Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 темаМет.рек. ПЗ РА, ОА, каз..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

Буыннан тыс көріністері

Кейде клиникалық көрінісінде болуы мүмкін.

  • Конституциональді симптомдар: генерализденген әлсіздік, шаршағыштық, азып кету (кахексия), субфебрильді қызба.

  • Жүрек қан тамыр жүйесі: перикардит, васкулит, жүрек қақпақшаларының гранулематозды зақымдалуы (сирек), ерте атеросклероздың дамуы.

  • Өкпе: плеврит, өкпенің интерстициальді зақымдалуы, облитерлеуші бронхиолит, өкпеде ревматоидті түйіндер (Каплан синдромы).

  • Тері: ревматоидті түйіндер, терінің қалындауы және гипотрофиясы; дигитальді артериит (сирек – саусақтардың гангренасы дамиды), тырнақ аймақтарында микроинфаркттардың дамуы, торлы ливедо.

  • Нерв жүйесі: компрессионді нейропатия, симметриялық сенсорлы-моторлы нейропатия, көптеген мононеврит (васкулит), цервикальді миелит.

  • Бұлшықет: генерализденген амиотрофия.

  • Көз: құрғақ кератоконъюнктивит, эписклерит, склерит, склеромаляция, шеткі жаралы кератопатия.

  • Бүйрек: амилоидоз, васкулит, нефрит (сирек).

  • Қан жүйесі: анемия, тромбоцитоз, нейтропения.

Ерекше клиникалық формалары.

Фелти синдромы – симптомокомплекс, нейтропенияны, спленомегалияны, гепатомегалияны кіргізеді, буындардың ауыр зақымдалуы, буыннан тыс көріністері (васкулит, нейропатия, өкпелік фиброз, Шегрен синдромы), төменгі аяқ-қол терісінің гиперпигментациясы және инфекциялық асқынулар дамуының жоғары қауіп қатері.

Үлкендерде Стилл синдромы –рецидивті фебрильді қызбамен, артритпен және макулопапулезді бөртпелермен, жоғары лабораторлы активтілікпен, ревматоидты фактор бойынша серонегативтілікпен сипатталынатын ауру.

Клиникалық көріністері:

Субъективті симптомдарды бағвалау: тәңертенгі қырысудың айқындылығы және ұзақтығы, жалпы шаршаудың ұзақтығы, буындарда қозғалыстың айқын шектелуі, буындарды қарап тексеру:буындарды санау, функциональді статус немесе өмір сапасы (HAQ және SF-36 сұрақшасы), дәрігердің пікірі бойынша науқастың денсаулығына жалпы баға (100 мм визуальді аналог шкаласы – ВАШ), науқастың пікірі бойынша денсаулығына жалпы баға беру (ВАШ), буыннан тыс көріністерін қарап тексеру.

Диагностикалық критерийлері қазіргі уақытта 1987 ж американдық ревматологиялық ассоциациясы (АРА) ұсынған диагностикалық критерийлерді қолдану болады. 1. 1 сағатқа созылатын тәңертенгі қырысу. 2. Үш немесе одан көп буындардың артриті. 3. Қол-аяқ буындар артриті, проксимальді фаланга аралық, білезік, алақан саусақ фаланга буындарының ісінуі. 4. Симметриялық артрит. 5. Ревматоидті түйіндер. 6. Қан сарусуында ревматоидті фактордың болуы 7. Рентгенологиялық өзгерістер.

Лабораторлы көрсеткіштер ЭТЖ, СРБ, ревматоидті фактор (РФ), ЦЦП антиденелер (мүмкіншілікке қарай), қан сары суында электролиттердің деңгейі, жалпы қан анализі, биохимиялық зерттеулер:бауыр ферменттері, креатинин, альбумин, В, С вирус гепатиттерінің маркерларың және АИТВ зерттеу, синовиальді сұйықтықты зерттеу, жасырын қанға нәжіс анализі.

Буындарды рентгенологиялық зерттеу РА диагнозын қою үшін және буындар деструкциясының өршуін бағалау үшін қол-аяқ буындар рентгенографиясының маңызы зор, өйткені басқа буындарда өзгерістер байқалмайды (әдетте аурудың ерте сатыларында).

Х – ХАЖ рубрикациясына сәйкес клиникалық диагноздардың мысалдары: 1. Серопозитивті ревматоидті артрит: полиартрит, ашық сатысы, активтілігі II, жүйелі көріністерімен (ревматоидті түйіндер), эрозивті (рентгенологиялық II сатысы), анти –ЦЦП (-) ФК II. 2. Серонегативті ревматоидті артрит, ерте сатысы, активтілігі III, эрозивті емес (рентгенологиялық I сатысы), анти –ЦЦП (+) ФК I.

Емі стероидті емес қабынуға қарсы препараттар СЕҚҚП

СЕҚҚП тағайндаған кезде келесі факторларды есте сақтау қажет

  • қауіпсіздігі (жанама әсерлері)

  • қосымша аурулардың болуы

  • басқа дәрілік заттармен қарым-қатынасы

Глюкокортикостероидтар СЕҚҚП қарағанда эффективтілі болып келеді, кейбір жағдайларда буындар деструкциясының өршуін тоқтатады. Ерекше көрсеткіштері болмаса глюкокортикоидтардың дозасы 10 мг/тәу аспау қажет. ҚҚБП бірге қолануы керек.

Глюкокортикоидтармен пульс-терапия

Ауыр жүйелі көріністермен өтетін РА бар науқастарда қолданылады. Кейде тез (24 с ішінде), бірақ буындарда қабыну активтілігін басу әсері қысқа болады.

Қабынуға қарсы базисті препараттар (ҚҚБП) - метотрексат «Серопозитивті» активті РА кезінде таңдау препараты болып («алтын стандарт») табылады. Басқада ҚҚБП салыстырғанда эфективтілік/токсикалық қатынасы өте жоғары, емді үзу көбінесе токсикалық әсерімен байланысты. Метотрексатті аптасына 1 рет тағайындайды (пероральді немесе парентеральді), препаратті жиі қабылдау жедел және созылмалы токсикалық реакцияларға байланысты. Қабылдау арасында 12-сағаттық интервал бар көбінесе, тәңертен және кешкі уақыттарда. Егер пероральді қабылдаған кезде эффект болмаса (немесе АІЖ жанама мәсерлер болса) парентералді енгізуге ауысады (б/е немесе тері астына), метотрексатті пероральді қабылдау көбінесе АІЖ абсорбцияның төмендеуіне байланысты. Метотрексаттың бастапқы дозасы 7,5 мг/апт, ал егде жастағы науқастарда және бүйрек функциясының бұзылыстары болған кезде - 5 мг/апт

    • бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға тағайындалмайды

    • «ревматоидті» өөөөкпесі бар науқастарға тағайындалмайды

Сульфасалазин комбинирленген терапияның маңызды компоненті. Метотрексатқа қарсы көрсеткіш болған науқастарда қолдануға болады. Дұрыс мониторинг жасалынса жанама мәсерлері жақсы бақыланады. Жиі жағдайда жанама әсері алғышқы 2-3 айда дамиды. Цитопения дамуы мүмкін (кейде агранулоцитоз) сондықтан гематологиялық бақылауды емнің соңына дейін жүргізу қажет. Әдетте үлкен адамадарда тағайындалынатын доза 2 г (1.5-3 г; 40 мг/кг/күніне) 1 г 2 рет күніне тамақпен бірге:

  • 1-ші аптада- 500 мг, 2-ші аптада- 1000 мг, 3-ші аптада- 1500 мг, 4-ші- 2000 мг. Егер науқаста тамағында ауру сезімі, ауыз қуысында жаралар болса, қызба, айқын әлсіздік, қан талау, тері қышымасы, онда препататты тез алып тастау қажет.

Парентеральді алтын препараттары эффективтілігі жағынан метотрексатқа және сульфасалазинге ұқсас. Бірақ токсикалық қасиеті мол, басқа ҚҚБП салыстырғанда. Емдеу кезінде және емнің соңында жанама әсерлері дамуы мүмкін, сондақтан мониторинг жүргізіп отыру қажет.

Инфликсимаб (ісік некроз факторына (ФНО)- химерлы моноклональді антиденелер). Метотрексаттың эффективтілігі жеткіліксіз болған кезде, сирек басқада ӨӨБП бірге қолданады. «Ерте» және «кеш» РА бар науқастарға тағайындалады. Метилпреднизолонмен пульс терапия жүргізгеннен эффективті болып келеді. Гепатит С вирусы бар адамдарда қауіпсіз болып келеді. Гепатит В вирусы бар науқастарда қолданбау қажет. РА емдеу және диагностикасы жағынан тәжірибесі бар дәрігер-ревматолог бақылауымен жүргізіледі. Венаішілік инфузиялар мөлшері 3 мг/кг венаішіне, инфузияның ұзақтығы – 2 с. 2 және 6 аптадан кейін бірінші енгізуден кейін қосымша инфузиялар тағайындалады 3 мг/кг әр қайсысы, кейін енгізулер әр 8 аптадан кейін қайталана береді. Эффективтілік болмаған жағдайда препараттың енгізген дозасын ұлғайту қажет немесе инъекция арасындағы уақытты қысқарту қажет. Необходимо наблюдение пациентов не менее 1-2 ч после Инъекциядан кейін науқасты 1-2 сағат бақылау қажет трансфузиядан кейінгі жанама әсерлерді болдырмас үшін; реанимациялық орын дайын тұру керек. Инфликсимабты 2-4 жылдан кейін қайта тағайындау баяу типті гиперсезімтал реакциясына алып келеді. Қайта инъекцияларды тағайындау кезде қауіп қатер дәрежесі 15 апт 2 жылға дейін белгісіз, сондықтан 15 аптадан кейін қайта инъекцияларды тағайындау қажет емес.

Хирургиялық ем, операцияға салыстырмалы көрсеткіш:

Дәрілік терапияға резистентті синовиттер, теносиновиттер немесе бурситтер. Айқын ауру синдромы. Буындарда қозғалыстың айқын шектелуі. Буындардың ауыр деформациясы.

Оперативті емнің негізгі көрсеткіштері: буынды протездеу, синовэктомия, артродез.

Остеоартроз этиологиясы әр түрлі– гетерогенді аурулар тобы, бірақ биологиялық, морфологиялық және клиникалық көріністері жағынан және нәтижесімен ұқсас болып келеді, негізінде буындардың барлық компоненттері зақымдалынады, біріншіден – шеміршек, сондай-ақ субхондралді сүйек, синовиальді қабықша, байламдар, капсулалар және периартикуляры бұлшықеттер.

Этиопатогенезі келесі қауіп қатер факторларын бөледі:

● генетикалық – жынысы әйел, II типті коллаген геннің дефектісі, сүйек және буындардың туа пайда болған ақаулары, тұқым қуалаушылық;

● жүре пайда болған – егде жас, үлкен дене салмағы, әйелдерде менапаузадан кейін эстрогендердің дефициті, сүйек және буындардың жүре пайда болған аурулары, буындарда операциялар (мысалы, менискэктомия);

● сыртқы орта – буынға мөлшерден тыс спорттық және профессиональді күштемелер, буындардың жарақаты. [Peyron J.G., 1979; Slemenda C., Heilman D.K. с соавт., 1998; Gelber A.C. с соавт., 2000; Мanninen P. с соавт., 2002]. Буын шеміршегі негізгі екі компоненттерінен тұрады: клетка аралық зат (матрикса), ол шеміршек тіңінің 98% құрайды, және клеткалар: хондроциттер және хондробласттар. Клетка аралық заттың екі негізгі компоненттері болып II типтегі коллагеннің макромолекулалары және протеогликандар болып табылады, олар шеміршектің адаптациялық қасиеттерін қамтамассыздайды. Структурасы бойынша шеміршектің 90% протеогликаны аггрекан тұқымдастығына жатады. Бұл молекулы ұыз ядрошығынан тұрады және олар хондроитин сульфата (ХС), кератансульфат және гиалурон қышқылымен бірлескен. [Алексеева Л.И. , 2003]. Шеміршектің метаболизмін хондроциттер реттейді, олардың функциональді активтілігі әр түрлі медиаторларымен реттелінеді (цитокиндер, өсу факторы, простагландиндер жіне т.б.). Басқа жағынан да хондроциттердің өзі медиаторларды синтездейді, олар шеміршектің клетка аралық затынын компоненттерін синтезді (анаболизм) және деградацияны (катаболизм) реттейді. Қалыпты жағдайда бұл процестер балансты болады, бірақ ОА кезінде шеміршек тіннің қалыпты зат алмасу бұзылыстары байқалып катаболикалық процестер анаболикалық процестерге қарағанда басым болады. Дегенеративті аурулар кезінде зат алмасу процестерінің негізгі өзгерістері шеміршек метаболизмінің бұзылыстарымен және оның негізгі тіннің полисахариді – ХС аздығымен байланысты. Осының салдарынан шеміршек өзінін механикалық қасиеттерін жоғалтады: эластикалық қасиеті, қатайғыштығын, резистентілігін, көлемде жиырылып және деградацияға ұшырайды. Аурудың сатысына байланысты гликозаминогликандардың (сонын ішінде ХС), үдемелі түрде жоғалуы болады, олар протеогликандардың құрамына кіреді. ОА ерте сатыларында протеогликандардың саны азаяды, шеміршек құрғап өзінін қатайғыш қасиетін жоғалтады, бетінде сынықтар болады. Дистрофикалық процесс хондроциттердің функциясын бұзады. Осы жағдайда хондроциттер шеміршекті компенсирлей алмайды. Шеміршек қатайғыш, эластикалық қасиетінен құрғақ, қоңыр сары түске айналады. Процестің үдеуі шеміршектің жұқаруына алып келеді. Шеміршек амортизаторынан айырылғаннан кейін күштемеге қарсы тура алмайды және екіншілік өзгерістерге ұшырап субхондральді остеосклерозға және шеткі сүйек – остеофиттеріне алып келеді. Буындарда реактивті артрит дамиды, синовиальді қабықша қалындап, фиброзді тіңнің диффузды дамуы болады. Осының салдарынан буынның капсуласы қалындап, қозғалыс шектеледі, жақын жатқан бұлшықеттің атрофиясы болады.

Остеоартроздың жіктелуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]