Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уткельбаев Х. ММГ-13-4К1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426 Кб
Скачать
☆

Нормативті сілтемелер

Курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылды:

ҚР МЖББС 5.03.005-2006 Негізгі ережелер. Курстық жоба, ҚР БҒМ № 461 25 тамыз 2006 жылы бекітілген.

МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) Негізгі ережелер.

МЖМБС 7.1-2003. Библиографиялық жазу. Библиогрфиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.

ГОСТ 2.104-80ЕСКД Обозначение изделий и конструкторских изделий.

ГОСТ 2.301-38 ЕСКД Форматы.

ГОСТ 6.104-98ЕСКД Эксплуатационные документы

ГОСТ 2.102-84 ЕСКД Щрифты чертежные.

Анықтамалар

Курстық жұмыста келтірілген терминге анықтамалар:

Абсорбция — газ немесе сұйық кұрамындағы заттарды сұйық, сирегірек қатты заттар (абсорбенттер) көмегімен сіңіріп алу процесі.

Абсорбент (лат. absorbeo — сіңіру) - газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат.

Абсорбер — абсорбция жүретін құрылғы.

Аппараттың рентабелділігі – оның белгілі бір мерзімдегі пайдалы қайтарылымының осы мерзімдегі шығындарының қосындысына қатынасы.

Экономикалық тиімділік - экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни экономикалық жүйенің атқарымына жұмсалған шығын мен осы атқарымнан алынған нәтиженің ара қатынасы тұрғысынан осы жүйенің сипаттамасы.

Машинаның жұмыс өнімділігі – тиісті мөлшер бірліктерімен өлшенген өнімнің уақыт бірлігінде шығарған өнімі.

Тоқтаусыздығы – техникалық нысанның белгілі уақыт ішінде бұзылмай жұмыс істейтін қасиеті.

Машина конструкциясының технологиялылығы – шығаратын заттардың өзі типтес басқа заттарға қарағанда көп қаражатты, көп еңбек сіңіруді керек етпеуі, машинаның техникалық көрсеткіштерінің өте жоғары деңгейде болуы.

Белгілер мен қысқартулар

Бұл курстық жұмыста төмендегі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:

ГОСТ – мемлекеттік аралық стандарт;

ТҚК - техникалық қызмет көрсетулер

ПӘК –пайдалы әсер коэффициенті

ТО – техникалық объект

Qn- аппараттың жылдық пайдалы қайтарылымы,

V-аппаратты көлемi,

d-аппараттың диаметрi,

-аппараттың пайдалану мерзiмi.

Д- Машинаны жүмысқа пайдалану ұзақтылығы

пай- машинаны пайдалану коэффициентi

Нж-бiр жылдағы жалпы сағаттар саны, сағ.

h-машинаның бiр жылдағы жүмыс сағаты, сағ.

MT - Материалдар шығыны

ИH -құрал-саймандар шығыны

Тр - оператордың жылдық еңбек ақысы

Об - машинаға қызмет ету шығыны

Нє-қосымша шығындар

N-аппаратқа қызмет ететiн электр қозғалтқыштардың қуаты, кВТ

Эн - электрэнергиясының жылдық шығыны

Ш- машинаны пайдалану шығындарының қосындысы.

- машинаны пайдаланудағы барлық кезеңдегi жөндеуге кеткен шығыны

Н- Машинаның өзiн-өзi өтеу мерзiмi

К- Пайдалану шығындарының коэффициентi

С – машинаның құны;

G - аппарат өнiмдiлiгi, м3/сағ.

Ма-аппарат массасы, кг

Км -Материалдар шығынының белгілері

Кіріспе

Қазіргі кездегі химия, мұнайхимия және мұнайгаз өңдеу өнеркәсібтеріндегі процестерді аппараттармен жабдықталуы әртүрлілігімен ерекшеленеді, сонымен қатар, ол негізінде бір үлгісіз /бір типсіз/ жабдықтармен жабдықталады, тағы да мұнайхимия технологиялық жүйелер жұмыстарын механизацияландыру және автоматтандыру деңгейінің биіктігімен сипатталады. Осындай жағдайларда химия және мұнайгаз өңдеу өндірісінің кәсіпорындарында жұмыс істейтін технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығының бакалаврлары мен магистрлерінің рөлі күн сайын арта түсуде. Химия және мұнайгаз өңдеу өнеркәсібтерінде жабдықтарды пайдалану маңызы, жөндеу және монтаждау жұмыстарының сапасы осы жоғарыда көрсетілген мамандарға өте байланысты.

Технологиялық жүйелердің және жабдықтардың үздіксіз жаңалануы, олардан цехтар мен кәсіпорындарды жобалау, зерттеу және құрастыру /конструкциялау/ үшін өте терең білімді болуды талап етеді, сондықтан олар терең білімді өндірістің жаңашылдары болуы керек.

Студенттерді машина жасаудың техникалық негіздері пәнінен алған теориялық білімдерін бекітуде, шығармашылық ізденіс, ойлану қабілеттерін қалыптастыруда сондай-ақ машиналардың сапасын анықтайтын көрсеткіштер жүйесімен, техникалық обьектілерге қойылатын талаптармен және техникалардың дамуы белгілерімен таныстыру, техникалық обьектілердің техника-экономикалық есептеулерге олардың белгілерінің сандық мәндерін анықтауға дағдыландыру болып табылады, сонымен қатар жобалау жұмысы жұмыс істеп тұрған конструкцияларды кеңінен пайдалануда, оларды техника тұрғысынан таңдауда, жақсартуда және жетілдіруде өнер тапқыштық ізденістердің белгілі бір кезеңі болып табылады.

Жаңа машиналарды жасаудың қажеттігін қазіргі кездегі механикаландыру және автоматтандыру құралдарын мейлінше жетілдірудің қажет екенін анықтау үшін машина паркінің жұмысы туралы ақпарат алып, оларды сараптау отыру керек. Мұндай ақпараттар үнемі, үзілмей дер кезінде түсіп тұруы керек.

Өндірісте жетілдіру, өңдеу процестері, өнім көлемінің өсуі, өндіріс циклінің қысқаруы, жаңа технологиялық процестердің пайда болуы, механикаландыру және автоматтандыру деңгейлерінің өсуі үздіксіз болып тұрады.

Осыған байланысты машиналардың жұмысына да, автоматтандыру дәрежесіне қойылатын талаптар да күрделі бола береді. Кейбір ескірген машиналар мұндай жағдайларда керек те болмай қалады.

Сонымен ескі машиналарды модификациялау немесе жаңа технологиялық процестерге лайық жаңа машиналар жасау мәселелері көтеріле бастайды.

Курстық жұмыстың мақсаты - машина құрылыс саласында жаңа техникаларды жасаушылардың алдына қойылатын инженерлік ізденіс және ойлау қабілеттілігін қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеті - машина жасаудың техникалық негіздері мен толық танысу, абсорбердің жұмыс істеу принципі мен техника-экономикалық есептеулерімен толық танысу болып табылады.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - сапа, баға, сенімділік, үнемділік және сервистік қызмет көрсету. Міне осы критерилер қажетті жабдықты таңдау туралы шешім қабылдайтын көптеген ұйымның басты назар аударатын белгілері болып табылады. Осыған байланысты химия өндірістерінде көптеп кездесетін абсорберлердің актуалдылығы күдік тудырмайды.

Зерттеу объектісі - химия өндірістеріндегі абсорбциялық аппараттар және оны құраушы элементтер.

Практикалық маңызы - машиналарды жобалау есептеу, құрастыру және жасаудың негізгі принциптерімен және әдістерімен танысу.

Ғылыми жаңалығы - жоғары механикаландырылған кәсіпорындарды құрастыру ғылымның жетістіктерін, жаңа техниканы және алдыңғы қатарлы технологияны іс-жүзінде қолдануға, роционалды және өнімді машиналар жүйесін агрегаттар қолдану.