Бүркіттің дене мүшелерін қастерлеп ілу
«Бүркіт бір сілкінсе, бір пәле кетеді», - деп сенетін қазақтар ежелден-ақ бүркіттің терсін де, қауырсынын да, қанатын да, басы мен тұмсығын да, тұяғын да, «ұлы денесін» де құрмет тұтып, ол өлген соң бұл мүшелерді аяқ асты тастамай, ырымдап әр жерге іліп қояды. Яғни, бүркіттің басын, аяқ, тұяғын жас отау тұратын үйдің төріне, жас жұбайлардың тұскиіз, шымылдық, төсек бастарына, жас сәбидің бесігінің басына іліп, ол жас отауды, жас жұбайларды, жас сәбиді әртүрлі тылсым әрекеттерден, «қара күштерден», жын-шайта-ннан, көз-сұқтан қорғайды деп сенеді. Сондай-ақ, ақ шашты әжелер бала бесігіне бүркіттің дене мүшелерін ілгенде: «балам бүркіттей алғыр, қайсар, батыл болсын», - деп ізгі тілек те айтады.
Бүркітті, оның құрал-жабдығын мұралыққа қалдыру
Құсбегі бүркітшілік өнерін ұрпағына үйретіп кетуге тиісті. Ол бүркітін көтеріп жүре алмайтын немесе кәсібін балаларына, туған-туыстарына жалғастыруға бермекші болған кезде «бүркітімді енді сен көтер» деп солардың біріне сыйлайды. Мұрагерлікке құсы-мен бірге оның құрал-жабдықтарын да береді. Бүркітті қабылдап алушы жас құсбегі: «Әкемнің бүркіті», «атамның бүркіті», «ағайымның бүркіті» деп мұра бүркітті басқаларынан ерекше қастерлеп, ұстай-тын болады. Кейде қарт бүркітшілер өлер алдында: «Менің құрал-жабдықтарымды түгенше деген бүркітшіге беретін болыңдар», - деп өсиет те айтады. Мұрагерлері бұл заттарды киелі санап, жоғары жаққа іліп қояды.
Бүркітті сыйлау, оған сәлем беру
Қазақ халқының ежелгі салты бойынша, сырттан үйге ең алғаш кіргенінде адамдардың қай-қайсы да әуелі шаңыраққа сәлем береді. Егерде сол үйдің оң жағында, тұғыры үстінде бүркіт отырса, содан кейін оған да сәлем беріп, құр- мет көрсетеді. Үйдегі үл-кендер: «бүркіттің алдын кесіп өтпеңдер, артынан айналып өтіңдер», - деп ескертіп отыруға тиісті. Қыз-келіншектер, олардың ішінде жеңіл жүрістілері бүркіттің алдын кесіп өтсе, «бүркіттің сағы сынады», - деген наным бар. Егерде амалсыз бүркіттің алдынан өтуге тура келсе, адамдар «бисмиллә» деп өтуі қажет.
Бүркіт қону, бүркіттің түске енуі
Киелі құс бүркіт ауылға ұшып келсе, үйдің шаңырағына, қора-қопсы ның үстіне қонса, қазақ-тар: «Бүркіт қонды – бақ қонды», - деп ырымдап, қуанады. Өйткені, кез-келген түз бүркіті ауыл маңайына ұшып келмейді, үй, қора төбесіне қона бермейді. Бұлай жасайтындар басқа жақтағы құсбегілердің «қол құстарынан» айырылып қалғанында болып тұрады. Және де бүркіті қартайған-да кейбір құсбегілер оны ауылынан ұзатып, көкке ұшырып қоя береді. Алайда олар өз ауылына ұшып келмегенімен, басқа ауыл іргесіне барып қонуы мүмкін. Жас бүркітті ұстап алып, иесі табылса апарып береді, кәрі бүркітке жем беріп асырайды. Сөйтіп, қазақтар: «Үйімізге, ауылымызға бүркіт қонды, бас аман, мал өседі, жақсылық болады», деп ырымдап жатады. Қазақтардың наным, сенімінде бүркіт – жолы ашық құс. Бүркіттің түске енуі – жақсылық. Түсінде бүркіт біреудің басына, иығына қонса: «Оның бағы жанады, басына бақыт, байлық оралады». Түске ақ бүркіт, ақ ала бүркіт, ақиық бүркіт енсе жақсылықтың нышаны. Түске қара, қара қоңыр бүркіт енсе, «тым жақсылық емес, жағдайдың қара байырла-натынының белгісі».
