- •Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: қазіргі қазақстан мен экономика
- •1. Қазақстанның отандық тауарына қатысты мәселелер және олардың туындау тарихы
- •2. Мәселелерді жан-жақты қарастыру
- •3. Отандық тауарға деген сұранысты арттыру ушін ұсынылған шешу жолын зерттеу
- •4. Мәселені басқа да шаралар арқылы шешу жолдары және swot кестесі
- •Қорытынды.
- •Дереккөздер
- •Http://baq.Kz/kk/news/kazakstan-ekonomikasi/kazakstanda-zhasalgan-onimderdi-koldaiik-senat-deputati-60786 - халықты «Қазақстанда жасалған» науқанын Сенат депутаттарының қолдауға шақыруы (Baq.Kz)
4. Мәселені басқа да шаралар арқылы шешу жолдары және swot кестесі
SWOT кестесі.
Күшті жақтары (Strengths) |
|
|
Ұсынылған шара арқылы отандық тауарға деген сұранысты арттыра аламыз, отандық тауарға қатысты барлық мәселелерді шешіп, халық ішіндегі және күллі әлемдегі тұтынушылардың сапалы тауар мен жарнама арқылы назарларын ішкі өнімге аударып, сұранысты арттырамыз. Елімізде жарнамамен айналысатын мамандар көбейеді әрі кадрлар сапалы болады. Отандық тауардың қазықтыратын жарнамасы пайда болады және жалпы жарнаманың деңгейі жақсарады. |
|
Әлсіз жақтары (Weaknesses) |
|
|
Ұсынылған шара ұзақ уақытты талап етеді. Және барлық дайындықтарды жасау үшін: мамандардардың жеткіліксіздігінен, оларды оқыту, кеңсе салу, көп қаражатты керек етеді. Мамандарды оқытып болғанша, көп уақыт кетеді. Жұмыс ырғағы және моделі сұранысқа қарап өзгеріп тұруы керек. Және де ең бастысы, бұл ұйым еліміздегі тауарлардың алуантүрлігінің бәрін жарнамалап, бәріне деген сұранысты арттыра алмайды, өйткені олардың бәрін қамту мүмкін емес. Сондықтан ол тек қана бір бағытта жұмыс жасай алады. |
|
Қауіп-қатерлер (Opportunities) |
|
|
Қаражат керектігінен адамдар жұмыстарынан айрылуы мүмкін, салықтардың мөлшері артып, халықтың наразылығы туындауының қауіпі бар. Ұсынылған жоба болғандықтан, оның болашағы болмауы мүмкін және қаражатты босқа кетіріп алуымыз мүмкін. Нарықта жаңа жарнамаланған тауарға сұраныстың болмай қалуы да мүмкін. |
|
Мүмкіндіктер (Threats) |
|
|
Отандық тауарды әлемдік брендке айналдыру мүмкіндігі бар. Қытай, Ресей және Жапония секілді ірі елдер инвесторларымен шектеліп қалмай, АҚШ секілді елден де инвесторларды тартуымыз мүмкін. Отандық тауарға қатысты мәселелерді шешудің жаңа моделін кіріктіруіміз де мүмкін, өйткені ешбір елде бұндай жоба жоқ. |
|
Экономикамыздың өте маңызды аспектісі- отандық тауарға деген сұранысты арттырудың басқа да тәсілдері бар. Мысалы, біздің елімізде қазіргі уақытта көптеген отандық тауарға деген сұраныс пен қызығушылықты арттыратын реформалар мен шаралар жүргізіліп жатыр. Оларға: «Қазақстандық өнімді сатып ал» іскерлік форумы, өңірлік даму стратегиясы, көптеген ауыл-шаруашылығы өнімдерінің жәрменкелері. Шағын және орта бизнес басшыларына, кәсіпорындарға несие немесе кеңес беру арқылы да еліміз отандық тауардың мәселелерін шешіп жатыр. Отандық тауарды ажырату үшін, өндірушілер «Қазақстанда жасалған» деген таңбаны өнімдеріне салатын болған. Мысалы, менің қаламда отандық тағамның көптеген түрлерін жасайды. Оларға салат, балық, ұннан жасалған өнімдері жатады. Және олардың сапасы жақсы болады әрі әр кезде балғын болады, сондықтан отбасым оларды әрқашан сатып алады.Олардың бәрінен де «Қазақстанда жасалған» деген жазуды көруге болады. Ал бұл дегеніміз Қазақстандық тауардың сапалы болып келе жатырғанын әрі оған деген сұраныстың артып келе жатырғанын білдіреді.
