Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-7 тәжірибелік жұмыс ДЛЯ РАСПЕЧАТКИ.docx1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

2.3.2 Жалпы мәлімет

2.3.3 Алынған нәтижелерді талдау

2.3.4 Марганецтің, кремнийдің, никелдің, молибденнің, вольфрамның және хромның ферриттің қаттылығына, соққы тұтқырлығына және суыққа сынғыштық шегіне әсерін қарастыру.

2.4 Жұмыс бойынша қорытынды

Қорытындыны рәсімдегенде легірлеуші элементтердің ферриттің беріктенуіне ісері жөніндегі мәліметті қолдану

2.5 Бақылау сұрақтары

2.5.1 Материалды таңдауда қандай талаптарды ескеру қажет?

2.5.2 Пайдалану сенімділігі дегеніміз не?

2.5.3 Материалдың технологиялылығы қандай орын алады?

2.5.4 Материалды таңдауда экономикалық сипаттамалар қандай орын алады?

2.5.5 Қорытпаның негізін таңдауда қандай талаптар негізгі, ал қандай талаптар шектеуші болып табылады?

Тәжірибелік жұмыс 3 берілген пайдалану температура аралығында ыстыққа берік қорытпаның негізін таңдау

3.1 Жұмыстың мақсаты: Қорытпалардың ыстыққа беріктік табиғаты жөнінде негізгі мәліметтер алу және олардың жоғары температураларда ерекшеліктерінің бағыты. Мақсат қойып таңдалған ыстыққа берік қорытпаның негізін таңдау әдістемесін игеру.

3.2 Жабдықтар мен материалдар: Таза металдардың балқу температуралары жөнінде анықтамалық мәліметтер. Калькулятор, сызғыш және миллиметрлі қағаз.

3.3 Жалпы мәліметтер

Ыстыққа берік материалдар деп жоғары температураларда пайдалану кезеңінде жоғары механикалық қасиеттерді сақтап қалу бейімділігі. Ыстыққа беріктік дегеніміз конструкциялық материалдардың (негізінен металды) жоғары температураларда ұзақ уақыт бойы қирамай және елеулі деформацияға ұшырамай механикалық жүктемелерге тозуға қасиеті.

Ыстыққа беріктіктің ерекше өзгешелігі төмендегідей болады:

1) Котрелл белгілегендей, макроскопиялық ағу шегінен төмен, статистикалық жүктемелеу кезінде жылжыпсырғымалылық құбылысының дамуы σт деформация жылдамдығына байланысты функционалды байланысқа сәйкес болады:

σт = k (έ)n (3. 1),

мұндағы, έ – деформация жылдамдығы;

k, n – материалдаың беріктігіне байланысты константалары.

2) пайдалану температурасы мен жүктемені түсіру ұзақтығын қирау кернеуінің қатты тәуелділігі (3.1, 3.2 суреттер). Жүктеме артқан сайын, берілген уақыттағы оның қимылынан қирау кернеуі төмен (3.1 сурет). Жылдам сынаулар нәтижесінде материалдың қирауын туғызатын кернеу жүктеме ұзақ әсер еткендегіден жоғары болуы мүмкін (3.2 сурет).

Сурет 3.1 – Сынау ұзақтығына байланысты материалдардың қирауға қарсыласу байланысы.

Сурет 3.2 – Темірдің сынау температурасына байланысты уақытша қарсыласғау байланысы.

Кәдімгі (төментемпературалы) беріктік пен ыстыққа беріктіктің белгілі ұқсастығына қарамастан, олардың арасында маңызды айырмашылықтары да бар. Негізгісі – жоғары температураның әсері нәтижесінде жылумен кеңею, диффузиялы үдерістердің белсенді болуы және мүмкін болатын реккристаллизацияның дамуынан термиялық беріксіздену.

Термиялық беріксізденумен нақты күресу жолы болып қиынбалқитын металдар негізінде жоғарылегірленген қорытпаларды алу болып саналады, өйткені рекристалдану, балқу және легірлеу дәрежесінің арасында келесідей байланыс бар:

Тр = α(с%)·Тб.,

мұндағы, α – легірлеуші элементтің мөлшеріне (с%) байланысты коэффициент:

  • өте таза металдар үшін α·~ 0,2;

  • техникалық металдар үшін α·~ 0,2-0,3;

  • төмен легірленген қорытпалар үшін α·~ 0,3-0,4;

  • орташа легірленген қорытпалар үшін α·~ 0,5-0,6;

  • жоғары легірленген қорытпалар үшін α·~ 0,7-0,8.

Ыстыққа берік қорытпаларды алу тәжірибесінің нәтижесі бойынша температураның материалдың илемді деформацияға және қирауға қарсыласу механизміне әсерімен байланысты, әсіресе диффузиялы жылжыпсырғымалылық дамыған кездегі 0,5-0,6 Тб артық температурада. Осы сепептен ыстыққа берік қорытпалардың негізін дұрыс таңдауда ерекше қатаң талаптар қойылады. Құрылымды-фазалық тұрақтылықты [1] сақтаудың жалпы қағидаларына сәйкес, негізгі компонент ретінде келесі сипаттамаларға сәйкес металл қолданылуы мүмкін:

  1. Балқу температурасы жоғары.

  2. Қыздыру кезіндегі ұлғаю коэффициентінің төмен болуы.

  3. Жағына шоғырланған текше тор.

  4. Концентрациялы қатты ерітінділердің түзілу мүмкіндігінің жоғары болуы.

  5. Полиморфты түрленудің болмауы.

Ыстыққа берік қорытпаның негізін таңдауда пайдалану температурасын, берілген кернеу шамасын және жүктеме астында жұмыс істеу ұзақтығын таңдау негізгі мағынасы болып саналады. Мысал ретінде таңдау тәсілі келтірілген, ол жағдайда анықтаушы фактор ретінде жұмыс температурасы таңдалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]