Бүркіт – киелі құс
Тәуелсіздік алып, әлем картасында Қазақстан атты мемлекеттің пайда болғанына биыл 25 жыл толмақ. Өмірі мен тарихы әріден келе жатқан, сүрлеу-соқпағы ықылым заманнан арнасын тартқан қазақ халқын көзге қалай елестетуге болады. Оған берер жауап дайын. Біз әрдайым қарапайым, еңбекқор, қажырлы, табанды халқымызды қыран құсы, ұшқыр тазысы мен жүйрік аты және үкілі домбырасы арқылы танып білеміз. Ата-бабамыз осы дүниелерді қастерлеп ұстаған, серігі еткен. Қарапайым қазақ тірліктегі нәсібін де осылардан тауып, азық еткені мәлім. Халқымыздың ежелгі салтында қыран баптап, аңға шығу дәстүрі қалыптасса, мұны спорттың бір саласы, саламатты өмір салтын ұстану десе де болады. Таза ауада уақыт өткізудің өзі бір ғанибет екенін бастан өткерген жанмын.
Бүркіттің жас атаулары
Бүркіттің жасы туралы әртүрлі айтылымдар бар. Әр жердің құсбегілері әр алуан атаулармен атайды. Көнекөз қариялардың айтуынша, 33 түлеген құсты көзімен көргендер болыпты. Бірақ, қазақ құсбегілері құс жасын ең ұзағанда 12 жасқа дейін айта алады.
Құсбегілер көбірек айтатын құс жасын төмендегідей төрт түрге бөлуге болады:
1-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Қан түбіт
3 жас ———— Тірнек
4 жас ———— Тас түлек
5 жас ———— Мұзбалақ
6 жас ———— Көк түбіт
7 жас ———— Қана
8 жас ———— Жана
9 жас ———— Май түбіт
10 жас ———— Барқын
11 жас ———— Баршын
12 жас ———— Шөгел
деп бүркіттің 12 жасын 12 мүшелге немесе буынға дейін көрсетеді.
2-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Тірнек
3 жас ———— Тас түлек
4 жас ———— Ана
5 жас ———— Қана
6 жас ———— Жана
7 жас ———— Құм түлек
8 жас ———— Қу түлек
9 жас ———— Сұм түлек
Одан кейін кәрі бүркіт, Мола деп бүркіттің мүшел жасын он буынға бөледі.
3-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Қан түбіт
3 жас ———— Тірнек
4 жас ———— Тас түлек
5 жас ———— Қанды балақ
6 жас ———— Көк түбіт
7 жас ———— Қана
8 жас ———— Жана
Одан кейін Мола тоғыз буынға бөледі.
4-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Тірнек
3 жас ———— Тас түлек
4 жас ———— Ана
5 жас ———— Қана
6 жас ———— Жана
7 жас ———— Құм түлек
8 жас ———— Баршын
9 жас ———— Қоңыр түлек
10 жас ———— Кәрі түлек
11 жас ———— Ақ түлек
12 жас ———— Ақыр түлек
Кейбір құсбегілер бүркіттің тұмсығындағы ирегін санап, құс жасын межелеп жатады. Бірақ, құс тұмсығындағы ирек 8-9-ға барғаннан кейін тоқтап қалады. Одан кейінгілерін қу тұмсық дейді.
Қосымша жаңалық:
Жақында интернет бетінде жарияланған мына суреттер құстану саласындағы ғалымдардың өзін қайран қалдырған.
Танзаниядағы бір жабайы хайуанаттар қорығында жетілген крокодил баласын аулаған бүркіт. Мұны суретке түсіріп алған жол бастаушының айтуынша, қаншама жыл жабайы жануарлар тұрмысын зерттеумен айналысып келсе де, дәл мұндай таңғажайыпты тұңғыш рет көруі екен.
Ал біз, қазақтар, қыран бүркіттің қасқыр, қарақұйрық, елік сынды ірі аңдарды аулайтынын жақсы білеміз. Ашынса, адамға да түсер сәттерін көрмесек те, естіп жүрміз.
Қасиетті құс-Бүркіт
Б
үркіт
сұңқар тәрізділер қаршыға тұқымдасының
қырандар туысына жататын, және бірбеткей
саналатын, мекенді жыртқыш құс. Латын
тілінен аударғанда Алтын қыран деген
сөзді білдіреді. Себебі бұл атау
латыншадан алғанда өз жемтігін бүріп
қысып, ұшып жүріп тырнағымен бүріп ұстап
қанталап алатын жыртқыш. Түркі халықтарының
көпшілігі осы жыртқыш құсты бүркіт деп
атайды. Бүркіттер жұптасып тіршілік
жасайды. Таулы жерде көп мекен етеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында
көптеп кездеседі. Бүркіттің аяғы төрт
саусақты: артқысы тегеурін, ішкісі
жембасар, ортаңғысы сығым, шеткісі
шеңгел. Қыран бүркіт батылдықтың,
мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың
құсы.
Бұрыңғы ата бабаларымыз
бүркіт қасиетті құс болғандықтан,
сұсынан жын шайтан қашады деп бүркітпен
аластауды салт етіп ұстаған. Көршінің
не болмаса көрші ауылдың үйлеріне
бақытсыздық орын алған жағдайда, не
болмаса жұмыстары жүрмесе, беймаза
күндері болса, не болмаса отбасы
мүшелерінің біреуі қатты сырқаттанса,
үйдің бүркітімен аластатып ұшықтап
алатын.
Қазақ
ауылдарына тараған сырқат адамдарды
емдеу, шипалық емдері болған. Ол тәсіл
бүркітпен емдеу еді. Бұл ем көбінесе
жын шайтаннан, бір жаманнан қатты
қорыққан, шошынған, ұшынған, есалаңмен,
басында ауытқулары бар адамдарды
Бүркітпен сауықтыру қолданылып келді.
Әсіресе ақыл есі кеміген адамдарды,
әуелі де оларға итті көрсетіп, сосын
сырқатын бүркіттің қанатымен желпіп
ұшықтаған. Одан соң аластап, басын
бүркітпен сәл ғана ұрған. Сырқатын
емдегенде көбінесе қартайған қыран
құстар таңдалынады. Себебі жасы келген
бүркіттің қуаты мен емі күшті. Саңқылдап
шақыратын бүркіттердің дауысынан жын
шайтандар қашып кететін.
К
ей
ауылдарда босана алмай жатқан келіншектер
болғанда құсбегілер бар болса, қиналып
жатқан әйелдерге бүркітшіні шақырып,
бүркітімен желпитін әдеті болған. Ауыл
құсбегілерінің ең мықты бүркіті
таңдалынып, толғағы қысқан, ауырлаған
әйелді бүркітпен желпу әдісін қолданған.
Босана алмай жатқан әйелдің үйіне
бүркітті алып келіп, дәреттеніп, Бүркіт
иесінің аруағына сиынып, дұға оқып,
біссмілләсін айтып, оң аяғымен кіріп,
шаңыраққа қарай, Ассалаумағалейкүм деп
сәлем берген. Бүкіттің томағасын сыпырып,
босана алмай жатқан келіншекке қолындағы
құсымен тақап отырып, қанатымен екіқабат
әйелді желпіген. Бүркітті көріп, есін
жиған әйел, оңай жеңіл босанады.
Сырттан
үйге кірерде әуелі шаңыраққа, сосын сол
үйдің оң жағында бүркіт отырған жерінде
бүркітке де сәлем көрсеткен. Бүркіттің
алдын кесіп өтсе, бүркіттің сағы сынады
деген. Егер амалсыздан бүркіттің алдынан
өткен жағдайда, бісмілләләп өткен.
Себебі Бүркіт қозып кетін жағдайы
болған.
Көп уақыт өмір сүріп,
бүркіт қартайып өлген кезінде, құсбегілер
құрметтеп жерлеген. Денесін ақ шүбереке
орап, мекен еткен жерінің биік төбесіне
ұясының қасына жерлеген. Ескерткіш үшін
басын кесіп, іліп те қойған.
........
