- •48 . Дене тәрбиесінің міндеттері
- •49 . Дене шынықтыру сабағы
- •§ 50. Гимнастиканың гигиеналықмаңызы
- •§ 51. Оқушылардың дене тәрбие бойынша кластан тыс жұмыстары
- •VIII мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы
- •§ 52. Тамақтанудың
- •§53. Тамақтық продуктылардың
- •§ 54. Мектеп оқушыларының тамақтану нормасы
- •§ 55. Мектеп оқушыларының тамақтану режимі.
- •§ 56. Тамақтық продуктыларға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар
- •57. Тамақ әзірлейтін бөлмелер мен ыдыс аяққа
- •58. Қызметкерлердің жеке басының гигиенасы.
- •59. Таңертеңгілік мектеп тамағы.
- •60. Күні ұзартылған топтағы балаларды тамақтандырудың ерекшеліктері.
- •61 Тамақтан улану және оны алдын алу жолдары.
- •70. Эпидемиялық гепатит. (Боткин ауруы)
- •71. Полиомиелит
- •72. Ішек құртының аурулары, гельминтоздар
- •73Грипп
- •76 . Тері аурулары .
- •§ 19. Мектеп жабдығына қойылатын негізгі талаптар....................................87 § 20. Мектеп оқушыларын партада дұрыс отырғызудың маңызы.................88
§ 56. Тамақтық продуктыларға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар
Мектептер мен басқа балалар мекемелеріне жіберілетін тамақтық продуктылар жаңа және сапалы, бөтен қоспасыз, ауру туғызатын микробтарсыз, т.б болуы қажет. Бұған азықтық продуктыларды дұрыс тасымалдау және сақтау көмектеседі: әкелінген продукты санитарлық тексеруден өтуі, тексерудің мәліметтерін арнаулы журналға жазып қою керек. продуктыларды тексеру алдында складта немесе тоңазытқышта тұғанда ғана емес, складтан асханаға келіп түскен кезде де) олардың даярланған күні, сақталу шарттары, пайдалану мерзімдері жөнінде алдын ала білуге мүмкіндік беретін продуктымен бірге келген документтермен танысып шыққан жөн. Мұндай мәліметтер тез бұзылатын продуктылар: ет, колбаса, ветчина, балық, сүт және сүттен әзірленген тағамдар, пирог т.б келіп түскенде әсіресе маңызды.
Продуктының сапасын анықтау әдетте балалар мекемесіндегі медицина қызметкері мен аспаз тарапынан жүргізіледі. Сапасы сәл күмән туғызатын қандай да болмасын тамақтық зат басқа продуктылардан бөлініп алынып, санитария – эпидемиология станциясының лабороториялық қосымша тексеруіне жіберу қажет. Тамақ пен продуктыларды жеткізу және сақтау күн сайын көңіл бөліп отыру қажет, өйткені дайындалатын тамақтың сапасы мен тамақтан улануды болдырмау осыған байланысты.
Балаларға тамақ беруді ұйымдастыратын әр мекеме компрессорлы немесе мұзды – тұзды салқындатқышы бар тоңазытқыш камераларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Продуктыны тамаққа әзірлеп өңдеу тамақтың дәмділік сапасын, тамақтың сіңімділігі мен асқорытуды жақсартуды көздейді. Тамақтық продуктыларды мүмкін болатын былғанудан және бүлінуден сақтау үшін , тамақтық өңдеу жұмысы санитарлық – гигиеналық ережелерді қатаң сақтау жағдайында жүргізіледі.
Өте – мөте балықтан тағам жасағанда сақ болған жөн. Шала піскен және шала қуырылған балықтар көбінесе аурулар мен ішек – құрттарының себебі болады, сондықтан ол күйінде тамаққа пайдаланылмауы керек.
Дайын тамақты пісе сала, дереу үлестіру қажет. Бұлай ету тамақтан уланудан сақтауға да, сол сияқты тағамның витаминдері мен дәмдік сапасын жоғалтпауға да мүмкіндік береді. Үлестірген кезде бірінші тағамның температурасы +700С мөлшерінде, екіншінікі +600С-дан кем емес, ал салат, винегрет тәрізді салқын тамақтармен закускалардың температурасы +100С-тан +150С-қа дейін болған жөн.
Егер тамақтың бір бөлігі бірден таратылмаса, оны қайта үлестірер алдында тағы бір рет қайнатып немесе қуырып алу керек. бірақ еш уақытта қалған тамақты қайтадан әзірленген тамақпен араластыруға болмайды. Даяр тағамдарды бөліп құю, салып беру үшін арнайы ожау, қасық, шанышқылар болуы керек.
Продуктыны сақтауды және тамақтық өңдеуді ауадағы оттегі, жарық және жоғары температура әсерінен тез бұзылатын витаминдерді барынша сақтау жайын барынша ойластырып жүру керек.
Витаминдердің ішіндегі ең тұрақтысы – аскорбин қышқылы, сондықтан оны сақтаудың шараларын қолдана отырып, басқа витаминдердің сақталуына жағдай жасаймыз. Тамақтық продуктыларда аскорбин қышқылын (С витамині) сақтау үшін белгілі шарттарды орындау керек: овощтарды асханаға тікелей тамақ даярлау алдында ғана әкелу; овощтарды пісірер алдында ғана жуып, тазалау; пісіруге тиіс картоп пен овощтарды бірден қайнап жатқан суға салып, касрюль, қазандардың қақпақтарын мықтап жауып қою.
Қыс – көктем мезгілдерінде, тіпті азық – түлікті дұрыс сақтап, өңделгеннің өзінде, аскорбин қышқылының мектеп оқушыларының организміне келуі азаяды. Сондықтан тамақтарды жасанды жолдармен витаминдеу қажеттілігі туады. Бұлай витаминдеу даяр болған тамақты үлестірер алдында ғана жүргізіледі. тамақты әдетте әр балаға тәулігіне 50 мг аскорбин қышқылы тура келетіндей есеппен витаминдейді. Витаминдеуді балай жүргіземіз,бірінші немес үшінші тағамнан ( сұйық бөлігін) сұйық бөлігін бір ыдысқа құйып алады да , оған оскарбин қышқылының дайындалған мөлщерін қосып, әбден араластырып , тамақтың негізгі бөліміне апарып қосады.
Бір немесе бірнеше баланы қандай да бір витминдермен қосымша қамдау қажет болғанда оларға даяр витамин препараттары, сироп, тұндырмалар т.б. беріледі. Кез келген витаминденген тамақты және балаларға даяр витамин препаратттарын беруді тек қана медицина қызметкері жүзеге асыруға тиіс. Витаминделген тамақтарды сақтауға мүлде рұқсат етілмейді.
