- •Киім туралы жалпы түсінік.
- •Жеңдердің түрлері
- •. Тұтас пішілген женңін түрлері?
- •2.Реглан пішімнің ерекшелігі
- •2.Конструктивті үлгілеудің 1 түрі (бүкпелердің қарапайым ауыстыру)
- •2.Конструктивтік үлгілеу жалпы түсінік
- •1. Техникалық сипаттама дегеніміз не? (Таңдалған бұйымға сипаттама орындау)
- •Конструктивті үлгілеудің 1 түрі (параллельді кеңейту)
- •Үлгіні зерттеу этаптары
- •2. Майда бөлшектер арқылы бұйымды қалай үлгілейміз?
- •2. Иініштердің түрлерін ата
- •1.Конструктивті үлгілеудің 3-ші түрі( Реглан пішімді жеңнің құрастырылуы )
- •Жеңдердің түрлері
- •1.Майда бөлшектер арқылы бұйымдарды үлгілеу.
- •2.Конструктивтік моделдеудің түрлері
- •1.Реглан жеңді үлгілеу.
- •2.Жағалардың топтасу бойынша түрлерін ата?
- •1)Бұйымда кездесетін ақаулардың түрлерін ата.
- •2.Бүкпелердің орнын ауыстыруы
- •1.Майда бөлшектер арқылы бұйымдарды үлгілеу.
- •1.Реглан жеңді үлгілеу.
- •2. Иініштердің түрлерін ата
2.Конструктивті үлгілеудің 1 түрі (бүкпелердің қарапайым ауыстыру)
Бүкпелерді көшірудің түрлерін көрсету.
Бүкпені бедерлі тігіске көшіру. Бедерлі сызық бүкпенің ұшымен түйіскен жағдайда үлгіге модель бойынша бедерлі сызықтарды енгізеді. Үлгіні осы сызық бойымен қиып, алғашқы бүкпені жабады, сол кезде бүкпе саласы бедерлі сызыққа көшіріледі. Егер бедерлі сызық бүкпенің аяғы арқылы жүрмесе, ондай жағдайда үлгіге бедерлі сызықты модель бойынша енгізеді.Бедерлі сызықпен бүкпенің аяғындағы арақашықтық
тың учаскесінде қысқа бүкпенің сызығын түсіреді.Бедерлі сызық пен қысқа бүкпенің сызығы бойынша үлгіні қияды. Алғашқы бүкпе саласын жабады. Сол кезде бедер мен қысқа бүкпелер жандарының арасында бүкпе саласы ашылады.
Бүкпені иініштерге көшіру.
Модельге сәйкес иініш сызығын үлгіге
түсіреді. Сол сызық бойымен үлгіні
қияды. Алғашқы бүкпенің саласын жапқанда,
иініш сызығында көшірілген бүкпенің
саласы ашылады.
№6 Билет
1. 1. Реглан пішімді жеңнің түрлері
Реглан пішімді жеңдердің қондырмалы жеңдерден айырмашылығы,қолтық ойындысының жүйесі иықты нүктеде тұйықталмай,артқы боймен алдыңғы бойының мойын ойындысының сызығында бірқалыпты жазылады.
Қолтық ойындысының жүйесі әртүрлі үйлесімді пішімді болады:тік және сопақша,бейнелі иінішті,иық тігісіне жақын немесе одан төменірек орналасқан.
Реглан пішімді жеңдердің түрлері:
1.Нөл регланы.Жеңнің бұл пішімінде қолтық ойындысының сызығы мойын ойындысының төбе нүктесінде аяқталады.
2.Иінішті реглан.Жеңнің үстіңгі жағы едәуір енді болып алуан түрлі иінішті түрпішінге ие болады,жең-түптің түрпішіні иықтың көлденең сызығын жасайды.
3.Погон-реглан.Жең бөлшектерінің үстіңгі жақтары погон түріне ие болуы ықтимал.
4.Жартылай реглан.Қолтық ойындысының жүйесі жазық түрде артқы және алдыңғы бойдың иық қиығының кез келген нүктесінде толқымалы аяқталады.
2.Конструктивтік үлгілеу жалпы түсінік
Бірінші түрдің конструктивті үлгілеу тәсілдері. Киімнің силуэтін және базалық конструкциясының негізгі контурлы сызықтардың конфигурациясын сақтаған кезінде бұл түрдің қарапайым түрленуі жүзеге асырылады.Оларға жататындар: әр түрлі бағытта бүкпелерді ауыстыру, қатпарларды жобалау, бөлшектердің қосымша жіктелуі, жағалардың, лацканның, өңірдің, майда бөлшектердің модельдік өзгерістерін дайындау.
Екінші түрлі конструктивті үлгілеу тәсілдері.Параллельді кеңейту негізінен бөлшектерде жұмсақ қатпарлар мен жиырмаларды жобалауда қолданылады. Бұл үшін көлденең конструктивті сызықтармен түсірілген өзгеретін бөлшек конструктивті көлденеңнің бойымен жобаланған кеңдікке жылжиды. Бөлшектердің кеңеюі модельге байланысты біркелкі және біркелкі емес болуы мүмкін. Бөлшектердің қиықтары бойынша жолақтардың шекарасы белгіленіп, бірақ кесілмесе бөлшектерді шартты қиылуы мүмкін.Кеңейген бөлшекті бөлшекті этап бойынша жылжыту жолымен және жолақтардың сыртқы контурын сызып белгілеу жолымен алады. Соңғы контурды пайда болған бөлшектердің қиықтарын біркелкі сызықтармен безендіреді (6, а).
Үшінші түрдегі конструктивтің үлгілеу тәсілдері.Киімнің қондырмалы жеңді базалық конструкциясының түрленуінің негізі басқа пішімді киім конструкциясына (реглан, тұтас пішілген, комбинерленген) алдыңғы және артқы бойдың бөлшектеріне жең бөлшектерін тұрғызумен бекітіледі. Реглан пішімді бұйымдарды жобалағанда, керісінше, регланның қолтық ойындысының сызығымен жеңнің окатына кесілген алдыңғы және артқы бойдың жоғарғы бөліктеріне тұрғызуға болады.
№7 Билет
1. Өңірдің түрлері:
Қысқа – өңірдің ені болмайды (сыдырма немесе бау).
Бір өңірлі – жакет, пиджак, «Ә», «Е» - 3 см көйлек, жейделер - 2÷2,5 см
пальто – 4 см.
Екі өңірлі – пальто, «Ә», «Е», «Б» - 6÷8 см;
жакет,пиджак – 6 см.
Ассиметриялық түймелік. Сызбада түймеліктің орналасуына, өңірдің еніне және түймеге байланысты болады. Түймеліктің ұзындығы ... + 0,5 см = 3 + 0,5 = 3,5 Мойын ойындыны тереңдетеміз ↓А5А5' = 1÷1,5 см.
Бір өңірлі бұйымда түймеліктің орналасуы
Алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан 0,5 см оңға қарай жүргіземіз, сосын түймеліктің ұзындығын солға қарай түсіреміз. Түймеліктің ара-қашықтығы модельге байланысты.
Екі өңірлі бұйымдарда түймеліктің орналасуы
↓А5А51 = 1,5÷2 см.
Өңірдің шетінен = Rтүйме + 1 см
у = у'
Түймеліктің арақашықтығы модельге байланысты.Қайырмалы жағалардың түймелігінде ашық түймеліктің орналасауы Л нүктеден 1 см төмен қарай орналасады.
Ашық түймеліктерде түймеліктің орналасуы
Ерлер жейделерінде және әйелдер блузкаларында вертикальді түймелік дәл алдыңғы бойдың ортаңғы сызығында орналасады.
Лацканның қайыру сызығы түзу және доғаланған пішінді болуы мүмкін. Түзу пішінді жоғарыланған түймелікке сәйкес болады, доғаланған –төмендетілген түймеліктерде болады.
2 Бұйымда кездесетін ақаулардың түрлерін ата.
Өлшеу кезінде бұйым фигура бойынша қыналуындағы кемшіліктер өлшем дұрыс алынбағанада және пішімді сызу кезінде фигура ерекшеліктері ескерілмегенде пайда болады.Әйел көйлектерінде жиі кездесетін ақаулар:
1.Артқы бойдың қолтық ойындысы тұсындағы көлденең қыртыстар. Себептері:иық биіктігі ескерілмеген,мысалы нымша бірқалыпты күрделі фигураға пішілген,ал төмен иықты фигураға өлшенеді. Артқы бойдың иығы бойына қондырылуы аз. ;2. Бүйір тігістерін қиғаш қыртыстыр түзе отырып,артқы бой алдыңғы бойды артқа тартып тұр. Себептері: артқы бой қысқа,бүйір тігістерін көктеу кезінде алдыңғы және артқы бойдың бақылау нүктелері сәйкестендірілмеген,пішім сызбасын құрастырғанда еңкейгіштігі ескерілмеген,артқы бойдың бел бүкпесі кішкентай; 3. Артқы бойдың жауырын аймағындағы көлденең қыртыстар. Себептері:өлшемдерді дәл алмағандықтан,артқы бой ұзын болады; Алдыңғы бойдың қолтық ойындысында көлденең қыртыстар-алдыңғы бой фигураға қыналмайды.4. Алдыңғы бойдың қолттық ойындысында көлденең қыртыстар-алдыңғы бой фигураға қыналмайды.себептері:кеуде бүкпесінің ені жеткілікті емес,алдыңғы бой созылған,алдыңғы бой иығының қиғаштығы аз; 5. Алдыңғыбой мойын ойындысы бір жағынан кеудеге қыналмайды. Себептері: сол жақтан иық екіншісіне қарағанда төмен,мойын ойындысы созылған,иық тігістері дұрыс көктелмеген,мойын ойындысы көлденең әдіппен өңделген. 6. Бүйір тігісінен жоғары кеуде нүктесі жақтағы қиғаш қыртыстар. Себептері:
2) Параллельді көбейту негізінен бөлшектерде жұмсақ қатпарлар мен жиырмаларды жобалауда қолданылады. Бұл үшін көлденең конструктивті сызықтармен түсірілген өзгеретін бөлшек конструктивті көлденеңнің бойымен жобаланған кеңдікке жылжиды.Бөлшектердің кеңеюі модельге байланысты біркелкі емес болуы мүмкін.Бөлшектердің қиықтары бойынша жолақтардың шекарасы белгіленіп, бірақ кесілмесе бөлшектерді шартты қиылуы мүмкін. Кеңейген бөлшекті этап бойынша жылжыту жолымен және жолақтардың сыртқы контурын сызып белгілеу жолымен алады. Соңғы контурды пайда болған бөлшектердің қиықтарын біркелкі сызықтармен безендіреді.
Киім бөлшектерінің конусты кеңеюі модельдің силуэтіне байланысты кез келген деңгейден басталуы мүмкін: иық,кеуде,бел,бөксе,тізе және одан төмен.Конусты кеңею бастапқы бөлшектердің (тігістердің) қосымша жіктелулерді кірістірместен трапецияны көрсететін силуэтті форманы жобалауда қолданылады.Бөлшектер "дөңесті трапеция" силуэтін құра отырып,кеңейген шеттері бойынша жиналуы мүмкін.Түрлендірутәсілдері бөлшектердің жолақтарын кеңейту үшін шартты кесілуі бүкпелердің ұштары арқылы орындайды;осы орайда бүкпенің жолағы төселгеннен кейін бөліті немесе толықтай жабылады.
Дәл осындай тәсілдер бөлшектерді конусты тарылтуда да қолданылады,осы жағдайда бөлшектердің төселген жолақтарын бір мезгілде бұйым енін фигураның максималды айналымды өлшену деңгейін қадағалап отырып,бір-біріне кигзеді (мысалы,белдемшелер үшін - бөксе сызығының деңгейінде).Берілген деңгейде бөлшектердің төменгі жақта тарылуы мен олардың енін сақтау кезінде бұрынғы бүкпелердің ерітіндісі көбейеді және жаңа бүкпелер пайда болады. Мұндай модельдерде олардың барлығы жұмсақ жиырмалар мен қатпарларды жасау үшін қолданылады.
Конусты кеңею бұйымның барлық периметрі бойынша біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін ереже бойынша,алды мен артына қарағанда көбінесе бүйір жағынан. Модельдің суреті бойынша конструкцияны дайындау кезінде бөлшектердің кеңею үлкендігін модельдің силуэті бойынша шамамен анықтайды. Бөлшектердің қандайда бір деңгейге кеңеюі "годе" деген атауға ие. Годенің клиндері тұтас пішілген немесе қондырмалы болуы мүмкін. Күрделі бүкпелерді тұрғызу тәсілдері екілік,үштік, кесіктер және қатпарлар 10 суретке көрсетілген. Бұл модельдік ерекшеліктерді алу үшін бұрышта 90° болғаны дұрыс орналасқан бүкпелер мен қиықтарды жобаланған бүкпелердің,қатпарлардың,жиырмалардың немесе қиықтарындағы қатпарларға қарай бағытта қолданады. Бастапқы бүкпені қажетті ұзындықтағы ауданды алуға суретпен сәйкес жіктелулерді төсеп отырып сынық сызықтармен жабады. Бастапқы бүкпенің тік және сынық жақтарының арасындағы алынатын зазор қатпарлар мен жұмсақ жиырмаларға тән,жобаланатын форманың қосымша көлемін көшіреді.
№8 Билет
