Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Farmakognozia_negizderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
442 Кб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил.

2. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.1. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.

3. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 1. Общие методы анализа/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1987. – 336 с.

4. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1990. – 400 с.

Қосымша:

1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. – 672 с.

2. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2007. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с.

3. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – 488 с.

4. Практикум по фармакогнозии: Учеб. пособие для студ. Вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, В.С. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. – Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК – книга, 2004. – 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.

5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб. пособие / под ред. И.А. Самылиной. – М. ООО “Медицинское информационное агентство”, 2008. – 288 с.: ил.

7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Дәрілік өсімдік шикізатына гистохимиялық реакцияларды не үшін жүргізеді?

  2. Микрохимиялық реакциялар деп нені атайды?

  3. Дәрілік өсімдік шикізатының қандай элементтеріне және экстрактивті заттарына гистохимиялық талдауды жүргізеді?

  4. Клетчаткаға жүргізілетін қандай рективтерді білесіз?

  5. Көмірсуларды анықтау реакцияларын атаңыз.

  6. Шырышты өсімдік шикізатына қандай реакциялар жүргізіледі?

  7. Алкалоидтарға тән реактивтерді атаңыз.

№3 Дәріс

1. Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау үрдістерінің негіздері.

2. Мақсаты: әртүрлі морфологиялық топтың дәрілік өсімдік шикізатын дайындау процесінің негіздерімен танысу.

3. Жоспары:

1. Дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастыру.

2. Әртүрлі морфологиялық топтың шикізаттарын жинау және біріншілік өңдеу.

3. Шикізатты кептіру.

4. Шикізатты стандартты қалыпқа келтіру.

5. Шикізатты байлау, таңбалау және сақтау.

4. Дәріс тезистері

Дәрілік өсімдіктердің шикізатына алынатын бөліктерін оған фармакологиялық белсенді заттардың барынша көп мөлшерде жинақталатын вегетация кезеңінде жинайды. Өсімдіктердің мерзімдік дамуын зерттеу негізінде шикізатты жинаудың қолайлы мерзімдерін анықтайды. Нақты жинау күнтізбегі елдің географиялық аумағы мен ауа-райы жағдайына байланысты құбылады. Көбіне жинауды нақты сағатқа туралайды. Мысалы, тминді жеке басқа да оңай түсетін жемістер мен тұқымдарды таң сәріден («шық бойынша»), ал жер үсті бөліктерді керісінше шық кепкенде жинайды. Әрбір өсімдік түрі үшін шикізатты жинау ережелері жасалған.

Шөптер жабайы өсетін шикізаттарды және жинаушылар шөпті пышақ немесе қол орақ, шалғы, секатор көмегімен – өсімдік қалың және тығыз өскен кезде жинайды (мысалы, түйежоңышқа, жұпаргүл, шайқурай және т.б.). Өсімдіктерді егер олар көпжылдық болса, жер асты бөліктерімен қоса жұлуға болмайды. Шөп түрінде жинайтын көп тоннажды жабайы өсетін шикізатты алдын ала арамшөптерден тазартылған үлкен алқапта пішен шабатын машинамен жинайды. Өсіретін өсімдіктер өнімін де пішен шабатын машинамен жинайды.

Жапырақтар. Жапырақтарды қолмен, шикізаттың түріне байланысты кесіндісімен, кесіндісіз немесе оның бөлігімен қоса жұлады. Кейбір майда жапырақтарды бұтақша немесе тұтас шөп түрінде жинайды (аюқұлақ). Егер шикізатқа резеткалы жапырақтар (мысалы, меңдуанада) қажет болса, онда оларды пышақпен тамырына тимей кеседі. Ірі шөпті өсімдіктердің (мысалы, итжидектің) қос жапырақтарынан тек жақсы дамыған, ірі жапырақтарын жинайды. Өсімдіктің ұшы бұл жағдайда кесіп тасталады және шөп түрінде қолданады (галендік препараттарды өндіру үшін).

Гүлдер. Гүл шикізатын жинау техникасы гүлдердің көлеміне, орналасуына (жалғыз немесе гүл шоғыры түрінде), гүл шоғырының түріне және т. с. с. байланысты болады. Сиырқұйрықтың гүлтәжін оларды гүлден жай жұлып алу арқылы жинайды, аюбадам гүлдерін – қалқан түрінде болады. Дәрілік түймедақтың себеттерін ең қысқа қалдықтарымен немесе арнайы тарақпен жұлады. Ағаш өсімдіктерінің гүлдерін жиылмалы сатыны қолдана отырып, гүлденген ұштарын бұтақ қырқатын қайшымен кесіп тастап, жинайды.

Жемістер мен тұқымдар. Шөпті өсімдіктердің құрғақ жемістері мен тұқымдарын жер үсті бөліктерін қол орақпен кесіп отырып, жинайды. жеміс-жидектерде жеміс сабақшасымен немесе онсыз қолымен алады. Шырғанақ жемістерін немесе аршаның бүршікті жемістерін күзде үсіктен кейін, сабақтарын ұрып немесе бұтақшалларын сілкіп жинайды. ағаш өсімдіктердің шырынды жемістерін (шетен, мойыл) жиылмалы саты және бұтақ қырқатын қайшы көмегімен жеміс шоғыры (гүл шоғыры) түрінде жинайды.

Шатыр тәрізді өсімдіктердің (дәріханалық аскөк, анис, тмин, кориандр) жемістерін жинау үшін арнайы жинайтын комбайндарды қолданады.

Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер, жер асты мүшелерді оларды жерден күрек, кетпен, қайла, айыр көмегімен алып жианайды. Құрал-саймандарды топырақ ерекшеліктеріне және жинайтын шикізаттың өсіп-жетілу жағдайына байланысты таңдайды. Осылайша мысалы, айырдың тамырсабағы жағалаудағы топырақтан айырмен оңай алынады, ал зиягүлдің тамырсабағын тасты тау топырағынан тек қайла және кетпен көмегімен алуға болады.

Мияның тамырын өсіп жетілген жерінде (Амудария өзенінің жайылма алқабы және т. б.) трактор соқасымен қазып алады, жерді айдау алдында жер үсті бөліктерін пішен шабатын машинамен шауып алады.

Қабық. Қабық ағаштан оңай алынатын шырын қозғалысы кезінде жинайды. Бұтақ қырқатын қайшымен бұталы және жас ағаштардың бұтақтары мен сабақтарында бір-бірімен 20-25 см қашықтықта жартылай саақинасы және сақиналы көлденең тілік жасайды. Жоғарғы тіліктен ұзына бойлай 2-3 тілік жүргізеді және қабықтың жасалған жолақтарын төменгі сақинаға қарай жеткізбей тартады. Осындай қалыпта қабық жолақтарын кебу үшін біршама уақытқа қалдырады, содан кейін жұлып тастайды.

Бүршіктер. Әртүрлі тәсілдермен жинайды: қарағай бүршіктерін «қаптама» астынан бірден кеседі; қайың бүршіктерін әдетте гүлтәжді дайындау кезінде бұтақшаларды сыдырып алу арқылы жинайды; терек бүршіктерін бүршікті үстінен төмен қарай басып тұрып, бұтақшалардан алады.

Шикізаттың алғашқы өңдеуі түскен қоспаларды, өсімдіктің ақаулы бөліктерін алып тастаудан, сондай-ақ шикізаты кептіруге дайындаудан тұрады. Шөпті жианған соң, әсіресе шабылған соң өсімдіктерді іріктеу қажет, барлық бөтен қоспаларды алып тастау керек. Қажет болған жағдайда төменгі сүректенген бөліктерін шауып алып тастайды. Егер өсімдікті (бір жылдық) таяз орналасқан тамырларымен қоса жұлатын болса, онда оны міндетті түрде шауып тастау керек. Жапырақтарды ақауларын және бөтен қоспаларды алып тастау мақсатында іріктейді. Гүл шикізатынан ең алдымен табиғи түсін жоғалтқан гүлдерді, жинауға болмайтын гүл бөліктерін немесе гүл шоғырларын ашып тастайды. Шөкенік бұтақшаларын ұшын кеседі және гүл шоғырларын гүл жапырақтарымен қоса жұлады. Тұқымдары немесе жемістері үшін жиналған шөптесін өсімдіктерді кездейсоқ араласып кеткен басқа өсімдіктерді алып тастап, іріктейді және бау етіп байлайды; содан кейін кептіреді және бастырады (шатыр тәрізділер жемісі). Шырынды жеміс-жидектерді жеміс сабақшасынан, жеміс шоғыры бөліктерінен (шетен, мойыл), піспеген жемістерден жапырақ қоспаларынан және бұтақша кесектерінен тазалайды. Тамырлар мен тамыр сабақтарды жер үсті бөліктерден тазартады. Тамырсабақты қосалқы тамырларымен топырақтан мұқият жуып тастайды (шүйгін, зиягүл). Кейбір тамырлар мен жер асты өркендерді (жалбызтікен тамыры, мия және т. б.) топырақтан жумай, сілкіп тазалайды. Қабықтарды дайындау кезінде ескі қабық бөліктерін алып тастайды. Бүршіктерді жинаған соң енді бүршік атқан бүршіктерді алып тастайды.

5. Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слаидтар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]