- •Курстық жұмыс Тәуелсіздік тұсындағы ш.Мұртаза шығармашылығының негізгі тақырыбы
- •Намыстың наркескені, шындықтың шырақшысы – Шераға.
- •1.1 Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі
- •Тәуелсіздік тұсындағы шерхан мұртаза шығармашылығы
- •2.1 Ай мен Айша романының негізгі тақырыбы.
- •2.2 Еліне айтып Елбасына тыңдатқан қайраткер.
- •Қорытынды
2.2 Еліне айтып Елбасына тыңдатқан қайраткер.
Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстанда» аракідік жарқ ете қалатын жарияланымдар оқырманды елең еткізді. Соның нақты бір мысалы, жазушы Шерхан Мұртаза мен публицист Камал Смайыловтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде 1996-1997 жылдары жарияланған хаттар циклы. Бұл хаттарды қазақ эпистолярлық публицистикасының классикалық үлгісі деп сеніммен айтуға болады. Ол хаттар кейіннен «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» деген атпен жеке жинақ болып та шығып, одан кейін екі қаламгердің де таңдамалы шығармаларының көптомдық жинақтарына енді. Бір айта кетерлік жайт, хат жазысқан екі адамның ойлау дәрежелері мен ақыл-білімінің қарайлас болғаны оқырманды да желпіндіріп отырады. Біреуінің ойы екіншісінікінен әлдеқайда асып кетсе, бесті мен құлынды жарыстырғандай әсер қалар еді. Ал, мына, жағдайда екі қаламгер ауыздықпен алысқан қос сәйгүліктей бір-бірімен тең дәрежеде пікір бөліскен. Шерхан Мұртаза белгілі жазушы болғанымен білімі мұхиттай терең Камал Смайыловтың эрудициясын мойындап әрі шын пейілімен атап көрсетіп,ризалығын білдіріп отырады. 1996 жылғы 12 шілдеде жарияланған «Алтын сандықтың кілті кімде?» атты хатында Шерағаң бүй дейді:» Камал дос! «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Қазақстан. ХХІ ғасыр» атты көлемді мақалаңды оқып, (25 маусым, 1996 ж.) көңілім әр саққа жүгірді.Бір себептен сүйсіндім. Бір себептен…күмәндімін. Сүйсінгенде, алғырлығыңа, журналистік тапқырлығыңа сүйсінемін. Біз болсақ «Қазақстан ұлан-байтақ, Қазақстан бай» деген жалпы ұғыммен сөйлейміз. Сен болсаң, сол байлықты нақты цифрлармен сөйлетесің. Цифрлар сенің құлдыраңдап жүгіріп жүрген жиендерің сияқты. Тіпті, жердің жеті қат астында жатқан байлықтың бәрін грамдап өлшеп, есеп-шотты сарт-сұрт еткізіп, тиынына дейін шығарып қоясың. Сөйтесің де «Қазақстан қазба байлықтары – 10 триллион доллар!» деп бір-ақ тоқ еткізесің» [7.257-258]. Келесі хатында Камал Смайылов өзіне тән зеректікпен, энциклопедиялық білім тереңдігімен оқырман қауымға өте қызықты ақпараттарды жайып салған. «Дос Шерхан! Сенің «Егемен Қазақстанда» «Қазақстан. ХХІ ғасыр» атты мақалама байланысты хатыңды мұқият оқып шықтым. Осындай бір күдік-сұрақтың сенің тарапыңнан болатынын сезіп жүр едім. Сен бұдан бұрынырақта бір жерде «Қазақстан жері миллиард адамды асырай алады» деп айтқанымда, «О не дегенің, оны білсе, андыздап отырған көршілер лап беріп, бас салатын болады!» деп қорқыныш айтқансың. Шынында, бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандарының ғалымдар берген деректер негізінде жасаған қорытындысы. Осыған орай тағы бір дерек бар. Біздің қазіргі Жер-Анамыз (сен өте аянышты жазғансың оның жәйін) кемінде 20-30 миллиард адамды асырай алады және де тамағын тоқ, көйлегін көк етіп, жарасымды тіршілік жасауға мүмкіндік береді екен. Адамдардың ақылы жетсе, саясаткерлердің рахымы болса, жердің жомарттығында шек жоқ. Бұл аңқылдаған ақкөңіл оптимизм емес, кәдімгі нақты есеп, дерек. Иә, бұл – мүмкіндік, ал оны жүзеге асыру басқа мәселе», – деп көшелі ой-толғамдарға жетелейді әріптесін [7.260-261] дейді. Шерағаң «Алтын сандықтың кілті кімде?» атты хатында жер мәселесін жүрегі қан жылап отырып жазады. Мына жолдарға назар аударалық: «Мысалы, Ресейге жалға кеткен Байқоңырдан қазір оқтын-оқтын, еміс-еміс бір ызалы, өкінішті үндер естілгендей болады. Ата-бабасынан бері қарай мәңгі-бақи сол жерде өмір сүріп келе жатқан қазақтарға Ресейдің азаматтығын алмаса, жұмыс бермейтін көрінеді. Өз елінде, өз жерінде отырып Ресейдің азаматтығын ал, әйтпесе, қайқайып тұр. Екінің бірі. Мүмкін, сенде басқа деректер бар шығар. Лайым, менің естігенім қате болғай» [6.258], – дейді тебіреніп. Елдік мәселелерді еркін талдаған екі журналист-жазушының үнқатысуларын оқып отырғанда бір-бірлерінің ой-пікірлерін толықтырып, шыңдап отыратынын аңғару қиын емес. Эпистолярлық публицистиканың басты ерекшеліктерінің қатарынан саналатын бұл түйінді жайт Ш.Мұртаза-К.Смайылов «дуэтінің» ерекше бір артықшылығы деуге толық негіз бар.
«Елім, саған айтам, Елбасы сен тыңда» тақырыбында жазылған Камал Смайылов екеуінің хаттары журналистика әлеміне тың жанрды енгізді. Қос журналист азаттыққа оңай жетпегенімізді, ендігі мақсат тәуелсіз елдің тұғырындағы көк туды құлатпауды ертеден ойлады. Халыққа елдегі болып жатқан өзгерістерді іштей бұқпай, керісінше жазып, айтты. Сол мәселелердің шешімін табуға тырысты. Бұл еңбекте «Журналистің мақсаты- қоғамдық маңызы бар мәселелерді қозғау, көтеру, ел назарын соған аудару, ал содан нақтылы қандай істер, нәтижелер шығатыны сол іс басында отырған адамдардың ой –өрісіне, қабілет қимылына байланысты » - деп Камал Смайылов журналистің нақты қалай жұмыс істеу керектігін жазды. Сондықтан екі нар тұлғалы азаматтар бұл еңбекте елдің дамуы үшін қандай іс – әрекеттер жасалу керектігін айқын дәлелдеп берді.
«Тәуелсіздік – жаңа шығып келе жатқан күн. Елдің емес, жас мемлекеттің емес, өз қарақан басының қамын ойлаған жемқорлар, парақорлар,Қазақстан байлығын талан таражға салған сатқындар! Жаңа шығып келе жатқан Күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп, тұмшаламандар - деп Шерхан Мұртаза елдегі болып жатқан әділетсіздіктерге бейжай қарап отыра алмайтындыға көрініп – ақ тұр. Камал Смайылов екеуі бастаған бұл игі мәселеге елім деп жүрегі соққан әр азамат «Егемен Қазақстан» газетіне жауаптарын жаза бастады.
«Тек адамдар имансыз болмаса екен. Әркім атақ-дәреже, мансап дегенді өз бойына, өз ойына, талант – талайына шақтап өлшесе, нысап деген қасиетті ұғымды ұпытпаса деймін ғой. Әйтпесе, қазір көшеде келе жатып, абайламай, біреумен қақтығысып қалсаң, академик болып шығады. Анау да академик, мынау да академик. Үлкен де академик, кіші де академик. Мейлі ғой, қызғанбайық. Бірақ, бұл ғылымдағы инфляция ғой. Осыны неге түсінбейді «академикті» оңды солды үлестірушілер? «Академик» деген атаққа шыннан лайықтымын ба?деп бір сәт неге ойланбайды атақ- дәреже алушылар? Неге көз алдарына Мұхтар Әуезовті, Қаныш Сәтбаевты елестетпейді бір сәтке? Өз шама-шарқын солардың ұлылығымен, даналығымен неге ойша салыстырмайды? Біле білсе, оңай академиктер қорлады ғой ғылымды да, ұлыларды да - деген сөзі ғылыммен тек қабілеті бар жандар айналысу қажет екендігін өз сөзімен дәлелдеп отыр. Ғалымдар, академиктар қоғамда көп болғанымен өкініштісі ашқан жаңалықтары аз. Бүгінде Ш. Мұртазаның көтерген мәселесі қазіргі күнге дейін шешімін таппай келе жатқаны көңілге қаяу салады.
«Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз.
Кім үйін лас ұстағысы келеді дейсің?!
Ортақ үйдегі әр азамат таңертең ұйқыдан тұрғанда: Үйімнің таза болуы үшін мен бүгін не істеуім керек? – деп түрегелсе, ұйқыға жатарда: Үйімнің таза болуы үшін мен бүгін не істедім?- деп жатса»
Ал жеке басынан бұрын халықтың, елдің жағдайын ойлау қажет екендігін Шерағаңның осы бір сөзінен аңғарамыз. Бір сөзінде «Заңның азы, орындалуының көбі лазым. Әйтпесе не, Конституцияда да, заңда да жазылған. Адам еңбегін қанауға болмайды. Адам еңбек етті ме – ақысын алсын! Бұл қағида қасиетті Құран –Кәрімде де айтылған» - деген сөзінен әділетті адам екені аңғарылады.
«Елге оралған ағайынға жылу беру – ата – бабамыздың адамгершілік дәстүрі. Жылу беру- қайыр –садақа емес,ағайынның жанын жылыту,ұясын жылыту деген ұғым. Сонда ертең сен жаурасаң, ол сені жылытады. Ұлттың бірлігі, бауырмалдығы осындайдан құралады.» – осы сөз қоғамды бауырмал болуға үйретеді. Абай Құнанбайұлының «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» - деген өлең шумақтарындай жазушы Шерхан Мұртаза адамзатты бірлікке шақырады.
«Бала проблемасы – мемлекеттік тұрғыдан алғанда, әсіресе, біз үшін өте өзекті мәселе. Соңғы жылдары қала тұрмақ, ауылда да бала өсімі азайып кетті. Әрине, заманды тұрмыс билемей қоймайды. Ал, тұрмыстың нашарлағаны жасырын емес. Сан жағынан өскеніміз жақсы. Ал, сапа жағынан ше? Нашар тұрмыстан дүниеге нашар бала келеді. Ол аурушаң, әлжуас. Оның үстінде адам өзі қолдан жасаған экологиялық апаттардың бала тууына ғаламат залалын қосыңыз»
Шерхан Мұртаза очерктері.
Ш.Мұртаза қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, жазушылық пен журналистік тізгінді қатар алып келе жатқан дара тұлға. Шерхан Мұртазаның шығармашылық пен қайраткерлік жолы қазақ журналистикасы арқылы қалыптасып, сол арқылы оқырманға танылған. Қырық жылдан астам уақыт қаламын қолынан түсірмеген майталман жазушы ел өмірі, ұлт тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, жақсысы мен жасығы туралы кестелі ойларын ортаға салып, қазақ әдебиетіндегі публицистика жанрының қанат жаюына сүбелі үлес қосқан бірегейлердің бірі. Автордың публицистикалық жанрда жазған еңбектері алдымен баспасөз бетінде жарияланып, кейіннен әртүрлі жинақ болып жарық көріп келген. “Алғашқы қадамы” 1958 жылы “Құрылысшы Дәку” атты очерктер жинағынан бастау алса, 1990 жылдары “Жазушы” баспасынан “Не жетпейді?” атты таза публицистикалық туындыларын жинақтайды. 1998 жылы “Қазақстан” баспасынан “Елім саған айтам, Елбасы, сен тыңда!” атты эпистолярлық жанрда жазылған кітабын оқырман қауым жылы қабылдады. Жазушының бұл кітаптарындағы очерктерінің өзегі – өмірлік қым-қиғаш оқиғаларды жедел таразылап, саралап, сыни көзбен ақиқат безбеніне салып игеруге күш-қуат жұмсағаны айғақ. Шерхан Мұртазаның шын мәніндегі көркем очерк талаптарының биігінен танылған туындылары баршылық. Соның ішінде Шыңғыс Айтматовтың 60 жылдығына арнап жазылған “Шыңғыс және шындық” атты көркем очеркінде жазушы оқырманын кейіпкерімен былай таныстырады: “Адамның бойы таудан аса алмас. Ал сол асқарлардан асып көрініп, бүкіл әлем таныған, талантына таңырқаған адам бар. Ол – Шыңғыс Айтматов” [8,90],- деп жазушы өзі берген баға, ой-пікірге жауапкершілікті өз мойнына алады. Ш.Айтматовтың “Ақ кеме”, “Әселім”, “Ботакөз”, “Боранды бекет”, “Жан пида” шығармаларындағы Қазақстанға байланысты тұстанына очеркші ерекше мән бере отырып, заңғар жазушының бауырмалдығын, ұлы парасаттылығын көсемсөз құдіретімен жеткізеді. Очеркші Ш.Айтматовтың көтерген өзекті проблемаларының бірлі-жарымына ғана тоқталады да, әлем, адамзат алдына қойылған сансыз сұрақтар тұрғанын нақты мысалдармен ашады. Адамзаттың өз тарихын, ата-баба дәстүрін, тілін, салт-санасын ұмытуы мәңгүрттік екенін, Айтматовтың пайымдауынша бұл ұлттық трагедияға ұрындыратын үлкен қауіп өз арамызда екендігін оқырманына қарапайым және түсінікті тілмен жеткізе білгендігін жеріне жеткізе суреттеген очеркист біраз көркемдік құралдарды пайдаланған. Соның ішінде ұлы жазушының әдеби портретін нанымды жасап, жазушы қауымның қиын да қызықты еңбегін өрнектейді. Бұл очерктің жазылу әдісі де өзгеше. Автор Шыңғыстың Қазақстанмен байланысы, туыстығы, қазақ өмірі мен қырғыз тіршілігі арасындағы ұқсастықтарды салыстыра сыр шертеді. “Fабит Мүсірепов - тәлімгер” деп аталатын очеркінде Ш.Мұртаза: “ ... ол қаламгерлікпен қатар азаматтық, қоғамдық, тіпті мемлекеттік міндеттерді қатар алып жүрді. 1924 жылы, яғни 22 жасында Fабең Темірбай деген сыншыны мақтамен байыздайды. Темірбай сыншы “Ақжол” газетінде Сәкенге жала жауып, қодаршылап кеткен екен. Fабит Мүсірепов “Қисық сынға әділ төре” атты мақаласында сол кездегі қазақ қауымына, тіпті қазіргілерге де баспасөз Батыраштың балтасы болмауы керек екендігін, сын деген бет тырнасу емес екендігін үйретеді. Әділ сынның үлгісін көрсетеді” [8,109],- деп Fабиттің жиырма екі жасында-ақ әділеттің ақ боз атын мінгендігін, қазіргі жазушы, сыншыларға дәл осындай жағымды белсенділік жетесе бермейтінін ӛкіне айтады. Ш.Мұртаза осы очеркінде F. Мүсіреповтің жастар тәрбиесіне үлкен мән беріп, болашақтың тағдырын сергек қарайтындығын, жастар шығармашылығымен танысып, таланттың аяқ алысын жіті байқап, бірсыпыра қаламгерлердің қанат жаюына мұрындық болып жүргені жайында да тебірене баяндайды. Автор Fабит Мүсірепов бейнесін сомдауда тіл туралы тұжырымдарына, хас талантты тани білетін көрегендігіне, бүкіл шығармаларының өмірі әдемілікке, сұлулыққа қызмет етіп келе жатқанын рет-ретімен шебер суреттеу арқылы өнегелік, тағылымдық танытқан. Очеркистің Fабит Мүсірепов бейнесін сомдаудағы үлкен табысы – әдебиет алыбының өзі қандай таудай болса, жүрегінің де сондай нәзік, сұлулыққа ғашық жан екендігін тап басуы дер едік. Публицистің “ Тұрар Рысқұлов” атты өмірбаяндық очеркінде алаш азаматының өнегелі өмірі, сыр-сипаты, характер ерекшелігі, рухани көркі әдемі ашылады. Тұрар Рысқұлов кім ? Оның есімі халыққа, қазіргі ұрпаққа несімен қымбат ? деген сауалдарға жауап беретін бұл очеркте өмір фактілеріне көркем-публицистикалық талдау жасала отырып, фактінің табиғатын, идеялық мағынасын, әлеуметтік маңызын ашып көрсетуге қол жеткізген. Очеркист Тұрар Рысқұловтың табиғатынан ерекше туған жан екенін, миллиондаған халықты апаттан аман алып қалу үшін жеке басын қатерге тігіп, ұлы қайрат көрсеткен кезеңдерін: 1918-1919 жылдардағы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен аштық болып, аштықпен күрес комиссиясын басқарып, халықты жаппай қырылудан алып қалғанына, адал, іскер, көреген басшы бола білгендігіне нақты дәлелдер келтіре отырып, көркем- публицистикалық байыпты талдау жасайды. Тарихтан белгілі екінші аштық 1932-1933 жылдары жаппай коллективтендіру кезіндегі аштықта да Тұрар халық жағында болып Сталинге хат жазуы, ол хатта қазақ халқының басына тӛніп отырған қауіпті бұлтартпайтын факті, құжаттар батылдықпен ашына жазылғаны да ашық әрі нанымды баяндалады. Бұл өмірбаяндық очеркте Ш.Мұртаза фактілер мен құбылыстарды тірнектеп жинап, алаш ардагерінің өмір жолы мен халық тағдырын бір арнада қиыстырады. Жазушының тағы бір очеркі - “Нұқ пайғамбардың кемесі” деп аталады. Мұнда негізінен кейпкер де, характер де жоқ, сюжетсіз очерк түріне жатады. Шығарманың көтерген негізгі тақырыбы – Адам баласының бүгінгі өмірі. Жердің жағасын жыртып, көйлегін айырып, әбден абыройсыз халге жетіп, азып-тозып бара жатқанын очеркші қынжыла отырып айтады. “... Павлодар облысында тұтас бір аудан Ермак атымен аталып, сол аттас қалада Ермакқа орасан ескерткіш орнатылар ма еді? Және оның тұғырына: “Ермакқа дән риза ұрпақтарынан!” деп тасқа қашап жазылар ма еді? Ал “ұрпақтары” – кешегі тың игерушілер ғой. Бірақ олардың ұраны : “Тыңды игерейік !” емес, “Тыңды бағындырайық !” болды. Тың – дегеніміз – жер. Жер дегеніміз – Ана. Ал анасын бағындыратын адам бола ма екен? [8,247],- деп тың игеру кезінде жіберілген асыра сілтеушілікке сын айтып, олқылықтың жіберілу себептерін аша отырып, “Тың эпопеясы ” деген даурықпа кезеңде бетегелі белдер, көделі жерлер, мың-миллион шүйгін жайылымнан қазақ халқы айырылып қалғанына өкініш сезімін өзек еткен. Бұл очеркте тек қазақтың жер мәселесі ғана емес, сол “Тың эпопеясы” тұсында жүздеген қазақ мектептері жабылғаны, жергілікті қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-санасы, ұлттық қасиеті де топырақтың құнары кеткен сияқты қақырап бара жатқанын жазушы нақты мысалдармен жеткізеді. Семей маңында 40 жыл бойы атом бомбасы жарылып келгені, Аралдың құрып бара жатқаны, адамдардың астамдығының, тасыраңдығының нәтижесі екенін қаламы қарымды публицист кесек пайымдаулармен баяндап, сүбелі тақырыптарды көркем түйіндеп, өмір ақиқатын жинақтап, қорытудың үлгісін жоғарыдағы очеркінде көрсетеді. Жазушы журналистің әрдайым жол үстінде болуы заңды құбылыс. Шерхан Мұртаза қырық жылдан астам журналистік қызметінде талай жердің топырағын басып, талай елдің дәмін татқан қаламгер. Солардың санаулысы ғана жолсапар очерктеріне өзек болған себебі де ізденімпаздығынан болса керек. Соның бірі «Абай сәулесі» деп аталатын жолсапар очеркінде автордың әр сөзді орынды пайдаланып, көркемдік қолданысты дәл тауып, айтайын деген ойын жылы сезіммен, аңғарымпаздықпен жеткізген деуге болады. « ... Егер әркім Абай арқылы ақылына ақыл қосса; көз нұрына нұр қосылса; сезімін байыта түссе; жан дүниесін, рухани әлемін рахымдандыра берсе – шіркін, онда арамызда арамдық, арызқойлық, қызғаныш, такәппар- тақастық, өтірік-өсек, жала-қорлық, тағы не бар - барлық жағымсыз қылық арамыздан әлдеқашан аласталар еді...»[8,146],- деген очеркистің ой ұшқырлығымен, ой-түйіндерінің бірегейлігіне тәнті боласың. Қоғамдық ойшыл, халық мүддесінің жоқтаушысы Абайдың 150 жылдық тойы әлемдік деңгейде өтетініне осы очеркінде болжам жасаған Ш.Мұртазаның шексіз оптимизмі мен көрегендігіне де куә боламыз. «Абай сәулесі» шығармасында жолсапар очерктеріне тән көзге түскеннің бәрін тізе бермейді, керісінше Жидебайдағы қазіргі Абай музейінің жайы, Қарауылдағы салтанатты жиналыс, терістіктегі Ақшоқы тауының әсемдігі, Еңлік-Кебек ескерткіші басындағы очеркистің әсері өзек болады. «Естен кетпес Эстония сапары» жолсапар очеркінде жасыл аралдар мен қалың ормандар, егістік алқаптар, Эстон халқы мекендейтін жанатты жер жайлы мол мәлімет, деректер арқылы көрініс тапқан. Қазақ халқы мен эстон халқының тағдыр ұқсастығы салыстырыла тартымды баяндалады. «Арасын бес-алты мың шақырым алыстық бӛліп жатқан екі республиканың ауа райы екі басқа. Эстонияда ылғал көп. Мұның залалды жағы да жоқ емес. Ертеде мұнда өкпе ауруына шалдыққандар көп болған. Туберкулезді дәрігерлер жаза алмайтын кезде бұл ауру нағыз тажал еді. Енді ол қауіп жоқ. Медицина туберкулезді жеңіп шықты»[8,202]. Бұл жолжазба ерекше ықыласпен оқылатын және Эстон жері мен халқының дәстүрлері туралы толық сипаттама бере алған, деректері көп, тартымды очерк деуге болады. Шерхан Мұртазаның «Париждегі қазақтар» атты туындысы жолсапар жазбаларының ішіндегі үздігі. Аса бір тебіреніс, шабытпен жазылған бұл очеркінде жазушы әлемдік өркениеттің бесігі – Париждің өмірімен қоса ондағы қазақ отбасыларының тіршілігінен хабар бере отырып, олармен жүздесу және қоштасу сәттерін жазғанда әр қадамын ежіктеп, көрген- түйгендерін рет-ретімен оқушыға шебер тілмен жеткізіп отырған. «Хабар тиісімен Париждың қазақтары біз тұрған мейманханаға лезде-ақ келіп жетті. Кезек-кезек қонаққа шақырып-ақ жатыр. Бәрінің үйіне қыдырып жүруге уақыт көтермейді. Сонымен, ақылдаса келіп біреуінің үйіне баратын болдық. Ол Ханимет деген жігіттің мекені екен. Төрт бөлмелі кең-мол пәтерде Ханимет, әйелі Фазилә, екі баласымен тұрады. Өзі осы Парижде былғары фабрикасында жұмыс істейді. Төрт бөлмелі пәтер оған 400 000 франкке түскен. Біздің ақшаға шаққанда 40 000 сом. Кең залда кілем, көрпе төсеулі. Столдарын, орындықтарын шығарып тастапты. Меймандарды баяғы ата-баба замандағы қазақтарша күтіп алмақшы»[8,229],- деп Париждік қазақтардың бұл елге келу тарихына, онда жүзге тарта қазақ отбасы тұратыны жайлы айта келе, қасиетті қазақ жерін көргісі келетін қандастарымыздың күпті көңілін айта кетуді автор борыш деп санайды. « - Жалғыз тілек: біз туралы бөтен ойламаңыздар. Елден жырақ кетсек - ол біздің кінәміз емес. Тағдыр солай, - дейді Париждік қазақтар. – Әйтеуір сөге жамандамаңыздар. Шет елде жүрген қазақтар туралы алматылық бір ақын: «Саудагерсің бе, сатқынсың ба...!» деп жазыпты. Соны оқып, өте қиналдық. Бәрімізге өйтіп топырақ шашу – татулықтың, бауырмалдықтың, адал жүрек, ақ ниеттің дәнекері бола алмайды»[8,231],-қазақ ақыны айтқан сөз үшін қызырып, кешірім сұрағанын, сағыныш пен әлдебір арманға толы жандармен қимай қоштасқанын әсерлі баяндайды. Қорыта айтқанда Шерхан Мұртаза жазушылық пен журналистік тізгінді қатар меңгерген қазақы намысшыл суреткер десек қателеспейміз.
– Журналист – қастерлі де қасиетті мамандық. Екінің бірі, егіздің сыңары журналист бола алмайды. Бұл – Аллаһ тағаланың пендесіне берген сыйы. Журналистер туралы ілгерілі-кейінді данышпандар өте көп айтқан. Солардың ішінде менің көкейімнен кетпейтін, кеудемнен өшпейтін үш тұлғаның кестелі сөздері бар. Біріншісін Бернард Шоу айтыпты. «Журналист – бәрін білетін, бірақ бәрін шала-шарпы білетін мамандық», – дейді. Бір қарағанда, шындық екеніне көз жеткізесің. Бірақ неге шала-шарпы біледі?! Меніңше, журналист бәрін де білуі керек деген астармен айтылған сөз бе деп те ойлаймын. Екіншісін Шерхан Мұртаза айтқан. «Журналистер де атан түйе секілді. Арқалағаны алтын болғанымен, жегені жантақ» [ 9 ]
деп дұрыс баға берген. Бүгінгі замандағы қаламгерлердің бет-бейнесін айқындайтын, айшықты сөз. Ал Әзілхан Нұршайықов: «Авторсыз газет – аққусыз көлмен тең», – дейді. Қандай ғажап теңеу?! Яғни журналист өзінің жазған ой-пікірін ғана емес, қарапайым халықтың көкейіндегісін жалпақ жұртқа жария¬лап жатса ғана беделді газет бола алады. Қазіргі баспасөзді айдынға теңесек, аққулары аз, авторлар сиреп кетті. Сондықтан да бүгінгі журналистер бұқарамен тығыз байланыста тіршілік жасауы керек. Сонда ғана ол аққулы айдындай өзінің сәнімен жарасып тұрады. Тәуелсіздік алған жылдары Камал Смайылов пен Шерхан Мұртаза екеуі «Егемен Қазақстан» газетінде хат жазысады. Ол әңгімелері кейін «Елім, саған айтамын, Елбасы, сен де тыңда» деген кітап болып басылды. Соған байланысты Көпен Әмірбек пародия жазады. Сол пародияны Камал Смайылов оқып, ренжіпті.
Бастауы былай екен:
– Елім, саған айтам,
Елбасы, сен де тыңда.
Камал дос,
сен де құлақ түр,
Себебі, сен – соқа,
Ал мен – трактор, – деп Шерхан Мұртазаның атынан жазған ғой Көпен Әмірбек. Соған Камал ағамыз: «Мені соқаға, Шерханды тракторға теңепсің. Мен оған келісе алмаймын!» – деп кейіпті Көпенге. Біразға дейін өкпелеп жүріпті. Кәмекесінің көңілін жаза алмаған Шерағаң бір жолыққанында: Смайыловқа: «Кәмеке, жердің бәрін жыртатын соқа. Жердің шырайын кіргізіп, егін де егетін, құнарлы топырақтың құнын келтіріп, баптайтын да, сақтайтын да – соқа. Сізді соқаға дұрыс теңеп тұр. Соқасы болмаса, трактор айдалада бір өзі не бітіреді?!» – деп тауып кетіпті. «Жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті.[10]
