- •Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі
- •2. Үй жұмысын сұрау.
- •3. Жаңа сабақ
- •6. Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау, күнделігіне қою.
- •Www.Jospar.Kz Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
- •6.Өлеңді мәнерлеп оқу.
- •8.Топпен жұмыс.
- •11.Қорытындылау
- •13.Үйгетапсырма
- •14.Бағалау.
- •9. Жоспар құру (оқушы жауабымен) тақтаға
- •10. Кубизм стратегиясы
9. Жоспар құру (оқушы жауабымен) тақтаға
А)Қыс көрінісі
Ә)Қыс ашуы
Б) Балалар әрекеті
В) Тоңған балалар
10. Кубизм стратегиясы
Кубикті лақтыру арқылы әр бетіндегі санға сәйкес тапсырма орындату)
1.Суретте.
Ақын өлеңіндегі қыс суреті (күн суық, үскірік аяз) осы жолдарды өлеңнен табу
2.Салыстыр.
Өлеңдегі қыс келбеті мен бүгінгі ауа райы
3. Ізде
Балалардың әрекетін бейнелеген жолды табу
4.Ойлан
Ақын нені ойластырады? (көшпелі қазақ халқы үшін қыс мезгілінің қолайсыз болғанын көрсетеді)
5.Сурет сал.
Қиялыңдағы қыс суретін сал.
6.Ұштастыр
Тақырыптағы халық ауыз әдебиетімен ұштастыру (қыс туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар айту)
11.Қорытындылау
Сонымен Абай табиғат лирикасында табиғатты бейне күйінде ғана емес, оны ел тіршілігімен, халық өмірімен байланыстыра суреттейді. Алған білімдерімізді қорытындылап, «Қыс сипаты» тақырыбына мына сөздерді пайдалана отырып ой толғау жаз.
Қыс, қар, суық, борайды, соғады, үскірік, қатады, қатты, аяз.
Сұрақ-жауап
Кластер әдісімен қорыту
— Сонымен Абай жырлаған қыс қандай екен?
Сызбамен қорыту 12.Рефлекция
Мен не үйрендім?
— Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы?
Өлмейтұғын артына сөз алдырған? — деп артына асыл мұра қалдырған Абай да мәңгі өлмек емес. (мұғалім сөзі)
13.Үйгетапсырма
Өлеңді жаттап, Абай туралы қосымша мәліметтер жинап келу.
14.Бағалау.
|Сабақтың тақырыбы: БАЛА АБАЙ. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру. 2. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру. 3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиетерге тәрбилеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету. Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ. Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, Венн диаграммасы, топпен жұмыс істеу әдістері. Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің портреттері, қосымша әр түрлі кітаптар, сюжетті таблицалар, Абай туралы карточкалар, ватман қағаз, суреттер т.б. заттар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырма: Ғ.Қайырбековтің "Алғашқы қоңырау” өлеңін мәнерлеп оқу және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ-жауап алынады. Ы.Алтынсарин туралы т.б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу. Жаңа сабақ: М.Әуезовтің "Бала Абай” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп өтемін. 1. М.Әуезовтің "Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Мысалы: - Бала Абай деген кім деп ойлайсыздар? Екі минуттай ойлану, серіктесімен ой бөлісу. 2. Сұрақ-жауап. Диалог. Оның қандай өлеңдерін білеміз, т.б. талдау жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист-шыншыл т.б. тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын. 1. Мәнерлеп оқу (өзім). 2. Сұрақ-жауап. 3. Рольмен оқыту. 4. Кейіпкерлерді табу. Енді түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу v + - ? осы (- +) белгілер бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі. Оқушы түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі. Сергіту сәті. Топпен жұмыс. Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын. І. Топтың сұрағы. Бала Абайға мінездеме беріңдер. ІІ. Топтың сұрағы. Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер. ІІІ. Топтың сұрағы. Байкөкшеге мінездеме беріңдер. ІV. Топтың сұрағы. Барласқа мінездеме беріңдер. V. Топтың сұрағы. Барлас Абайға қандай бата берді? VІ. Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз. Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді. 3. Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын құрайық. Екі кейіпкерді алып, ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс. Жұптасу арқылы ой бөлісу. Сабақты қорыту: Венн диаграммасы. Барлас Байкөкше 1. Ақын 2. Қартаң 1. Екеуі де ер адам 1. Жыршы 2. Жастау 3. "Қобыланды батыр” жырын біледі 2. Екеуі де жыршы 3. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын біледі Венн диаграммасына жалпы ойды қорытып, тақтаға ватман қағазға жазып іліп қоямын. Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту. Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5-6 тапсырма. 1. Сөздік дәптермен жұмыс. 2. Авторлық дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу тапсырылады. Бағалау кезеңі.
Сабақтың тақырыбы׃
Абайдың табиғат лирикасы.
Білімділік мақсаты׃Оқушыларға Абай өлендерін барынша терең
меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық
ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарды кеңейту.
Дамытушылық׃ Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал
ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік׃ Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру,
олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер
дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.Абай ұлылығын терең сездіру,
туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі׃ Жарыс сабақ (топтық)
Әдіс - тәсілі׃ Баяндау.«Ой қозғау».«Дөңгелек стол».«Кубизм»,
Венн диаграммасы. Топтық жарыс.
Пәнаралық байланыс׃ Тарих, ән-күй.
Көрнекілік׃ Сұрақты тапсырмалар салынған конверт. Ақын портреті.
Абай сөздері жазылған плакаттар, қосымша дидақтиқалық материалдар.
О. Сүлейменов, М. Шаханов суреттері.
Сабақ барысы׃1.Ұйымдастыру. .Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.
Ой қозғау: «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға жыл мезгілдері туралы сипаттап жазады. 1 топ – жазғы табиғат туралы. 2 топ – қысқы табиғат туралы жазады. Әр топтан 1 оқушы оқиды.
2. Өткенді пысықтау.
Өткенді пысықтау мақсатында " Абай әлемі" тақырыбына кластер әдісі бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауабын тауып іледі.
1. Абай қай жылы туған? ( 1845 жылы 10 тамыз.)
2. Туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Абайдың шын аты кім еді? ( Ибрагим.)
4. Абайдың әжесінің аты кім? ( Зере.)
5. Абайдың арғы аталары кімдер? ( Өскенбай, Ырғызбай. )
6. Шешесінің аты кім болған. ( Ұлжан.)
7. Құнанбай неше әйелді болған? ( 4 әйелді.)
8. Абайдың. Дүниеге көзімді ашқан кім еді ? ( Михаэлис.)
9. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.)
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет- Риза.)
11. Абайдың руы қаңдай? ( Тобықты.)
Жаңа сабақ.
Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен «лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық.Лирика дегеніміз ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл-күйі,күйініш-сүйініші тән. Лириканың 4 түрі бар.
Л и р и к а
филосо- саяси махаббат табиғат
фиялық
.
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы.Онсыз өмір жоқ.Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан-жақты жырлаған ақын болған емес.Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады.Табиғатқа жан бітіруге ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Бұл өлеңдерін ақын 1886-1890 жылдар аралығында жазған.
Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдеріне байланысты жарыс сабақ өткізбекшіміз.
Жарысқа 2 топ қатысады.
1топ –«Жаз», «Күз» (1886-1888 ж)
2 топ-«Қыс», «Жазғытұры»( 1888-1890 ж)
Жарыс 5 бағыт бойынша өтеді.
1.Поэзия
2.Теория
3.Ән-күй.
4.Этнография
5.Экология.
Жарыс сабақтың мақсаты - сендердің өнер-білімдеріңді жан-жақты байқау .Әр бағыттың арнайы сұрақ тапсырмалары бар.
1 бағыт – Поэзия
1. тапсырма . Әр топтың мүшелері 3 шумақтан бірін-бірі жалғастырып.өлеңді мәнерлеп жатқа айту керек.
2 тапсырма. Әр топ өздеріне арналған сұрақтарға жауап береді.
1) «Жаз», «Күз» тобына.
а) Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
ә) Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген?
2) «Қыс», «Көктем» тобына.
а) Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?
ә) Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген?
2 бағыт- Теория.
1 тапсырма
1 топқа - "Күз", "Жаз".
1) Эпитет дегеніміз не? "Күз" өлеңінен мысал келтір.
2 топқа - "Кыс", "Жазғытұры."
а) Кейіптеу дегеніміз не? « Кыс» өлеңінең мысал келтір.
2 тапсырма.
Әр топ өз өлеңдерінің құрылысына талдау жасайды. ( бунақ дегенді анықтау)
1) Өлең шумағы неше тармақтан тұрады? (4)
2) Әр тармағын буынға бөліп, неше буынды өлең екенін анықта?
3) Өлең неше шумақтан тұрады? (6,8,13)
4)
3 бағыт-Ән-күй.
Абайдың табиғат туралы әндерін шырқау жарысы .Қай топ көп айтады.
4 бағыт- Этнография
Өлеңдерде кездесетін қазақтың көне тұрмысына, шаруашылығына қатысты кейбір
сөздеріне түсінік беру.
1. Малма деген не? Малма сапсу дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шуда жіп деп қандай жіпті атаған. Оны қалай иіреді.
3. Шом, Шомшы деген не?
4. Күзеу деген не? Көшпелі қазақтардың қысқа, жазғы қоныстары қалай аталған.
5. Алты қанат үй деген қандай үй? Киіз үй неше қанат болуы мүмкін.Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
6. Шидем деген не?
7. Ене деген кім? Қазақша қандай туыстық атауларды білесің ?
8. Құда деп кімді айтады?
Жауабы.
1. Малма-тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.
1. Түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген.
2. Шом- түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы-түйемен
жүк тасушы адам.
3. Күзеу-малшылардың күзде отыратын қонысы.жайылымы.
Қысқы қоныс-қыстау.жазгы-жайлау делінген.
4. Киіз үйлер керегесінің санына байланысты 5, 6, 7, 12 қанат болып келеді.Ол мынадай бөліктерден тұрады: кереге.уық.шаңырақ.сықырлауық.түндік.іргелік.туырлық үзік.басбау.бау.т.б.
5. Шидем-қойдың жабағысынан тігіп .сыртын маталап қаптаған киім.оны күпі деп те атаған.Қазақта сондай-ақ тон.ішік.тымақ.бөкебай.түлкі тымақ.құлақшын.пима
байпақ. т.б. киімдер бар.
6. Келіндер күйеуінің шешесін ене деп атаган.Туыстық атаулар: апа.көке.ата.әже.
жезде.аға.жеңге.балдыз.абысын.келін.құда.құдағи.құда бала.құдаша.бөле.
нағашы,жиен,жиеншар,сіңілі,қарындас,қайын сіңілі.
7. Қыз алысып,қыз беріскен адамдар құдалар деп аталады."Құда мың жылдық,
күйеу – жүз жылдық" , "Құдаңды құдайыңдай сыйла"
5 бағыт- Экология.
Ой толғау.
2 топқа конверттің ішіне салынған 2 сурет беріледі.
(Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов)
Сұрақтар.
1. Бұл кімнің суреті. Оның бүгінгі сабаққа, экологияға қатысы қандай?
Қандай еңбектері бар?
2. Олардың табиғат қорғау жөніндегі қызметі туралы не білесіңдер.
Қорытындылау. Біз бүгін не білдік, не үйрендік?
Бағалау парағы: әр стратегия бойынша дұрыс жауап берген топқа бір ұпай беріп отырамын. Сабақ аяғында есептеп бағалаймын.
Топтың № Өткенді
пысықтау «Дөңгелек
стол» «Кубизм» «Ой толғау» Қорытынды
1 топ
2 топ
Жеңімпаздарды марапаттау.
Үйге тапсырма: " Табиғатым- махаббатым" атты эссе жазу.
Пікірлер: 0
|
Оқылды: 15825 Жариялады: admin
Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы – таңырқа!» Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд. Өту барысы: Кіріспе. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес. Мені мен, менікінің айырылғанын, “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. Даламызда мұңлы үміт Тұрған кезде қалтырап Көкіректерге нұр құйып, Күн боп тудың жарқырап. Абай – ақын ер еді, Абай дана, сері еді, Абайдың рухын өлтірмей, Асқақтатқан елі еді Аспандақан жері еді. Жұртына өлең қалдырған Абай неге өледі? Абай неге сөнеді?! Ақын дауыл, сел еді, Сақтайды ұл-қыз дарынды, Халқының әдет-ғұрпын. Біздердей ұрпақтарыңды Жүрсінші қолдап рухың. Ақын жаны кең еді, Ойлағаны елі еді. «Халқым, жұртым» дегенде Талай шабыт кеп еді, Дара ақын ер еді, Жүрген жері төр еді. Ақындар жырлап айтқандай «Абай тіл иен көз» еді. Абай жыры мәңгілік, Жүрегім оны сезеді. Жазира, дархан бел еді. Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халыты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды. Енді, ақынның өмірі туралы деректер тыңдайық. Негізгі бөлім. Абай – Ибраһим. 1-оқушы: Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 2-оқушы: Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды. 3-оқушы: Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 4-оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды. 5-оқушы: Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды. 6-оқушы: 20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. 7-оқушы: Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды. 8-оқушы: Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы. 9-оқушы: Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Абай – ақын. - Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. - «Қыс» - «Жазғытұры» - «Жаз» - «Күз» - «Ғылым таппай мақтанба» Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз. Болмасаң да, ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де-өзі, мал да -өзі Ғылымға көңіл берсеңіз. Мұғалім: - Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған. Абай – сазгер. - Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған. • Тәңір қосқан жар едің сен • Сегіз аяқ • Көзімнің қарасы • Қор болды жаным • Бойы бұлғаң • Айттым сәлем, Қаламқас • Біреуден біреу артылса • Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа • Сен мені не етесің? • Ата-анама көз қуаныш • Сүйсіне алмадым сүймедім • Желсіз түнде жарық ай Ән «Көзімнің қарасы» Абай – ойшыл. - Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық. (Үнтаспадан қара сөздер тыңдау) Абай – аудармашы. - Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен. - Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа» Қорытынды. Абай – дара, Абай – кемел, озат та, Жол салады әр өлеңі ғажапқа! Бар жазғаны даналық боп саналған, Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта. Мыңмен жалғыз алысқан, Арыстандай ер еді. Әр ақынды кезеді Абайдың өлең-өзені. Ары таза, иманы мол данышпан, Заман үнін сезе білген алыстан. Өлеңімен оятып әр сананы, Өмір бойы надандықпен алысқан. Дана Абайға тең келмес ешбір ақын, Танытты ол адамзаттың асыл затын. Қырық бес қара сөзді жазып кетті, Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын. Аты өшпейді Абайдың мұным анық. Ар-ожданын намысқа жанып алып, «Қалың елім - қазағым» деп жырлады, Зередей әжесінен тәлім алып. Әр сөзінде астарлы ой тұрады. Оқысаң, ашылады ой тұманы. Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы, Абай сөзі – қазақтың бойтұмары Қазақтың асқан кемелі Жұрттың қамын жеп еді, Ақынның рухы өлмейді, Абай – ұлы себебі! - Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. - Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.
