Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеф кітап.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

58. Қызметкерлердің жеке басының гигиенасы.

Тамақ әзірлеу бөлмесінде жұмыс істейтіндердің бәрі дене, киім, Аяқ киімдерін үнемі таза ұстауға, өндірістегі санитарлық – гигиеналық режимді сақтауға, уақытында дәрігерлік байқаудан, лабораториялық тексеруден өтіп, сақтық егеулерін жасатуға тиіс.

Қызметкерлердің жеке басының гигиенасын бақылау мектептің медицина қызметкерлері мен санитарлық – эпидемологиялық қызмет адамдарына жүктелген. Барлық жаңа келген қызметкерлер алдын ала дәрігерлік байқау мен лабораториялық тексеруден өтеді. Жұмыс істеп жүрген қызметкерлер денсаулық сақтау орындарының көрсеткен мерзімдеріне дәрігерлік байқаулардан өтіп отырады.

Қызметкерлердің жеке басының гигиенасында қолды күтуге ерекше орын беріледі. Алуан түрлі жұмыстарды орындауға тура келетіндіктен қол тез кірлейді. Сөйте отырып осы қолмен тамақтық продукталарды ұстауға тура келеді. Сондықтан қол кірлеген сайын, әсіресе дәрет сындырғаннан кейін, әрбір тамақ даярлау мен тамақ ішудің алдында оны сабын және щеткамен жуып отырады.Қолды шайып алу үшін қолжуғыш жанында үнемі хлор ізбесінің екі проценттік ерітіндісі тұруы керек.Астына кір жиналмас үшін, қолдың тырнақтарын үнемі тұқыртып алып отыру қажет. Қолдың үнемі таза болуы көптеген жұқпалы аурулардың, соның ішінде ішек қарын ауруларының да , алдын алуға көмектеседі.

Санитарлық киімдер өлшеміне қарай таңдап алынып, таза ұсталуы, кірлеуіне қарай ауыстырылып отырылуы керек. Қалпақ киіп, орамал тартқанда шаш көрінбейтіндей болуы қажет. Санитарлық киіммен дәретханаға баруға, көшеге щығуға және оны үйге алып кетуге рұқсат етілмейді.

Тамақ әзірлеу бөлмесінде қызметщілер және бастың және қоғамдық гигиенаның барлық талаптарын орындай алатындай жағдай жасау керек.

59. Таңертеңгілік мектеп тамағы.

Таң ертеңгілік ыстық тамақ (ал екінші смена оқушылары үшін түстен кейінгі тамақ) оқушылардың ой және дене жағынан қалыпты дамулары үшін қажет.

Калориялығы жағынан таңертеңгілік мектеп тамағы тәуліктік тәуліктік тамақтың 10 – 15 процентіндей болуға тиіс. Сөйтіп төменгі кластағы балалар үшін таңертеңгі тамақ ( немесе түстен кейінгі тамақ) 250 – 350 ккал, ал жоғарғы клас оқушылары үшін 300 – 450 ккал болуға тиіс.

Таңертеңгі мектеп тамағы ( түстен кейінгі тамақтың ) бір апталық (6 күндік) үлгі ретіндегі менюін келтірелік.

1 – күн – ұнтақ ботқа. Кофе, нан.

2 – күн - Ет орап пісірген жұқа нан. Шай, Нан

3 – күн - Ірімшікті жұқа нан. Сүт,нан

4 – күн – Күріш ботқа. Кисель, нан

5 – күн – Етті котлет. Компот, нан

6 – күн – Картопты котлет.Какао , нан

Демалыс күндер мен каникул кездерінде де оқушылар осы мезгілдерде үйден мектептегі тәрізді, таңертеңгі екінші тамақ немесе түстен кейінгі тамақты ішіп тұруы керек. Бұл ас қорыту органдарының жұмыс ырғағын сақтау үшін қажет.

Мектеп буфеттерінің жақын арадағы асханадан әкелінген даяр асты жылытатын бөлмесі болуы қажет. Мектепте асхана болмаған жағдайда ғана осылай істеледі.

Кәдімгі таңереңгі ытық тамақтан ( немесе түстен кейінгі тамақ ) басқа буфетте күлше нан, ірімшікті немесе майлы бутерброд, ыстық сусындар) шай, кофе, кисель, сүт) стуға да болады. Ыстық тамаққа деп берілген ақшаларын түрлі тәттілерге жұмсап қоймауы үшін, буфетте конфет, пряник, лимонад , және басқа да жеміс суларын мектеп оқушыларына сатуға кеңес берілмейді. Денсаулығы нашарлаған оқушылар күшті тамақтар ішетін болуға тиіс.

Ішек – қарын жұмыстары бұзылып, зат алмасуына нұқсан келген оқушылар дәрігерлердің көрсетуімен арнайы диетикалық тамақ ішуі қажет. Мектеп оқушыларына арнаулы және күшейтілген тамақ беру ұдайы дәрігерлік бақылауға алынып отыруға тиіс.