Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шерхан сонгы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

  Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің келтірсек  Шерхан Мұртаза шер тарқатып  оқырманға зерделі ой тастайтын жазушы.  Әдеби шығармаларында, публицистикалық  еңбектерінде  адамгершілік деген ұғымды ұмыт қалдырмай, жастарды иманды болуға шақырады. Ол  өмірлік өшпейтін сөздер қалдырған нар тұлғалы азамат. 

    Шерхан Мұртаза қазақ журналистикасына тың дүниелерді енгізген тұлға. Оның публилицистикалық еңбектері арқылы оқырман әдеп, адамгершілік және парасатты тереңнен ұғынуды үйренді. Жақсы журналист болу үшін –  әдебиетті  жақсы білу керек екенін   өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы  көрсете білді.  Ол қаламды өмірлік қару етті.  Әділ сөзді,  шындықты  дұрыс көрді.  Әдебиетте, журналистикада халықтың тынысын айта білген өжет адам. Оқырманды  ойландыратын және ой тастай білетін жазушы. Оның табандылығы мен рух жігерлігіне, бүгінгі жастар  үлгі тұтулары қажет. 1932 жылы ашаршылық   кезінде  дүние  есігін ашқан Шерхан Мұртаза  өмірден, жастық шағынан бастап жеңілмеуді үйренді.  Шығармашылықтың адамы қиындыққа тап болған сайын шындала түсетіні айқын.  Себебі рухы мықты адамдарды қиындық құлатпайды. Өмірі күреспен өткен Шерағаңның оқырмандарына да беретін ойлары көп. Өйткені өмірде азды емес, көпті көрген тұлға. Сондықтанда ол өзгелерден ерекшеленіп тұрады.  Шерхан Мұртаза  ұлттық намыс, тіл  мәселесі және адами құндылықтарды көп жазды. Ұлттық мәселелерді халыққа шынайы сөздерімен айтты.

Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Оның бәрін бір курстық жұмыс ішінде қамтып шығу мүмкін де емес. Алдымен өзі әдебиетке келген аударма ісінен бастасақ. Шерағаң әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың негізгі шығармаларын қазақ тіліне аударыпты. Иә, Шыңғыстың сан-қилы пәлсапалық тұжырымдарға толы шығармаларын аудару кез келген қалам ұстаған адамға оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Осының өзінен жазушының көп ізденгендігі, әрі жазушының ойын терең түсіне білгені анық көрініс береді. Шерағаң Шыңғыс Айтматовтың «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды. Осы шығарманың кез-келгенін екі тілде алып оқып отырсаңыз, шығарманың шұрайлы тілмен өте көркем аударылғанын байқайсыз. Мен бұл жерде Шерағаңның тек жазушы, қоғам қайраткері ғана емес, үлкен аудармашы екенін де айтқым келеді. Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете біледі. Шерағаңның «41-жылғы келіншек» атты әңгімесінде Хадишаның өмір бойы күткен Мақсұт есімді жары майданға кеткеннен оралмады. Хадиша күні-түні Мақсұтты күтумен болды; «Сорлысың, сорлы, — деп Ақшай ернін шығарды, ерніңе күйдіргі шыққыр. — Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,- деп кекетті. — Күтемін, — дедім. — Жүз жыл күтемін, -дедім. Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып далаға атып шықтым. — Қайдасың, Мақсұт! – деп айқайладым. Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем. Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада әлі тұр. — Неге үндемейсің, Мақсұт?! — деп, Хадиша сонда шыңғырып жіберді. — Хадиша өз даусынан өзі шошынып оянды. (Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек. 301-бет) Бұндай эпизод Шыңғыс Айтматовтың шығармаларындағы әйелдер бейнесімен де үндесіп, сабақтасып жатады. Жазушының адам, әйел бейнесін жасаудағы шеберлігі, таным, түсінігі Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақшаға аудару үстінде де үнемі сезіліп отырады. Бұдан қорытынды: таланттар ұқсастығы, әдебиеттер байланысы, қазақ-қырғыз әйелдерінің әдеби толыққанды бейнесі ұқсас екені анық байқалып отырады. Жазушының кең құлашты, өзекті шығармасы — бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағы Тұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттеуі. Әрбір адам дөңгеленген тарихта әртүрлі оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол күрделі оқиғаларға тікелей қатысты және жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның алдына тартады. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді. Жазушының еңбектерінде үлкен саналы да сындарлы ой жатыр, ізденіс жатыр, еңбек жатыр, талант жатыр. Жазушы үлкен қаламгер, прозашы, публицист, аудармашы, ірі қоғам қайраткері, халықтың жанашыры, жоқтаушысы бола білді.

«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіздер, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер», - деген екен Қаныш Сәтпаев. Жазушы да осындай жеңіске жетті. Шерағаңның ел, халық үшін атқарған еңбегін, мақтанышпен айтсақ, жас ұрпақ тәлім-тәрбие алар өнегелі іс болары анық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Н.Ә. Назарбаев. «Ғасырлар тоғысы» 1996 ж. 1, 268-269 бб).

  2. 2. Қазақ энциклопедиясы, 9 том

  3. Ш.Мұртаза. «Ай мен Айша», Роман. Алматы. «Қазақстан» 2008.

  4. Оңғарсынова Ф. Шераға 60 жаста. Жұлдыз тағдырлы жазушы. Алматы. Атамұра. 1993.

  5. Қазақ әдебиеті тарихы. ІХ том. ред. басқ. С. Қирабаев. Алматы. 2005.

  6. Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы. Алматы: Қазығұрт. 2002.

  7. Смайылов К. Үш томдық шығармалар жинағы, -Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2003. Том1.-448бет

  8. Мұртазаев Ш. Не жетпейді? Алматы., Жазушы, 1990.

  1. Бақытжан ӘЛІҚОЖА, «Жас қазақ» газеті, №25, (26.06.2009)

  1. bilimkozy.idhost.kz сайты

  2. Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]