Иммунопрофилактика
Тапсырма (7): Балаға 3 ай. Бірінші жүктіліктен, жүктілік және босану патологиясыз. Неонатальді кезең ағымы өзгеріссіз. Физикалық және нерв-психикалық дамуы жасына сай. Бірінші вакцинация 2 айында (АбКДС, Hib, ВГВ-пентавакцина), асқынуларсыз. Емханада АбКДС-тің екінші екпесін алғаннан кейін баланың жағдайы 6 сағаттан соң нашарлап, тырыспалар мен есінің жоғалуы, гипертермия, құсу, қимыл- қозғалысы мазасыздығы, енжарлық, аяқтарының, аяқтарының парезіне алып келген..
№ |
Кезеңдері: |
Іс әрекеттердің реттілігі |
1 |
|
Поствакциналды энцефалит. |
2 |
|
Екпеге дамыған энцефалитикалық реакция. Ерте дамитын жалпы асқынуға жатады.
|
3 |
|
Жүйке жүйесінің дамушы аурулары: бақылауға келмейтін эпилепсия, дамушы энцефалопатия, сонымен қатар анамнезінде афебрильді ұстамалардың болуы.
Сіреспелік анатоксин құрамды екпе жүргізілгеннен соң 6 апта аралығында дамитын Гийена-Барре синдромында вакцинация жасалмайды.
|
4 |
Болашақта баланы қандай препаратпен еккен дұрыс? |
АДС препаратымен, себебі реакция көк жөтелдік құрылымына болған |
5 |
|
Күл ауруымен ауырған және АБКДС қабылдамаған бала, жазылғаннан кейін АДС вакцинаны қабылдайды. Жарым-жартылай екпе алған науқастар жазылғаннан кейін поликлиникада вакцинацияны бітіреді. Егер науқас АБДКС толық курсын алған болса, ол АДС вакцинаның бустерлік мөлшерді қабылдайды (егер соңғы екпеден кейін 5 жыл және одан жоғары уақыт өтіп кетсе ) |
Иммунопрофилактика
Тапсырма (8): 4 айлық балаға АбКДС+Нів+ВГВ-ИПВ (гексавакцина) екпесі жасалды. Екінші күні екпе орнында 15 см-ге дейінгі гиперемия мен жергілікті температурасының жоғарылауы, қимыл- қозғалысы шектелуі байқалды. Келесі күні көрініс күшейе түсіп, ісіну және гиперемия, дене қызуы 380С жоғарылап, интоксикация белгілері күшейген.
Анамнезінен: бала екінші жүктілік, бірінші жедел босанудан. Физикалық және нерв -психикалық дамуы жасына сай. Аллергоанамнезі өзгеріссіз.
№ |
Кезеңдері: |
Іс әрекеттердің реттілігі |
1 |
Алдын ала қоятын диагноз? |
Абсцесс (екпеге дамыған жергілікті асқыну).
|
2 |
|
Реакциялар- асқынулар Ерте-кеш Жалпы-тұрақты |
3 |
|
Ия, мұндай асқыну екпе жүргізгенде асептика техникасын сақтамау кезінде жиі дамиды. |
4 |
|
1) дене температураға тәуелсіз жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар; 2) Әр түрлі патологиялық жағдайларда стероидтарды, сонымен қатар иммуносупрессорлық қасиеті бар басқа да препараттарды қолдану (стероидтармен жүйелі ем жүргізу оның ішінде 1 миллиграмм/килограмм cалмаққа тәулігіне преднизолон препаратын 14 күн аралығында қолдану тиімді иммуносупрессивті әсер көрсетеді); 3) Жіті орталық жүйке жүйесінің аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – вакцинация аурудан толық айыққан соң 1жылға кейін шегеріледі;
нефротикалық синдром – кортикостеродтармен ем жүргізіліп болғанға дейін вакцинация кейінге қалдырылады;
|
5 |
Болашақта екпе жүргізу тактикасы? |
Екпені күнтізбе бойынша жасау. |
Иммунопрофилактика
Тапсырма (9): 2 жасар бала дене қызуы 37,3°С қа жоғарылап, және сол жақ құлағының ісінуіне шағымдануы бойынша бөлімшелік дәрігер үйге шақырылды. Балаға 9 күн бұрын паротитке қарсы екпе жасалған, 1 ай бұрын бала ЖРВИ мен ауырған.
Анамнезінен белгілі: балада 1 жасқа дейін атопиялық дерматит белгілері байқалған. Бала жеке күнтізбесі бойынша егілген. АбКДС, полимиелитке қарсы және ВГВ екпелері асқынусыз өткен.
Қарап тексерген де: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Араны шамалы қызарған. Лимфатикалық түйіндері ұлғаймаған. Сол жақ құлақ маңы бездері мен тері қатпары ісініп, қалыңдаған. Ішкі ағзалар бойынша патология жоқ. Менингиалды белгілері анықталмаған.
№ |
Кезеңдері: |
Іс әрекеттердің реттілігі |
1 |
Алдын ала қоятын диагноз?
|
Вакциноассоцирленген паротит. |
2 |
Баладағы анықталған өзгерістерді қандай аурулардан ажырату қажет? |
Лимфоденитпен: бездің үстіндегі терісі қызармаған, жергілікті қызуы көтерілмеген, ісудің белгілі шекарасы жоқ. Вирусты паротитпен: зақымдалу біржақты, жалпы жағдайы бұзылмаған. |
3 |
Құрамында иммуноглобулині бар қан препараттарын енгізгеннен соң балалар болашақта екпені қалай қабылдайды? |
Құрамында иммуноглобулині бар қан препараттарын енгізгеннен соң, қызылша, паротитті моновакциналарды, сонымен қатар қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы комбинирленген вакцинаны егу шаралары минимум 3 айға кейін қалдырылады, ал АКДС, АДС, БЦЖ, полиомиелитті вакцинаны интервалсыз енгізе беруге болады.
|
4 |
Паротиттік вакцинаға қарсы көрсетімдер? |
жұмыртқаның ақуызына (егер вакциналық вирустарды тауық эмбрионында өсіретін болса), вакцина өндірісінде қолданылатын аминогликозидтер, неомицин және басқа да антибиотиктерге анафилактикалық реакцияның дамуы |
5 |
Болашақта паротитке қатысты екпе жүргізу тактикасы?
|
Екпе күнтізбе бойынша ККП вакцинасымен жүргізіледі. |
Иммунопрофилактика
Тапсырма (10): Бөлімшелік педиатрға вакцинация мәселесі туралы 7 жасар баласымен анасы келді, себебі бала мектепке баруға дайындалып жатыр. Анамнезінен – баланың өсуі мен дамуы жасына сай, диспансерлік тіркеуде тұрмайды, ата-анасы егуге рұқсат бермеуі себебінен жоспар бойынша балаға вакцинация жүргізілмеген. Бала 2 жасында полиомиелитпен ауырған. Басынан өткен ауруының қалдық белгілері - сол жақ балтыр бұлшық еттерінің шамалы атрофиясы, сол жақ аяғының сіңірлі рефлекстерінің болмауы байқалды.
№ |
Кезеңдері: |
Іс әрекеттердің реттілігі |
1 |
Осы баланы қандай егуден бастаймыз және қандай кесте бойынша? |
ККП, себебі бала мектепке дайындалып жатыр. 0-6 кестесі бойынша, егер 1 үлгермесек, онда 0-1 кесетесімен егеміз. |
2 |
БЦЖ ревакцинасын қашан жүргізесіз? |
1 сыныпта қыркүйек айында. |
3 |
Дифтерияға қарсы баланы қандай препаратпен еккен дұрыс? |
АДС препаратымен, 3 рет 4 апта үзіліспен, ревакцинация 9 айдан соң. |
4 |
БЦЖ ревакцинацияға қарсы көрсетімдер?
|
БЦЖ ревакцинациялауға қарсы көрсетім: 1) ТМБ-ны жұқтыру немесе бұрын туберкулездің болуы; 2) оң және күмәнді Манту сынамасы; 3) БЦЖ вакцинациясы кезіндегі жанама реакциялар; 4) алғашқы туысқандық дәрежеде адамдарда анықталған БЦЖ-ның генерализацияланған инфекциясы; 5) АИТВ-инфекциясы; 6) иммун тапшылығы жағдайы, қатерлі ісіктер; 7) орталық нерв жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) туа біткен жарақат; 8) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр ауруларда; 9) жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, жіті созылмалы, оның ішінде аллергиялық асқынулар. Ревакцинацияны сауыққаннан немесе ремиссия кезеңі басталғаннан кейін екі айдан соң жүргізеді; 10) туберкулезге қарсы вакцинациядан уақытша босатылған адамдарды есепке алады және толық сауыққаннан немесе қарсы көрсетімі жойылғаннан кейін егеді.
|
5 |
В гепатитіне қарсы баланы қандай кесте бойынша егеміз? (Кестені айтыңыз) |
0-1-6 (қаралған күні, бір айдан кейін және алты айдан кейін). |
