- •Түркістан – 2015 ж.
- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2.3. Оқытудың мақсаттары:
- •2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі
- •2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
- •2.6. Пәннің мазмұны
- •2. Жүктіліктің физиологиясы мен потологиясы
- •5. Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
- •6 Жалпы гинекология
- •3. Босану физиологиясы.
- •4. Босану патологиясы.
- •7. Гинекологиялық аурулар.
- •8. Онкогинекология негіздері.
- •Пән сағатының үлестірілуі
- •2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарын тақырыптық жоспарлары
- •Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары тақырыптары (сөж)
- •2.8. Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Медициналық сайттар:
- •2.10. Оқыту әдістері.
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
2.3. Оқытудың мақсаттары:
- Студенттерді акушерия мен гинекологиядағы диагностика мен емдеудің негізгі
таныстыру;
- Студенттерді физиологиялық жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі
кезеңді жүргізуге үйрету;
- Студенттерді акушериялық-гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек
көрсетудің принциптеріне үйрету;
- Әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау
мәселелерімен таныстыру;
- Тұлғааралық қарым-қатынас, жүктілер мен гинекологиялық науқастарға кеңес
беру бойынша коммуникативтік дағдыларды жетілдіру.
2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Оқытудың соңғы нәтижелері |
Б1.1 |
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1) |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: ҚР акушериялық-гинекологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін және осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді. |
Б2.1 |
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ- КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР (1) |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қатынас құруда, топта жұмыс істеуде этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: медицинамен байланысты сұхбатты тиімді түрде бере алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: коммуникативті дағдылар принциптерінің құндылықтарын үлестіреді. |
Б2.2 |
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1) |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексеру ерекшеліктерін, физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптерін, акушерия мен гинекологиядағы зерттеудің қазіргі қосымша әдістерін, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін, жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, диагностика принциптерін шұғыл жәрдем көрсету және алдын алуда, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау принциптерін, емшекпен емізу принциптерін, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу нәтижелерін талдау, жүктілік пен босану кезінде қауіп факторын анықтау, жүктілік пен босану патологиясына диагноз қоюда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинау, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін , босанған әйелге баланы емізу техникасына үйрету,бБосанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды аменорея әдісіне үйрету, Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалау, босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтау т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. |
Б2.3 |
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1) |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: осы пәнді игеру барысында алған білімін акушерлік және гинекологиялық процедураларда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: акушериялық сыртқы және ішкі тексеру, арнайы тексеру әдістері: жатыр мойынын айнамен қарау, жатыр қабырғасын-ішекті бимануальды тексеру, ректальды және ректовагинальды тексеру, емшекті қарау және пальпациялау, бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеруге сүртінді алу, ішектегі затты онкоцитологиялық тексеру, жатырішілік контрацептивтерді енгізу, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жүрек соғысының аускультациясы, КТГ, гравидограмма, партограмманы жүргізу, операциядан кейінгі тігістер мен бұтаралықтағы тігістерді өңдеу, нәрестені біріншілік өңдеу т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. |
