Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Farmakognozia_negizderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
442 Кб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил.

2. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.1. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.

3. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 1. Общие методы анализа/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1987. – 336 с.

4. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1990. – 400 с.

Қосымша:

1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. – 672 с.

2. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2007. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с.

3. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – 488 с.

4. Практикум по фармакогнозии: Учеб. пособие для студ. Вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, В.С. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. – Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК – книга, 2004. – 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.

5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб. пособие / под ред. И.А. Самылиной. – М. ООО “Медицинское информационное агентство”, 2008. – 288 с.: ил.

7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Вегетацияның қай кезеңдерінде дәрілік өсімдік шикізаттарын жинайды?

2. Шөптерді жинаудың қандай тәсілдерін білесіз?

3. Жапырақтарды қалай жинайды?

4. Гүл шикізатын жинау техникасы қандай?

5. Ағашты өсімдіктердің қабығы мен бүршіктерін қалай және қашан жинайды?

6. Өсімдіктердің жер асты мүшелерін жинау ерекшеліктері қандай?

7. Дәрілік өсімдік шикізатын кептірудің қандай тәсілдерін білесіз?

8. Шикізатты стандартты күйге қалай келтіреді?

9. Шикізатты орау және таңбалаудың қандай түрлерін білесіз?

10. Дәрілік өсімдік шикізатын сақтау жағдайы неге байланысты?

№4 Дәріс

1. Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау.

2. Мақсаты: студенттерде дәрілік өсімдік шикізатының сапасын регламенттейтін стандарттау жүйесі мен нормативті құжаттамалардың категориялары туралы білімді қалыптастыру.

3. Жоспары:

1. Стандарттау туралы ұғым.

2. Дәрілік өсімдік шикізатына жасалатын стандарттар категориясы.

3. Мемлекеттік фармакопея, оның бөлімдері мен қызметтері.

4. Дәрілік өсімдік шикізатына жасалатын фармакопеялық мақалалардың құрылысы.

4. Дәріс тезистері

Стандарттау – белгілі бір салада қызметті және мүдделі тараптардың қатысуымен шешуді реттеу мақсатында ережелерді белгілеу және қолдану.

Стандарттау ғылымның, техника мен озық тәжірибенің бірлескен жетістіктеріне негізделеді және қазіргі ғана емес, келешектегі даму негізін анықтайды және оның алға басумен жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл міндетті нормалар, ережелер мен талаптар нормативті құжаттамаларда баяндалған.

Стандарттаудың нормативті құжаты – белгілі бір тәртіппен жасалған және органмен бекітілген, белгілі бір қызмет саласында орындауға міндетті нормалар, ережелер, талаптар кешенін белгілейтін құжат.

Денсаулық сақтау министрлігінде стандарттау бойынша жұмыстарды ғылыми-техникалық басқарма үлестіреді. Денсалық сақтау министрлігінің фармакопеялық комитеті дәрілік заттар мен дәрілік өсімдік шикізатына жасалатын нормативті құжаттамаларды дайындау және қайта қарау бойынша тікелей жұмыстарды басқарады.

Стандарттар категориясы. Стандарттар қолданылу аясына, мазмұны және бекітілу дәрежесіне байланысты келесі категориялар мен түрлерге бөлінеді:

  • мемлекеттік стандарттар – МЕМСТ;

  • салалық стандарттар – ССТ;

  • республикалық стандарттар – РСТ;

  • кәсіпорын стандарттары – КСТ.

Бекітілген мемелекеттік стандаттарға индекстен, тіркеу нөмірінен және МЕМСТ бекітілген жылдың соңғы екі санынан тұратын белгі береді.

Мемлекеттік стандарттарды барлық кәсіпорындар ұйымдар мен мекемелер елдің халық шаруышылығының барлық саласында қолдануға міндетті. Стандартты сақтамау заң бойынша қудаланады.

Салалық стандарттар:

  • салада қолданылатын типтік технологиялық процестерге;

  • осы саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-техникалық қызметтеріне қажетті нормалар, ережелер, талаптар, терминдер мен белгілеріне;

  • осы сала әзірлейтін және қолданатын өнімдерге қатысты нормалар, талаптар мен әдістерге әзірленеді. Салалық стандарттар министрлікпен (саламен, ведомствамен) бекітіледі (әрекетке енеді, өзгереді және жойылады). Салалық стандарттарда осы саланың кәсіпорындары мен ұйымдарында, сондай-ақ осы саланың өнімдерін қолданатын басқа саланың өнеркәсіптері мен ұйымдарында қолдану міндетті. Ұйымдастыру – әдістемелік сипатты салалық стандарттар осы стандарттарды бекіткен министрліктің кәсіпорындары үшін міндетті.

Кәсіпорындар (бірлестіктер) стандарттары тек осы кәсіпорында (бірлестікте) ғана қолданылатын стандарттау нормаларын, ережелерін, талаптарын, әдістерін және басқа объектілерін белгілейді.

Дәрілік заттар мен дәрілік өсімдік шикізатына нормативті құжаттамалар денсаулық сақтау министрі бекіткен ССТ 42-1-71 «Дәрілік заттар және дәрілік өсімдіктер шикізатына нормативті құжаттамаларды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі» салалық стандартына сәйкес әзірленеді.

Нормативті құжаттама дәрілік заттар мен дәрілік өсімдік шикізаты сапасының барынша көтерілуін қамтамасыз етуі, ғылым мен техниканың озық тәжірибенің жетістіктеріне сай үнемі жетілдіруді және денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сай уақтылы қайта қаралуы тиіс.

Дәрілік заттар мен дәрілік өсімдік шикізатына әзірленетін нормативті құжаттамалар келесі категорияларға бөлінеді:

МЕМСТ – мемлекеттік стандарттар Гостандарт көп тоннажды өнімге халық шаруашылығының әртүрлі саласында қолданылатын өсімдік шикізатына бектітіледі;

ФБ – фармакопеялық баптар денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-техникалық басқармасының басшысымен денсаулық сақтау министрі медицинада қолдануға рұқсат етілген сериялы өндірілетін дәрілік заттарға және дәрілік өсмідік шикізатына бекітіледі.

УФБ – уақытша фармакопеялық баптар денсаулық сақтау министрлігінің фармакопеялық комитеті медицинада қолдануға ұсынған және сериялы өндіріске белгіленген дәрілік өсімдік шикізатынының жаңа түрлеріне және жаңа дәрілік заттардың алғашқы өндіріс сериясына бекітіледі. УФБ препараттың өндіріс жағдайында жасалу дәрежесіне байланысты орнатылатын шектеулі мерзімге бекітіледі, бірақ 3 жылдан аспауы тиіс.

Фармакопеялық баптар және уақытша фармакопеялық баптар мемелекеттік стандарттарға теңестіріледі және дәрілік заттар мен дәрілік өсімдік шикізатын өндіретін және қолданатын барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін қолдануға міндетті.

ДӨШ әзірленетін НҚ барлық категориялары бірыңғайланған, өйткені олардың құрылымы, мазмұны және материалдық баяндалуы бірдей.

Баптың атында ДӨШ латынша, қазақша және орысша атаулары беріледі.

Кіріспе бөлімінде шикізатты жинау уақтысы (өсімдіктің өсіп жетілуінің күнтізбелік мерзімдері немесе фазасы), өндіретін өсімдік пен тұқымдасының үш тілдегі атауы, өсімдік шикізатының тағайындалуы көрсетіледі. «Сыртқы белгілері» бөлімінде шикізат құрамы көрсетіледі және тұтас жеке кесілген шикізатқа тән морфологиялық белгілердің сипаттамасы беріледі. Бөлім соңында шикізатқа тән иісі мен дәмі көрсетіледі (тек улы емес шикізаттардың).

«Жарамдылық мерзімі» бөлімінде шикізат келісілген жағдайда сақтау барысында НҚ барлық талаптарына жауап беретін уақыт көрсетіледі.

5. Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слаидтар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]