Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанның отандық өнімінің сапалы сұранысқа ие болуы үшін қандай шаралар қажет.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273 Кб
Скачать
☆

1. Қазақстанның отандық тауарына қатысты мәселелер және олардың туындау тарихы

Еліміздің алдындағы отандық тауарлардың жеткіліксіздігі мен оны жетілдіруінің мәселесі көптеген жылдар бойы келе жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда (1991-1994) , біздің елде тауар өндіру мен логистиканың деңгейі төмен болған, өйткені Қазақстанның және оның қасындағы елдердің экономикасы дағдарыста болған. Совет Одағының кезінде сыртқы экономикамыз шикі затты, егін өнімдерін және қара металлугия өнімдерін көршілес елдерге сатуға тұрақталып, біз пайда көрген болсақ, тәуелсіздік алған соң біздің тауарымызды сатып алатын мемлекет қалған жоқ, өйткені олардың бәрі де экономикалық дағдарыста болды. 1995 жылдан бастап, елдің экономикасы тұрақталып, экономикалық даму жүріп кетті. Еліміз шикі тауарды шетелге шығарып, көптеген нәрселерді сатып ала бастады. Ал отандық тауардың шығарылуының деңгейі төмендей берді, өйткені экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан біз елімізде тауар өндіріп тұрған зауыттарды сақтап қала алмадық немесе оларды Ресейдің қарамағына беріп қойдық. Елімізде қабылданған өндірісті жекелендіру ешқандай нәтижеге алып келген жоқ, өйткені адамдар жаңа даму жолын қабылдай алмады және олардың материалдық тұрғыдағы жағдайлары өз кәсібін ашуға мұрша бермеді. Сондықтан, елімізде өндірілетін тауарлардың саны күрт азайды, ал кейбірлері мүлдем өндірілуді қойды. Осы жылдары біз шетелдің дайын тауарларын сатып алуға ыңғайланып, импортты көбейтіп, экономикамызда теріс сальдоны тұрақтандырдық. Осы жылдарда экспорттан көрі импорттың саны көп болған, соның ішінде 1990 жылы импорттың жалпы мөлшері экспорттан 9 милиард долларға басым болған. (1диаграмма)

Диаграмма 1.

Осының бәрі қазіргі кезде отандық өніміміздің аздығына және сұраныстан қалуына әкеліп соқты. Егер де еліміз тек қана табиғи ресурстарға сүйенбей, сол кездерден бастап ішкі өнімді дамытып, керекті деңгейде атын сапалылық пен сенімділікпен шығарып, ресурстарды өңдеп экспорттауға дайын тауарларға айналдырса, біз қазіргі уақытта экономикамыз жан-жақты дамыған елге айналатын едік.

Алайда, бұрынғы кездерге қарағанда, қазір, отандық тауарды әлемдік брендке айналдыру үшін және оған деген сұранысты ұлғайту үшін көптеген шаралар жасалып жатыр. Мысалы, соңғы жылдарда, еліміздің бірталай аймақтарында отандық өнім шығаратын зауыттар ашылды. Солардың біреуі Атырау қаласында «Chevron» полиэтилен құбырларын жасайтын зауыт. Елбасы өз сөздерінде айтқанындай: «Индустриялық бағдарламада аграрлық сектор маңызды орын алады. Көкөністер мен жемістердің 80% біз алып келетін болдық. Өзіміздің жеріміз бен мүмкіндіктеріміз болғанда...»- ауыл шаруашылығы да қазіргі уақытта назардан тыс қалмады. Мысалы, Қарағандыда "Green Technology" қияр өсіретін жылыжай кешені ашылды. Отандық тауарды қолдау үшін елімізде «Қазақстанда жасалған» деген науқан өтіп жатыр. Бұндай науқандар неге өтіп жатыр деген сұрақтар туындаса, еліміздегі отандық тауарға қатысты мәселелердің ең бастысы оларға деген сұраныстың аздығында. Көптеген адамдар елімізде өнімнің қандай түрлері өндірілетінін білмейді немесе олардың сапалылығына сенбейді. Мысалы, осыны анықтау үшін мен шағын сауалнама өткіздім. 30 адамның ішінен Қазақстанның қандай тауарын білетіндіктері туралы сұраққа тек қана 10 адам (30%) 5-тен көп тауар түрін атады, ал қалғандары немесе білмеді немесе аз тауар түрін атады. Көбінесе атағандары Қазақстанда жасалатын тағам түрлері болды. Мысалы, «Заман Груп» әріптестігі өндіретін ұннан жасалатын тағамдар және «Рахат» кондитерлік зауытының өнімдері болды.

Екінші мәселе отандық өніміміздің керекті деңгейде жарнамаланбағаны.

Диаграмма 2

Сұрақтан өткендердің 65% отандық тауардың жарнамасын ғаламтор, теледидардан жиі көріп отырса да, олардың көбісі шетледік тауардың жарнамасымен салыстырғанда көріксіз әрі қызықсыз болып қалады.

Үшінші мәселе отандық өндірушілердің өз өнімдерін сапалылық пен сенімділкпен танытпағаны және тауардың алуандылығының жоқтығы. Мысалы, сапалы киімнің жоқтығы және тек қана тауардың бір түрін өндіруге тоқталып қалғаны. Біздің жағдайда тағам өнімдерін және өндіріске қатысты тауарларды өндіру.