Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

2 Ұстаудың криминалистикалық тактикасының түсінігі және жалпы ережелері

2.1 Криминалистикалық тактика. Ұстау тактикасының түсінігі және оның негіздері

Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асыруға болады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау үшін қолданылып отырған айла – әрекеттерін әшкерлеп, іс бойынша обьективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистикалық тактика дегеніміз – тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмыстарын дұрыс жоспарлау.

Тактикалық әдіске қойылатын талаптардың тағы бірі – тактикалық әдістің обьективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық қағидасы). Осы айтылғандығы тұжырымдайтын болсақ, тактикалық әдіс дегеніміз ол – заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін тергеушінің қолданылатын арнайы айла – әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс қолданылады.

Қылмыстық процестік кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән – жайын анықтап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел – іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мәнжайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілетті заңда көрсетіліп, бекітілген. Жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел – іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органынның алдында тұрған тағы бір міндет – олқылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.

Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым – қатынасының түсінігі – қылмыстық істі тергегенде бір – біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел – іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жқмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктері бар. Бұдан бұрынғы жедел – іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел – іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел – іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері де бар. Оның ішінде негізгісі – қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән – жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай – жедел –іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.

Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым – қатынас қалыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрылып тергейді. Қарым – қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып – ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел – іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді, жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдануына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс – әрекеттерді нақтылы кім орындайтын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел – іздестіру органдарынның қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс – әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел – іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жұргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы қажет. Бір – біріне осындай мәлімет беріп, іскерік қарым – қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұңы осы екі орган да өз – өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдарының қызметкерлері қылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән – жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел – іздестіру органның қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел – іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым – қатынасы жедел топты, сондай – ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады.

Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым – қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән – жайларын жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым – қатынаста екендігін, кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел – іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел – іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.

Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел – іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.

Ұстау дегеніміз – қылмысты жасауы мүмкін деген күдікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолға түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңағы адамды қылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оның тұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады.

Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаған, сондай – ақ сезік келтірушінің аты – жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай – ақ егер анықтау органдары жедел – іздестіру немесе қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес басқа да шараларды жүзеге жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рұқсаты талап етілмейді. Анықтау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғаның көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде заңда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті.

Негізсіз ұстау заңдылықты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондықтан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда қылмыс жасағаны туралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді.

Ұстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалық жағынан, сезік тудырушылар жеке – жеке және тобымен ұсталуы мүмкін.

Тобымен ұстау көп жағдайда қиынға түседі. Ұстаудың мұндай түрінде сезіктелуші және оның сыбайластары тобымен немесе жалпы қылмыстық іске қатысты жоқ, дегенмен, әр түрлі себептермен қылмыс жасалған жерде бірге болған бірнеше сезік тудырушылар бір мезгілде күзетке алынады. Сондықтан оларды тобымен емес жеке – жеке, яғни олар әр жерде бөлек жүрген кезде ұстау тактикалық жағынан тиімді. Бұл мақсатта алдын ала қажетті жедел – іздестіру шаралары жүргізілуі мүмкін.

Ұстауға әзірлік. Ол ұсталуға тиісті сезіктелушінің жеке басын, оны ұстау көзделген жердің жағдайын зерттеу, ұстаудың жоспарын жасау, жедел топты жасақтау, жабдықтау және оған нұсқау беру.

Ұсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зерттегенде қылмыс жасаған кездегі оның әрекетінің қаншалықты қатыгездігі, қауіптілігі, оның бойында қаруының бар – жоқтығы, бұрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы, сондай – ақ бұған дейін «полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен жоқпа, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе», міне осы мәселелердің бәрі егжей – тегжейлі зерттеледі. Осыған, қоса оның күнделікті тұрмыс – тіршілігі, өмір салты, мінез – құлқы, уақытын қайда, қалай өткізетіні, әдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстық байланысы, т.б. тексеріледі. Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл болжап, соған орай тиімді қимыл жасау, яғни жедел топтың, әрекет мәнерін дұрыс жоспарлау, ұсталатын жер мен ұстау уақытын дұрыс белгілеу, тиімді тактикалық әдісті іріктеу, жедел топтың сандық құрамын дәл анықтау үшін қажет.

Сезік тудырушыны ұстау көзделген жеоді зерттеу арқылы жедел топ ұстау кезінде төңіректі еркін болжап, батыл қимылдай алады. Топ мүшелеріне нақты жағдайға орай міндет жүктеледі, бақылау нүктесі, көлік қоятын жер белгіленеді, қозғалыстың бағыты анықталады. Егер қылмыскерді белгілі бір құрылыс ішінде ұстау көзделсе, оның құтылып кетпеуі үшін осы құрылысқа кіретін не шығатын барлық жерлерді, бөлмелердің қалай орналасқанын, терезелерін, баспалдақтарын, қосалқы құрылыстарын алдын ала тексеру, құрылыс маңындағы жабынды жерлерді, бұта, ағаштарды, тығылуға болатын басқа да барлық орындарды анықтау керек. Егер қылмыскер ашық жерде ұсталса сол маңдағы көшелерді, жекелеген бұрылыстарды , аула ішіндегі іргелі қуыстарды, қала көлігі жүретін, бұта арасына, жыра – сайларға, тоғандарға апаратын жолдарды алдын ала қарап шығып, есте ұстау қажет. Қылмыскерді ұстайтын жерді жедел топтың жетекшісі тікелей өзі зерттейді.

Содан соң оның схемалық жоспары жасалды, ол ұстау тактикасын белгілеу және жедел топ мүшелеріне нұсқау берер кезде пайдаланады.

Дайындық барысында қажетті мәліметтер жиналған алғашқы материалдардан, қылмыстық істегі деректерден, жедел – іздестіру деректерінен, қылмысты тергеу жүйесінен, архивтерден және басқаларынан алынуы мүмкін. Жиналған осындай мәліметтердің негізінде қылмыскерді ұстаудың жоспары жасалады. Онда ұстау мерзімі мен ұсталатын жер, кімнің қандай шараларды жүзеге асыратыны, жедел топты кімнің басқаратындығы көрсетіледі. Тобымен ұстау қажет болғанда жоспарда жедел топтың нақты қай мүшесі қай қай қылмыскерді ұстайтыны дәл белгіленуі тиіс. Кей жағдайда, әсірессе ашық жерде қолға түсіру көзделген кезде, жедел топтың құрамына із кесетін иттерді де кіргізген жөн. Із кесетін ит қылмыскердің соңына түскенде, оны үй астынан, төбеден, үй маңындағы қосалқы құрылыстардан, ашық жерлерден іздегенде, қылмыскер қарулы қарсылық көрсеткенде қажет.

Кейбір жағдайларда, мысалы:

-іздеу;

-соңына түсу;

-күзетпен айдап жүру, тағы басқа қажеттілікке орай жоспарда қылмыскерді көзбе – көз көргендердің, жәбірленушілердің, қоғамдық өкілдердің, лауазымды адамдардың көмегі де пайдаланылады.Мұндайда көмектесушілерге қылмыскердің ешқандай зақым келтірмеуі үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдану керек.

Полиция қызметкерлерінің қылмыскерді ұстайтын жерге қандай көлікпен, қандай жолмен жүріп баратындығы да жоспарланады. Және мұны жоспарлағанда қылмыскердің полиция қызметкерлерін жол үстінде басқа жолаушылардан айырып, танып қалмайтынынаайрықша назар аударады. Көлік, байланыс құралдарды тиісті жерге дер кезінде жеткізіліп, көзден тасаландырылады. Бұған қоса қылмыскерді ұстағаннан кейін көлік тұрған жерге, одан соң полиция бөлмесіне жеткізетін жол белгіленеді. Өйткені сыбайластарының жолшыбай қылмыскерді туысқандарымен кездестірмеуі үшін мұның маңызы зор.

Бір мезгілде әр жердегі бірнеше адамды қатар ұстау қажет болған кезде қылмыскердің бір – бірімен кездестірмеуі көзделеді. Олар тергеу орнына әр түрлі көлікпен жеткізіледі және алғашқы тергеу жүргізілетін камераларға жеке – жеке қамалады. Жоспарда сондай – ақ жедел топтың қандай техникалық – криминалистикалық құралдармен жабдықталынатыны көрсетіледі. Сонымен бірге, жедел топ мүшелерінің бір бірімен қалай байланыс жасайтыны анықталуы тиіс. Бұл мақсатта жедел топтың автокөлігіндегі, мотоциклдеріндегі радиокондырғылар, жақын маңдағы телефондар және басқалары пайдалынады.

Ұстауға дайындық жедел топқа нұсқау берумен аяқталады. Өйткені топтың барлық мүшелері өздеріне нақты қандай міндет жүктелгенін, яғни кімді, қашан, қай жерде ұстайтынын дәл білуі керек. Ол үшін оған ұсталатын адамның барлық белгілері, басқа да қажетті деректер толық айтылады. Егер топ мүшесінің қолында қылмыскердің суреті болса сонымен салыстырады, сондықтан мүмкіндігінше, топтың әр мүшесінде ұсталатын адамның суреті болғаны жөн. Жедел топтың мүшелері кімге, қай жерде бақылау жасайтынын, қылмыскер жасырынған жерге кімнің, қалай кіретінің, қылмыскерді қарусыздандыру үшін қандай қимыл жасайтынын, қылмыскер қарулы қарсылық көрсетсе не істеу керектігін, ұсталғаннан кейін қылмыскерді қалай алып жүру қажеттігін мұқият еске тоқып алуы тиіс.

Нұсқау кезінде жедел топтың әр мүшесінің атыс қаруын қалай қолданатыны тексеріледі. Топ мүшелеріне қылмыскермен тілдеспеуді, қылмыскердің ұсталғаны, сондай – ақ ұстау мен тінтудің нәтижесі туралы құпияны жария етпеуі ескертіледі.

Жедел топтың мүшелеріне, сонымен бірге, егер ұстау кезінде бұрынғы белгіленгеннен басқа жағдайларға тап болса, айталық, ұсталатын адам көрсетілген жерде жоқ болып шықса немесе онда бір немесе бірнеше қылмыскер қарсы кездессе қандай шешім қабылдау, қосымша күшті қалай шақыру қажеттілігі түсіндіріледі. Өмірде мұндай жайттар жиі кездеседі. Сондықтан дайындық кезінде ұстаудың бірнеше әдістері жасалады және ол алдын ала пысықталып, зерделенеді.

Тәжірибеде байқалғандай, ұстаудың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның тактикалық әдісі де әртүрлі. Алайда мұның өмірдегі қолданылуын талдай келе, сезік келтірушілерді жекелепте, топтап та қолға түсірудің сыннан өткен, үлгі ретінде қолданылатындай ортақ әдістерін бөле айтуға болады.

Ұстаудың тактикалық әдісін ұсталатын жерге орай қарау қалыптасқан. Сонымен қатар, қылмыскердің алдын ала дайындық жүргізу арқылы және жағдай талап еткендей, ешқандай дайындықсыз – ақ ұсталатынын естен шығаруға болмайды.

Алдын ала дайындық жұргізу арқылы қылмыскер ашық жерде, қоғамдық орындарда, айталық, мейрамханада, мәдениет орындарында, адам көп жиналатын сәулетті ғимараттарда, қылмыс жасалған жерге барар жолда, ұрланған мүліктер жасырылған жерде, қылмыс жасалған жерде, жұмыс орнында , тұратын мекен – жайында ұсталуы мүмкін.

Қылмыскерді ашық жерде кенеттен ұсталған жеңіл. Өйткені ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай қалады. Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы қарсылық көрсетуі, сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкіндігін де ескерген жөн. Сондықтан сезік келтірушінің оқшауланып, жеке шыққан сәтін пайдаланып кенеттен қолға түсіру керек. Ол үшін полицияның кем дегенде үш қызметкері сезіктелушіге жақындап, оған ойда жоқ екеуі тап береді де, оны қарусыздандырады, ал үшіншісі қаруын әзірлеп, қандай жағдайға болсын дайындап тұрады. Өйткені, қылмыскер қарсы қарулы әрекет жасауы немесе бойындағы заттай дәлелдемелерді, құжаттарды жоққылып жіберуге тырысуы әбден мүмкін. Мұндайда, әрине қылмыстының күш қайратын алдын ала ескеріп, оған сан жағынан да, айла жағынан да басым күшті жұмылдыру қажет.

Бір топ қылмыстыны ащық жерде ұстау үшін де жеке қылмыстыны ұстағандай әдіс қолданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы қызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сәтті күтіп, сол сәт соққанда қимылға кірісуге бұйрық береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш әзір тұрады.

Саябақтағы орманды алаңқайда, орман ішінде, далалық жерлерде қылмыстыны ұстаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұндай жерлерді сүзіп шығуға тура келеді. Ол үшін аталған аумаққа алдын ала оған кіретін жолдардың бәрі анық көрініп тұратындай етіп бақылаушылар қоршай орналастырады. Бұл жерде учаскелерге бөлініп, топ мүшелеріне келісіп беріледі. Бір – бірімен, әсірессе кешкі және түнгі сағаттарда байланысып тұру үшін топ мүшелері арасында құпия хабарласу белгісі белгіленеді.

Аталған жерді сүзіп шығу алдын ала келісілген белгі және бағыт бағдар бойынша қатаң тәртіппен басталады. Жедел топтың мүшелері жыра, шұңқыр, сондай – ақ қалың шөп, жыңғыл өскен, басқа да жасырынуға ыңғайлы жерлерді сүзіп, қылмыскердің қалдырып кетуі мүмкін іздерін, шындықты ашуға себепші әр түрлі заттарды (темекі тұқылын, шырпы қорабын, бүктеме қағаздарды, т.б.) іздейді. Із кесетін иттердің қимылындағы өзгерістерді қалт жіберуге болмайды. Сондай – ақ құстардың әдеттен тыс масыздануына да назар аударған жөн. Өйткені сол арқылы қылмыскердің қай жерге тығылғанын, қайда бет алғанын болжауға болады. Жерді сүзіп шығатын топтың құрамына сол аймақты жақсы білетін адамдар енгізіледі. Егер тексерілетін учаскелердің бірінен қарсылық байқалса, басқа учаскедегі топтар алдын ала келісілген жоспар бойынша әрекет етуге міндетті.

Қылмыскер көп жағдайда қылмыс жасауға бара жатқан жерінде ұсталады. Мұндайда қылмыс жасау ниетімен бағыт түзеген адамның соңына бақылаушы, қылмыс жасалуы мүмкін жерге қоршау қойылады. Өйткені жедел топтың назарына ілікпеген сырт күштің де қылмысқа араласуы мүмкін. Қоршау, міне осындай әрекеттің алдын алуы тиіс.

Егер ұрланған зат табылып, бірақ оны ұрлаушы белгісіз болса, қылмыскерді ұстау үшін жаңағы жасырылған бағалы заттың маңына күзет қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мұны білетін адамдардың мейлінше сақ болғаны жақсы. Күзет көбіне ұрланған заттың жасырылған жерін білетін адам анықталғаннан және онымен бұл туралы ешкімге тіс жармауға келіскеннен кейін қойылады. Күзет бұған қажеттілік жойылған кезде алынады.

Парақорлық, мемлекеттің немесе қоғамның мүлкін жымқыру, қызмет бабын өз басына пайдалану сияқты қылмысты жасағандар жеке ұсталады. Айталық, парақорлар пара алып жатқан жерінде, мемлекет және қоғам мүлкін талан – таражға салушылар жымқырған заттарын сол жымқырған жеріне алып шығарда, оны өткізу үстінде тұтқындалады.

Сезік келтіруші (айыпталушы) тұрақты немесе уақытша жұмыс орнында кәсіпорын, мекеме басшыларының көмегімен ұсталады. Оларға ұстаудың себептерін түсіндіріліп, әдістері белгіленеді. Ұсталатын адам оның барлық әрекеттеріне полиция қызметкері толық бақылау қойылғаннан кейін шақырылады. Әйтпесе, кәсіпорын не мекеме басшысының шақыруы бойынша келудің орнына сезіктелуші (айыпталушы) тергеу орындарынан сатылып кетуге тырысуы мүмкін.

Сезіктелушіні (айыпталушыны) әсіресе қарулы қылмескерді тұрғын үйлерде ұстау күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Өйткені жедел топтың мүшелері үй ішінде қылмыскерге байқалмай кіруі керек. Көп жағдайда бұл қиындыққа түседі. Өйткені, қандай әрекетке болсын қылмыскер өте сақтықпен қарайды. Қауіп төнген сәтте ол өзін жасыруы немесе қажет деп тапсақарулы қарсылыққа әзірленіп үлгеруі мүмкін. Сондықтан басқа жерде ұстауға және уақытты бұдан әрі созуға болмайтын жағдайда ғана, оны өзінің немесе таныстарының үйінен ұстауға тура келеді. Мұндайда, үйге кірместен бұрын жедел топтың мүшелері үйдегі жалпы жағдай, ондағы сезік келтірушілердің жеке басы туралы барлық мәліметпен қайтара толық танысады. Бұл кезде үйде басқа да, оның ішінде қылмысқа қатысты адамдар да болуы мүмкін. Бұған қоса, сезік келтірушінің осы сәтте немен айналысып жатқанын (ұйқыда ма, арақ ішіп отыр ма, жай демалып отыр ма, тағы басқа әрекеттер) да білу қажет.

Әдетте, үй маңындағы белгіленген орынға алдын ала із кесетін иттерімен қоса жасырын бақылаушылар қойылып, олар көрінбейтіндей етіп жасырылады. Содан соң жедел топ мүшелері үйге елеусіз жақындайды. Үйге кірерде қылмыскер немесе оның туысқандары сезіктенбеуі үшін көмекке үй басқармасының немесе басқа мекемелердің қызметкерлерін көмекке шақырған жөн. Үйге кіру үшін одан біреудің шығатын немесе кіретін сәтін күту керек. Бұдан әрі полиция қызметкері алдын ала жасалған, кейін үйге кірер алдындағы жағдайға байланысты пысықталғанжоспар бойынша әрекет етеді. Үйге кірісімен, топ мүшелері ең алдымен қылмыскерді қарусыздандыруға ұмтылады, содан соң ұстайды.

Тергеуден қашып жүрген қылмыскер, егер оны көзімен көргендер немесе жәбірленушілер қылмыс жасаушыны тікелей көрсетсе, қылмысын өтеп отырған жерінен қашып жүргендер назарға ілінсе, сондай – ақ ұрланған заттарын тасып бара жатқан, базарда, сауда кәсіпорындарында, басқа да елді мекендерде сатып жүрген кезінде ол алдын ала дайындықсыз ұсталады.

Аталған жағдайларда, ауыр қылмыс жасағандардың қарулы қарсылық көрсетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай – ақ, қылмыстың басқа түрін жасағандар да белгілі бір дәрежеде қарсылық көрсетері сөзсіз. Сондықтан қылмыскерді ұстауға әзірленген топ қарсылықтың қандай түріне болсын дайын тұруы керек. Сонымен бірге соңына әлдекімдердің түскенін сезген қылмыскердің ізін жасыруы үшін ешқандай әрекеттен тайынбауы мүмкін.

Полиция қызметкері қылмыскердің соңына ол жасырынуы мүмкін бағытпен түседі. Ұстау мақсатында қылмыскердің қылмыс жасаған жерден алған көлік құралдары туралы, басқа да мәліметтер пайдалынылады. Қылмыскер уақыт өткізбей, жедел ұсталуы тиіс. Ол үшін ізге түсетін арнайы топ құрылады. Ол топ жер ыңғайын, қосымша құрылыстарды зерттейді, жол бойындағылармен, қарсы кездескен автокөліктің жұргізушілермен, жолаушылармен сөйлеседі және жағдайға орай әрекет етеді. Қауіпті қылмыскерді ұстау мақсатында ішкі істер бөлімдерінің бастықтары қылмыскер шығып кетуі мүмкін басбы – басты жолдарды (теміржол бекеттерін, аэропортты, көлік жолдарындағы тоқтайтын жерлерді, т.б.) күзету үшін жедел топ жібереді.

Егер ізге түсу кезінде қылмыскердің бір обьектіге кіргені туралы хабар келсе, ол обьектінің кіретін және шығатын жерлері бақылауға алынады, қажет болса із кесетін иттер әкелінеді. Содан соң полиция қызметкері жағдайға орай обьект ішіне кіріп, қылмыскерді ұстайды. Обьектіні сырттай бақылау үшін көмекке аула тазалаушылар, күзетшілер, басқа да тиісті адамдар шақырылуы мүмкін.

Ұсталған адам сол бойда ұсталған жерінде тінтіледі. Сонымен бірге бір мезгілде обьект ішіне де тінту жүргізіледі. Мұның бәрі тиісті тәртіппен хатталады.

Сезік келтірушіні ашық жерде ұстауға тапсырма алған полиция қызметкері оның қимылын бақылауға кіріседі, тактикалық қолайлы сәтті күтіп, оны қолға түсіреді. Егер қылмыскерлер бірнеше адам болса полиция қызметкері телефон арқылы немесе басқада жолдармен көмек шақырады, көмек келгенше бақылауды тоқтатпайды. Егер мұндай көмек көрсетілмесе полиция қызметкері қалай әрекет ету керектігін өзі шешіп, қылмыскерді ұстауға кіріседі.

Ұсталғандар таяу мандағы полиция бөлімшелеріне жеткізіледі, о нда әр ұстау әрекетіне хаттама толтырылады. Онда қылмыскердің ұсталған уақыты, оны ұстау себеп болған жайттар, басқа да тиісті деректер көрсетіледі.