциптері.
- •2.Амин қышқылдары және күрделі белоктардың алмасуы.
- •1.Белоктардың қоректік маңызы.
- •2. Белоктар метаболизмі. Хромопротеиндер алмасуы.
- •3. Сорпадағы белоктың ыдырау өнімін анықтау.(Еттің балғындығын анықтау).
- •1. Белоктарды препаративтік жолмен бөліп алудың, оны тазартудың осы заманғы әдісі.
- •3. Биурет реациясымен белоктардың сандық мөлшерін анықтау
- •3. Лоури әдісімен белоктардың сандық мөлшерін анықтау.
- •1. Белоктарды препаративтік жолмен бөліп алудың, оны тазартудың осы заманғы әдісі.
- •2. Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау.
1.Белоктардың классификациясы.
Қарапайым белоктар
Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы
1) Альбуминдер – бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, ағза клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмыртқасында, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі.
2) Глобулиндер - бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді, альбуминдер
бар жерде кездеседі. Глобулин – сәл қышқылдау белоктарға немесе бейтарап белоктарға жатады.
3) Гистондар (грекше – һistos – ұлпа ) – ағзаның ұлпалық белоктары. Ол хроматиннің ДНҚ – қосылысымен байланысты болады.
Гистондар - өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі.
4) Протаминдер - ең шағын молекулалы белоктар, м.м. – 4000 – 12000 шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ – мен байланысты.
5) Проламиндер - өсімдіктер белогі, әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер дәнінің жабысқақ ұлпасында болады. Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда және сілтілерде ерімейді, 70 % этонолда ериді.
6) Глутелиндер де өсімдік белоктарына жатады, сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді.
7) Протеиноидтер ( склеропротеиндер) – белок тәріздес заттар. Бұларға сүйеніш – тірек ұлпаларының (шеміршектің, сіңірдің, сүйектің, мүйіздің, жүннің, шаштың, т.с сияқтылардың) фибрилл белоктары жатады.
Коллаген – бұл белок жалғастырып тұратын тканьдерінің ( сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршектің) негізін құрайды.
Эластин – жалғастырып тұратын ұлпаның иілмелі – созылмалы белогы. Сіңірде, тарамыста болады.
Кератин - шаш, жүн, тырнақ, тұяқ, қауырсындардың құрамына кіретін фибрилді белоктар.
Фибрион – табиғи жібек талшықтарының негізін құрайтын белок.
Күрделі белоктар, олардың негізгі өкілдері.
1) Нуклеопротеидтер – нуклеин қышқылы бар белоктар кешені, яғни оның құрамы жай белоктар мен нуклеин қышқылдарының қалдығынан тұрады.
2) Фосфопротеидтер – жай белоктар мен фосфор қышқылы қалдықтарынан тұрады. Фосфопротеидтерге сүттегі казеин, жұмыртқа сары уызындағы виталлин, балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер (пепсин мен фосфорилаза) жатады.
3) Гликопротеидтер – құрамында қанттар (манноза, галлактоза, гексозаминдер, сиал қышқылы және басқалары) бар күрделі белоктар.
4) Липопротеидтер – белоктар мен липидтерден ( триглицеридтер, фосфолипидтер, холестерол, сфинголипидтер, май қышқылдары) тұратын комплекс.
5) Хромопротеидтер ( грекше chroma - түс, бояу және протеидтер) – боялған күрделі белоктар.
Хромопротеидтерге гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, пероксидаза, каталаза, флабиндік ферменттер жатады.
6) Металлопротеидтер. Бұл күрделі белоктардың простетикалық топтарының құрамында металдар (Cu++, Fe++, Fe+++, Zn++,) кездеседі.
Бұларға ферритин белогі жатады, ол өттің құрамында болады.
