Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

2.3 Ұсталған адамдарды ұстап беру «экстрадиция»

Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, ол мемлекетке ұстап берілмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9 – бабында қылмыс істеген адамды ұстап беру мәселесі келтірілген. Осы бапқа сәйкес шет мемлекет аумағында істеген Қазақстан Республикасының азаматтарын егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетте ұстап беруге болмайды. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде қылмыс істеген Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту үшін шетел мемлекетіне ұсталып берілуі мүмкін. Мұндай халықаралық келісімдер Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасында 1993 жылы 22 қазанда, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасында 1993 жылы 14 қаңтарда бекітілген. Қазақстан республикасы көптеген мемлекеттермен осындай шарт жасасқан.

2002жылы 7 қазанда тәуелсіз мемлекеттерінің достастығының Кишинев Конвенциясы бекітіліп, онда мемлекеттер азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беруге келісілген. Бұл Конвенция Қазақстан Республикасында 2004 жылы 10 наурызда ратификацияланған, осы Кишинев конвенциясының 89 – бабында қылмыс жасаған адамды ұстап беруге болмайтын негіздер тұжырымдалған.

ТМД бойынша қылмыс жасаған адамды ұстап беру немесе қылмыстық қудалауды жүргізу 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматық , отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясымен реттеледі. Осы Конвенцияның 56 – бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өзара сұрау салулар бойынша бір – біріне өздерінің аумағындағы қылмыс жасаған адамды ұстап беруге міндеттеніп, келісімге келді. Ұстап беру сұрау салған және сұрау салынған жақтың заңы бойынша жазалануға жататын және жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда неғұрлым ауыр жаза көзделген әрекеттер жасалғанда жүргізіледі.

Егер қылмыскер сұрау салынған (сұрату жасалынған ) елдің азаматы болып табылса ұстап беруден бастартылады. Бұл жағдайда Конвенцияның 72 – бабына сәйкес Конвенцияға қатысушы елдер сұрау салған жақтың аумағында қылмыс жасаған өз азаматтарын қылмыстық қудалауды өз заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Негізінен экстрадиция (extradition – латын сөзі) – қылмыскер тұрған аумақтан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе заңды түрде жүзеге енген қаулыны қабылдау үшін басқа мемлекетке қылмыскерді беру.

Ұстап беру мемлекеттің бір – біріне қызуғушылығы арасындағы арнайы келісім негізінде жүзеге асады. Бұндай келісім жоқ жерде ұстап беру тек екеуара келісім бойынша қанағаттандырылады. Соттың тұратанған тәжірибесіне байланысты ұстап беруді талап ету шартта басқа түрі көрсетілмесе дипломатиялық канал арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыскер азаматы болып табылатын мемлекет, қылмыс жасаған немесе өз мемлекетіне нұқсан келтірген, ол мемлекеттен басқа мемлекетке қашып кеткен мемлекет ұстап беруді талап етуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.

Қазақстан Республикасының азаматы өз елінде қылмыс жасап енді қазіргі таңда басқа мемлекетте жүрген болса әдеттен тыс қамауға алынып (экстрадиция), қылмыстық тергеу үшін Қазақстанға беріледі.

Әдеттен тыс (экстрадиция) қамаудың (қамау, ұстап беру үшін тұтқындап және қамап қою) шарттары мен ережелері ҚР ҚПК – нің 589 – бабында халықаралық шарт негізінде қарастырылған. Әдетте тыс қамау (экстрадиция) мынадай ретте жүзеге асады.

Шетел мемлекеттің құзыреті органынан тиісті түрде рәсімделген талапты алу кезінде және ұтымды беру үшін заңды негіздер болған ретте ол ұсталуы мүмкін және оған әдеттен тыс қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады. Халықаралық шартта, Қазақстан Республикасымен келісімде немесе басқа мемлекеттермен келісім кезінде сұраушы мемлекеттің өтініші бойынша адам ұстап беру туралы талап алынғанға дейін де қамалуы мүмкін.

Бұндайда өтініште қамауға алу туралы қаулыға немесе заңды күшіне енген үкімге сілтеме болуы және ұстап беру туралы талаптың қосымша табыс етілетіндігі айтылуға тиіс.

Ұстап беру туралы талап мәлімделгеннен кейін қамауға алу туралы шараны келісім берген мемлекет бірден қабылдайды.

Ұстап беру туралы талап мәлімделгенге дейін қамауға алу туралы өтініш почта, телеграф, телекс немесе факс бойынша берілуі мүмкін.

Табыс етілген материалдар зерделеніп, ұсталған адамды іздеу жарияланған адам деп санауға жеткілікті негіздер болғанда және ҚР ҚПК – нің 590 – бабында жазылған негіздер жоқ болған кезде прокурор аудандық және оған теңестірілген сотқа экстрадияциялық қамауға алу туралы өтініш енгізеді. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы осы ҚР ҚПК – нің 150 – бабында көзделген ережелер мен мерзімдерді сақтай отырып, өтінішті қарайды және мынадай :

-экстрадициялық қамау туралы;

-экстрадициялық қамаудан бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады.

Судьяның прокурор қаулысына шағымдану, наразылық білдіру және оны апелляциялық қарау ҚР ҚПК – де көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Адам егер оның басқа мемлекеттің аумағында ұстап беруге әкеп соғатын қылмыс жасағандығына күдік келтіретін заң мен көзделген негіздер болса, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген өтінішсіз – ақ үш тәулікке дейін мерзімге ұсталуы мүмкін.

Прокурор адамның қамауға алынғаны туралы ұстап беру өтінішті, қамау туралы өтінішті жіюерген немесе жіберуі мүмкін шетел мемлекеттің мекемесіне ұстап беру уақыты мен орны ұсынылса отырып, дереу хабарлайды.

Егер отыз тәулік ішінде ұстап берілмесе, қамауда отырған адам соттың қаулысы бойынша босатылуға тиіс. ҚР ҚПК – нің 581 – бабына сәйкес тұтқындалған адам оны ұстап беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тұтқындалу мерзімнің ішінде келіп түспесе, босатылуы тиіс. Қайта қамауға алуға ҚР ҚПК 581 – бабының 1 – бөлігіне сәйкес ұстап беру туралы жаңа талапты қараған соң ғана жол беріледі.

ҚР ҚПК – нің 579 – юаюына сәйкес ұсталған адамды әдеттен тыс қамауды сот бір айға дейінгі мерзімге жүзеге асырады.

Бұл мерзімде іздеу жарияланған мемлекеттің құзыреті органынан ұстап беру туралы өтініш түспеген жағдайда, бірақ қамауға алу туралы өтініш және ұстап беру туралы кейіннен өтініш жіберуге кепілдік болған ретте, қамауды жүзеге асырған прокурордың өтініші бойынша сот екі айға дейінгі ұзартуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкілетті прокурорға хабарланады. Ерекше жағдайлар болғанда облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың өтініші бойынша қамау мерзімін сот үш айға дейін ұзартуы мүмкін.

Қамауда ұстау орнының әкімшілігі қамалушының қамауда ұстау мерзімі өткенге дейінгі жеті тәуліктен кешіктірмей бұл жөніндн қамауды жүзеге асырған прокурорға хабарлауға міндеттенеді.

Қамалған адамды оны ұстап беру үшін босату әдеттен тыс қамауды жүзеге асырған прокурордың қаулысы негізінде, соның ішінде ҚР ҚПК 589 – бабына аталған мерзім өткенннен кейін де, бұл мерзімде адам ұстап берілмеген болса, жүзеге асырылып, бұл жөнінде дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурорға хабарланады.

Шетел мемлекеті мекемесінің осы мекемеге үшінші бір мемлекеттің ұстап берген адамын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдау жөніндегі өтініші оны ұстап беру туралы талап қаралған тәртіппен қаралады, Транзиттік тасымалдаудың тәсілін тиісті ведомстволардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды. Ұстап беру кезіндегі ұсталған немесе сотталған адамдарды транзиттік тасымалдау шағындарын келісім беріп тасымалдау жөнінде өтініш жасаған мемлекет өтейді

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда жоғарыдағы негіздер мен тәртіптер қылмыстық процестер жүргізу субьектілерінің ішіндегі өте маңызды, әрі басты тұлға екендігін айқындауымызға болады. Себебі қылмыстық процесті жүргізудің басты міндеті қылмыс жасаған тұлғаны айыптау болып табылады. Осы қылмыс жасаған тұлғаны анықтау үшін қылмыс жасады деп күдік тудырған немесе күмән келтірілген тұлғаны ұстау, табу сәтінен басталады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік Кодексінде бекітілген тәртіптерді басшылыққа ала отырып Қылмыстық ізге түсу органдары қылмыс жасады деп күдік тудырған күдіктіні ұстау жүзеге асырылады. Бұл жердегі күдіктіні ұстау – тергеу әрекеті деген көзқарас оның көзқарас оның қылмыстық процестік заңында қылмыс оқиғасы орнын қарау , тінту, алу, беттестіру, сұрау алу секілді қылмыс іздерін анықтау және бекітуге бағытталған негізгі тергеу әрекеттерінің қатарына қосылуына байланысты негізделеді. Дегенмен, Қылмыстық процестік Кодексінде бекітілген аталған әрекеттердің жүргізілу тәртібіне талдай жасай отырып, олардың ерекшілігін байқауға болады.

Бұл ұстау әрекетін жүзеге асыру барысында міндетті түрде заңда көрсетілген тәртіптерді басшылыққа алуы тиіс. Егер ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырылған қаулы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушының өзінің қаулысымен бірден босатады және ол туралы іс жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды. Ұстау орнының бастығы бұл талапты орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады. Яғни жетпіс екі сағат ішінде күдіктіге қатысты осы кодексте белгіленген тәртіппен қамуға алу жәніндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады екен. Ұсталған адамды босату кезінде оған оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.

Осындай негіздерді құқықтық реттеу мақсатында қылмыстық ізге түсуші органдар заңдық тәртіпте күдіктіні ұстау хаттамасын жазуға міндетті. Күдіктіні қылмыстық процестік заңында көрсетілген негіздерде ұстау жүргізілгендігін құқықтық тәртіпте міндетті түрде рәсімделеді. Бұл рәсімделу тергеуші немесе анықтаушының шығарған дәлелді қаулысы мен хаттама толтыру арқылы жүргізіледі. Бұл хаттаманың толтыру тәртіптері төмендегі негіздерде жазылады. Хаттаманы тергеуші жазады, күдіктіні қылмыс жасады деп шешсе. Тергеушінің жазбаша тапсырмасы бойынша немесе полиция бастығы оралымды кезекші жасайды. Хаттамада негіздер және себептер, күні және сағаты, жылы және айы, ұсталған жері, күдіктінің түсініктемесі, хаттама жазылған уақыты көрсетіледі.

Осындай қылмыс жасады деп күдік тудырған күдіктіні ұстау барысында қылмыстық ізге түсуші орган жеке тінту жүргізуге құқылы. Егерде ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамға қару бар деп ұйғаруға негіз болған не ол өзінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда көзделген ережелерді сақтай отырып, ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізуге құқылы.

Тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізіледі. Тінту жүргізуге аталған заттардың немесе құжаттардың белгілі бір үй – жайда немесе өзге орында, не нақты адамда болуы мүмкін деп болжауға жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Тінту іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін.

Тінту тергеуші дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай – ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары санкция беруге тиіс.

Айрықша жағдайларда, іздестіріліп жатқан және алып қоюға жататын обьект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлінуі немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін болғанда тінту прокурордың санкциясынсыз, бірақ жүргізілген тінту туралы кейін жиырма төрт сағат ішінде оған хабарлау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған хабарламаны алғаннан кейін прокурор жүргізілген тінтудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына үлкен әсер ететін қылмыстық процестік принциптерінің бірі – ол күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық процестік жүйесінде бұл принцип ерекше орында тұрады. Күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципі қылмыстық процестік принциптерімен тығыз байланысты болады және оның бірқатар элементтері басқа принциптерінің құрамдас бөлігіне кіреді. Мысалы, заңдылық, сот ісін тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүргізу, жариялылық, кінәсіздік презумциясы және т.б.

Барлық көрсетілген мән – жайларды тәжірибе барысында қылмыстық ізге түсу органдары заңда көрсетілген тәртіптер мен негіздерді басшылыққа ала отырып жүргізеді. Осындай қылмыстық процес жүргізу барысында күдіктінің кепілдігін сақтай отырып істі жан – жақты ашу обьективті түрде шындыққа жетудің басты құралы деп айтуға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж 30 тамыз

2 Қазақстан Республикасыынң Қылмыстық кодексі 2014ж 3 шілдедегі

3 Қпзпқстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі 2014ж 4 шілдедегі

4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі 2014ж 5 шілдедегі

5 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы 2012ж 6 қаңтардағы

6 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы туралы 1995ж 21 желтоқсандағы

7 Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы 2014ж 23 сәуірдегі

8 Құқық қорғау қызметі туралы 2011ж 6 қаңтардағы

9 Прокуратура туралы 1995ж 21 желтоқсандағы

10 Жедел – іздестіру қызметі туралы 1994ж 15 қыркүйектегі

11 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы 2000ж 5 шілдедегі

12 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы 1999ж 30 наурыздағы

13 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005ж 30 мамырдағы

14 Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы 1995ж 19 маусымдағы

15 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне Түсіндірме А.Н. Ағыбаев Алматы «Жеті Жарғы» 2010ж

16 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Құқығы Нұрмашев Ү. Алматы «Жеті Жарғы» 2008

17 Криминалистика Жәкішев Е. Ғ. Исаев Ә. А. Найманова Г.Х. Тапалова Р.Б. Темірболат Н.С. Алматы «Жеті Жарғы» 2006

18 Қазақстан Республикасының заңы «күдіктіні немесе айыпталушыны қылмыс жасады деп күдік тудыру бойынша уақытша күзетте ұстау тәртібі мен шарттары», Астана

19 Б.Қ. Төлеубекова. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж

20 В.Н. Григорьев. Задержание подозреваемого. Москва, 1999ж

21 Григорьев В.Н. Задержание подозреваемого органами внутренних дел: Учебное пособие. – Ташкент: Ташкентская ВШ МВД СССР, 1989ж

22 Фуфыгин Б.В. О дакаазательственном значении протокола задержания подозреваемого

23 Төлеубекова Б.Х. Уголовное процессуальное право Республики Казахстан. – Караганда: Карагандинская ВШ МВД РК, 1994ж

24 А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев. Русско – казахский словарь юридических терминов. Алматы 2000ж

25 Қылмыстық құқық терминдерінің сөздігі Н.О.Даулетбеков, Ш.М. Мәжітаева, Ж.А. Қағазбаев, А.А.Мұхаметқалиева, М.У. Нұржанова. – Астана: Фолиант, 2000ж

26 Беков Қ. Күдіктінің тергеудегі процессуалдық орны. Журнал «Тураби» №4, 2000ж

27 Қайыржанов Е., Жэмиева Р. Қылмыстық істер бойынша адвокаттың қорғау тәсілдері. «Заң» журналы. 2001ж

28 Тұрашев Е. Күдіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету мәселелері. Журнал «Заң» 2003ж

29 Ермеков Б. Күдікті қалай ұсталады? Журнал «Заң және заман» 1998ж

30 Досанов М. Тергеу барысында қайшылықты жағдайда жауап алу Журнал «Заң» 2003ж

31 Тілеубергенов Е. Тергеуші және айғақты заттар. Журнал «Заң» 2003ж

61