- •Киім туралы жалпы түсінік.
- •Жеңдердің түрлері
- •. Тұтас пішілген женңін түрлері?
- •2.Реглан пішімнің ерекшелігі
- •2.Конструктивті үлгілеудің 1 түрі (бүкпелердің қарапайым ауыстыру)
- •2.Конструктивтік үлгілеу жалпы түсінік
- •1. Техникалық сипаттама дегеніміз не? (Таңдалған бұйымға сипаттама орындау)
- •Конструктивті үлгілеудің 1 түрі (параллельді кеңейту)
- •Үлгіні зерттеу этаптары
- •2. Майда бөлшектер арқылы бұйымды қалай үлгілейміз?
- •2. Иініштердің түрлерін ата
- •1.Конструктивті үлгілеудің 3-ші түрі( Реглан пішімді жеңнің құрастырылуы )
- •Жеңдердің түрлері
- •1.Майда бөлшектер арқылы бұйымдарды үлгілеу.
- •2.Конструктивтік моделдеудің түрлері
- •1.Реглан жеңді үлгілеу.
- •2.Жағалардың топтасу бойынша түрлерін ата?
- •1)Бұйымда кездесетін ақаулардың түрлерін ата.
- •2.Бүкпелердің орнын ауыстыруы
- •1.Майда бөлшектер арқылы бұйымдарды үлгілеу.
- •1.Реглан жеңді үлгілеу.
- •2. Иініштердің түрлерін ата
. Тұтас пішілген женңін түрлері?
Жеңі тұтас пішілген бұйымдар үшін жеңнің алдыңғы бөлігін алдыңғы бойымен брге пішеді,ал шынтақ бөлігін артқы боймен пішеді.Тұтас пішілген жең әртүрлі пішінде болуы мүмкін.Жеңдердің аузы жатық,түрлі түймеліктері бар,қосып тігілген немесе қайырмалы қаттамалары болуы мүмкін.Жеңдердегі бүкпелер,қатпарлар,бүктесіндер.бүрмелер,кесінділер мен бүрдіктер басқа бөлшектердегі сияқты өңделеді.
№4 билет
1. Киім туралы жалпы түсінік.
Киім – дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғай-тын адам денесінің жасанды жабындысы, материалдар қабаттар жүйесі. Киімнің құрастырылуы киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерін келісімді орналас-тырып тұрғызу. Құрастыру-дың нәтижесі ретінде сызба-лар, суреттер, есептерді жат-қызуға болады. Адам қоғамы-ның дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киім-дері пайда болды, күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байла-нысты оның да басқа түрлері шықты. Еңбектің бөлінуі әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді. Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алды-мен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерек-шеліктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшыра-ды. Қазіргі таңда ол көркем-өнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін бол-ды. Осылайша, киім бұл климаттық және өндірістік ортаның жағымсыз әсерлері-нен қорғау мақсатында және утилитарлы емес, сонымен қатар эстетикалық функцияны да атқаратын адамның киетін бұйымдардың жиынтығы. “Киім” түсінігімен “костюм” түсінігі тығыз байланысты айтарлықтай кең және терең.
2.Реглан пішімнің ерекшелігі
Реглан пішімді жеңдердің қондырмалы жеңдерден айырмашылығы,қолтық ойындысының жүйесі иықты нүктеде тұйықталмай,артқы боймен алдыңғы бойының мойын ойындысының сызығында бірқалыпты жазылады.
Қолтық ойындысының жүйесі әртүрлі үйлесімді пішімді болады:тік және сопақша,бейнелі иінішті,иық тігісіне жақын немесе одан төменірек орналасқан.
Реглан пішімді жеңдердің түрлері:
1.Нөл регланы.Жеңнің бұл пішімінде қолтық ойындысының сызығы мойын ойындысының төбе нүктесінде аяқталады.
2.Иінішті реглан.Жеңнің үстіңгі жағы едәуір енді болып алуан түрлі иінішті түрпішінге ие болады,жең-түптің түрпішіні иықтың көлденең сызығын жасайды.
3.Погон-реглан.Жең бөлшектерінің үстіңгі жақтары погон түріне ие болуы ықтимал.
4.Жартылай реглан.Қолтық ойындысының жүйесі жазық түрде артқы және алдыңғы бойдың иық қиығының кез келген нүктесінде толқымалы аяқталады.
№5 билет
1.Қосымша түрлері Кендікке берілетін қосымшалардың түрлері.
Киiмнiң жобаланатын пiшiнiн құру қосымшаларға да байланысты болады. Олар жалпы қолданылуға – бұйымның барлық енiне немесе жеке қолдануға бөлiктерге (бөлшектерге) беріледі.
Бұйымның берілетін негізгі қосымшалары:
Пг - кеуде деңгейiнде;
Пт – бел деңгейiнде;
Пб—бөксе деңгейiнде.
Бұйым бөлшектерiне (бөлшектерге) берілетін қосымшалар:
Пш.с – артқы бой енiне;
Пш.п – алдыңғы (алды) бой енiне;
Пд.т.с – артқы бой бел ұзындығына;
Пс.пр – қолтық ойындысы (еркiн) тереңдiгiне;
Пш.горл – мойын ойындысы енiне;
Пг.горл – алдыңғы бой мойын ойындысы тереңдiгiне;
Пв.горл.с – артқы бой мойын ойындысына (тереңдiгi);
По.п – иық айналымына;
П. бед - бөксе айналымына;
Еркiн қынамалыққа берілетін техникалық, қимылды, еркiн демалуды қамтамасыз ететін, жылу алмастыруды және ауа қабатының тепе-теңдігін реттейтін қосымшалар деп аталады. Киiмдi декоративтiк, конструктивтiк сәндеуге берiлетiн қосымшалар (сәндiк-конструктивтiк қосымшалар) деп аталады.
