- •Түркістан – 2015 ж.
- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2.3. Оқытудың мақсаттары:
- •2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі
- •2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
- •2.6. Пәннің мазмұны
- •2. Жүктіліктің физиологиясы мен потологиясы
- •5. Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
- •6 Жалпы гинекология
- •3. Босану физиологиясы.
- •4. Босану патологиясы.
- •7. Гинекологиялық аурулар.
- •8. Онкогинекология негіздері.
- •Пән сағатының үлестірілуі
- •2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарын тақырыптық жоспарлары
- •Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары тақырыптары (сөж)
- •2.8. Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Медициналық сайттар:
- •2.10. Оқыту әдістері.
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
3. Босану физиологиясы.
Физиологиялық босану туралы түсінік. Босанудың басталу себептері. «Босану доминанты», организмнің босануға дайындығы туралы түсінік. Жатыр мойнының жетілу дәрежесі. Босану кезеңдері. Толғақтар мен күшену. Босану ұзақтығы.
Босануды жүргізу. Босануды жүргізудің белсенді-күту тактикасы. Босану қызметін тіркейтін қазіргі әдістер. Ұрық басының сегменттері туралы түсінік. Босануда ұрықтың бейімделуі. Газ алмасу және босану процесіндегі ұрық гомеостазының ерекшеліктері. Босануды ДДСҰ-ға және дәлелді медицина ұсыныстарына сәйкес жүргізу. Партограмма.
Босануды жансыздандыру. Акушериялық көмек көрсету. Босануды жансыздандыру әдістері. Жансыздандырушы заттардың ұрыққа әсері. Акушериялық көмекті мұқият көрсету. Босануда босанушы мен ұрық жағдайын бақылау (кардиомониторинг).
Қауіпсіз босану. Босанушыларды сыртқы және іншектік тексеру. Босануды дәлелді медицина және ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жүргізу – қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын алу.
Нәрестені қарау. «Жылу тізбегін» сақтау. Нәресте жағдайын бағалау. Нәрестенің алғаш дәретке шығуы, инфекциялардың алдын алу.
4. Босану патологиясы.
Тар жамбас. Себептері. Жіктелуі. Диагностикасы. Анатомиялық және клиникалық тар жамбас кезінде босануды жүргізу.
Босану қызметінің ақаулары. Себептері. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы. Босану қызметінің ақаулары кезінде босануды жүргізу тактикасы.
Ұрықтың дұрыс емес орналасуы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Диагностика. Кесір тілігі операциясын жасауға арналған көрсеткіштер. Асқынулардың алдын алу. Диагностика. Босануды жүргізу тәсілдері.
Босану, босанудан кейінгі кезіңдегі акушериялық қан кетулер. Босану, босанудан кейінгі кезіңдегі акушериялық қан кетулердің қауіп факторлары. Себептері. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Босанған әйелдердің реабилитациясы. Акушериялық қан кетулердің қауіп факторларын дер кезінде анықтаудағы әйелдер кеңесінің рөлі, алдын алу мен реабилитация.
Акушериялық жарақаттар. Түсінігі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагостикасы. Емі. Акушериялық жарақаттардың алдын алу. Босанған әйелдердің реабилитациясы.
5. Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы
Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. Ерте және кеш босанғаннан кейінгі кезең туралы түсінік.
Босанған әйелдердің гигиенасы мен емдәмі. Босанған әйелдерді бақылау. Лактация. Емшекпен емізу. Емізудің он қадамы. Босанғаннан кейінгі бөлімнің асептикасы мен антисептикасы.
Нәрестелер мен босанған әйелдердің іріңді-сепсистік асқынуларының алдын алу. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу.
6 Жалпы гинекология
Гинекологиядағы тексеру әдістері. Әйелдің репродуктивті жүйесінің клиникалық-физиологиялық ерекшеліктері. Гинекологиялық аурулардың семиотикасы. Гинекологиялық аурулардың жіктемесі. Гинекологиялық аурулар диагностикасындағы тексерудің жалпы және арнайы әдістерінің маңызы. Гинекологиядағы арнайы және қосымша тексеру әдістері. Қыз балалар мен жасөспірімдерді тексеру ерекшеліктері.
Етеккір функциясының бұзылуы. Етеккір циклы, реттелуі. Етеккір циклының бұзылуы. Жіктелуі. Әтиологиясы мен патогенезі. Дисфункциональды жатырлық қан кетулер (климактериялық, бала туу кезеңінің, ювенильді). Аменорея, гипеменструальды синдром. Альгодисменорея. Емдеудің негізгі принциптері.
Гинекологиядағы «іштеспесі». Жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы, аналық без ісігі аяқшасының айналып кетуі. Клиникасы, диагностикасы, оперативті емге арналған көрсеткіштер.
