- •Аннотация
- •Мазмұны
- •Нормативті сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Негiзгi объектiнiң құрылысының сипаттамасы
- •2 Технико- экономикалық параметрлерді есептеу
- •2.1 Машинаның жұмысқа пайдаланудың ұзақ мерзімділігі
- •2.2 Аппараттың рентабелділігі
- •2.3 Машинаны жұмысқа пайдаланудағы жылдық экономикалық тиімділігі (жылдық табыс)
- •2.4 Машинаның өзін-өзі өтеу мерзімі
- •2.5 Пайдалану шығындарының коэффициенттері
- •2.6 Машина құнының коэффициенті
- •3 Құрылымның даму белгілерін есептеу
- •3.1 Техникалық объектіні жасаудың еңбек сыйымдылығының белгілері
- •Техникалық объектінің экономикалық даму белгілері
- •3.3 Материалдар шығынының белгілері
- •3.4 Энергия шығыны белгілері
- •3.5 Техникалық объектінің сыртқы өлшем белгілері
- •4 Машина жасауға қойылатын техникалық талаптар
- •5 Машина жасау технологиясын сипаттау
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2 Технико- экономикалық параметрлерді есептеу
Есептеуге берілген мәліметтер: 3-тапсырма; 17-вариант.
Тұтқалы абсорбер аппараты атмосфералық қысымда жұмыс iстейдi. Аппараттың тәулiгiндегi жұмыс маусымы tM = 3, аппараттың жылдық пайдалы қайтарылымы Qn = 5360000 тенге/жыл, аппараттың биіктігі Н=35м, аппараттың диаметрi d = 1,4 м, аппараттың пайдалану мерзiмi = 14 жыл.
Машина құруда экономикалық фактор негізгі роль атқарады. Көптеген конструкторлар экономды құрастыру деп машина құрастырудың бағасын төмендету, қиын және қымбат шешімдерден ауытқуы, арзан материалды қабылдау және өңдеудің оңай жолдарын қарастыру деп ойлайды. Дегенмен, бұл мақсаттың бір бөлігі ғана. Экономикалық нәтиженің негізгі және машина жұмыстарының барлық кезеңдеріндегі пайдалану шығындарының қосындысын анықтау болып табылады.
Осыған байланысты жоғарыда қабылданған машиналар мен құрылымдардың шешімдік варианттарын салыстыруға қажетті технико-экономикалық параметрлер жиынтығының есептік шамаларын есептеп салыстырамыз. Олар мына көрсетілген тәсілдер бойынша жүргізіледі.
2.1 Машинаның жұмысқа пайдаланудың ұзақ мерзімділігі
Машинаны жұмысқа пайдалану ұзақтылығы дегеніміз машинаның негізгі есептік параметрлерді төмендетпей нақты пайдалану шарттағы көрсетілген режимдегі жұмыс істей алатын жалпы уақытысы, оны мына төмендегі теңдеумен анықтауға болады:
Dn=ηпай*τ = 0,6*14 = 8,4 жыл (2.1)
Мұндағы: τ –аппаратты пайдалану мерзімі, ηпай- машинаны пайдалану коэффициенті оны мына теңдеумен анықтауға болады.
Аптасына 5 күн жұмыс істейді деп қабылдап, онда жалпы жұмыс күні 52*5=260 күн, онан демалыс (мейрам) күндерді алып тастайтын болсақ 253 күн, онда машинаның бір жылдық жұмыс сағаты
h = Dж*tм*Кт = 253*24*0,9 = 5464 сағ. (2.2)
мұндағы: Dж- бір жылдағы жұмыс күндері; tм- аппарат жұмысының тәулігіндегі жұмыс маусымына байланысты жұмыс сағаты, Кт- апаратты толтыру коэффициенті, оны 0,75÷ 0,9 деп қабылдауға болады.
ηпай = h/Нж = 5464/8760 = 0,6 (2.3)
мұндағы: Нж- бір жылдағы жалпы сағаттар саны,
Н=365*24=8760 сағ;
2.2 Аппараттың рентабелділігі
Аппараттың (машинаның) рентабелділігі деп – оның белгілі бір мерзімдегі пайдалы қайтарылымының осы мерзімдегі шығындарының қосындысына қатынасын айтады:
(2.4)
Шығындар қосындысы жалпы жағдайда мына төмендегі шығындардан тұрады:
Ш = Эн+Мт+Ин+Тр+Об+Нк (2.5)
Мүндағы: MT - Материалдар мен ИH -құрал-саймандар қүнының үлесі шығарылатын өнімнің түріне қарай өнiм құнынан 0,1-0,5 аралықта болады, мәнін шамамен a = 0,1 деп қабылдаймыз,
яғни MT + ИH = 0,1 QП = 0,25 ·5360000 = 1340000 тг.
Тр- оператордың жылдық еңбек ақысы, теңге/жыл . айына оператор 60000 тенге алатын болса, екі ауысымды операторлар жылына 1440000 тенгені құрайды.
Об- машинаға қызмет ету шығыны, оператордың еңбек ақысының ішіне кіреді;
Яғни Тр + Об = 960000 тенге
Нң- қосымша шығындарды оператордың еңбек ақысының 100%-деп қабылдауға болады, яғни 100%Тр.
Нң = 960000 тенге
Эн- электр энергиясының жылдық шығыны, теңге/жыл.
Эн= 0,7*h*N*Сэн (2.6)
Эн = 0,7*5464*10*20 = 765072 тг
Мұнда N-аппаратқа қызмет ететiн электр қозғалтқыштардың қуаты, кВТ., орта есеппен бір электр қозғалтқыштардың қуатын 8-10 кВт деп қабылдауға болады. Абсорбер аппаратында екі электрқозғалтқыш қолданамыз біріншісі – газ үшін, екіншісі – сұйық үшін.
Cэє - бiр киловатт электроэнергиясының құны, оны бiр киловатт электроэнергия үшін 20 теңге деп қабылдаймыз.
Шығындар қосындысы
Ш = 765072+1340000 +960000 +960000 = 4 025 072 тг
Аппараттың (машинаның) рентабелділігі
q = 5360000/4025072 = 1,3
